Н.Қ. Жүсіпов Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды. 20 ж. № хаттама. ӘК төрайымы



бет3/10
Дата20.10.2023
өлшемі243,5 Kb.
#186912
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 7кл, ТЖБ қаз тіл 1тоқ, Салтанатты Галикарнас, Патриотизм - ұлттық руxтың символы, 31.01 Шұғаның белгісі хикаятының тақырыбы мен идеясы, stud.kz-68033, Қобыланды батыр кейіпкер және шынайы өмір БЖБ, Абай ашық сабақ
Тақырып

Сағат саны

ҚТӘ-31

ҚТӘ-31қ

Дәріс

Тәж.

СӨЖ

Дәріс

Тәж.

СӨЖ

1

Ахмет Байтұрсынов

3

1

10

3

1

10

2

Міржақып Дулатов

3

1

10

3

1

10

3

Сәкен Сейфуллин

3

1

10

3

1

10

4

Бейімбет Майлин

3

2

10

3

2

10

5

Ілияс Жансүгіров

3

1

10

3

1

10

6

Жамбыл Жабаев

3

1

10

3

1

10

7

Иса Байзақов

3

1

10

3

1

10

8

Мағжан Жұмабаев

4

3

10

4

3

10

9

Жүсіпбек Аймауытов

5

4

10

5

4

10




Барлығы:

30

15

90

30

15

90



3.2 Теориялық курс мазмұны
1-тақырып. Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)
«Маса» жинағындағы халықты ояту идеясы. Ағартушылық ойдың молдығы. Көпшіліктің мүддесін жеке бастікінен жоғары қоюы («Туысыма», «Қазақ қалпы», «Қазақ салты»). Өлеңдеріндегі сатиралық сарын. Халыққа қызмет ету сарыны. Аудармалары. «Қырық мысал жинағы». Жинақтың құрылымдық және мазмұндық сипаты. Крылов мысалдарындағы уытты сатираны қазақ оқырмандарына жеткізудегі қазақ ақынының мақсаты. Елді түзеу, ояту сарыны. Түпнұсқаға өзіндік өзгерістер ментолықтырулар енгізу тәжірибесі және оның себептері. Оқиғаны қазақ оқырманына жақын, ұғымына лайық етіп баяндау шеберлігі.
2-тақырып. Міржақып Дулатов (1885-1935)
Шығыс пен Батыс әдебиеттерін жетік меңгергендігі. Ел ісіне, саяси қызметтерге араласуы. «Оян,қазақ» жинағында отарлық езгіге, қараңғы марғаулыққа қарсы күреске шақыру, халықты ояту идеясын ашық көтеруі. «Азамат» жинағы арқылы Міржақыптың шын мәніндегі ақындық қуатының танылуы. Онда ақынның тамаша лирик, сергек публицист ретінде көрінуі. «бақытсыз Жамал» романы.
3-тақырып. Сәкен Сейфуллин(1894-1938)
Сәкен Сейфуллиннің қазақ кеңес әдебиетінің іргесін қаласқан көшбасшы екендігі. Өмірбаянынан қысқаша мәлімет. Ақынның «Өткен күндер» (1914)жинағы. Алғашқы өлеңдеріндегі демократтық, ағартушылық сарындар және оның Абай дәстүрімен жалғастығы.
«Асау тұлпар» (1922) атты екінші жинағы. Оның жаңа заман, зымыран уақыт тынысын асау тұлпар арқылы бейнелеуі. Өзіне тән ақындық стилінің қалыптаса бастауы. С.Сейфуллиннің төңкеріске белсене атсалысуы, оның «Асығып тез аттандық», «Кел,жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Кім де кімнің тасқын судай қайраты», «Біз» және т.б. өлеңдерінде көрініс табу Сәкен поэзиясының тақырып, жанр жағынан байи түсуі. Өз туындыларында еңбек адамының бейнесін «Жұмыскерлерге», «Қара айғыр», «Маржан», «Бұлшық ет», «Біздің Сәуле» өлеңдерінде жасауы.
Ақын поэзиясында махаббат, табиғат,көңіл-күй лирикасының айрықша орын алуы. Осы тақырыптың «Күз», «Жазғытұры», «Жазғы дала», «Қарлы аязда», «Тау ішінде», «Сағындым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық» сияқты көптеген өлеңдерінде сипатталуы.
Ақын поэмаларында өршіл романтикалы махаббат сарыны. «Аққудың айрылуы», «Лашын әңгімесі».
«Советстан» поэмасында ақынның өмір құбылыстарына таптық, социалистік идеология тұрғысынан қарап, жалаң үгіт-насихатқа ұрынуы.
«Қызыл ат» поэмасында Қазақстандағы «кіші октябрьдің» авторы Голощекиннің қазақ халқын ашаршылыққа, босқындыққа ұшыратқан қанқұйлы саясатын символдық образдар арқылы ишарамен білдіруі. Поэмадағы Қызыл аттың еңбекші шаруаның образы екендігі. Дастандағы ақын бейнесі. Атты сипаттаудағы ақынның өзіндік жаңалығы.
«Көкшетау»(1929) поэмасы. Шығарма оқиғасының ел аузындағы аңыз-әңгімелермен сабақтастығы. Автордың Абылай хан образын сомдауда тек таптық тұрғыдан келіп, оны қатыгез, жексұрын етіп суреттеуі. Тұтқындағы қалмақ қызының, Адақ батырдың бейнелері.
Сәкеннің «Бақыт жолында»(1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920) пьесалары және олардың қазақ драматургиясының туып, қалыптасуына ықпалы.Бұл пьесаларда таптық, топтық күрес пен әйел теңдігі мәселелерін көтеруі. Тартыстың нанымды шықпауыцндағы олқылықтар.
«Тар жол, тайғақ кешу» романы(1927). Шығарманың шежірелік, өмірбаяндық, публицистикалық сипаттары. Автордың сол кездегі «Үш жүз», «Алаш» партияларының көсемдеріне деген біржақты көзқарасы. Сәкен образы. Романдағы автор тұлғасы мен орта, заман, уақыт құбылыстарының диалектикалық бірлігі.
«Айша» повесі. Шығармада махаббат, ар-ұждан бостандығы мәселелерінің қозғалуы. Айша бейнесі. Оның басқа әйелдер образынан айырмашылығы.
«Жер қазғандар» повесі. Идеялық, көркемдік маңызы.Хикаядағы Гүлия-Бұзаубақ- Әзімхан сюжеттік линиясы арқылы жазушының адамгершілік мәселесін көтеруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет