Наурыз: Т‡ркілік д‡ниетаным мєуесі


Түркілік тарихпен шұғылданушы Қайрат Бегалин де Наурызға соқпай кете алмайды (www.proza.ru



бет3/20
Дата06.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#39002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Түркілік тарихпен шұғылданушы Қайрат Бегалин де Наурызға соқпай кете алмайды (www.proza.ru, «Стерегущие золото грифы»), наурызды ол өзінше былайша суреттейді: «...С наступлением весны жители Алтайских гор отправлялись в степь, чтобы встретить там начало нового года. В повозках сидели старики, женщины и дети, а вокруг них на резвых конях гарцевали воины, одетые в длинные штаны, кожаные куртки и остроконечные войлочные шапки-кулахи.
В день весеннего равноденствия отмечался большой праздник, которым начинался отсчет дней нового года. Это великое торжество собирало шумные толпища. Удальцы мерились силами, устраивая состязания на широких равнинах, а тем временем на привольных пастбищах паслись тучные отары и табуны.
После весеннего зеленого изобилия трава в степи жухла под беспощадным летним солнцем, и тогда люди уходили в предгорья, где еще только зарождалась весна. Зеленые ковры сочных пастбищ цвели тут в первозданном изобилии. И тогда люди отмечали второй праздник – день летнего солнцеворота...» Ал, оның идеологиялық сыйпаты мен теологиялық қасиетіне қаншалықты мән берілгендігін орта ғасырлық түркілік тілгер, М.Қашғари былайша атап кетеді: «Көшпенділер өз жаңа жылдарын тойлағанда, барлығы бір ауылда жиналып, өткен ескі өшпенділіктерін ұмытып, қару-жарақтарын тастап, бір біріне ізгі тілектерін айтады». Көшегендердің белінен тастамайтын қару-жарақтарын тастауының өзі, олар үшін Наурыздың дағды мен дәстүрден де жоғары ұлы таным мен сенімнің болғандығы емес пе?! Ал, таным мен сенімге берілгендіктің ондай мысалы өгей өркениеттен сіңірудің нәтижесі болуы мүмкін бе?!


Қазақ даласында Наурыздың қандай сыйпатқа ие болғандығын этнограф-ғалым А.Сейдімбекұлы («Қазақ әлемі» 228-бет) төмендегіше бейнелепті. «Байырғы салт-жора бойынша қазақ арасында Ұлыс тойы түн ортасы ауа басталады. Бұл түн «Қызыр түні» деп аталады. Халықтың наным-сенімінде Қызыр (Қыдыр) қасы көзін жапқан қарт адам болса керек. Қызыр атаны Бақ жетелеп жүреді екен дейді. Ұлыс тойының таңын көзімен атыруы үшін Қызыр ата түн ортасы ауа дала кезеді...
Қызыр түнін ұйықтамай өткеру үшін ауыл жастары алуан түрлі ойын ұйымдастырып, Қызыр атаның назарын аударып бақытты боламыз деп, небір тосын тамаша-қызықтар көрсетеді... Осынау қызық-думанның ішінде «жандықуыршақтың» жөні бөлек. Ол үшін жастар ауылдағы ноқта көрмеген ең асау тайыншаны ұстап, ең ескі ашамайды салып, ашамай үстіне ең ескі киім-кешек пен құрым киізден жасалған қуыршақ орнатып, тайыншаның құйрығына ескі шелек байлайды да: «Ұлыс таң атып қалды, бар елге хабар бер!» деп, шабына шыбық жүгіртіп, сауырға бір салып қоя береді. Асау тайынша өкіріп-бақырып жөнеледі. Ит үреді, қотандағы мал үркеді, үй-үйден шал-шауқан ербиіп шығады, жастар мәз-мейрам болысады...»

Каталог: content -> uploads -> 2010
content -> «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында өткізілген шаралар туралы ақпарат. Биылғы жылы Қр мәдениет және ақпарат министірлігі
content -> Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)
2010 -> Бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығы
2010 -> Мағжан өмірі мен шығармашылығының елеулі кезеңдері
2010 -> Қылышты сабынан, жыланды басынан ұстау керек. Қазақтың аталы сөзі
2010 -> Қазақстан республикасындағы мемлекеттік тілдің ахуалы жөніндегі сараптамалық баян кірісп е


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет