Наурыз: Т‡ркілік д‡ниетаным мєуесі



бет4/20
Дата06.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#39002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
«Наурыз» сөзінің тегі

«Наурыз» (өткен ғасырда қазақша «науырыз» болып жазылатын) сөзін індетушілер, оны парсының «ноу» - жаңа, «руз» - күн сөздерінен туындатып жүргені рас. Алайда, Наурыздың аса ежелгі мереке екенін ескеріп, Наурыз мерекесінің тео-мифологиялық мәнінің әуелгі тарихы барына ой жібердік. Ал, «Наурыз» ұғымының атау ретінде пайда болуы аталған нұсқадан да басқаша түрде түзілген болуы әбден мүмкін. Оған ежелгі Қосөзен (Тигр-Евфрат) өркениетіндегі сақталған мәліметтер мен жоғарыда келтірілген түркілік наурыз тарихын ескермегеннің өзінде, Қазақстандағы жартас суреттерін куәлікке тартуға болады. Бұған қоса, осыдан кемінде төрт-бес мың жыл бұрынғы парсының «жаңа» және «күн» ұғымдары сәйкес түрде «ноу», «руз» сөздерімен аталғанына күмәнмен қарауға тура келеді. Тіпті, олардың біржақты парсы сөздері екендігіне де шүбә бар.


Аталмыш сөздің туындауына қатысты деген қазақ тіліндегі сырттай ұқсас сөздердің түсіндірмесін қарастыра отырып, оған өз мәндетпемізді беріп көрелік.
«Қазақ тілінің сөздігі» (А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білім институты, Алматы, 1999 ж.) – 1-сөздік;
(«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», Алматы, 1961 ж.) – 2-сөздік.
1- сөздік:
Нау 1. (көне): дау, жанжал. «Нау жүрген жерде дау жүреді» (мақал).
2. нау тарту – гүлдің, өсімдіктің жаңадан өсіп,шешектенуі.
«Нау» сөзінің 1-нұсқасының түсіндірмесі бұлдыр және айқындалмаған, келтірілген мақал бойынша «наудың» орнына мәндес сөздерді қойғанда, мақалдың орнына мәнсіз сөйлем аламыз: «Дау (жанжал) жүрген жерде дау жүреді». Жанжал мен даудың қатар жүретіні мақалсыз да белгілі. Сөз мағынасын талдаушылар бұл жерде қатеге ұрынып отыр, өйткені, даудың жүретін жері көп: арақ жүрген жерде де, топ адам жүрген жерде де, ойын-тойда да болуы ықтимал. Сондықтан бұл талқыма «нау» мағынасын ашып тұрған жоқ. Алайда, соңғы шыққан сөздіктерде («Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», Алматы, 2008, «Дайк-пресс»), тіпті, сілтемесіз «нау – көнеше дау, жанжал» деліне салған. Бұл жердегі «нау» сөзі «науқан» сөзінің басқы нұсқасы болмаса «көп немесе жас адам» мағынасында болуы мүмкін. Дауласу мен жанжалдасудың жасқа тән екені де белгілі ғой. Бұл - «нау тарту» тіркесі арқылы «нау» сөзінің «жас», «жаңа» мағынасын берумен беки түсетін қисын. Оның тағы бір сипаты “жаппайлық” (массовость) болуы ықтимал. Жоғарыдағы мақалда көпшілік жиналған жерде даудың туындау ықтималдығы аталса керек.
1- сөздік:

Каталог: content -> uploads -> 2010
content -> «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында өткізілген шаралар туралы ақпарат. Биылғы жылы Қр мәдениет және ақпарат министірлігі
content -> Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)
2010 -> Бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығы
2010 -> Мағжан өмірі мен шығармашылығының елеулі кезеңдері
2010 -> Қылышты сабынан, жыланды басынан ұстау керек. Қазақтың аталы сөзі
2010 -> Қазақстан республикасындағы мемлекеттік тілдің ахуалы жөніндегі сараптамалық баян кірісп е


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет