«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қазақ тілі пәнінің оқу жоспары 5-сынып

бет1/3
Дата28.01.2018
өлшемі474,73 Kb.
#34458
  1   2   3
«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНІҢ

оқу жоспары
5-сынып

2017-2018 оқу жылы

Түсінік хат
Орта мерзімді оқу жоспар «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды. Пән мазмұнын игерту үшін мұғалім оқу бағдарламасында берілген оқу мақсаттарын өтуі тиіс. Орта мерзімді оқу жоспары мұғалімге лексикалық тақырыптар негізінде, оқушы игеруге тиіс оқу дағдыларын дамыту жолдарын ұсынып, белсенді жұмыс түрлерін ұйымдастыруға көмек беруді көздейді. Орта мерзімді оқу жоспары оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтуге, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге, алған білімін өмірдің кез келген саласында тиімді қолдана білуіне ықпал етеді. «Қазақ тілі» пәнінің апталық жүктемесі 3 сағат, жылдық жүктемесі 102 сағатты құрайды.

Лексикалық тақырыптар мақсаты:

Ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес орта мерзімді жоспар 10 бөлімнен тұратын төмендегі лексикалық тақырыптарды қамтиды:

1) Мәдениет: тіл және қарым-қатынас;

2) Киіну.Сән.Талғам;

3) Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер,

4) Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі;

5) Бос уақыт және хобби;

6) Қиял әлемі;

7) Көлік және жол белгілері;

8) Адамның сырт келбеті мен мінезі;

9) Аспан әлемінің құпиялары;

10) Саяхат және демалыс.

Лексикалық тақырыптар оқушының белсенді сөздік қорын байытуға, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алуға, өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге мүмкіндік береді.

Оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу жолдары: Оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттары оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде 5-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық сағатта бір немесе екі коммуникативтік әрекетті негіз етіп алады, ал басқа коммуникативтік әрекеттер жанама түрде қолданыла береді. (Мысалы, тыңдалым және айтылым оқу мақсатымен бірге жазылым оқу мақсатын алуға болады). Әрбір әрекет бірнеше оқу мақсаттары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сабақ жоспарын құру барысында коммуникативтік әрекеттің барлық түрін бір деңгейде қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі жанама түрде дамытыла береді. Мұғалім орта мерзімді жоспарда ұсынылған лексикалық тақырыпқа бөлінген оқу мақсаттарының орын тәртібін сабақ түрі мен әдістерінің қажеттілігіне қарай өзгерте алады. Пәнаралық байланыс, шынайы өмірмен байланыс: 5-сыныптың орта мерзімді жоспарындағы лексикалық тақырыптарды меңгерту «Өзін- өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «География» пәндерімен тығыз байланыста жүргізіледі. Пәндерді кіріктіріп оқыту кезінде басқа пән мұғалімдерімен бірлесіп, командалық сабақ жоспарларын әзірлеуге болады.

Сондай-ақ осы пәндермен кіріктірілген сабақ жоспарын құрып жүргізуіне болады. Мұғалім қазақ тілін басқа пәндермен тығыз байланыста оқыту арқылы оқушының академиялық сөйлеу және жазба тілін қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие болады. Лексикалық тақырыптар ретінде сұрыпталып іріктелінген мәтіндер мен оларға байланысты құрылған тапсырмалар шынайы өмірмен байланысты жағдаяттардан туындап немесе соған жуықтатылуы тиіс. Сонымен қатар, оқу материалдарының мазмұны мен тапсырмалардың орындалу логикасы оқушылардың даму деңгейіне сай ойлау, түсіну ерекшеліктеріне сәйкес таңдалынады. Грамматиканы функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде оқыту: Орта мерзімді жоспарда оқушылар меңгеруге тиісті грамматикалық тақырыптар көрсетілген: - қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу; -сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу; -тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану; -жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тіл дамыту барысында қолдану; - зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану; - сын есімдердің, шырай түрлерінің қолданыстағы ерекшеліктерін тану, сын есімнің субстантивтену құбылысын жаттығулар арқылы таныту; - сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімнің субстантивтену құбылысын жаттығулар арқылы таныту; - төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің қолданыстағы және жазылудағы тыныс белгілердің қолданылу ерекшеліктерін білу, төл сөздің төлеу сөзге айналу жолдарын білу; Қазақ тілін қазақ мектебінде ана тілі ретінде дәстүрлі оқытуда грамматиканы «тіл формасынан тіл мазмұнына қарай жүрумен» оқытып келсе, грамматиканы функционалдық оқытуда «тіл бірлігінің қызметінен оның формасына қарай жүру» логикасына қарай өзгерді. Бір жағынан, нақты мәнмәтінде, мәтінде қандай грамматикалық құралдар қатысып тұрғанын көрсету мақсаты көзделінсе, екінші жағынан, грамматикалық тәсілдер тобы арқылы берілетін семантикалық функцияларды талдау мен жинақтау көзделеді. Грамматиканы функционалдық тұрғыдан оқытуда грамматикалық бірліктердің функциялары мен формалары тығыз бірлікте қарастырылады. Грамматиканың формалды жағы – грамматикалық бірліктердің таптарға жіктелуі, категорияларға бөлінуі арқылы танылады. Енді осы грамматикалық бірліктердің мәтінді құруға қатысуда қандай функционалдық мағыналық қызмет атқарғанын таныту функционалдық грамматиканың міндеті болып табылады. Сөйтіп грамматикалық дағдыларды қалыптастыру бірізділігі оның білдіретін мағыналық қызметімен тығыз байланыста жүргізілуі керек. Ондай мүмкіндіктер мәтіндерді қолдана отырып оқытуда молынан табылады. Қазақ тілін оқытудың жаңа басым бағыттары: функционалдық, мәтінге негізделген, коммуникативтік әрекет. Сондықтан қазақ тілі сабақтарының заманауи талаптары: тіл бірліктерінің мәтінқұраушы және көркем-мәнерлі функцияларын таныту негізінде құрылған жаңа білім мазмұны, грамматиканы функционалдық негізде оқытудағы мәтіннің білім көзі ретіндегі маңызды орны, қазақ тілі мен қазақша сөйлеу және жазба тілінің тұтастықта танылуын көздейтін жаттығулар жүйесі.

Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытудың әдіс-тәсілдері:

Орта мерзімді жоспарда ұсынылған әдіс-тәсілдер оқушылардың оқу және ойлау белсенділігін арттыруға бағытталған. Коммуникативтік әрекеттерді дамытуға бағытталған тапсырмалар өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір жүйемен жүзеге асады. Мысалы, тыңдалым дағдысын жүзеге асыру үшін тыңдалым алды, тыңдалым, тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар ұйымдастырылуы тиіс. Тыңдалымға арналаған сабақ құрылымы:

 Тыңдалым алдындағы тапсырма: тақырыпты таныстыру; тыңдалымдағы маңызды сөздерді үйрету; тақырыпқа қатысты сұрақтар құра отырып, сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау.

 Тыңдалым тапсырмасы: әртүрлі тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар тобы; олар жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді түсінуге бағытталады.

 Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: тыңдалымдағы тақырып туралы сұрақтардан тұрады және ол сұрақтарға өз көзқарастарын білдіріп, тәжірибелерімен байланыстыра отырып жауап берулері тиіс. Сонымен қатар сұрақтар жауап беру барысында тыңдалымдағы сөздерді пайдалана алатындай құрылуы қажет. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарда тыңдалым/ айтылым дағдысы қатар жүреді. Мұғалім тыңдалымнан кейінгі айтылым тапсырмаларын дискуссия, дебат, сұхбат және т.б. белсенді жұмыс түрлері арқылы ұйымдастырады. Оқылымға арналаған сабақ құрылымы:

 Оқылым алдындағы тапсырма: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған тапсырмалар, сөздерді алдын-ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.

 Оқылым тапсырмасы: әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар (сұрақтар). Алғашқы тапсырмалар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі тапсырмалар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.

 Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар, сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай құрылуы керек. Жазылымға арналған сабақ құрылымы: Жазылым - төрт дағдының бірі және ол өнімді дағдылар қатарына жатады. Яғни өнімді дағды дегеніміз – тіл құбылыстары туралы ережелерге, модельдерге сүйене отырып сөйлеу немесе жазу. Жазылым түрлері: тізім жасау, құттықтау қағазы, электрондық хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б. Жазылым түрлерінің әрқайсысының өздеріне сай ерекшелігі болады. Ол жазылым түрлерінің құрылымына және мақсаты мен шешуі тиіс міндеттеріне байланысты болып келеді. Мысалы, жазу стилінің деңгейлері: ресми (ғылыми, іс қағаздар стилі) және бейресми (ауызекі сөйлеу сөздері); жазуда мәтінді немесе ақпаратты жазудың өзіндік тәртіптері ақпараттарды орналастыру реті; мәтіннің ұйымдастырылуы. Жазылым дағдысын қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары - продуктивті жазылым және жазылым үдерісі. Егер жазылымды үлгі беру арқылы үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни мұғалімдер жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек. Белгілі бір жазылым үлгісі оның мазмұнымен, лексикасымен, стилімен және құрылысымен таныс болуға көмектеседі. Сонымен қатар, үлгілер оқушыға қалай жазуы керек туралы идеяны да береді. Ал егер мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұлд жазылым үдерісі деп аталады. Толығырақ айтқанда, жазылымды жоспарлаудан бастап, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге дейінгі оқушылардың әрекетін ұйымдастыру. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерімен әртүрлі уақытта жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде идеяларды ойлап табады және ұйымдастырады, алғашқы нұсқасын жазу кезеңінде өз ойларын жеткізу үшін қажетті сөздерді, сөйлем құрылымдарын іздейді, түзету және тексеру кезеңінде жазылымның ұйымдастырылуы, сауаттылығы, ондағы идеяларды бағалауға, яғни өз жұмысының артықшылығы мен кемшіліктері туралы ойлануға мүмкіндік береді. Белгілі бір жазылымды толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасалады:

 Әуелі жазылуы көзделген нәрсені анықтап алу;

 ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау;

 шимай нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрі) жазып көру

 түзету және редакциялау ( қателерді түзету және мазмұнын толықтыру)

 тексеріп шығу (сауаттылыққа тексеру және түзеу)

 дұрыс нұсқаны (екінші немес соңғы нұсқаны жазып шығу) жазу.

Орта мерзімді жоспардағы оқу мақсаттарын жүзеге асыруда ұсынылған әдіс-тәсілдермен қатар, мұғалім өзі тиімді деп тапқан басқа әдіс-тәсілдерді де қолдана алады. Ресурстармен жұмыс: Қазақ тілі сабақтарында мұғалім оқулықтармен қатар, ғаламтор желісінен алынған есту және көру материалдарын, аудиохабарламаларды, телебағдарламаларды, газет- журналдардан алынған ақпараттарды, кесте, диаграмма, сызбаларда берілген мәліметтерді де таңдай алады. Оқу жоспарында ұсынылған ресурстар мұғалім үшін бағыт-бағдар ретінде беріліп отыр. Мұғалім оларды қажеттілігіне, сынып деңгейіне, жас ерекшелігіне қарай өзгерте алады.

«Бекітемін» «Келісемін» Қаралды

Мектеп директоры оқу ісі жөніндегі орынбасары ӘБ жетекшісі

_________ __________________ _________ __________________ _______ __________________
«____» __________ 2017 жыл «____» __________ 2017 жыл хаттама №1 ________2017ж.
«Қазақ тілі» пәнінен

орта мерзімді жоспарды негізге ала отырып құрылған

күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау

5-сынып

2017-2018 оқу жылы

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар

Қазақ тілі. Барлығы - 102 сағат, аптасына - 3 сағат

5-сынып

Рет.

Бөлім

Сабақтың тақырыбы

Сабақтың оқу мақсаты

Сағат

саны

Мерзімі

І тоқсан (27 сағат)

1-бөлім. Мәдениет: тіл және қарым-қатынас

1

1

Тіл қарым-қатынас құралы

5.Т/А3 Мәтіннен ақпаратты анықтау: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау

5.ӘТН1 Орфографиялық норма: Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға

сай жазу

1

04.09.2017

2

2

Ана тілінің қызыметі

5.О1 Ақпаратты түсіну: Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.

5.ӘТН1 Орфографиялық норма: Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға

сай жазу

1

06.09.2017

3

3

Адамзат үшін тілдің маңызы

5.Т/А5 Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау: Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.

5.Ж2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру: Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру

құрастырып жазу.

1

08.09.2017

4

4

Өнер алды – қызыл тіл

5.О1 Ақпаратты түсіну: Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.

5.ӘТН2 Орфоэпиялық норма: Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу.

1

11.09.2017

5

5

Сұхбаттасу мәдениеті

5.Т/А5 Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау: Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.

5.ӘТН2 Орфоэпиялық норма: Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу

1

13.09.2017

6

6

Сөйлеу әдебі

5.О1 Ақпаратты түсіну: Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.

5.Ж2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру: Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру

құрастырып жазу.

1

15.09.2017

7

7

Тілдік қарым-қатынас талаптары

5.Т/А5 Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау: Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.

5.ӘТН2 Орфоэпиялық норма: Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу

1

18.09.2017

8

8

Нәтиже сабақ

ЖБ №1 15 минут

5.Т/А5 Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау: Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.

1

20.09.2017

2-бөлім. Киім. Сән. Талғам

9

1

Киім .Сән.Талғам

5Т/А4 Негізгі ойды анықтау. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

5Ж6 Мәтіндерді түзету және редакциялау. Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау.

1

22.09.2017

10

2

Ұлттық киім асыл мұра

5Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру

5Ж6 Мәтіндерді түзету және редакциялау. Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау.

1

25.09.2017

11

3

Қазақтың ұлттық бас киімдері

5Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру

5ӘТН 2 Орфоэпиялық норма. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу

1

27.09.2017

12

4

Киім түрлері және талғам

5Т/А4 Негізгі ойды анықтау. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

5.Ж2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру: Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру

құрастырып жазу.

1

29.09.2017

13

5

Талғаммен киіну

5О6 Оқылым стратегияларын қолдану. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.

5Ж4 Эссе жазу. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.

1

02.10.2017

14

6

Қазіргі сән

5Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру

1

04.10.2017

15

7

Киім кию мәдениеті

5Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру

5Ж6 Мәтіндерді түзету және редакциялау. Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау.

1

06.10.2017

16

09.10.2017

3-бөлім. Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер

17

1

Отбасылық ғұрыптар

5Т/А2 Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру

5ӘТН1 Орфографиялық норма. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

1

11.10.2017

18

2

Отбасылық мерекелердің тәрбиелік мәні

5Т/А2 Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндір

5Ж3 Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру

1

13.10.2017

19

3

Бесік жыры

5О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу.Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

5Ж5 Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

1

16.10.2017

20

4

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

5Т/А2 Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру

5ӘТН3 Лексикалық норма. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

1

18.10.2017

21

5

Салт-дәстүр ата-ана аманаты

ЖБ №2 15 минут

5О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу.Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

5Ж5 Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

1

20.10.2017

22

6

Әдет –ғұрыптар

5Т/А2 Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндір

5Ж3 Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру

1

23.10.2017

23

7

ТЖБ №1

40 минут

1

25.10.2017

24

8

Дағды мен ишара

5О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу.Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

5Ж5 Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

1

27.10.2017

ІІ тоқсан (24 сағат)

4-бөлім. Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

25

1

Жануарлар әлемі

5.Т/А4 Негізгі ойды анықтау: Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

5ӘТН 3; Лексикалық норма: Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.

1

06.11

26

2

Жануарлар-табиғат тамашасы

5О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу: Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

5Ж6 Мәтіндерді түзету және редакциялау: Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау.

1

08.11

27

3

Жануарлар және тіршілік

5.Т/А4 Негізгі ойды анықтау: Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

5ӘТН 3; Лексикалық норма: Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.

1

10.11

28

4

Жануарлардың мінез-құлықтары

5О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу: Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру

5ӘТН 3; Лексикалық норма: Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

1

13.11

29

5

Төрт түлік

5.Т/А1 Болжау : Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

5ӘТН 3; Лексикалық норма: Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.

1

15.11

30

6

Түлік төлден өседі

5О1; Ақпаратты түсіну: Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.

5Ж6 Мәтіндерді түзету және редакциялау: Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау.

1

17.11

31

7

Қазақ халқындағы төрт түліктің маңызы

5.Т/А4 Негізгі ойды анықтау: Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

5Ж4, Эссе жазу: Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.

1

20.11

32

8

Өсімдіктер әлемі

5.Т/А4 Негізгі ойды анықтау: Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

5Ж6 Мәтіндерді түзету және редакциялау: Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау.

1

22.11

33

9

Алтай ботаника бағы

5Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту: Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру.

5ӘТН 3; Лексикалық норма: Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

1

24.11

34

10

Дәрілік өсімдіктер

27.11

35

11

Нәтиже сабақ

5.Т/А4 Негізгі ойды анықтау: Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

5Ж4, Эссе жазу: Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу

1

29.11

36

12

Сиқырлы әлемге саяхат

ЖБ №3

15 минут

5О1; Ақпаратты түсіну: Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.

5Ж4, Эссе жазу: Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.

1

01.12

5-бөлім. Бос уақыт және хобби

37

1

Уақыт алға жетелейді

5.Т/А3; Мәтіннен ақпаратты анықтау. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау

5.ӘТН 4.2; Грамматикалық норма: Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.

1

04.12

38

2

Бос уақыт

5.О6; Оқылым стратегияларын қолдану. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.

5.Ж5, Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

1

06.12

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет