Сабақтың мақсаты : Ғажайып сырлы аспап -қобыз аспабымен таныстыру. Білімділік мәні



Дата03.02.2017
өлшемі55,62 Kb.
#8588
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы
: Аспаптардың атасы- қобыз.

Сабақтың мақсаты:

Ғажайып сырлы аспап -қобыз аспабымен таныстыру.

Білімділік мәні :Санғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.

Дамытушылығы:Оқушылардың жан – жақты білімдерін арттыру.

Тәрбиелік мәні : Музыкалық аспаптар арқылы ұлттық өнерді танып, білу, ұлттық аспаптарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі..

Үй тапсырмасы: Жетіген аспабы.

Жаңа сабақ: Аспаптардың атасы- қобыз.

Сабақтың барысы:

Қарағайдың түбінен

Қайырып алған қобызым.

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым.

Қобыз- ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз пайда болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалады. Қобыздың екі түрі бар: қылқобыз, қобыз.Қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші – Қорқыт. Ол қобызды бақсы балгермен кезбе дуаналардың қолында жүретін жәй құрал емес нағыз музыка аспабы ретінде таныта білді.Қорқыттың «Қорқыт», «Аққу», «Әуіпбай», «Башпай», «Желмая» т.б. күйлері бар.

Ән үйрету. Қобыз

Қарағайдың түбінен

Қайырып алған қобызым.

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым.

Аққайыңның безінен

Айырып алған қобызым.

Қара еменді қақ жарып,

Ойып алған қобызым.

Ортекенің мүйізін

Тиек қылған қобызым.

Желмаяның терісін

Шанақ қылған қобызым.

Қылқұйрығын тұлпардың

Қияқ қылған қобызым.

Ақ түйенің сүтіне

Шылап алған қобызым

Қорытындылау :

*Қорқыт күйлері қай аспапта ойналады?

*Қорқыт шығармасы музыканың қай жанрына жатады?

Үйге тапсырма: Аспаптардың атасы- қобыз.

Бағалау.

 

 


    

Сабақтың тақырыбы: Асыл әже

Сабақтың мақсаты: Балалардың өмірге қажетті білік-дағдыларын тереңдете отырып, ұлттық әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрге баулу,әжелерін құрметтеуге бағыттау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,плакаттар

.

Сабақтың барысы:



Асыл әже

Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған


Сағынышым - сары ормандай самсаған
Әке болып жүргенімді ұмытып
Әлі күнге еркелеймін мен саған

Құлыңдаймын асыр салған аңғарда


Қозындаймын ойнақтаған албарда
Өзің барда қысылмаймын күлуге
Жылауға да қысылмаймын сен барда

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді


Мен өзіңнен қабылдаппын күюді
Сенің жаның жүрегіме ораулы
Менің жаным жаулығыңа түюлі

Тұра тұршы түзелгенше бұзығың


Жүре тұршы жалғанғанда үзігің
Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау
Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!

Бағалау:

Қорытындылау:

Үйге тапсырма:

 

 



 Тоқсандық тақырыбы: Ғажайып сырлы аспаптар үні.

Сабақтың тақырыбы: Аңыздан жаралған аспап – жетіген.

Сабақтың мақсаты: Музыка аспаптары, соның ішінде ұлттық музыка аспаптары туралы мағлұмат беру.

Білімділік мәні : Санғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, эстетикалық бағыт беру және ұлттық аспаптарға деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік мәні : Музыкалық аспаптар арқылы ұлттық өнерін танып, білуге, ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет, технология,бейнелеу.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасы: Саздан туған сазсырнай.

Актуалдау:

Сазсырнай аспабы неден жасалады, қалай ойналады?

Шаңқобыз аспабы неден жасалады, қалай ойнаймыз?

Сыбызғы аспабы неден жасалады, қалай ойнаймыз?

Тағы да қандай ұлттық музыка аспаптарын білеміз?

Ұлттық музыка аспаптары өте көп. Біздер өткен сабақтарда сыбызғымен, шаңқобызбен сазсырнаймен таныстық, бүгін тағы бір ұлттық аспап- жетігенмен танысамыз.

Жаңа сабақ: Аңыздан жаралған аспап – жетіген.

Қазақ халқының тағы бір баға жетпес ұлттық музыка аспабының бірі- жетіген. Жетіген – жеті ішекті, шертіп ойналатын музыкалық аспаптардың бірі.Бұрауы жоқ. Сондықтан оның құлақ күйін жеті асықты немесе жеті тиекті жылжыту арқылы келтіреді. Ағаштан жасалып, терімен қапталады.

Ән орындайық! Сөзін, әнін үйрету.

Достық әні. Әні И. Нүсіпбаевтікі.

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ

Ортақ бізге барлығы.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң

Бақытты өмір сүреміз.

Қорытындылау :

Біз қандай ұлттық музыка аспаптарын білдік?

Біз қандай баламыз?

Үйге тапсырмаАңыздан жаралған аспап – жетіген. Достық әні.

Бағалау .
Каталог: uploads -> doc -> 0fdb
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fdb -> Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев "Райымбек, Райымбек" поэмасы Жалпы мақсаты
0fdb -> Сабақ: «Көнеден жеткен аспап-домбыра, дутар, саз»
0fdb -> Үй тапсырмасын тексеру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет