Негізгі орта білім беру деңгейінің «Математика және информатика» білім саласы пәндерінің



бет3/6
Дата26.08.2017
өлшемі1,66 Mb.
#29711
1   2   3   4   5   6

17. 7-сынып оқушыларында:

  1. көпмүшенің стандарт түрі;

  2. көпмүшені көбейткіштерге жіктеу туралы түсінігі болуы тиіс.

18. 7-сынып оқушылары:

  1. натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасын;

  2. бүтін көрсеткішті дәреженің анықтамасын;

  3. бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін;

  4. санның стандарт түрінің анықтамасын;

  5. бірмүшенің анықтамасын;

  6. көпмүшенің анықтамасын;

  7. бірмүше дәрежесінің анықтамасын;

  8. көпмүше дәрежесінің анықтамасын;

  9. көпмүшелерді қосудың ережесін;

  10. көпмүшелерді азайтудың ережесін;

  11. көпмүшелерді көбейтудің ережесін;

  12. бірмүшені бірмүшеге бөлудің ережесін;

  13. көпмүшені бірмүшеге бөлудің ережесін;

  14. қысқаша көбейту формулаларын;

  15. көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тәсілдерін;

  16. рационал бөлшектің негізгі қасиетін;

  17. абсолют қателіктің анықтамасын;

  18. салыстырмалы қателіктің анықтамасын;

  19. кездейсоқ оқиғаның анықтамасын білуі тиіс.

19. 7-сынып оқушыларының:

  1. бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану;

  2. бірмүшені стандарт түрде жазу;

  3. көпмүшені стандарт түрде жазу;

  4. бірмүшенің дәрежесін таба білу;

  5. көпмүшенің дәрежесін таба білу;

  6. көпмүшенің ұқсас мүшелерін біріктіру;

  7. көпмүшелермен қосу, азайту және көбейтуді орындау;

  8. бірмүше мен көпмүшені бірмүшеге бөлуді орындау;

  9. ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару және топтау тәсілдері арқылы көпмүшені көбейткіштерге жіктеуді орындау;

  10. қысқаша көбейту формулаларын қолдану;

  11. рационал бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу және дәрежеге шығару;

  12. рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау;

  13. санды стандарт түрде жазу;

  14. у = ах2 функциясының графигін салу және қасиеттерін анықтау;

  15. у = ах3 функциясының графигін салу және қасиеттерін анықтау;

  16. у = (k ≠ 0) функциясының графигін салу және қасиеттерін анықтау;

  17. шама мен санның жуық мәнін жазу;

  18. сандардың жуық мәндерімен амалдар орындау;

  19. шама мен санның жуық мәнінің абсолют қателігін табу;

  20. шама мен санның жуық мәнінің салыстырмалы қателігін табу біліктігі болуы тиіс.

20. 7-сынып оқушылары:

  1. анықтамалықтарды қолдану; оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу;

  2. натурал көрсеткішті дәреже және бүтін көрсеткішті дәрежелердің мәндерін есептеуде кестелерді қолдану;

  3. құрамында бүтін көрсеткішті дәрежесі бар санды өрнектердің мәндерін есептеуде калькуляторды қолдану;

  4. у = ах2, у = ах3, у = (k ≠ 0) функцияларының графиктерін салу кезінде компьютерлік бағдарламалармен жұмыс атқару;

  5. бүтін көрсеткішті дәрежесінің мәндерін табуда В.Брадис кестесін қолдану дағдыларын меңгеруі тиіс.



6. 8-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
21. 8-сынып оқушыларында:

  1. функцияның таңба тұрақтылық аралықтары;

  2. жиындағы функциялардың ең үлкен және кіші мәндері туралы түсінігі болуы тиіс.

22. 8-сынып оқушылары:

  1. иррационал санның анықтамасын;

  2. нақты санның анықтамасын;

  3. арифметикалық квадрат түбірдің анықтамасын;

  4. арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін;

  5. құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді тепе-тең түрлендірудің түрлерін;

  6. квадрат теңдеудің анықтамасын;

  7. квадрат теңдеудің түрлерін;

  8. келтірілген квадрат теңдеудің анықтамасын;

  9. биквадрат теңдеудің анықтамасын;

  10. квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын;

  11. Виет теоремасын және Виет теоремасына кері теореманы;

  12. квадрат үшмүшенің анықтамасын;

  13. квадрат үшмүше түбірлерінің анықтамасын;

  14. бөлшек-рационал теңсіздіктің анықтамасын;

  15. интервалдар әдісінің мағынасын;

  16. кездейсоқ оқиғаның анықтамасын білуі қажет.

23. 8-сынып оқушыларында:

  1. у = функция графигін салу және қасиеттерін анықтау;

  2. у = ах2 + п функция графигін салу және қасиеттерін анықтау;

  3. у = а(хт)2 функция графигін салу және қасиеттерін анықтау;

  4. у = а(хт)2 + п функция графигін салу және қасиеттерін анықтау;

  5. у = ах2 + bx + c функция графигін салу және қасиеттерін анықтау;

  6. құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру;

  7. квадрат теңдеуді шығару;

  8. Виет теоремасын және Виет теоремасына кері теореманы қолдану;

  9. айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген квадрат теңдеуді шығару;

  10. квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шығару;

  11. бөлшек-рационал теңдеуді шығару;

  12. айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар бөлшек-рационал теңдеуді шығару;

  13. квадрат және бөлшек-рационал теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару;

  14. квадрат үшмүшенің түбірлерін табу;

  15. квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу;

  16. квадрат теңсіздіктерді квадраттық функцияның графигі және интервалдар әдісімен шығару;

  17. рационал теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шығару біліктігі болуы тиіс.

24. 8-сынып оқушылары:

  1. анықтамалықтарды қолдану; оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу;

  2. квадрат түбірдің мәндерін есептеу кезінде кестелерді қолдану;

  3. құрамында квадрат түбірі бар санды өрнектердің мәндерін есептеуде калькуляторды қолдану;

  4. у = функциясы мен квадраттық функцияның графиктерін салу кезінде компьютерлік бағдарламалармен жұмыс атқару;

  5. квадрат түбірдің мәндерін табуда В.Брадис кестесін қолдану дағдыларын меңгеруі тиіс.



7. 9-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
25. 9-сынып оқушылары:

  1. теңдеулердің мәндестігі туралы теоремаларды және олардан шығатын салдарды;

  2. екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің анықтамасын;

  3. бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесінің анықтамасын;

  4. екі айнымалысы бар теңсіздіктің анықтамасын;

  5. екі айнымалысы бар теңсіздікті шығару алгоритмін;

  6. екі айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесінің анықтамасын;

  7. сандар тізбегінің анықтамасын;

  8. сандар тізбегінің қасиеттерін;

  9. сандар тізбегінің берілу тәсілдерін (баяндау, аналитикалық, рекурреттік, графиктік тәсілдер);

  10. арифметикалық прогрессияның анықтамасын;

  11. арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласын;

  12. арифметикалық прогрессияның негізгі қасиетін;

  13. арифметикалық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысының мәнін есептеу формуласын;

  14. геометриялық прогрессияның анықтамасын;

  15. геометриялық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласын;

  16. геометриялық прогрессияның негізгі қасиетін;

  17. геометриялық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысының мәнін есептеу формуласын;

  18. шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның мүшелерінің қосындысының мәнін есептеу формуласын;

  19. математикалық индукция әдісінің маңызын;

  20. өлшемі 1 радианға тең бұрыштың анықтамасын;

  21. бірлік шеңбердің анықтамасын;

  22. бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері арасындағы байланысты беретін формуланы;

  23. кез келген бұрыштың синусы, косинусы, тангенсыжәне котангенсының анықтамасын;

  24. 0о, 30о, 45о, 60о, 90о бұрыштарының синусының, косинусының, тангенсының және котангенсының мәндерін;

  25. тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын;

  26. тригонометриялық функциялардың қасиеттерін (периодтылығы, жұптығы, тақтығы);

  27. негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді;

  28. келтіру формулаларын;

  29. қосу формулаларын;

  30. қосбұрыш және жартыбұрыштардың формулаларын;

  31. тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын;

  32. тригонометриялық функциялардың көбейтіндісін қосынды немесе айырымға түрлендіру формулаларын;

  33. классикалық ықтималдықтың анықтамасын;

  34. геометриялық ықтималдықтың анықтамасын білуі қажет.

26. 9-сынып оқушыларында:

  1. екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулерді шығару;

  2. екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шығару;

  3. мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі арқылы шығару;

  4. бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шығару;

  5. екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шығару;

  6. екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйелерін шығару;

  7. сандар тізбегінің жалпы мүшесінің формуласын табу;

  8. сандар тізбегінің түрін анықтау;

  9. сандар тізбегінің қасиеттерін анықтау;

  10. арифметикалық және геометриялық прогрессияларды ажырату;

  11. арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесін табу;

  12. арифметикалық прогрессияның п мүшесінің қосындысының мәнін есептеу;

  13. геометриялық прогрессияның п-ші мүшесін табу;

  14. геометриялық прогрессияның п мүшесінің қосындысының мәнін есептеу;

  15. шексіз кемімелі геометриялық прогрессия мүшелерінің қосындысының мәнін есептеу;

  16. математикалық тұжырымдарды математикалық индукция әдісінің көмегімен дәлелдеу;

  17. бұрыштың градустық және радиандық өлшемдерін табу;

  18. бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері арасындағы байланысты беретін формуланы қолдану;

  19. тригонометриялық функциялардың мәндерін табу;

  20. негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану;

  21. келтіру формулаларын қолдану;

  22. қосу формулаларын қолдану;

  23. қосбұрыш және жартыбұрыштардың формулаларын қолдану;

  24. тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру;

  25. тригонометриялық функциялардың көбейтіндісін қосынды немесе айырымға түрлендіру;

  26. құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау;

  27. оқиғаның классикалық ықтималдығын табу;

  28. оқиғаның геометриялық ықтималдығын табу;

  29. таңдауда арифметикалық ортаны, мода мен медиананы табу біліктігі болуы тиіс.

27. 9-сынып оқушылары:

  1. анықтамалықтарды қолдану; оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу;

  2. тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру кезінде формулалар мен түрлендіруді (қысқаша көбейту формулалары, тригонометрия формулалары, ұқсас қосылғыштарды біріктіру; бөлшекті қысқарту және т.б.) қолдану;

  3. санды өрнектердің мәндерін есептеуде калькуляторды қолдану;

  4. элементар функциялардың графиктерін салу кезінде компьютерлік бағдарламалармен жұмыс атқару;

  5. тригонометриялық функциялардың мәндерін табуда В.Брадис кестесін қолдану;

  6. тригонометриялық функцияның мәні бойынша санның (бұрыштың) мәндерін табуда В.Брадис кестесін қолдану дағдыларын меңгеруі тиіс.



8. 7-9- сыныптары оқушыларының дайындық деңгейінің

тұлғалық және жүйелі-әрекеттік нәтижелері
28. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылар:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясына құрмет;

  2. белсенді азаматтық қөзқарасын, патриоттық сезімін;

  3. әлемдік дамуда өз елінің рөлін түсіну;

  4. қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет;

  5. өз елінің табиғатын сақтау және көркейтуге ұмтылатынын;

  6. қарым-қатынас мәдениетін, этикалық нормаларды сақтауын;

  7. салауатты өмір салтын сақтауға ұмтылуын;

  8. өзіндік жұмыстарды орындау біліктігі мен өздігінен білім алу қабілетін;

  9. үлкендерге құрмет және кішілерге қамқорлық, басқаларға деген мейірімділік пен кішіпейілділікті;

  10. үлкендер мен және өз жасындағы құрбылармен қарым-қатынас жасау дағдысын;

  11. жанұялық құндылыққа сыйластықпен қарау;

  12. әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалау біліктігін көрсете білуі тиіс.

29. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылар:

  1. анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу біліктігін;

  2. әртүрлі жағдайларда алгебралық білім жүйесін;

  3. ақпаратты табу, талдау, өңдеу және жинақтау біліктігін;

  4. математикалық материал бойынша берліген алгоритмді сауатты орындауды;

  5. математикалық формулаларды қолдану біліктігін, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру біліктігін;

  6. қоршаған орта мен саралас пәндердегі заңдылықтарды суреттеу және талдау үшін игерілген алгебралық түрлендірулер мен функционалды-графиктік кескіндеуді;

  7. жуықтап және дәл, ауызша және инструменттер көмегімен есептеуді тиімді пайдалана отырып, практикалық есептеу техникасын қаншалықты игергенін;

  8. математикаға тән ойлау стилін, оның абстрактылығын, дәлелденуін, қатаңдығын;

  9. дәлелдемелі пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар жасау біліктігін;

  10. математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігін;

  11. тану, жобалау, құрастыру және зерттеу әдістерін;

  12. оқу қызметінің әртүрлі формаларында коммуникативтік қабілеттерін қолдана білуі тиіс.



«Геометрия» пәнінен оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Геометрия – жаратылыстану-ғылыми пәндері мен формальды-логикалық теорияның ерекшеліктерін үйлестіретін математиканың негізгі бөлімдерінің бірі.

  3. Негізгі мектепте геометрияны оқу барысында оқушылардың бойында:

  1. жазықтықтағы геометриялық фигуралар туралы білімдері қалыптасып, тереңдетіледі және жүйеленеді;

  2. логикалық және бейнелік ойлауы дамиды.

  1. Оқушылардың геометриялық білім мен біліктер жүйесін басқа да жаратылыстану-ғылыми пәндерімен бірге кешенді түрде меңгеруі олардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға және қоршаған әлемді танып білуге мүмкіндік жасайды.

  2. Негізгі мектепте геометрияны оқу пәні ретінде оқытудың мақсаты:

  1. барлық оқушыларды одан әрі оқуға қажетті геометрия облысындағы математикалық дайындықтың базалық деңгейімен қамтамасыз ету;

  2. салалас пәндерді және жоғары сыныпта стереометрия курсын игеруге қажетті дайындықпен қамтамасыз ету.

  1. Негізгі мектепте геометрия курсын игеру интеллектуалды дамыған тұлғаны тәрбиелеудегі келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:

  1. логикалық ойлауды дамыту;

  2. геометриялық салуларды орындау және оның дұрыстығын негіздей білу біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

  3. геометриялық білім мен математикалық іс-әрекет дағдылары негізінде практикалық қызмет дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

  4. оқушылардың кеңістіктік түсініктерін қалыптастыру;

  5. кеңістіктік ойлауды қалыптастыруға негіз жасау;

  6. бейнелік ойлауды қалыптастыру;

  7. функционалдық сауаттылықты дамыту;

  8. графикалық сауаттылықты, эстетикалық талғамды дамыту.

  1. Көрсетілген мақсаттарға сәйкес оқытудың келесі міндеттері шешілуі тиіс:

  1. оқушылардың геометриялық фигуралар туралы түсініктерін, бір немесе бірнеше геометриялық фигуралардың элементтерінің арасындағы сандық және сапалық қатыстарды қалыптастыру;

  2. дедукциялық ойлау (тура әдіс, қарсы ұйғару әдісі) дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

  3. қарапайым сызбаларды салу, өлшеу дағдыларын қалыптастыру;

  4. өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

  5. нақтылы объектіні бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде беру біліктігін қалыптастыру және дамыту;

  6. жазық фигуралардың қасиеттері туралы теориялық білімдерін кеңейту және жүйелеу;

  7. есептеуге, дәлелдеуге және салуға арналған геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

  8. күрделілігі әртүрлі сызбалардағы геометриялық фигураларды тану, есептерді шешу кезінде қосымша салулар мен көмекші сызбаларды пайдалану біліктігі мен дағдыларын кеңейту;

  9. жазықтықтағы түрлендірулер арқылы алынған жазық фигуралардың бейнелерін салу біліктігін қалыптастыру және дамыту;

  10. геометриялық есептерді алгебралық әдістермен шешу біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

  11. оқушылардың кеңістік және кеңістіктік фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру;

  12. оқушыларды кеңістіктік фигуралардың кескіндерімен және олардың элементтерімен таныстыру.

  1. Негізгі мектептегі геометрия курсының негізгі мазмұндық-әдістемелік бағыттары:

  1. геометриялық фигуралар мен олардың қасиеттерінің бағыты;

  2. шамаларды өлшеу бағыты;

  3. векторлық-координаталық бағыт;

  4. функционалдық бағыт;

  5. кеңістіктік түсініктер бағыты.

  1. 7-сынып геометрия курсында оқушылар:

  1. геометриялық фигуралармен, олардың қасиеттерімен (нүкте, түзу, сәуле, кесінді, бұрыш, жазықтық, үшбұрыш, шеңбер);

  2. геометриялық қатынастармен (тиістілік, қиылысу, параллельдік, перпендикулярлық, теңдік);

  3. геометриялық шамалармен (кесіндінің ұзындығы, бұрыштың өлшемі) танысады.

  1. 7-сыныпта геометрияны оқытуда сызбалар кеңінен пайдаланылады, оқушылар геометриялық фигуралар мен қатынастардың қасиеттерін оқып біледі, есептер шығарады, теоремаларды дәлелдейді, циркуль және сызғыштың көмегімен негізгі салуларды орындайды, сызбаларды орындау дағдылары геометриялық түсініктерді қалыптастырумен қатар дамиды.

  2. 8-сынып геометрия курсында оқушылардың:

  1. жазықтықтағы геометриялық фигуралар туралы білімдері;

  2. геометриялық фигураларды салу және дедукциялық ойлау (тура әдіс, қарсы ұйғару әдісі) дағдылары;

  3. игерген қасиеттер мен формулаларды қолданып, геометриялық шамалардың (ұзындықтар, бұрыштар, аудандар) мәндерін есептеу біліктігі қалыптасады, тереңдетіледі және жүйеленеді.

  1. 8-сынып оқушылары:

  1. сүйір бұрыштың тригонометриялық функцияларымен және жазықтықтағы координаталар әдісімен танысады;

  2. тригонометриялық өрнектерді түрлендірудің алғашқы дағдыларын және геометриялық есептерді шешуде координаталар әдісін қолдану дағдыларын меңгереді.

  1. 9-сынып геометрия курсы оқылатын материалдың теориялық маңыздылығының, дедукциялық рөлінің және қарастырылатын объектілердің абстракциялық дәрежесінің артуымен сипатталады.

  2. 9-сынып оқушылардың білім қоры векторлық-координаталық әдіс және түрлендірулер (қозғалыс және ұқсастық) әдісі сияқты геометриялық фигуралардың қасиеттерін игерудің жаңа әдістерімен толықтырылады, сонымен қатар стереометрия элементтерімен танысады.

  3. Практикалық мазмұнды мысалдарды қарастыру оқушылардың геометриялық формалар мен қоршаған әлемдегі қатынастарды айыра білу және оларды геометрия тілімен суреттей білу біліктігін дамытады.

  4. Геометрияны оқыту үдерісінде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық циклдегі оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады.

  5. «Алгебра» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. бір айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді құрастыру және шешу;

  2. теңсіздіктерді дәлелдеу;

  3. геометриялық шамалардың қатынасына арналған есептерді шешуде пропорцияның қасиеттерін қолдану;

  4. квадрат түбірдің қасиеттерін және санның модулін қолдану;

  5. кейбір бұрыштардағы тригонометриялық функциялардың мәндерін қолдану;

  6. тригонометриялық функциялардың қасиеттерін қолдану;

  7. геометриялық есептерді шешу үшін жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесін қолдану;

  8. функциялардың графиктерін түрлендіруді жазықтықтағы қозғалыс пен ұқсастыққа берілген геометриялық есеп түрінде түсіндіру;

  9. геометриялық есептерді алгебралық әдіспен шешу кезінде тепе-тең түрлендірулерді қолдану;

  10. геометриялық есептерді шешу кезінде тригонометриялық өрнектердің тепе-тең түрлендірулерін қолдану.

  1. «Физика» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. геометриялық есептерді құрастыру және шешу кезінде физикалық үдерістерді сипаттау;

  2. нақтылы үдерістер мен құбылыстарды суреттеуге және игеруге мүмкіндік беретін математикалық моделдердегі геометрия курсының негізгі ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру;

  3. векторлық алгебраны физикалық үдерістер моделінде түсіндіру.

  1. «География» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. география курсынан параллельдер және меридиандар туралы білімдерді пайдалану;

  2. ендік пен бойлықты доға мен шеңбердің градустық өлшемі ретінде түсіндіру;

  3. кластерлерді, энергиялық-өндірістік циклдердің схемаларын және графиктерін құрастыру;

  4. географиялық объектілер кескіндерінің масштабтарын геометриялық фигуралардың ұқсастығы арқылы түсіндіру.

  1. «Биология» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. биологиялық құрылымдардағы симметриялар.

  1. «Химия» пәнімен пәнаралық байланыстар:

  1. атомдағы электрондардың кеңістіктік орналасуы;

  2. органикалық қоспалардағы химиялық байланыстардың симметриялары;

  3. геометриялық фигураларды оқуда әртүрлі заттар молекулаларының формаларын пайдалану.

  1. «Информатика» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. дайын сызбалар бойынша есептерді шешу мен динамикалық жағдайларды жаңғырту және геометриялық фигураларды бейнелеу үшін мультимедиялық құралдарды пайдалану;

  2. қолданбалы программалар пакеттерін пайдаланып координаталық жазықтықта нүктелер жиынын салу;

  3. қолданбалы программалар пакеттерін, электрондық басылымдар мен оқулықтарды пайдалану.

  1. «Технология» және «Сызу» пәндерімен пәнаралық байланыстар:

  1. сызу және өлшеу құралдарын пайдалану;

  2. геометриялық фигураларды кескіндеу кезінде сызу дағдыларын пайдалану;

  3. нақтылы объектілердің сызықтық және бұрыштық элементтерін өлшеудің әртүрлі әдістерін қолдану.

  1. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндермен пәнаралық байланыстар:

  1. геометриялық ұғымдардың пайда болу тарихымен және дамуымен танысу;

  2. қоғамның қазіргі даму кезеңінде әртүрлі геометриялық есептердің пайда болуын қамтамасыз ету;

  3. мәдени ескерткіштерде кездесетін геометриялық фигуралардың қасиеттерімен танысу;

  4. математикалық терминдермен сөздік қорын байыту;

  5. сөйлемді сауатты құрастыруға үйрету;

  6. дедукциялық ойлауды, талдауды, дәлелдеуді жүзеге асыру кезінде өз ойын сауатты айта білуге үйрету.

  1. «Геометрия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 7 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды;

2) 8 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды;

3) 9 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

  1. Оқыту нәтижелері оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптарда көрсетілген және ол оқытудың қорытынды нәтижелерінің жүйесін береді, оған жету оқушының негізгі мектеп курсы бойынша оң нәтижелі аттестациясының міндетті шарты болып табылады.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет