Негізгі орта білім беру деңгейінің «Математика және информатика» білім саласы пәндерінің


Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет4/6
Дата26.08.2017
өлшемі1,66 Mb.
#29711
1   2   3   4   5   6

2. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Геометрияның алғашқы ұғымдары (13 сағат):

  1. геометрияның негізгі ұғымдары;

  2. геометриялық фигура ұғымы;

  3. нүкте, түзу, сәуле (жартытүзу), кесінді, жазықтық және олардың өзара орналасуы;

  4. геометриялық фигураларға мысалдар:

көпбұрыштар, көпжақтар (куб, тікбұрышты параллелепипед, пирамида);

  1. фигуралардың теңдігі;

  2. кесінділерді өлшеу;

  3. бұрыш, бұрыштың градустық өлшемі және оның қасиеттері;

  4. геометрияның аксиомалары;

  5. бұрыштың биссектрисасы;

  6. теорема және теореманы дәлелдеу;

  7. сыбайлас және вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері.

  1. Үшбұрыштар (19 сағат):

  1. үшбұрыш және оның түрлері;

  2. бізді қоршаған әлемдегі үшбұрыштар;

  3. үшбұрыштың медианалары, биссектрисалары және биіктіктері;

  4. үшбұрыштың сыртқы бұрышы;

  5. үшбұрыштардың теңдігі, үшбұрыштар теңдігінің белгілері;

  6. теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілері;

  7. перпендикуляр түзулер;

  8. перпендикуляр және көлбеу;

  9. нүктеден түзуге дейінгі қашықтық;

  10. тікбұрышты үшбұрыш, тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері;

  11. сүйір бұрышы 30º және 45º болатын тікбұрышты үшбұрыштардың қасиеттері;

  12. үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатыстар;

  13. үшбұрыштың теңсіздігі.

  1. Түзулердің өзара орналасуы (12 сағат):

  1. қиылысқан түзулер;

  2. параллель түзулер, түзулердің параллельдік белгілері;

  3. бізді қоршаған әлемдегі параллель түзулер;

  4. үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы;

  5. параллель түзулердің қасиеттері;

  6. параллель түзулердің арақашықтығы.

  1. «Шеңбер. Геометриялық салулар (18 сағат)»:

  1. шеңбер және оның элементтері (хорда, диаметр, радиус, доға);

  2. диаметр мен хорданың перпендикулярлығы туралы теоремалар;

  3. шеңберге жанама және оның қасиеттері;

  4. түзу мен шеңбердің өзара орналасуы;

  5. екі шеңбердің өзара орналасуы;

  6. центрлік бұрыштар, доғаның градустық өлшемі;

  7. жазықтықтағы нүктелердің геометриялық орны: орта перпендикуляр және бұрыштың биссектрисасы;

  8. үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер;

  9. үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер;

  10. салу есептері, салу есептерін шешу кезеңдері.

  1. «Қайталау. Есептер шығару (6 сағат)».



3. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. 7-сынып геометрия курсын қайталау (4 сағат):

    1. нүкте, түзу, сәуле (жартытүзу), кесінді, жазықтық және олардың өзара орналасуы;

    2. фигуралардың теңдігі;

    3. геометрия аксиомалары;

    4. теорема және теореманы дәлелдеу;

    5. сыбайлас және вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері;

    6. үшбұрыштар теңдігінің белгілері;

    7. теңбүйірлі үшбұрыш;

    8. тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері мен қасиеттері;

    9. үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатыстар;

    10. параллель түзулердің белгілері мен қасиеттері;

    11. үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы;

    12. шеңбер;

    13. түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің өзара орналасуы;

    14. центрлік бұрыш, доғаның градустық өлшемі;

    15. салу есептері.

  1. Төртбұрыштар (18 сағат):

  1. төртбұрыштың анықтамасы, дөңес төртбұрыштар, төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы;

  2. параллелограмм және оның қасиеттері;

  3. параллелограммның белгілері;

  4. тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері мен белгілері;

  5. Фалес теоремасы, пропорционал кесінділер;

  6. трапеция;

  7. бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар (параллелограммдар, тіктөртбұрыштар, ромбтар, квадраттар, трапециялар);

  8. үшбұрыштың орта сызығы, трапецияның орта сызығы;

  9. үшбұрыштың тамаша нүктелері.

  1. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар (15 сағат):

  1. тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі;

  2. Пифагор теоремасы;

  3. негізгі тригонометриялық тепе-теңдік және оның салдары;

  4. 30º, 45º, 60º бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенс тригонометриялық функцияларының мәндері;

  5. тікбұрышты үшбұрыштарды шешу;

  6. тікбұрышты үшбұрыштарды салу.

  1. Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі (10 сағат):

  1. жазықтықтағы нүктенің координаталары, кесінді ортасының координаталары, екі нүктенің арақашықтығы;

  2. шеңбердің теңдеуі, түзудің теңдеуі;

  3. есептерді шешуде координаталарды қолдану.

  1. Аудан (14 сағат):

  1. фигураның ауданы туралы түсінік;

  2. фигуралардың теңшамалылығы және теңқұралғандығы;

  3. тіктөртбұрыштың, параллелограммның, үшбұрыштың және трапецияның аудандары.

  1. «Қайталау. Есептер шығару (7 сағат)».



4. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. 8-сынып геометрия курсын қайталау (4 сағат):

    1. төртбұрыш, дөңес төртбұрыштар;

    2. параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб, квадрат, трапеция және олардың қасиеттері мен белгілері;

    3. пропорционал кесінділер туралы теоремалар;

    4. үшбұрыштың тамаша нүктелері;

    5. Пифагор теоремасы;

    6. сүйір және доғал бұрыштардың тригонометриялық функциялары;

    7. жазықтықтағы координаталар әдісі;

    8. үшбұрыштың және кейбір төртбұрыштардың аудандары.

  1. Векторлар (16 сағат):

  1. вектор ұғымы;

  2. коллинеар векторлар;

  3. вектордың ұзындығы (модулі) және бағыты;

  4. векторлардың теңдігі, векторларды қосу және оның қасиеттері, векторларды азайту, векторды санға көбейту;

  5. векторлардың коллинеарлық критерийі;

  6. векторды санға көбейтудің қасиеттері;

  7. жазықтықтағы векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу;

  8. тікбұрышты координаталар жүйесіндегі векторлар, вектордың координаталары;

  9. векторлардың арасындағы бұрыш;

  10. вектордың координаталық осьтердегі проекциялары;

  11. векторлардың скалярлық көбейтіндісі;

  12. тікбұрышты координаталар жүйесінде түзудің берілуінің әртүрлі тәсілдері (екі нүктемен, нүкте және бұрыштық коэффициентімен берілген түзудің теңдеулері);

  13. есептерді шешуде векторларды қолдану.

  1. Жазықтықтағы түрлендірулер (10 сағат):

  1. жазықтықты түрлендіру, қозғалыс және оның қасиеттері;

  2. фигуралардың теңдігі және оның қасиеттері;

  3. жазықтықтағы қозғалыстар – осьтік және центрлік симметриялар, параллель көшіру, бұру;

  4. гомотетия, ұқсастық түрлендіру және оның қасиеттері;

  5. ұқсас фигуралар;

  6. үшбұрыштар ұқсастығының белгілері, тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығы.

  1. Көпбұрыштар (13 сағат):

  1. сынық сызық;

  2. дөңес көпбұрыштар, дөңес көпбұрыштың бұрыштарының қосындысы;

  3. шеңберге іштей сызылған бұрыштар және олардың қасиеттері;

  4. шеңбердің хордалары мен қиюшы кесінділерінің пропорционалдығы туралы теорема;

  5. шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар;

  6. дұрыс көпбұрыштар;

  7. іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын, қабырғаларды, периметрді және ауданды байланыстыратын формулалар;

  8. дұрыс көпбұрыштарды салу;

  9. бізді қоршаған әлемдегі көпбұрыштар.

  1. Үшбұрыштарды шешу (7 сағат):

  1. синустар және косинустар теоремалары;

  2. үшбұрыштарды шешу;

  3. геометриялық есептерді және практикалық мазмұнды есептерді шешуде тригонометрияны қолдану.

  1. Шеңбердің ұзындығы және дөңгелектің ауданы (6 сағат):

  1. шеңбердің ұзындығы, π саны;

  2. шеңбердің доғасының ұзындығы;

  3. бұрыштың радиандық өлшемі;

  4. дөңгелектің және оның бөліктерінің (сегменттің және сектордың) ауданы.

  1. Стереометрия элементтері (6 сағат):

  1. стереометрия аксиомалары және олардың қарапайым салдарлары;

  2. кеңістіктегі екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуы;

  3. түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш;

  4. түзулердің, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы;

  5. параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, олардың қырларының өзара орналасуы, биіктік;

  6. цилиндр, конус, шар және олардың кескіндері;

  7. бізді қоршаған әлемдегі кеңістіктік геометриялық фигуралар.

  1. «Қайталау. Есептер шығару (6 сағат)».



5. Оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар

  1. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелері бойынша бағаланады.

  2. Пәндік нәтижелер «білуі тиіс» және «меңгеруі тиіс» аспектілерімен көрсетілген.

  3. 7-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар білуі тиіс:

  1. геометрия нені оқытатынын;

  2. геометрия аксиомаларын;

  3. кесіндінің анықтамасын;

  4. сәуленің (жартытүзудің) анықтамасын;

  5. бұрыштың анықтамасын;

  6. кесінділердің теңдігінің анықтамасын;

  7. бұрыштардың теңдігінің анықтамасын;

  8. фигуралардың теңдігінің анықтамасын;

  9. бұрыштың биссектрисасының және кесіндінің ортасының анықтамаларын;

  10. кесінділерді және бұрыштарды салыстыруды;

  11. теореманы, теореманың шарты мен қорытындысын, теореманы дәлелдеуді, теоремалардың түрлерін;

  12. сыбайлас бұрыштардың анықтамасын;

  13. сыбайлас бұрыштардың қасиеттерін;

  14. вертикаль бұрыштардың анықтамасын;

  15. вертикаль бұрыштардың қасиеттерін;

  16. үшбұрыштың анықтамасын, үшбұрыштардың түрлерін;

  17. үшбұрыштың медианасының, биссектрисасының және биіктігінің анықтамаларын;

  18. үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы;

  19. үшбұрыштар теңдігінің белгілерін;

  20. теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін;

  21. перпендикуляр түзулердің анықтамасын;

  22. берілген түзуге перпендикуляр мен көлбеудің анықтамасын;

  23. перпендикуляр түзулердің қасиеттерін;

  24. тікбұрышты үшбұрыштың анықтамасын;

  25. тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін;

  26. үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатыстарды;

  27. үшбұрыштың теңсіздігін;

  28. сүйір бұрышы 30º және 45º болатын тікбұрышты үшбұрыштардың қасиеттерін;

  29. параллель түзулердің анықтамасын;

  30. параллельдік аксиомасын;

  31. екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған бұрыштардың анықтамаларын;

  32. түзулердің параллельдік белгілерін;

  33. параллель түзулердің қасиеттерін;

  34. үшбұрыш бұрыштарының қосындысы туралы теореманы;

  35. шеңбердің анықтамасын;

  36. радиустың, диаметрдің, доғаның және хорданың анықтамаларын;

  37. шеңберге жүргізілген жанаманың анықтамасын;

  38. диаметр мен хорданың перпендикулярлығы туралы теореманы және оған кері теореманы;

  39. шеңберді қиюшының анықтамасын;

  40. шеңберге одан тыс жатқан нүктеден жүргізілген жанамалардың қасиетін;

  41. центрлік бұрыш пен доғаның градустық өлшемінің анықтамасын;

  42. екі шеңбердің өзара орналасуын;

  43. үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің анықтамасын;

  44. үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің анықтамасын;

  45. нүктелердің геометриялық орны ұғымын;

  46. кесінділердің ұштарынан және бұрыштың қабырғаларынан бірдей қашықтықта жатқан нүктелердің жиынын;

  47. «геометриялық салу» ұғымының мәнін;

  48. салу есептерін шешу кезеңдерін;

  49. салудағы талдаудың мәнін;

  50. салу есептерін шешудегі дәлелдеуді және зерттеуді;

  51. сызбаларды орындаудың қарапайым ережелерін.

  1. 7-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар келесі біліктерді меңгеруі тиіс:

  1. сызу құралдарымен жұмыс істеу;

  2. фигуралардың белгілеулерін дұрыс оқи білу және жаза білу;

  3. геометриялық фигураларды кескіндеу;

  4. есептің шарты бойынша сызбаларды орындау;

  5. сызбалардан геометриялық фигураларды танып білу және олардың өзара орналасуын ажырата білу;

  6. қоршаған әлемдегі геометриялық фигураларды танып білу;

  7. фигуралардың оқып игерілген қасиеттеріне және олардың арасындағы қатынастарға сүйеніп және қосымша салуларды қолдана отырып, геометриялық есептерді шешу;

  8. суретте нүктелерді, кесінділерді және түзулерді белгілеу, кесінділерді және транспортирдің көмегімен бұрыштарды салыстыру, бұрыштың биссектрисасын жүргізу;

  9. нүктелердің, кесінділердің және түзулердің өзара орналасуын анықтау және сипаттау;

  10. суретте аталған фигураларды өзара орналасуы бойынша кескіндеу;

  11. кесінділерге амалдар орындау;

  12. сүйір, тік, доғал және жазыңқы бұрыштарды ажырата білу;

  13. сүйір, тік, доғал және жазыңқы бұрыштарды кескіндеу;

  14. суреттен вертикаль және сыбайлас бұрыштарды табу;

  15. берілген бұрышпен вертикаль немесе сыбайлас болатын бұрышты салу;

  16. вертикаль немесе сыбайлас бұрыштардың біреуінің белгілі градустық өлшемі бойынша екіншісінің градустық өлшемін табу;

  17. суреттен берілген үшбұрыштарды және олардың қабырғаларын, төбелері мен бұрыштарын табу;

  18. үшбұрыштарды кескіндеу және олардың периметрін табу;

  19. үшбұрыштың биссектрисасын, биіктігін және медианасын салу;

  20. сүйірбұрышты, тікбұрышты және доғалбұрышты үшбұрыштарды ажырата білу және оларды суреттерде кескіндеу;

  21. қабырғалары әртүрлі, теңбүйірлі және теңқабырғалы үшбұрыштарды ажырата білу және оларды суреттерде кескіндеу;

  22. есептерді шешуде теңбүйірлі және теңқабырғалы үшбұрыштардың қасиеттерін пайдалану;

  23. екі тең үшбұрыштардың сәйкес элементтерін табу;

  24. есептерді шешуде үшбұрыштар теңдігінің белгілерін пайдалану;

  25. берілген нүкте арқылы берілген түзуге перпендикуляр түзуді жүргізу;

  26. перпендикуляр түзулердің қасиеттерін қолдануға есептер шешу;

  27. ұзындығы берілген нүктеден берілген түзуге дейінгі қашықтыққа тең болатын кесіндіні анықтау;

  28. есептерді шешуде тікбұрышты үшбұрыштардың белгілерін қолдану;

  29. параллель екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған бұрыштардың теңдігін орнату;

  30. суреттен айқыш, сәйкес және тұстас бұрыштардың жұптарын көрсету;

  31. түзулердің параллельдігіне арналған есептерді шешу;

  32. үшбұрыштың екі бұрышының белгілі шамалары бойынша үшінші бұрышының шамасын табу;

  33. үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын табу;

  34. шеңберге жанама жүргізу;

  35. үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің центрлерінің, радиустарының және жанасу нүктелерінің орналасуын көрсету;

  36. есептерді шешуде жанаманың қасиеттерін пайдалану;

  37. суретте үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлерді кескіндеу;

  38. үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрін табу;

  39. үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрін табу;

  40. кесінділердің ұзындықтарын және бұрыштардың шамасын өлшеуге, сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қолдануға, салуға арналған есептерді шешу;

  41. сызу құралдарының көмегімен кесіндіні және бұрышты тең екі бөлікке бөлу;

  42. бұрыштың биссектрисасын салу;

  43. кесіндінің орта перпендикулярын жүргізу;

  44. берілген түзуге перпендикуляр түзуді салу;

  45. белгілі элементтері бойынша тікбұрышты үшбұрышты, үшбұрышты салу;

  46. кесіндіні берілген қатынаста бөлу;

  47. төртінші пропорционал кесіндіні салу.

  1. 8-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар білуі тиіс:

  1. төртбұрыштың, дөңес төртбұрыштың анықтамаларын;

  2. төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы;

  3. параллелограмның анықтамасын және оның элементтерін;

  4. параллелограмның қасиеттері мен белгілерін;

  5. тіктөртбұрыштың, ромбтың және квадраттың анықтамаларын, белгілерін және қасиеттерін;

  6. Фалес теоремасын;

  7. пропорционал кесінділер туралы теореманы;

  8. трапецияның, теңбүйірлі және тікбұрышты трапециялардың анықтамаларын және олардың элементтерін;

  9. үшбұрыштың орта сызығының анықтамасын және оның қасиеттерін;

  10. трапецияның орта сызығының анықтамасын және оның қасиеттерін;

  11. үшбұрыштың төрт тамаша нүктелерінің атауларын;

  12. үшбұрыштың медианаларының, биіктіктерінің, биссектрисаларының және қабырғаларына жүргізілген орта перпендикулярлардың қасиеттерін;

  13. тікбұрышты үшбұрыштағы сүйір бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің анықтамаларын;

  14. Пифагор теоремасын және оған кері теореманы;

  15. негізгі тригонометриялық тепе-теңдікті және кейбір басқадай тепе-теңдіктерді;

  16. 30º, 45º, 60º бұрыштардың тригонометриялық функцияларының мәндерін;

  17. тікбұрышты үшбұрыштарды шешудің негізгі әдістерін;

  18. кесінді ортасының координаталарының формуласын;

  19. тікбұрышты координаталар жүйесіндегі екі нүктенің арақашықтығының формуласын;

  20. түзу мен шеңбердің теңдеулерін;

  21. теңшамалы және теңқұралған фигуралардың анықтамаларын;

  22. аудандарды өлшеу аксиомаларын, аудандардың өлшем бірліктерін;

  23. тіктөртбұрыш, квадрат, үшбұрыш, параллелограмм және трапецияның аудандарын табу формулаларын.

  1. 8-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар келесі біліктерді меңгеруі тиіс:

  1. қоршаған әлемдегі заттарды суреттеуде геометриялық тілді пайдалану;

  2. талдау жүргізу, салыстыру, жалпылау, нақтылау, аналогияны қолдану, ой қорыта білу;

  3. сызу құралдарымен жұмыс істеу;

  4. есептің шарты бойынша сызбаларды орындау;

  5. қоршаған әлемдегі геометриялық фигураларды танып білу;

  6. геометриялық шамалардың (ұзындықтар, бұрыштар, аудандар) мәндерін есептеу;

  7. 0-ден 90-қа дейінгі бұрыштардағы тригонометриялық функциялардың мәндерін анықтау, белгілі бір мәні бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табу;

  8. үшбұрыштардың, төртбұрыштардың қабырғаларын, бұрыштарын және аудандарын табу;

  9. фигуралардың оқып игерілген қасиеттеріне және олардың арасындағы қатынастарға сүйеніп, қосымша салуларды, алгебралық және тригонометриялық аппаратты қолдана отырып, геометриялық есептерді шешу;

  10. параллелограмды, тіктөртбұрышты, квадратты, ромбты және трапецияны сипаттауды және ажырата білу;

  11. суреттен төртбұрыштарды және олардың қабырғаларын, төбелері мен бұрыштарын табу;

  12. суретте төртбұрышты, оның диагональдары мен биіктіктерін кескіндеу;

  13. параллелограмның элементтерінің арасындағы қатыстарды бейнелейтін есептерді шешу;

  14. циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні тең n бөлікке бөлу;

  15. пропорционал кесінділерді салу;

  16. берілген екі кесіндінің қатынасындай етіп кесіндіні қатынасқа бөлу;

  17. трапецияның белгісіз элементтерін табуға арналған есептерді шешу;

  18. үшбұрыш пен трапецияның орта сызықтарының қасиеттерін қолдануға арналған есептерді шешу;

  19. үшбұрыштың тамаша нүктелерін пайдаланып есептерді шешу;

  20. сүйір бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің мәндерін табуға арналған есептерді шешу;

  21. тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін сүйір бұрыштың тригонометриялық функцияларын қолдану;

  22. тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларын табу үшін Пифагор теоремасын қолдану;

  23. қабырғалары бойынша үшбұрыштың тікбұрышты болатынын тексеру;

  24. геометриялық есептерді шешуде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану;

  25. sinα, cosα, tgα және ctgα мәндерінің біреуінің белгілі мәні бойынша қалғандарының мәндерін табу;

  26. үшбұрыш элементтерінің жуық сандық мәндерін табуға арналған есептерді шешу;

  27. синус, косинус, тангенс және котангенстің белгілі мәндері бойынша бұрышты салу;

  28. кесінді ортасының координаталарын оның ұштарының координаталары бойынша табу;

  29. нүктелердің арақашықтығын (кесіндінің ұзындығын) осы нүктелердің координаталары бойынша табу;

  30. тікбұрышты координаталар жүйесіндегі екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын пайдаланып есептер шешу;

  31. центрінің координаталары мен радиусы бойынша шеңбердің теңдеуін жазу;

  32. берілген теңдеуі бойынша шеңбердің центрінің координаталары мен радиусын табу;

  33. екі нүкте арқылы өтетін немесе координаталық осьтердің біреуіне параллель болатын түзудің теңдеуін табу;

  34. түзулердің, түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің қиылысу нүктесін табу;

  35. берілген элементтері бойынша квадраттың, тіктөртбұрыштың, параллелограммның, үшбұрыштың және трапецияның аудандарын есептеу;

  36. тіктөртбұрыштың, квадраттың, үшбұрыштың, параллелограммның және трапецияның аудандарын табу формулаларын қолдану.

  1. 9-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар білуі тиіс:

  1. бағытталған кесіндінің және вектордың анықтамасын;

  2. вектордың ұзындығының, нөлдік вектордың анықтамасын;

  3. бірдей және қарама-қарсы бағытталған векторларды, бағытталған кесінділердің және векторлардың теңдігін;

  4. нүктеден векторды салу туралы теореманы;

  5. векторларды қосу мен азайту амалдарының анықтамаларын;

  6. екі векторды қосудың үшбұрыш және параллелограмм ережелерін;

  7. үшбұрыш, параллелограмм және көпбұрыш ережелерін қолдану аймағын;

  8. векторлардың айырымын салудың әртүрлі тәсілдерін;

  9. векторларды қосу амалының қасиеттерін;

  10. векторды санға көбейтудің анықтамасын;

  11. векторлардың коллинеарлық критерийін;

  12. векторды санға көбейтудің қасиеттерін;

  13. векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу туралы теореманы;

  14. вектордың координаталарының анықтамасын;

  15. вектордың координаталарын оның ұштарының координаталары бойынша табу ережесін;

  16. координаталары берілген векторлардың теңдігін;

  17. координаталары берілген векторларға амалдар қолдану туралы теореманы;

  18. коллинеар векторлардың координаталары арасындағы байланысты;

  19. вектордың ұзындығын есептеу формуласын;

  20. екі вектордың арасындағы бұрыштың анықтамасын;

  21. вектордың координаталарын оның ұзындығы және осы вектормен Ох осі арасындағы бұрышы арқылы өрнектелуін;

  22. векторлардың скалярлық көбейтіндісінің анықтамасын және қасиеттерін;

  23. координаталары берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісін;

  24. векторлардың арасындағы бұрыштың косинусының формуласын;

  25. векторлардың перпендикулярлық шартын;

  26. тікбұрышты координаталар жүйесінде түзудің әртүрлі берілу тәсілдерін;

  27. түзудің бұрыштық коэффициентінің анықтамасын;

  28. түзудің бұрыштық коэффициентінің геометриялық мағынасын;

  29. түзулердің параллельдік және перпендикулярлық шарттарын;

  30. екі нүктемен, нүкте және бұрыштық коэффициентімен берілген түзудің теңдеулерін;

  31. жазықтықтағы қозғалыстың және оның дербес түрлерінің параллель (көшіру, осьтік және центрлік симметриялар, бұру) анықтамаларын;

  32. фигуралардың теңдігі туралы теореманың тұжырымдамасын;

  33. гомотетияның анықтамасын және оның қасиеттерін;

  34. ұқсастық түрлендірудің және ұқсас фигуралардың анықтамасын;

  35. ұқсас фигуралардың қасиеттерін;

  36. ұқсастық түрлендірудің қасиеттерінің тұжырымдамасын;

  37. үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін;

  38. ұқсас фигуралардың аудандарының арасындағы байланысты;

  39. дөңес көпбұрыштың анықтамасын;

  40. дөңес n-бұрыштың бұрыштарының қосындысы туралы теореманы;

  41. іштей сызылған бұрыштың өлшемі туралы теореманы;

  42. шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттерін және белгілерін;

  43. дұрыс көпбұрыштың анықтамасын;

  44. дұрыс көпбұрыштардың қасиеттерін;

  45. дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің бар болуы туралы теореманы;

  46. іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын дұрыс көпбұрыштың қабырғасы арқылы өрнектейтін формулаларды;

  47. дұрыс көпбұрыштың ауданын оның периметрі мен оған іштей сызылған шеңбердің радиусы арқылы өрнектейтін формуланы;

  48. дұрыс көпбұрыштың ауданын оған сырттай сызылған шеңбердің радиусы арқылы өрнектейтін формуланы;

  49. кейбір дұрыс көпбұрыштарды салуды;

  50. косинустар теоремасын;

  51. синустар теоремасын;

  52. үшбұрыштың бұрыштарының косинустарын оның қабырғалары арқылы өрнектейтін формуланы;

  53. бұрыштың (доғаның) градустық және радиандық өлшемдерінің арасындағы байланысты;

  54. доға ұзындығының оның градустық және радиандық өлшемдері арқылы өрнектелуін;

  55. π санының үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен алынған жуық мәнін;

  56. шеңбердің ұзындығын оның радиусы және диаметрі арқылы өрнектейтін формулаларды;

  57. доға ұзындығының формуласын;

  58. бұрыштың градустық өлшемін радианға көшіру ережесін;

  59. бұрыштың радиандық өлшемін градусқа көшіру ережесін;

  60. дөңгелектің және сектордың аудандарының формулаларын;

  61. сегменттің ауданын есептеу ережесін;

  62. стереометрия аксиомаларын және олардың қарапайым салдарларын;

  63. түзулердің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуының түрлерін;

  64. кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін;

  65. параллель жазықтықтардың анықтамасын;

  66. түзу мен жазықтықтың параллельдігінің анықтамасын;

  67. түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыштың анықтамасын;

  68. түзулердің, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының анықтамасын.

  1. 9-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар келесі біліктерді меңгеруі тиіс:

  1. қоршаған әлемдегі заттарды суреттеуде геометриялық тілді пайдалану;

  2. талдау жүргізу, салыстыру, жалпылау, нақтылау, аналогияны қолдану, ой қорыта білу;

  3. сызу құралдарымен жұмыс істеу;

  4. жазық және кеңістіктік геометриялық фигураларды кескіндеу;

  5. есептің шарты бойынша сызбаларды орындау;

  6. фигураларды түрлендіру;

  7. сызбалардан геометриялық фигураларды танып білу, олардың өзара орналасуын ажырата білу;

  8. қоршаған әлемдегі геометриялық фигураларды танып білу;

  9. дөңес және дөңес емес көпбұрыштарды ажырата білу;

  10. векторларға амалдар қолдану, вектордың ұзындығын және координаталарын, векторлардың арасындағы бұрышты есептеу;

  11. геометриялық шамалардың (ұзындықтар, бұрыштар, аудандар) мәндерін есептеу;

  12. фигуралардың оқып игерілген қасиеттеріне және олардың арасындағы қатынастарға сүйеніп және қосымша салуларды, алгебралық және тригонометриялық аппаратты, симметрия түсінігін қолдана отырып, геометриялық есептерді шешу;

  13. жазық және кеңістіктік фигураларды ажырата білу;

  14. векторларды суретте кескіндеу және белгілеу немесе жазылудан вектордың басы мен ұшын ажырата білу;

  15. жазықтықтағы екі және бірнеше векторлардың қосындысын табу;

  16. суретте екі вектордың қосындысы мен айырымын геометриялық түрде кескіндей білу;

  17. векторлардың қосындысын табу үшін үшбұрыш, параллелограм және көпбұрыштар ережелерін қолдану;

  18. вектордың санға көбейтіндісін табу;

  19. коллинеар векторларды ажырата білу;

  20. векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу;

  21. векторлардың жіктелуін суретте кескіндеу;

  22. векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеуге арналған есептерді шешу;

  23. вектордың координаталарын оның басы мен ұшының координаталары бойынша табу;

  24. бірнеше векторлардың қосындысының (айырымының) және вектордың санға көбейтіндісінің координаталарын табу;

  25. есептерді шешуде координаталары берілген векторлардың теңдігі мен коллинеарлық шарттарын пайдалану;

  26. координаталары бойынша вектордың ұзындығын табу;

  27. векторлардың скалярлық көбейтіндісін табу;

  28. координаталары берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісін табу;

  29. векторлардың арасындағы бұрыштың косинусын табу;

  30. есептеуге және дәлелдеуге арналған есептерді шешуде векторлардың скалярлық көбейтіндісін пайдалану;

  31. екі нүктемен, нүкте және бұрыштық коэффициентімен берілген түзудің теңдеулерін табу;

  32. түзудің бұрыштық коэффициентін табу;

  33. геометриялық есептерді шешуде түзулердің параллельдік және перпендикулярлық шарттарын пайдалану;

  34. осьтік және центрлік симметриялар, параллель көшіру, бұру кезіндегі фигуралардың бейнелерін салу;

  35. гомотетия кезіндегі әртүрлі фигуралардың бейнелерін салу;

  36. ұқсас үшбұрыштардың сәйкес элементтерін табу;

  37. үшбұрыштардың ұқсастық коэффициентін табу;

  38. есептерді шешуде үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін пайдалану;

  39. ұқсас фигуралардың аудандарының арасындағы қатынасты қолдану;

  40. дұрыс көпбұрыштың төбесіндегі бұрыштарды табу;

  41. дөңес n-бұрыштың бұрыштарының қосындысын және дұрыс n-бұрыштың бұрыштарын, бұрыштарының қосындысы бойынша дұрыс көпбұрыштың қабырғаларының санын табу;

  42. центрлік және іштей сызылған бұрыштарды суретте кескіндей және таба білу;

  43. есептерді шешуде центрлік және іштей сызылған бұрыштардың қасиеттерін қолдану;

  44. дұрыс көпбұрыштың қабырғасын және ауданын оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары арқылы өрнектеу;

  45. үшбұрыштың элементтерін табу үшін синустар және косинустар теоремаларын қолдану;

  46. геометриялық есептерді шешуде тригонометрияны қолдану;

  47. шеңбердің ұзындығын және доғаның ұзындығын табу;

  48. доғаның және бұрыштың градустық өлшемін радианға және керісінше көшіруді орындау;

  49. дөңгелектің ауданын радиусы және диаметрі бойынша табу;

  50. центрлік бұрышы градуспен немесе радианмен өлшенген сектордың ауданын, сегменттің ауданын табу;

  51. негізгі кеңістіктік фигураларды кескіндеу;

  52. түзулердің және жазықтықтардың өзара орналасуын сызбаларда көрнекі түрде бейнелеу;

  53. призманың, пирмиданың, цилиндрдің, конустың, шардың кескіндерін салу.

  1. Тұлғалық нәтижелер:

  1. мемлекеттік тілді және өз ана тілін білуі, қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауы тиіс;

  2. адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуы, этикалық нормаларды сақтай білуі тиіс;

  3. өздігінен білім алу, өзін-өзі дамыту және өз мүмкіндігін жүзеге асыру қабілеттілігі болуы тиіс;

  4. оқу және танып білу ынтасының қалыптасуы тиіс;

  5. математикалық оқу қызметінің үдерісіне және нәтижесіне бақылау жасай білуі тиіс;

  6. білім беру, қоғамдық пайдалы, оқу-зерттеушілік, шығармашылық және басқа да қызмет түрлерінде құрдастарымен, үлкен және кіші жастағылармен қарым-қатынас жасау мен ынтымақтастықта болуда коммуникативтік дағдыларды меңгеруі тиіс.

  1. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:

  1. индукциялық және дедукциялық ойлау тәсілдерін қолдануы, геометриялық есептерді шешудің әртүрлі жолдарын көре білуі тиіс;

  2. геометриялық шамаларды табуға байланысты (қажеттілігіне қарай анықтамалықтарды және техникалық құралдарды пайдаланып) практикалық есептерді құрастыра және шығара білуі тиіс;

  3. жазық геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылыми ақпараттарды жинақтай, талдай, өңдей және пайдалана білуі тиіс;

  4. компьютерлік программалардың көмегімен жазық және кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін зерттеуде тәжірибе жинақтауы тиіс.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет