Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет4/88
Дата20.12.2023
өлшемі3,49 Mb.
#197849
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
Байланысты:
Nishanbayeva disser
УМК девиантология лекция, b231 3, annotation50170
Құндылық қатынас
объектісінің екі типі анықталған: ахуалды 
құндылықтар жүйесі және шынайы құндылықтар жүйесі. 
Рухани-адамгершілік құндылық –
белгілі бір бағыттағы мақсатты, 
жүйелі, ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адалдық тәртіп пен рухани 
дағдыны қалыптастыратын жүйе.
 
Отбасылық құндылықтар – 
бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың 
отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі.
Отбасы-адамгершілік құндылықтар -
қабылданған нормалар мен 
ережелер, тұлғаның құқықтары мен міндеттері, дүниетанымы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР - Қазақстан Республикасы
ЖОО – жоғары оқу орны
ПЖОО – педагогикалық жоғары оқу орындары 
БТ – бақылау тобы 
ЭТ – эксперименттік топ 
АН-азаматтық неке 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің өзектілігі.
Қазақстандық қоғамның бірлігі әртүрлі сатыдағы 
ұрпақтар үшін ортақ болып саналатын дәстүр мен рухани-адамгершілік 
құндылықтар арқылы анықталады. Мұндағы білім беру қоғам дамуының негізгі 
көрсеткіштерінің бірі болмақ. ЖОО білім беру үдерісі әрқашанда субъект 
ретінде кәсіби іс-әрекетке даярлап, қоғам прогресіне белсенділік таныта 
отырып, жетекші болатын рухани толысқан тұлға дамуына бағдарланады. 
Бүгінгі таңда жастар санасына ұлттық құндылықтарды сіңіруде, олардың 
құндылық бағдарларын дұрыс қалыптастыруда отбасының алатын орны ерекше 
екені анық. Себебі, отбасы адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат 
ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға 
болмайды, ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра 
алмайды. Отбасының қоғамдағы әлеуметтік-тарихи тәжірибені жинақтау әрі 
тарату қызметінің ерекшелігіне байланысты. 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 
жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция 
жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Біз жаңа 
заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи 
өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек»
 
деп көрсетеді. 
Елбасымыздың бұл ойлары жас ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың тәжірибесі, 
отбасы, халық, ұлт педагогикасының субъектілері үшін бағдарламалық идея 
болмақ [1].
«
Қазақстан 2020: болашаққа жол» атты Қазақстан Республикасы 
мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында: 
«
Қазақстанда отбасы әрқашан әлеуметтің аса маңызды құраушы элементі 
ретінде қарастырылып келеді. Ол қоғам болмысының, мемлекеттің негізі, 
адалдық, адамгершілік және рухани үйлесім жүйесіндегі маңызды буын болып 
табылады»; «...Өзі және өз жақындары үшін әлеуметтік жауапкершілік сезімін 
қалыптастыру отбасындағы тәрбиеден бастау ала отырып, жастар саясаты 
мәселелерінде негіз болуы қажет. Өмірдің құндылығы, қауіпсіздігі және оны 
жалғастыру 
отбасымен 
тікелей 
байланысты» 

делінген. 
Мұндай 
тұжырымдамалық идеялар жастар саясатына, оның ішінде статистикалық 
көрсеткішімен басым келетін студент жастарға әлеуметтік міндет ретінде 
ұсынылып отырғанының өзі отбасындағы жеке тұлғаның қоғаммен өзара 
әрекеттестігінің негізгі құралы екендігінің кепілі болады [2]. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында тәрбиелеу білім беру 
жүйесінде жүзеге асырылатын, жалпы адамгершілік құндылықтары негізінде 
білім алушылардың рухын дамыту үшін жағдай жасауға, олардың өмірлік өзін-
өзі билеуіне, азаматтық және кәсіптік тұрғыдан құндылықтарының 
қалыптасуына көмек көрсетуге, жеке адамның өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай 
жасауға бағдарланған нысаналы қызмет ретінде қарастырылады [3]. Мұндағы 
қызметтер өз кезегінде білім алушыларды азаматтыққа, адамгершілік 
құндылықтарға бай етіп қалыптастыруды қоғам алдында міндеттеп отыр.


Айтылған тұжырымды ойлар қоғамдық және отбасылық тұрғыдан нақты 
қадамдар жасаудың, соған сай iс-шараларды қарастырудың қажеттілігін 
көрсетіп, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және 
гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын 
(бірінші кезең 2017-2019 жылдар) бекіту туралы Қазақстан Республикасы 
Тұңғыш Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №384 Жарлығын іске 
асыру мақсатындағы қаулысында: «Отбасы институтын нығайтуға, отбасылық 
құндылықтарды ілгерілетуге, репродуктивті денсаулықты нығайтуға, сондай-
ақ, гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске 
асыру» бағытын ұйымдастыру педагогикалық жоғары оқу орындары 
студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселесінің 
өзектілігін айқындай түседі [4].
Бұл құжаттардағы айтылғандардың барлығы қазіргі студент жастарды 
отбасылық өмірге даярлау, неке-отбасылық, бала-ата-аналық қатынастар 
мәселелерінде педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қолдау жұмыстарын 
ұйымдастырудың қажеттілігін дәлелдейді. 
Жоғары білім берудің жаңа парадигмасы нәтижесі білім алушылардың 
құндылықтар жүйесін қайта қарауға әкелетін білімге бағытталып отыр. Өйткені 
білімнің өзінің құндылықтар жүйесі – субъектілердің өзін-өзі өзгертіп, өзін-өзі 
дамытуында мақсаттарға жетіп, нарықтың бәсекелестік заңдарына шыдай 
отырып, табысты өмір сүруге дайындау болып табылады.
Біздің ойымызша, табысты өмір сүрудің бірі – отбасылық өмір. Отбасы 
құндылығы әлеуметтік өмірдің ірі ауқымдағы құрылымы. Сондай-ақ, ол 
материалдық және рухани тұрғыдағы қатынастарға негізделеді. Осы тұрғыдан 
алғанда, студенттердің отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру 
мәселесі ЖОО-дары іс-әрекетінің маңызды бағыттарының бірі болады. 
Ғылыми әдебиеттер талдауы көрсеткендей, отбасы - адамгершілік 
құндылықтар феномені барлық құбылыстар секілді адамзат қоғамында пайда 
болған және оның даму кезеңдерінде ғалымдарды толғандырған маңызды
 
мәселелердің бірі.
Тарихқа көз жіберсек, отбасы, құндылық және отбасылық рухани -
адамгершілік құндылықтар жөніндегі идеялардың сонау ежелгі философтар 
Конфуций [5], Сократ [6], Платон [7], Аристотель [8] еңбектерінен бастау алып, 
орта ғасыр ойшылдары Әл-Фараби [9], Ж. Баласағұни [10] және одан кейінгі 
ғұламалардың еңбектерінде жалғасын тапқанын көреміз. Сондай-ақ, 
Ш.Уалиханов [11], А.Құнанбаев [12], М.Жұмабаев [13], Ж.Аймауытов [14] 
сынды ағартушылар еңбектерінің педагогикалық жоғары оқу орындары 
студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда алатын 
орны ерекше. Отбасындағы және білім жүйесіндегі тәрбие беру жұмыстарын 
нәтижеге қарай бағыттауда бірнеше ғылым салалары бойынша ғалымдардың 
еңбектері кездеседі. 
Зерттелініп отырған көпжақты мәселеге алыс және жақын шетелдік, 
отандық педагог, психолог, философ, мәдениеттанушы, әлеуметтанушы 
ғалымдар арнайы назар аударған.


Осыған орай ғылыми әдебиеттерге жүргізілген талдау отбасы, құндылық, 
отбасы-адамгершілік құндылықтары мәселелерін әртүрлі аспектіде бірнеше 
бағыттарда қарастырылғанын көрсетеді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет