Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


«  Мен Пайғамбарымыздың  (с.а.с.) көкірегіндегі жарылған жердің ізін көретінмін



Pdf көрінісі
бет14/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
« 
Мен Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) көкірегіндегі жарылған жердің ізін көретінмін
 
», – дейді» (Мүслим, 
1/101) 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) миғражға көтерілер кезінде орын 
алған оқиғасы:
Әбу Зәрр жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.) былай дейді: 
«Меккеде болғанымда маған Жәбірейіл келді де көкірегімді жарып, оны 
зәмзәм суымен тазалады. Сосын алтын ыдысты алып келді. Ішінде 
хикмет пен иман толы еді. Оны көкірегіме жарып құйып бо- сатты да, 


қайта жауып қойды. Сосын қолымнан ұстап аспанға көтеріп алып 
кетті»
(Бұхари, Мүслим)
Кеудесінің ашылуы, жүрегінің жуылуы сынды таң қаларлық нәрселерді 
заттай болды деп айтылса, сол айтылған күйінде қабылдау керек, өйткені 
барша әлемді жоқтан бар еткен Аллаһ тағала мұны да істей алады. Қалайша 
Ибраһим пайғамбардың әйелі қартайған шағында (90 жасында) Аллаһтың 
қалауымен перзентті болды, Иса пайғамбар әкесіз туылды, Адам (а.с.) 
топырақтан жаратылды, Хауа анамыз оның қабырғасынан жаратылды, сол 
секілді Аллаһтың қалауымен періштелер Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
көкірегін жарып, жүрегін хикмет пен иманға толтырды.
Негізінде, адамның жүрегі алынса, бір сәт болса да адам өмірімен 
қоштасады, ал Пайғамбарымызда (с.а.с.) ешқандай ауыру да, зиян да 
болмаған. Әрі жүрегін еш емдеусіз, құрал-жабдықсыз қайта орнына қойған. 
Артынша өзіне еш нәрсе болмағандай үйіне жүгіріп барып болған жағдайды 
баяндап берген. Аллаһтың бұл ісінен мынадай хикметтер көре аламыз:
1) Иман, даналық, мейірімділік секілді түрлі сезімдер мен рухани азық 
тікелей жүрекке байланысты, сондықтан жүректің сумен тазаруы, сыртқы 
тазалықты білдірсе, оның иманмен, хикметпен толтырылуы рухани азықтың 
маңыздылығын білдіреді. 
2) Дінімізде сыртқы тазалық пен ішкі жан- дүниеміздің тазалығы да өте 
маңызды, сондықтан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көкірегін періштелердің 
жарып, зәмзәм суымен тазалауы, оның жүрегінің тазалығын білдіреді.
3) Еш ауыртпастан, қан төкпестен көкірегінен жүрегін алып, тазалап 
қайта қоюы оның (с.а.с.) Аллаһ тарабынан жіберілген пайғамбар екендігіне 
дәлелі.
4) Періштелер оның көкірегінен бір нәрсені сөгіп алған. Бұл нәпсіге 
тиісті нәрсе болуы мүмкін. Бұдан былай оны шайтан азғыра алмайды, 
сондықтан Пайғамбарымыз жастайынан түрлі жамандықтан алыс болған.
5) Алайда оның көкірегін жарып, жүрегінің түбіндегі жаманшылық 
безін алып тастады деп түсінбеуіміз керек. Егер адамның жаман болуы 
жүрегіндегі жаманшылық безіне байланысты болса, адамдарды жүрегін 
ауыстыру арқылы немесе ота жасау арқылы жақсы адамға айналдыруға болар 
еді, сондықтан бұл оқиғадағы хикмет Мұхаммедтің (с.а.с.) қарапайым адам 
емес екендігін, уахиға дайындау үшін, күнәдан пәк екендігін білдіру үшін 
көрсетілген.
6) Жүрегін жару арқылы оған Аллаһтан басқа ешкімнен қорқықпайтын 
батылдық берді, өйткені көз алдында дәрі-дәрмексіз көкірегін жарып, 
жүрегін алып қайта салуы адамға қорқыныш әкеледі.
7) Оның салмағының ауырлығы, барша үмбетінің қамын ойлаудың 
салмағы, оның Аллаһ алдындағы міндетінің ауырлығын білдіреді. Ақиретте 
оның таразысы ауыр басатынын білдіреді.
8) Мұхаммедтің (с.а.с.) пайғамбарлығы ақиретке дейін жалғасады
барша адамзаттың түріне, түсіне, ұлтына қарамай оларға үлгі болады, 
сондықтаносыншалық маңызды міндетке лайық толассыз иман мен даналық 
жүрегіне салынды.


9) Аллаһ расулы шайтаннан қорғалып, уахи алуға дайындалған. Барлық 
адамның жүрегінен табылатын «шайтанның үлесі» алынып, миғраж түнінде 
Аллаһ тағаланың құзырына көтерілген.
10) Жаратушымыздың сөзі – уахиды ешбір жаратылыс көтере алмайды. 
Мұхаммед пайғамбарымыздан бұрын пайғамбарлар келді. Мұса мен Иса 
пайғамбарға Таурат пен Інжіл бөлек-бөлек емес бірден түсті. Ал Аллаһ 
елшісіне (с.а.с.) Құран кәрім 23 жыл бойы бөлек-бөлек түсіп отырды. 
Уахидің ауырлығы сонша – жаны шығып кете жаздап, терлеп кететін. Тіпті 
түйенің үстінде отырғанда уахи келсе, түйе уахидің ауырлығына шыдай 
алмай шөгіп қалатын. Мұндай ауыртпалықты қарапайым адам көтере 
алмайды, тек жүрегі хикмет нұрымен толтырылған Аллаһтың елшісі (с.а.с.) 
ғана көтерген.
11) Миғражғашыққандакөкірегінжарып,Аллаһтың құзырына баруға 
дайындады. Жаратылыстардың ешбірі, тіпті періште де Аллаһтың құзырына 
көтерілген емес. Тек қана Аллаһ елшісі (с.а.с.) әлемнің шегінен асып, 
періштелер де өте алмайтын өтпелден өтіп, Жаратушымыздың құзырына 
барды. Демек, мұндай жерге бару үшін көкірегін жарып, бір өзгеріс жасауы 
да орынды болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   123




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет