Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы



Pdf көрінісі
бет11/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
10. Бауырлары болған ба? 
 
Емшектес бауырларынан басқа өзінің туған бауырлары болмаған
өйткені Пайғамбарымыздан кейін анасы Әмина құрсақ көтермеген. 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүт анасының аты – Халима. Халиманың 
күйеуі – Харис ибн Абдулузза. Ол Меккеге келіп мұсылмандықты 


қабылдаған. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) емшектес бауырлары төртеу 
болатын. Абдулла мен Хұзайфа және Әниса мен Шәйма. Абдулла мен 
Шәйманың мұсылман болғаны тарихтан белгілі, ал қалған екеуі туралы 
мәлімет жоқ. Сонымен қатар, Хамза (р.а.) да Пайғамбарымызбен емшектес 
бауыр болып келеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) туылған кезде Әбу Ләһәб 
қуаныштан оның сүйіншісін айтып келген Суәйба атты күңді азат еткен 
болатын. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бір апталық кезінде осы Суәйба емізген 
болатын. Ол Пайғамбарымызды (с.а.с.) емізбей тұрып Абдулмутталибтің 
баласы Хамзаны да емізген. Осы тұрғыдан Хамза мен Аллаһ елшісі (с.а.с.) 
емшектес бауыр болып саналады. Тіпті кейбір риуаяттарда Хамзаны Халима 
да емізгендігі айтылады. Олай болса, Хамза Пайғамбарымызбен (с.а.с.) екі 
ана жағынан емшектес бауыр болып келеді(Бұхари, Сахих 2/935. Бұхари, 
Сахих 5/1961) .
11. Қандай кәсіппен айналысқан? 
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) айтуынша, кісінің өз еңбегімен тапқаны адал. 
Ешбір пайғамбар басқаның қолына қарап масыл болмаған. Күллі 
пайғамбарлар түрлі кәсіппен айналысып қана қоймай, сол істі бірінші болып 
бастап, онысын елдің игілігіне ұсынған. Мысалы, хазірет Ыдырыс (а.с.) 
тігіншіліктің, хазірет Нұх (а.с.) кеме жасаудың шебері. Хазірет Дәуіт (а.с.) ел 
арасында темірден түйін түйген ұсталығымен танылып күнін көрсе, хазірет 
Зәкария (а.с.) ағаштан ою ойған хас шебер болған деседі. Сол секілді Аллаһ 
елшісі (с.а.с.) бала кезінде қой бақты, ер жеткенде сауда жасады. Бір 
хадисінде: «Мен Мекке халқының қойын бақтым», – дейді.
Қой бағуының басты себептерінің бірі де Аллаһ тағала болашақ 
Пайғамбарымызды уақытын босқа өткізуден және кейбір жастардың ойын-
сауықтарынан сақтаған. Бұған дәлел Пайғамбарымыздың (с.а.с.) басынан 
өткен мына оқиға: Аллаһ елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Мен қараңғылық 
заманында сол кезге тән екі іске құмарттым, бірақ Аллаһ тағала оны маған 
істетпей, аман сақтады. Бұдан басқа кейін пайғамбарлық келгенге дейін 
ешбір жаманшылыққа бет бұрған емеспін. Менің істегім келген істің екеуі 
мынау: Бір құрайыш жігітімен бірге Меккенің шет жағында қой (түйе) 
бағатынбыз.Түнде де кезектесіп малға қарауды әдетке айналдырған едік.
Бір күні кешке жанымдағы жолдасыма: «Мен бүгін қалаға барып, 
жастардың түнгі ертегі мәжілістеріне қатысқым кеп тұрғаны», – деп малды 
тапсырып, Меккеге келдім. Қалаға кіре берісте-ақ бір жерде ән айтып
музыка ойналып жатқанын естідім. Сол күні қалада үйлену тойы өтуде екен. 
Ыңғайлы жерге отырып алып, тойды қызықтамақ болдым. Сол-ақ екен екі 
құлағым тарс бітеліп, ұйықтап кетіппін. Таңертең күн шақшиып түскенде 
ғана оянып, есімді жидым. Қойшы жолдасым қайтып келгенімде менен не 
көргенімді сұрады. Мен басымнан өткен жайды баяндап бердім. Ол да аң-
таң.
Тағы бірде дәл осылай той қызықтамақ болғанымда қайтадан 
алғашқыдағыдай түк сезбей ұйықтап қалыппын. Осыдан кейін надандық 


дәуірдегі думандарға қатыспақ түгіл, жолауға зауқым соқпады» (Сүһәйли, 
Раудул-унф, 1\81) . Аллаһ тағала осылайша Пайғамбарымызды (с.а.с.) 
жаманшылықтан қорғаған.
Үмбетіне еңбек етіп, адал аспен азықтануда үлгі болды. Аллаһ тағала 
Пайғамбарымызды (с.а.с.) қой бағып бейнеттендірмей, рақат өмір сүргізсе де 
болар еді. Алайда Аллаһтың хикметі өзінің жіберген елшісін (с.а.с.) 
жастайынан бейнеттендіріп, адал еңбектің және халқына, еліне қызмет 
етудің, өзінің туыстарына жәрдем берудің өте маңызды іс екендігін көрсетті. 
Ал жатып ішер жалқаулық пен біреуге масыл болудың дінімізде жағымсыз іс 
екендігін білдірген.
Бұл тұста Аллаһтың хикметі дінді жаюшы, насихатшының біреуге 
тәуелді болмау керектігін білдірді. Күнделікті күн көрісін өзі тауып, біреудің 
дүние- мүлкіне көз сүзбей, Аллаһтың дінін түсіндіргенде ғана бұл істе 
табысты болатындығын білдірді. Дін үшін алу мен жеке қажеттілігі үшін 
еңбек етудің артықшылығын ұқтырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   123




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет