Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер



бет15/15
Дата09.06.2020
өлшемі37,38 Kb.
#63266
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
«Қол белгісі»

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту

Сипаттамасы: Мұғалім оқушылардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды. «Мен түсініп отырмын  және түсіндіре аламын» дегендер қолдын бас бармағын жоғары бағыттайды. «Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдын бас бармағын жанына қарай жантайтады. «Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды.

Осы белгілерге сүйеніп, мұғалім сабақтың қай деңгейде өткенін біле алады.



«Бағдаршам»

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту

Сипаттамасы: Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Мұғалім олардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес  карточкаларды көтеруін сұрайды. Жасыл карточка көтерген оқушылар  барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша қойылады. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі.

Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.

Бұл жаңартылған  білім бағдарламасы  оқушы үшін де , мұғалім үшін де  тиімді бағдарлама. Мысалы: Брунер оқытудағы  маңызды  тәжірибені дамыту  бойынша бірнеше  өте маңызды  кеңестер ұсынды. Брунер  теориясының  ажырамас  бөлігі «Жаңалық ашу» және «Егер оқушыға  бөліктерді  бір жерге жинауға  және  өзін  ашушы  болуға  рұқсат етілсе, алынатын нәтижелер  шынайы» деген ұғымдар болды. (1962) Оқытудың мұндай типінің артықшылығына  төрт  аспектінің  арасында;  біріншіден,  зияткерлік  мүмкіндіктердің  өсуі арқылы; екіншіден,  сыртқы марапаттаудан  ішкі  марапаттауға  өту арқылы;  үшіншіден,  жаңалық ашу арқылы  және  соңғысы,  жадыны  дамыту  үшін  осындай оқытудың тиімділігі  арқылы қол жеткізіледі.

Осы кезде оқушы  оқу үдерісіне  белсенді  қатысқанда  ғана    материалды  терең меңгереді. Басқаша  айтсақ, оқушыға  бағдарланған оқыту ортасында мұғалім  оқушылардың  сыныпқа  келген    кездегі  бастапқы  сенімдерін, білімін және  өзіндік  ойын негізге ала отырып, өз  пайымдарын  жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі  оқушы мен оқу  материалын  жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда  осы үдерісті  үйлестіретін  мұғалімдер  көпірдің  екі жағын да  қадағалай  білуі тиіс.  Мұғалімдер  оқушылардың  не білетінін  және нені  жасай  алатынын, сондай-ақ  олардың қызығушылықтарын, әр оқушының  нені жақсы көретінін  және  не істегісі келетінін түсінуге тырысады.

Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осы бағдарламаны  меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.

Келешекте өз тәжірибемде :

1.Оқушылармен үнемі тепе – теңдікті ұстауды, еркіндік беруді.

Оқытуды сапалы ету үшін жаңа тәсілдерді қолдана отырып,

сабақтарымды түрлендіруді

Әріптестерімді қызықтырып, бірлесе жұмыс жасауды

Ата – ана, мектеп психологымен жаңаша бағыттағы жұмысты

дамытамын



Білім беру жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білім берудің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы айрықша. Танымал ғалым, педагог, философ, профессор Джон Дьюидің: «Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз» деген ойына негізделе отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастап отырмыз. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.  Осыған орай мұғалім алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды, тілдерді меңгеру, оларды тиімді қолдану міндеті тұр. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарды қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңартылған білім мазмұны мұғалімнен әрекеттік технологияларды енгізу, балалармен адамгершілік қатынас қағидасын іске асыруы арқылы сыныптағы әрбір оқушының жеке қабілеттері мен шығармашылық қатынасын дамытуды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерін ұйымдастыруды талап етеді. Заманауи мұғалім оқыту стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін түрлі педагогикалық тәсілдерді құрамдастыруда әртүрлі арсеналы болу қажет. Білім беру стратегиялары барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс, жеке жұмыс және білім алушылармен кері байланыстан тұрады. Мұғалім әріптестерімен бастауыш сыныпта оқыту бойынша желілік кәсіби қауымдастық шеңберінде, коучинг және менторинг процестерінде кәсіби ынтымақтастық орнату қабілеттерін жетілдіруі қажет.

Қолданыстағы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда жаңартылған білім мазмұны бағдарламаларының оқыту мақсаттарына табысты қол жеткізудегі түрлі әдістер, технологиялар мен стратегияларды қолдану жөнінде мұғалім үшін ұсыныстар берілген «Оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері» бөлімі қосылған.

Сондықтан да қазіргі таңда әр ұстаздың  алдына қoйып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетiлдiрiп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Оқыту процесінде пайдаланылып отырған әртүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар өз нәтижелерін беруде. Олар баланың жеке қасиетін аша отырып, оның танымдық қабілетін  қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасап отыр. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар білім алушының  жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуына ықпал етеді. Қазіргі таңда  білім мен техниканың даму деңгейі әр оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі қашан да анық. Сондықтан білім беру барысында көптеген технологиялар қолданылады. Соның ішінде ең көп таралғаны  «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы. Бұл технологияның  ұтымды жері-  баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тек қана тыңдаушы болса, қазір бала-  ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетті орындауға  бағыттаушы,  ұйымдастырушы. Педагог- «білім көзі» емес, ол – оқушының шығармашылық жұмысы мен еңбегінің бастамашысы, ұйытқысы, оқушыны білім алудың белсенді әрекеттеріне ынталандырушы, оқушының үйрену процесіндегі серігі әрі үлгі тұтар тұлғасы. Мұғалім орасан зор көлемді ақпарат әлемінде оқушыға өзіндік көзқарас, түсінік пен құндылықтарды қалыптастыруда  жанашыр көмекші іспеттес.

Мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу және оқытуда стереотиптерді жоюға, өзінің тұлғалық және кәсіби қасиеттерін жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Ол үшін он-лайн және оф-лайн режимдерінде әріптестерімен белсенді қарымқатынас және тәжірибе алмасу, талқылау және ынтымақтастық орнатуда, ортақ проблемалар мен инновацияларды енгізуде мұғалімдердің кәсіби желілік қауымдастығын пайдалану ұсынылады. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Мектеп жұмысы мен оқушылардың жетістіктерін көрсетуде маңызды рөл атқаратын ұстаз. Мұғалімнің шығармашылық белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағынан, іс-әрекеттерінен көрініс табады. Әрине алға жылжу үшін, алған мәліметтер мен істеген жұмыстарды саралап, қорытындылап, бағалау керек.

Әр сабақта әдістерді түрлендіру арқылы оқушылардың қызығушылықтары арта түседі. Өз сабақтарымда үнемі «Өрмекшінің торы» ойынын, «Қапшықтағы фасоль», «Шынжыр», «Сыдырма», «Стикердегі 10 сұрақ», «Джигсо», «Ыстық орындық», «Бес саусақ» әдістерін  қолдану барысында оқушылардың оқуға, өз білімдерін саралауға, талдауға қызығушылықтары артады.

«Өрмекшінің торы» немесе «Шырмауық» - дәстүрден тыс әдістердің бірі. Оқушылардың тақырыпты қай деңгейде меңгергендігі не болмаса үйге берілген тапсырманы сұрау үшін сыныптағы оқушылар түгелдей шеңбер болып тұрады. Мұғалім қолына бір бума тоқыма жібін алады. Жіптің ұшын қолына ұстап, үй тапсырмасынан бір анықтама немесе ереже айтқан оқушының қолына жіпті бір рет орайды. Келесі жауап берген оқушы да жіптен ұстайды. Осылайша жауап берген әр оқушы қолына жіпті бір рет орай береді. Мұғалімнің қолындағы жіп азайған сайын, шеңбер болып тұрған оқушылардың қолындағы жіп те өрмекші торы секілді шиеленісе береді. Белгіленген мерзімнен кейін әр оқушының қолындағы жіп орауын санау арқылы ол оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергендігін білеміз. Бұл әдісті сабақтың басында үй жұмысын сұрағанда немесе бекіту бөлімінде пайдаланған тиімді. Мысалы дүниетану сабағында «Пайдалы қазбалардың түрлері» тақырыбын өткен кезде: пайдалы қазбалар неше түрге бөлінеді, жанғыш пайдалы қазбаларды ата, құм, әктас пайдалы қазбаладың қандай түріне жатады?, жылу беретін пайдалы қазбаны ата, кенді пайдалы қазба дегеніміз не? деген сауалдарды қою арқылы оқушының қаншалықты бүгінгі сабақты меңгергенін білуге мүмкіндік бар.

«Фишбоун» әдісінің тиімділігі берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. Қолданылуы: Жар қағазға балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы сызбаларға сұрақтарын, төменгі жағынағы сызбаларға жауабы жазылады. Балық қабырғасының саны жетіден кем болмауы керек, түйінді ой құйрығына жазылады. Қосымша сұрақ туындайтын болса үстінгі және астынғы қабыршақтарға жазады.  Бұл әдісті жаңа сабақты өту кезеңінде пайдаланған болатынмын. Әдебиеттік оқу сабағында Абай «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін өткен кезде: балықтың басына тақырып жазылып, денесіне бес асыл істі жазды да неліктен оны асыл іс деп өз ойларын жазды, ал құйрығына осы өлеңнің негізгі идеясын жазып көрсетті.

«Бес саусақ» әдісі. Мақсаты: Баланың бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету

Бас бармақ – басты мәселе

Балалы үйрек – бірлесу

Ортан терек – ойлану

Шылдыр шүмек – шынайылық

Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы

Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

1. «Бас бармақ» - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек» - бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек» - ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек» - шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5. «Кішкентай  бөбек» - көңіл-күй ахуалы.

Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Бұл әдісті сабақтың қорытынды бөлімінде  кері байланыс жүргізгенде тиімді. Өйткені бүгінгі жасаған жұмысына талдау жүргізеді. Келесі жолы қандай өзгеріс енгіземін деп ойланады.

Сабақ барысында аталған әдіс-тәсілдерді пайдалану оқушының бойында өз- өзіне сенімділік ұялатады, өзге балаға қарап бой түзеуге ұмтылады, өзін-өзі бағалауы жоғарылайды,өзгені үйрете отырып, өзі көп нәрсені үйренеді, көшбасшылық қабілеттері қалыптасады.

Қазіргі заман талабына сай өсіп келе жатқан жеткіншек технологияларды кеңінен пайдалануға бейім екені баршамызға аян. Сондықтан оқушы қызығушылығын сабақтың тиімділігін арттыру үшін және жалпы болашақ қоғамға бейім құзыретті  өкілдерді тәрбиелеу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді  қолданғанымыз жөн. «Сұранысқа сәйкес ұсыныс болуы тиіс» дегендей, заманның сұранысына қарай, талабына сай мұғалімдер де жұмыстануы тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану»  Оқу құралы /Әлімов А.Қ., Астана, 2014ж. «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы.

2. «Ел және мұғалім» газеті, №5 (0014), 10 ақпан, 2017 ж.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет