Ойыншық, естелікке қалған заттар сияқты обьектілерге адамдар эмоциональді түрде бауыр басым қалатын әдеті. Ал егер ол заттардың орнын «жасанды интелект» басса не болады? Жасанды интелект бізге дос бола алады ма



Дата11.02.2022
өлшемі83,69 Kb.
#131511
Байланысты:
Нурмухаметова Айша 208А эссе
Урок 2 англ, ФИЗИКА - А ТОК - ҰБТ, PDF 1701082528319

«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ



НУО «КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»




ЭССЕ
«Жасанды интелект және сана»

Орындаған: Нурмухаметова А.Е.
Курс: 2
Мамандығы: Жалпы медицина
Тобы: 208 «А»
Қабылдаған: Чермухамбетов Е.Н.

Алматы, 2022

Жасанды интелект... Ойыншық, естелікке қалған заттар сияқты обьектілерге адамдар эмоциональді түрде бауыр басым қалатын әдеті. Ал егер ол заттардың орнын «жасанды интелект» басса не болады? Жасанды интелект бізге дос бола алады ма? Бұл роботтар біздің өмірімізге толық қосыла алады ма?
Қазіргі уақытта жасанды интелект барлық ақпараттық желіде танымал болып келеді. Жасанды интеллект дамыған сайын ­ақ­паратқа көз тігіп, ғаламтор ақтарып отыр­ған әрбір жан қаншама қиялдың шындыққа ай­налғанын көріп, расында, адамзатқа зиян келтіре ме, әлде көмектесе ме деп ойланады. Себебі, қазір біз қолданып жүрген, біз білетін жасанды интеллект, ғалымдардың пікірінше, ең қарапайым түрі. Мысалға, Apple өнімдеріндегі Siri немесе «Яндекс» компаниясы құрастырған «Алиса» дауыстық қызметтері, Telegram чат боттары, жол көрсететін GPS, Google-дегі іздеу қызметі, адамды тану камералары, әлеуметтік желідегі өзімізге ұнайтын контенттер мен ­аккаунттарды дәл тауып көз алдыңа әкеп беретін бағдарламалар – бәрі осы жасанды интеллект. Демек, бәріміз күнделікті жасанды интеллекттің бір түрін қолданып келеміз. Жасанды интеллектінің дамуына әр адам өз үлесін қосып отыр деп айта аламыз.
Интелект адамды асып түсе алады ма? Жоқ, себебі интеллекттің негізі түйсіну, ұғыну, елестету арқылы алынған деректердің адам миы арқылы өңделуі, мидың қабылдау қабілеті. Бұл әр адамда әртүрлі. Жан-жануарларда, жасанды роботтарда тіпті бөлек. Интеллект өлшеуге болатын нәрсені санауға, салыстыруға, сақтауға болатын деректер, сана адам ғана сезінетін сезіммен бағалау, сыни ойлау мүмкіндігін береді. Жасанды интеллект пен нейрон желілері, бұл – интеллектке ие машиналар мен компьютерлік бағдарламаларды жасауға негізделген қуатты технологиялар.
Сол себепті, көптеген ғалымдар бұл жылдам роботтарды тек санау, өлшеу, дерек жинау, сақтау, қорытуда адамнан жылдам дейді, ал сезім, эмоцияға келгенде адаммен теңестіру үшін әлі ерте деп санайды. Тағы да, ұмытуға болмайтын шарт, ол бұл роботтарды ойлап тапқан адам, және жасаған да адам болып табылады. Сондай-ақ қазіргі уақытта күрделі есептеулердің шешімін табу үшін алгоритмдерді бағдарламалауға құрастырушылардың көп күш және уақыт жұмсауына тура келеді. Өйткені ақпарат тым көп. Тіпті бұл ақпараттарды өңдеуге бағдарламалар ойлап тапса да, ғалымдардың ойынша, олардың қолданылуы да қиын болады. Ал, жасанды интелектті адамның өмірін жеңілдету үшін ойлап тапқанды ескерсек, бұл кодтарды роботтарды жасауға бағыттап жатқанын түсінеміз.
Адамның өмірін жеңілдетуге пайдалы тұсымен бірге адам миымен біріктірілетін нейрондар желісі, адамның миы ғана атқаратын жұмыстарды өзі ойланып, шешім қабылдайтын болса, кейбір адами факторларды ескерілмей қате шешім қабылдауы мүмкін. Ондай сәтте келесі жолы бұл қателікті қайталамайтындай өзін бағдарлама арқылы түзеп, өзін дамыта түседі. Жасанды интеллектінің қаупі жайлы алаңдаған белгілі физик ғалым Стивен Хокинг: «Компьютерлер бір күні өздерін өздері шығаратын жағдайға жетеді» -деген. «Яндекс» ­компаниясы басшыларының бірі, сарапшы Григорий Бакунов өзінің дәрістерінің бірінде былай деген: «Белгілі бір тұрғыдан алғанда, жалпы адамзаттың алдында маңызды және қызықты міндет тұр. Әрбір жеке тұлғаға адамзат жасанды интеллект жүйелерін дамытқаннан да әлдеқайда жылдамырақ даму керек». Демек, жасанды интеллект қарыштай дамып, бақылаудан шығып кетуі де мүмкін. «Сондықтан жасанды ­интеллектке ерік бермей, адам үнемі даму үстінде болуы керек» деген ойды түсіндіргісі келген деп ойлаймын.
Адамдардың бірқатары үстіде айтып өткен, жасанды интеллектінің адамзатқа төндірер қаупіне алаңдаса, бірқатары адам миымен астастырылған нейрондар желісі адамзатқа көп пайда әкелетініне көбірек назар аударады. Менің ойымша, жасанды интелект медицина саласында диагноз қоюға, емдеуге, дауысты ажыратуға, мәтін аударуға, музыкалық шығармалар жазуға орасан көмегі тиеді. Өзімнің ойымды британдық биохимик Ник Лейннің пікірімен толықтырсам, ол: «Адамды шағын әрі пайдалы «ақылды заттар» қоршайтын болады. Мәселен, бұрын қабырғаға орнатылған сенсор тек кімнің өтіп бара жатқанын ғана анықтай алған болса, болашақта ол кім, ниеті қандай, адамға қауіп төндіріп тұрған жоқ па, соны да түсінетін болады. Қауіпті болған жағдайда түймедей сенсор адамға қауіпті алдын ала ескерте алады», – дейді. Сондай-ақ, алдағы уақытта күнделікті тірліктерді және ауыр жұмыстарды «ақылды машиналар» атқаратын болса, бос уақыты пайда болған адамдар көптеп шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік алады.
Өз ойымды қорытып айтсам, ғарыштық жылдамдықпен дамып келе жатқан жасанды интеллектіні игеріп, игілігін көрумен қатар, енді өсіп келе жатқан жас балаларды осы салаға қызықтырып, жаңа технологияны игеретін, бағдарламасын басқаратын маман болуына мүдделі болуымыз керек. Ғылым-білімге бағыттауымыз қажет. Өйткені уақыт күттірмейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет