Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы


Алыс ауылға кітап беріп жіберу ұсынылды. Сен не істейсің?



бет59/62
Дата06.02.2022
өлшемі1,37 Mb.
#30070
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Алыс ауылға кітап беріп жіберу ұсынылды. Сен не істейсің?

а) өзімде бар қызық кітаптарды таңдап алып келемін;
ә) менде қажетсіз кітап жоқ;
б) егер бәрі әкеліп жатса, мен де әкелемін.

  1. Бес ұлы адамның есімін атай аласың ба?

а) иә, атай аламын;
ә) жоқ, өмірде қызық нәрсе көп;
б) ойланбаппын, санау керек екен.
24. Сен танымайтын бөтен адамның жасаған ерлігі туралы естігенде басыңа қандай ой келеді?
а) бұл адамның өзіндік қызығушылығы болған;
ә) атын шығаруға сәті түсті;
б) көңілім толып қатты таң қаламын.


Шынайы жауабың үшін рақмет!
Тапсырманың жауабын ұпай арқылы шығару қажет емес, себебі бұл жұмыстың нәтижесі әркімнің өзіндік тұжырымы.
Әр оқушы берген жауабына орай өзінің кейбір жағдайда қаншалықты дұрыс шешім қабылдай алатындығын анықтай алады.


Ойын «Сиқырлы таяқ»
Ойынның мақсаты: сабақта үйренге білімдерін тиянақтау, көңіл-күйлерін көтеру.
Ойынның шарты: ойынға қатысушылар қол ұстасып, шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келіп, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойынға қатысушылардың әр қайсысына адамгершілік құндылықтары мен адами сапаларды бір бірден таратып береді (Отан, мейірімділік, достық, адалдық, махаббат, бақыт, бауырмашылдық және т.б.).
Ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да, бір құндылықты немесе адамгершілік қасиетті атап, таяқты қоя береді. Аталған құндылыққа, қасиетке жататын немесе ұқсас адамгершілік құндылықтар мен адами сапалар (оқушылар) таяқты жерге құлатпай ортаға жинала қалуы тиіс. Ал таяқты ұстай алмай құлатып алса, онда көптің ұйғаруымен, ортаға шығып, өнер көрсетеді.
Ойын «Әріп таңдау»
Ойынның мақсаты: балалардың көңіл-күйлерін көтеру және тез ойлай алуға, ұтымдылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Ойнаушылар дөңгелене отырады. Әркім өзіне бір әріпті А,Ә, Б,В, Г, Д, Е немесе тағы басқа әріпті таңдап алады.
Ойын басқарушы қандай әріпті алғандарын сұрап, ойынды жүргізеді. Оқушылар жауабы сабақтың тақырыбына байланысты болуы керек. Ал оған сәйкес сөз таба алмаса, жалпы адамзаттық құндылықтарға, рухани-адамгершілік аясында болуы керек.
Ойын төмендегідей болуы мүмкін.
Мысалы:
Ойын басқарушы: - Қандай әріп алдыңыз?

  • А.

Ойын басқарушының одан әрі берген сұрақтарына тек «А» әрпінен басталатын сөздермен ғана жауап беруі керек. Сөздерді көп ойланып тұрмай, тез айтуы шарт.

  • Сен анаңды қалай жақсы көресің?

  • Асылым, аяулым...

  • Жақындарыңды не үшін жақсы көресің?

  • Адалдығы, ақ көңілдігі, ...үшін.

  • Өмірде жақсы көру болмаса не болар еді?

  • ???

Ойын осылай жалғаса береді. Бастаушы келесі ойыншыға (алған әрпіне сәйкес) түрлі сұрақтар қояды. Ойыншы берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алмаған, кідіріп қалған жағдайда, ойыншыны ортаға шығарып, көпшіліктің ұйғаруымен өнерін көрсетеді.


Өзіммен-өзім «Өмір шыңы»
Оқушылардың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне, өз беталысы мен қызығушылығына өз ішкі дүниесіне талдау жасауына септігін тигізу мақсатында «Өзіммен-өзім» әдістемелік тәсілін төмендегідей ұйымдастыруға болады.
Алдымен оқушылар адамдар бойындағы өздеріне ұнайтын қасиеттерді (жақсылық, әділдік, еңбексүйгіштік, сүйіспеншілік, ізденгіштік) таңдап алады.
Содан кейін мұғалім оқушыларға көздерін жұмып, әрбір адамның өмірін «биік шың» деп елестетіп, ол шыңға әркім өз жолымен шыға алатындығын айтады.
Біреу бұл жолға еңбексүйгіштігімен, табандылығымен, алғырлығымен, төзімділігімен жетсе, енді біреулер білімімен, ізеттілігімен, әдептілігімен, ізденгіштігімен жетеді екен.
Осыдан соң жайлы музыка қойылады да, балалар өздері таңдап алған соқпақтары (сүйіспеншілік, адалдық, мейірімділік, әділдік) арқылы өмір шыңына шығып бара жатқандықтарын көз алдарына елестетеді.
Содан соң мұғалім өздері елестетіп, таңдаған «Өмір шыңына» апаратын жол соқпақтары туралы әңгімелеп беруді тапсырады.



Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет