Орал гуманитарлық-техникалық



бет3/8
Дата07.05.2017
өлшемі6,33 Mb.
#15743
1   2   3   4   5   6   7   8

Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыр және тарихи жад арқылы байланысқан, Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған Қазақстан азаматтары, көптеген ұрпақтың Тәуелсіздік туралы арманын іске асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды, бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұтастықтың маңыздылығын сезініп, қоғам мен мемлекеттің жоғары мүдделерін негізге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында осы Мәңгілік Ел - патриоттық актісін қабылдаймыз.


Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.

Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік және бүгінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның - қуатты әрі табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз.

Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел - Мәңгілік Елді құру жолында біргеміз.

Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар - отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан.

Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.



Мәңгілік Ел, бұл-Тәуелсіздік және Астана. Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз.

Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.



Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Біздің Отанымыз бір, ол - Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір - тағдырымыз ортақ. Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.

Мәңгілік Ел, бұл -Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.

Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді. Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.



Мәңгілік Ел, бұл -Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім. Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.

Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Елдің барлық табыстары мен жетістіктері - барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.

Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.

Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз. Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз. Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.

Біз - Үлкен Ел - Үлкен Отбасымыз.

Мәңгілік Ел, бұл - Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.

Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады.

Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.

Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз.

Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.

Бұл - біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!
Біртұтас Еліміз - Мәңгілік Ел қуатты болсын!

Қазақстанның мәңгілік мекені - Ұлы Дала Еліне бата қонып, бақ дарысын! Алға, Қазақстан!



БІЗДІҢ МАМАНДЫҚТАР:
Колледж 12 мамандық бойынша мамандар даярлайды:

- 0101000 "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту"


- 0103000 "Дене тәрбиесі және спорт"
- 0105000 "Бастауыш білім беру"
- 0106000 "Бейнелеу өнері және сызу"
- 0107000 "Технология"
- 0108000 "Саздық білім беру"
- 0111000 "Негізгі орта білім беру"

- 0501000 "Әлеуметтік жұмыс"


- 0506000 "Шаштараз өнері және сәндік косметика"
- 0510000 "Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану"

- 0512000 "Аударма ісі"


- 1304000 "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"


Білім алушыларға өз еріктеріне қарай қосымша біліктілік беріледі:

- дизайнер;


- ДК операторы ;
- тренажер залы нұсқаушысы;

-күтуші


- шағын комплектілі мектеп мұғалімі;

- мектеп алды даярлық мұғалімі;

-бастауыш мектептің шетел тілі мұғалімі;

КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫ

Оқу орнының құрылу жылы:

1998 ж. МЕМ «Орал педагогикалық колледжі».



Қысқаша тарихи анықтама:

1999 ж.   –  ҚРББ МЕМ Ассоциация мүшесі;

2005 ж.   – ҚР ПБ Академиясы мүшесі;

2005 ж.   -  Облыстық «Әдістемелік идеялар фестивлі», II орын;

2006 ж.   -  «Қазақстан және ТМД білім жүйесін ақпараттандыру» атты IV халықаралық форумға қатысу;

2003-2006 ж. - «Үздік колледж» облыстық байқау қатысушысы;



2007 ж–МЕМ «Орал педагогикалық колледжді» «Орал гуманитарлық-техникалық колледж» Мекемесі атауына ауыстырылды;

2007 ж.   -   СМК ИСО 9001-2001 сәйкес сертификаты;

2008 ж.  -   «АКТ-ны сабақта қолдану» областық байқау қатысушысы;

2010ж. -  Мемлекеттік “Балапан” бағдарламасы аясында 50 орындық мектепалды шағын орталықтың ашылуы;

2012 ж. - «Кәсіптік және техникалық білім беруді жаңғырту» жобасы аясында ҚР БжҒ Әлемдік банктен қарыз алу арқылы 5 мамандық бойынша ТжКББ стандарттарын жасақтады:

- «Мектепке дейінгі тәрбие»

- «Дене тәрбиесі және спорт»

- «Негізгі білім беру»

- «Бастауыш білім беру»

- «Кәсіптік білім беру»

2013ж. - «Кәсіптік және техникалық білім беруді жаңғырту» жобасы аясында ҚР БжҒ Әлемдік банктен қарыз алу арқылы (хаттама 19.12.2013ж) ТжКББ негізінде модульдік оқу жоспарлары және бағдарламалары жасақталды.

Сәуір-мамыр 2015ж. – институциональды аккредитациядан өтіп, 22.05.2020 жылға дейін білім беру сапасын қамтамасыз ету Тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің институциональды аккредитация куәлігін (тіркеу нөмері IA №014 23.05.2015ж.) алуы

Қараша, 2015 - мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтуі;

Наурыз, 2016ж. – Қазақстан Республикасы шағын кәсіпкерлерінің ТОП-100 рейтингісі бойынша 1орын (АЛТЫН) және «Сала үздігі» атағын жеңіп алуы;



КОЛЛЕДЖ МИССИЯсы:
Әр студенттің тұлғалық және кәсіби қабілеттерін жоғары деңгейде дамыту, жас ұрпақтың рухани құндылықтарын сақтау мен арттыру, қазіргі қоғам жағдайында табысты әлеуметтену мен еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікке қажетті тұлғалық және кәсіби құзыреттіліктердің сапалы негізін қалыптастыру.

Колледж қоғамның озық интеллектуалдық элитасын дайындауға, педагогикалық менеджмент пен инновациялық бағыттарды интеграциялау негізінде тұлға, мемлекет пен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.



«Біз оқуға, оқытуға және жасақтауға үйретеміз!»

Болжам:

Біздің орнымыз:

Орал гуманитарлық-техникалық колледжі – орта буын мамандарын даярлайтын ғылыми-білім беру кешені, ғылыми зерттеу жұмыстарын енгізетін, тәрбие мен білімді интеграциялау орталығы.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжі – Батыс Қазақстан облысындағы педагогикалық және техникалық кадрлар даярлайтын негізгі оқу орындарының бірі.

Біздің қызметіміз: 


  • білім берудің ортақ стандарттарын пайдалану арқылы ақпараттық қоғам жағдайында жұмыс жасайтын кадрларды даярлаймыз;

  • аймақтың қажеттіліктерін анықтап жаңа мамандықтар, мамандандырулар мен бағыттар енгіземіз;

  • оқытудың жаңа формаларын, әдістері мен технологияларын жасақтаймыз және енгіземіз;

  • білім мазмұнын дамыту мен сапасын қамтитын ТжКББ-дің ғылыми-педагогикалық

  • қоғамдастығы, кәсіпорын, мекемелер мен ұйымдардың өкілдерінің әрекеттерін реттеуге

  • қатысамыз;

  • мемлекеттік және бизнес-құрылымдармен, қоғамдық ұйымдармен және әртүрлі меншіктегі шаруашылық субъектілерімен, халықаралық ұйымдармен, кәсіптік және академиялық қоғамдастықтармен серіктестікті қолдаймыз және дамытамыз;

  • ортақ ақпараттық кеңістікті дамыту үшін ТжКББ, мемлекет және қоғамның күштерін консолидациялауға қатысамыз.

Неге ұмтыламыз:

Колледжде бәсекеге қабілетті үйлесімді-дамыған тұлғаны тәрбиелеуде жоғары нәтижеге жетуге;

Ғылыми-әдістемелік жұмыс жүйесінде білім беруді ақпараттандыру, электрондық оқыту, инновациялық технологияларды енгізуге;

Мақсатымыз:

ТжКББ-дің республикалық және әлемдік көшбасшылары тобына ену. Қазақстанның мүддесі үшін қызмет етуге бағытталу, қоғамның педагогикалық, басқару және мәдени элитасын, орта буын мамандарын алдын-ала даярлауға ықпал ету; ақпараттық технологияларды белсенді пайдалану негізінде педагогикалық үрдісті жетілдіру, тұлғаны үйлесімді дамыту және өз саласындағы көшбасшы болуға бейім арнайы білімді мамандарды даярлау.



Бізге қалай жетуге болады?



Каталог: images -> stories
stories -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
stories -> Исатай Кенжалиев
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім
stories -> Емтихан сұРАҚтары
stories -> Бағдарламасы Тақырыбы: «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері»
stories -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
stories -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Ақ Жайықтың Хамзасы
stories -> С. торайғыров атындағы павлодар
stories -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет