Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата11.02.2020
өлшемі3,87 Mb.
#57614
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ИББ диссертация
ИББ, 1
қарсы).  Студенттердің  басым  бөлігі  (тәжірибелік  және  бақылау  топтарының 
50%  және  53,3%-ы)  Ғаламтордың  жаңа  білімдер  мен  дағдыларды  алуға  тек 
ішінара көмектесетінін мәлімдеген.  
Тәжірибеге 
қатысушылардың 
басым 
бөлігін 
заманауи 
АКТ 
қызықтыратынына  көз  жеткізген  соң,  біз  ақпараттық  құралдарды  пайдалануға 
итермелейтін ынталандырушы факторларға талдау жүргіздік. Тәжірибелік және 
бақылау топтарының сәйкесінше 91,7% және 50% қатысушылары АКТ туралы 
барлық  нәрсе  қызықтыратынын  айтқан.  Тек  респонденттердің  8,3%-ы  және 
50%-ы ғана жекелеген АКТ-ны қарастырғысы келетінін мәлімдеген.  
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекетте AКТ-ны қолдану мүмкіндігін бағалауды 
зерттеу  бойынша  нәтижелерді  талдау  айтарлықтай  айырмашылықтарды 
көрсетпеді.  Тәжірибелік  топ  студенттерінің  41,7%-ы  және  бақылау  тобы 
респонденттерінің  58,3%-ыАКТ  туралы  білімдер  оларға  болашақ  еңбек 
қызметінде  қажет  болатынын  мәлімдеді.  Сауалнама  алынғандардың  қалған 
бөлігі мұндай мәліметтер педагогтарға қажет емес деп есептейді.  
АКТ-ны қолданудың педагогтың кәсіби өсуіне және оның шығармашылық 
қызметінің  табыстылығына  ықпалы  туралы  сауалнама  10  балдық  ағымдық 
бойынша 
жүргізілді. 
Респонденттердің 
жауаптарында 
айтарлықтай 
айырмашылық байқалған жоқ. Орташа балл тәжірибелік топ бойынша – 5,5, ал 
бақылау  тобы  бойынша  –  5,0%.  Бұл  дегеніміз  –  сауалнама  алынғандардың 
жартысы  АКТ-ны  қолдану  педагогтың  кәсібилігіне  тікелей  ықпал  етеді  деп 
есептейді  деген  сөз.  АКТ-ны  шығармашылық  қызметте  пайдалануға  келсек, 
мұнда төмендегідей мәндер алынды: тәжірибелік топта – 5,4 балл және бақылау 
тобында  –  5  балл,  яғни  студенттер  АКТ-ны  шығармашылық  педагогикалық 
қызметте қолданудың маңыздылығын түсінеді.  
«Оқу  және  АКТ»  блогы  бойынша  сауалнама  нәтижелерін  талдау 
көрсеткендей,  тәжірибеге  қатысушылардың  басым  бөлігі  компьютерлік 
техникамен  жұмыс  істеуден  оқу  мақсаты  үшін  жоғары  әлеуетті  көреді  – 
тәжірибелік  және  бақылау  топтарында  тиісінше  4,8  балл  және  4,4  балл  (ең 
жоғары 5 баллдан). Алайда, студенттер әзірге оқу үдерісін компьютерлендіруге 
әлі дайын емес – 3,6 және 4 балл. 

154 
 
Студенттердің  педагогикалық  пәндер  бойынша  компьютерде  жұмыс 
істеуге  дайындығы  арнайы  пәндерге  қарағанда  төмен:  педагогикалық  пәндер 
бойынша – тәжірибелік топта 2,0 балл және бақылау тобында 2,2 балл, арнайы 
курстар бойынша – осы топтарда тиісінше 2,8 балл және 2,9 балл.  
Оқу қызметінде компьютерді қолдану нәтижелері төмендегідей: 
1. Рефераттар, бақылау және курстық жұмыстарды жазу үшін: тәжірибелік 
топ студенттерінде – 4,4 балл және бақылау топ респонденттерінде – 4,5 балл. 
2. Ғылыми зерттеу мәліметтерін өңдеу үшін – әр топта 3,1 балл. 
3. Үйде өз бетінше дайындалу үшін – әр топта 4,0 балл. 
4. Факультативтерде жұмыс істеу үшін – тәжірибелік топтың өкілдерінде – 
3,9 балл және бақылау тобында – 3,3 балл. 
5. Сабақтан  тыс  уақытта  жұмыс  істеу  үшін–тәжірибелік  және  бақылау 
топтарының респонденттерінде тиісінше 3,5 және 3,3 балл. 
Алынған 
нәтижелер 
студенттердің 
оқу 
іс-әрекетінде 
АКТ-ны 
пайдаланудың  әлеуетін  көретінін  айғақтайды.  Алайда,  олар  АКТ-ны  сабақтан 
тыс уақытта пайдалануға дайын емес.  
«АКТ  және  кәсіби-педагогикалық  іс-әрекет»  сауалнамасын  талдау 
көрсеткендей, респонденттердің басым көпшілігі өзінің болашақ жұмысындағы 
АКТ-ның  рөлін  жоғары  бағалайды:  ең  жоғары  5  балдан  тәжірибелік  топ 
бойынша  4,4  балл  және  бақылау  тобы  бойынша  3,4  балл  алынды.  Алайда, 
алынған  мәндер  өзінің  оқу  қызметіндегі  АКТ-ның  рөлін  түсінуге  қарағанда 
төмен.  Студенттер  әзірге  АКТ-ны  өзінің  кәсіби  қызметінде  пайдалануға 
жеткілікті  деңгейде  дайын  емес,  алынған  мәндер  осыны  айғақтайды: 
тәжірибелік  топта  –  3,2  балл  және  бақылау  тобында  –  3,6  балл.  Тәжірибеге 
қатысушылар  АКТ-ның  өздеріне  мектеп  аясындағы  да,  жоғары  оқу  орнының 
аясындағы да кәсіби қызметі үшін қажет екендігін ұғынады.  
Студенттердің АКТ туралы білімдері оларға болашақ еңбек қызметінде оқу 
және басқару үдерісін барынша тиімді етіп құруға мүмкіндік беретінін түсінеді 
(тәжірибелік топта 4,0 балл және бақылау тобында 4,4 балл). Алайда, қолда бар 
теориялық  және  тәжірибелік  білімдер  әзірге  мектептегі  немесе  жоғары  оқу 
орнындағы  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыруға  және  басқаруға  жеткіліксіз 
(тәжірибелік және бақылау топтарында тиісінше 3,2 және 3,0балл). 
Тәжірибеге  қатысушылар  АКТ  туралы  білімді  сабаққа  дайындалу, 
конспектілер  түзу  немесе  материалдарды  сұрыптау  кезеңінде  қолдану  қажет 
деп есептейді (әр топта 3,0 балдан). Алайда олар әзірге АКТ-ны тікелей сабақта 
қолданудың пайдасын көрмей отыр (әр топта 2,9 балдан).  
19 кестеде тәжірибеге қатысушылардың АКТ-ны өзінің кәсіби қызметінде 
пайдалануға дайындық нәтижелері көрсетілген (19-кесте). 
 
Кесте19  -  Тәжірибеге  қатысушылардың  АКТ-ны  өзінің  кәсіби  іс-әрекетінде 
пайдалануға дайындық нәтижелері, (баллмен есептегенде) 
 
АКТ-ны қолдану салалары 
Тәжірибелік топ 
Бақылау тобы 



Сабақты ұйымдастыру үшін 
3,2 
3,3 

155 
 
19 – кестенің жалғасы 
 



Материалды сұрыптау, конспектілерді 
немесе ғылыми-педагогикалық 
қызметтің басқа да түрлерін дайындау 
кезінде  
 
3,2 
 
3,1 
Сабақ өткізу үшін 
3,3 
3,2 
факультативтерде 
3,0 
3,1 
өз бетінше дайындалуға 
3,6 
3,6 
Сабақтан тыс жұмыста 
2,8 
3,0 
 
Студенттер  АКТ-ны  қолдану  сабақты  сәтті  ұйымдастыру  және  оған 
дайындалу  үшін  қажет  екенін  ұғынады.  Солай  бола  тұра,  тәжірибеге 
қатысушылар  ақпараттық  құралдарды  факультативтер  мен  сабақтан  тыс 
жұмыстарда қолданудың не қажеті барын онша түсіне қоймайды. Толыққанды 
талдау  жасау  үшін  алынған  мәндерді  респонденттердің  АКТ-ны  оқуда 
пайдалануының  артықшылықтарымен  салыстыру  қажет.  Бұдан  шығатын 
қорытынды, студенттің ақпараттық-коммуникациялық құралдар туралы хабары 
қаншалықты  мол  болса,  оның оларды өзінің  кәсіби-педагогикалық  қызметінде 
пайдалануға дайындық деңгейі де соншалықты жоғары болмақ.  
Тәжірибеге қатысушылар АКТ-ны білім беру үдерісіне енгізудің ең басты 
факторы – Ғаламтор желісінде жұмыс істеу мәселесі бойынша арнайы ғылыми 
әдебиетті оқып-білу деп есептейді. Осы өлшем бойынша тәжірибелік топта 4,2 
балл  және  бақылау  тобында  4,3  балл  алынды  (ең  жоғары  5  балдан).  Білім 
алушылардың жас ерекшеліктеріне келсек, студенттер бұл өлшемге тиісті көңіл 
бөлмейді.  Алынған  нәтижелер  –  тәжірибелік  және  бақылау  топтары  үшін: 
тиісінше  3,3  және  3,2  балл.  АКТ-ны  пайдалану  жөніндегі  ғылыми  білімдерін 
қолдануға және білім алушылардың ерекшеліктерін ескеруге дайын сауалнама 
алынушылардың  үлесі  (тәжірибелік  топ:  3,0  балл  –АКТ  туралы  білімдерін 
қолдану мәселесі бойыншажәне 3,7 балл –аудиторияның ерекшеліктерін ескеру 
бойынша;  бақылау  тобы:  2,8  балл  –АКТ  туралы  білімдерін  қолдану  бойынша 
және 3,8 балл –ерекшеліктерді ескеру бойынша). 
Алынған  нәтижелер  студенттердің  АКТ-ны  болашақ  кәсіби  қызметінен 
гөрі,  өзінің  оқуында  белсендірек  пайдалануға  дайын  екендіктерін  айғақтайды. 
Жалпы,  зерттеу  тәжірибеге  қатысушылардың  АКТ-ны  оқуда  және 
педагогикалық  қызметте  қолдану  мәселесі  бойынша  теориялық  білімдер  мен 
дағдыларды меңгеруге мүдделі екендіктерін көрсетті. 
Жасалған  тұжырымдар  «Студент  және  компьютер»  блогы  бойынша 
сауалнама  нәтижелерімен  расталады.  Қатысушылардың  көп  бөлігі  сабақты  өз 
бетінше  АКТ-ны  пайдалана  отырып  ұйымдастыруға  дайын  еместігін 
мойындады (әр топтың 83,3%-ы).  
Қатысушылардың  100%-ы  компьютермен  және  оған  қоса  арнайы 
техникалық  құралдарды  пайдалана  отырып  жұмыс  істеу  кезінде  білім 
алушылардың  жеке  ерекшеліктерін  ескере  алмайтындықтарын  мәлімдеді. 
Мұны  АКТ-ны  меңгеру  дағдыларын  зерттеу  нәтижелері  де  растайды,  онда 

156 
 
студенттердің  көпшілігі  бұл  кезеңде  ақпараттық  құралдар  саласындағы 
білімдері таяз деп жауап берген.  
Респонденттер 
АКТ-ны 
өзінің 
кәсіби-педагогикалық 
қызметінде 
пайдалануға  қызығушылық  білдіріп  отыр.  Бірақ,  оқуға  жеке  мүдделілік 
нәтижелерінің  төмендігі  студенттердің  АКТ-ның  мүмкіндіктері  туралы 
білімдерінің жеткіліксіздігімен байланысты сияқты. «Жеке тұлға ақпараттатық 
кеңістікте»  блогы  бойынша  сауалнамаларды  талдау  тек  бұл  болжамды  растап 
берді. 
Тәжірибелік 
және 
бақылау 
топтары 
өкілдерінің 
пікірінше, 
респонденттердің Ғаламтор желісіндегі жұмыспен танысуының орташа деңгейі 
жоғары болып табылады және тиісінше 56,7% және 53,3% мәндерге ие болады. 
Студенттердің бір бөлігі (тәжірибелік топтың 41,6%-ы және бақылау тобының 
43,3%-ы)  оны  орташаға  жатқызады.  Қатысушылардың  тек  шамалы  бөлігі  ғана 
(1,7% және 3,4%) Ғаламторды білу деңгейі төмен деп есептейді.  
Тәжірибелік  топтағы  қатысушылардың  86,67%-ы  және  бақылау  тобының 
83,3%-ығаламтор  ең  алдымен  демалыс,  қарым-қатынас  пен  ойын-сауықты 
ұйымдастыру үшін қажет деп есептейді. Қатысушылардың тиісінше 11,6% және 
13,3%-ы  Ғаламторды  оқу  қызметінде  пайдаланады.  Тек  тәжірибелік  топтың 
1,7%-ы  және  бақылау  тобының  3,4%-ы  ғана  Ғаламтор  технологиялары  оларға 
болашақ кәсіби қызметінде қажет болатындығын мәлімдеген.  
10-балдық  дәреже  бойынша  жүргізілген  сауалнама  көрсеткендей, 
студенттер  АКТ-ны  көбіне  қарым-қатынас  пен  ойын-сауық  құралы  ретінде 
(тәжірибелік  топта  8,8  балл  және  бақылау  тобында  9,1  балл  алынды)  және 
саяси, экономикалық, әлеуметтік  және басқа да оқиғалар туралы ақпарат беру 
құралы  ретінде  (тәжірибелік  топ  –  7,8  балл  және  бақылау  тобы  –  9,0  балл) 
жоғары бағалайды. 
Ғаламтор  ішінара  «тірі»  қарым-қатынастың  орнын  алмастыра  алады  деп 
тәжірибелік    топтағы  студенттердің  86,7%-ы  және  бақылау  тобының  83,3%-ы 
есептейді.  Тәжірибеге  қатысушылардың  тиісінше  11,7%  және  13,3%-ы  бұл 
мүмкін  емес  деп  сендіреді,  ал  1,66%  және  3,44%-ы  Ғаламтор  бүкіл  «тірі» 
қарым-қатынастың  орнын  алмастыра  алатынына  сенімді.  Ғаламтор  желісінің 
жеке  тұлғаның  дамуына  оң  ықпалын  сауалнама  алынғандардың  басым 
көпшілігі атап көрсеткен: тәжірибелік топ мүшелерінің 91,7%-ы және бақылау 
тобының  93,3%-ы. Тәжірибелік  топ  студенттерінің 8,33%-ы  және бақылау  топ 
респонденттерінің  6,67%-ы  ешқандай  ықпалын  көрмейді.  Алайда  сауалнама 
алынғандардың ешқайсысы Ғаламтор жеке тұлғаның дамуына кері ықпал етеді 
деп жауап бермеген.  
Студенттер  инклюзивті  қоғамда  арнайы  АКТ  негіздерін  оқытудың 
қажеттілігін айтарлықтай жоғары деңгейде мойындайды (ең жоғары 5 балдан – 
тәжірибелік топ:4,7 балл, бақылау тобы: 4,6 балл). Олар кез-келген адам, даму 
ерекшеліктеріне қарамастан, ДК мен Ғаламтор желісінің сенімді қолданушысы 
болуы керек деп есептейді (әр топ бойынша 2,3 балдан). Алайда, әзірге АКТ-ны 
өзінің кәсіби қызметінде пайдалануға респонденттердің бәрі бірдей дайын емес 
(тәжірибелік  топтың  дайындық  деңгейі–  4,2  балл,  бақылау  тобы–  4,4  балл). 
Өзінің сенімді ДК қолданушысы ретінде жұмыс істеу қабілетін респонденттер 

157 
 
тиісінше 3,5 және 3,3 балмен бағалаған. Ата-аналардың барлығы компьютерді 
және  Ғаламторды  пайдалана  білу  –білімді  тұлғаның  даму  факторы  деп 
мәлімдеген.  
Бұдан  шығатын  қорытынды,  екі  топ  та  өзінің  оқу  және  болашақ  кәсіби 
қызметіндегі  АКТ-ның  рөлін  мойындайды.  Алайда,  әзірге  ақпараттық-
коммуникациялық,  соның  ішінде  арнайы  құралдардың  барлық  мүмкіндіктері 
туралы білімдерінің жеткіліксіздігі байқалады.  
Студенттер  мен  ата-аналардан  сауалнама  алу  нәтижелері  бойынша 
төмендегідей нәтижелер алынды: 
-  студенттер  АКТ-ны  оқу  және  кәсіби  қызметінде  пайдалану  мүмкіндігін 
дұрыс қабылдайды; 
-  респонденттер  АКТ-ны  кең  ауқымда  оқытатын  арнайы  курстарды 
енгізудің жағымды жақтарын көріп отыр. 
Сауалнама нәтижелерін өңдеуді аяқтаған соң, біз оқу бағдарламалары мен 
білім  беру  стандарттарына  талдау  жүргіздік.  Сапалы  талдау  негізінде 
төмендегідей тұжырымдар жасалды: 
1. «Бастауышта  оқыту  педагогикасы  мен  әдістемесі»  мамандығының 
оқытушыларын  даярлау  үшін  пайдаланылатын  ғылыми-зерттеу  әдебиетінде  іс 
жүзінде 
студенттердің 
АКТ-құзыреттілігін 
қалыптастыру 
жөніндегі 
материалдар жоқ.  
2. Болашақ  мұғалімдерге  АКТ-ны  қолдану  негіздерін  оқытудың  бірыңғай 
тұжырымдамасы  жоқ,  студенттердің  дифферентті  ұжымдағы  сабақтарды 
ұйымдастыру  кезінде  ақпараттық  құралдарды  қалай  пайдалану  керектігін 
білмеуі де осының салдары.  
3. Пәнді  оқытушыларға  дәл  олардың  пәндерінің  мәнмәтінінде  АКТ 
негіздерін оқытуға арналған тар шеңберде мамандандырылған әдебиет жоқ.  
4. Информатика  және  статистика  аясында  алынған  АКТ-мен  жұмыс  істеу 
дағдылары басқа пәндерде мүлде пайдаланылмайды.  
Диагностикалық  кезеңнің  нәтижелері  қалыптастырушы  кезеңді  (негізгі 
бөлімді) өткізуге қызмет етті. Ұзақтығы бойынша ол 2014 жылдан 2017 жылға 
дейін (2-4 курс) – 3 жыл уақытты алды. 
Педагогикалық тәжірибеге тәжірибелік топтың 60 студенті қатысты.  
Қалыптастырушы кезеңнің төмендегідей мақсаттары тұжырымдалды: 
–  педагогикалық  ЖОО  студенттерінің  АКТ-ды  қолдану  дайындығын 
қалыптастырудың дидактикалық жүйесін іске асыру; 
–  студенттердің  бойында  инклюзивті  білім  беру  ортасына  арналған  АКТ 
құзыреттілікті қалыптастыру жөніндегі арнайы пән бағдарламасын қабылдау.  
–  студенттердің  бойында  инклюзивтік  мектептегі  болашақ  кәсіби-
педагогикалық қызметте АКТ-ны қолдануға оң бейімділікті қалыптастыру.  
Қалыптастырушы кезеңнің аясында болашақ педагогтардың бойында АКТ 
құзыреттілікті қалыптастырудың дидактикалық жүйесі жасалды. Ол ҚР «Білім 
беру  туралы»  Заңын,  ҚР  Конституциясын,  мемлекеттік  білім  беру 
стандарттарын  және  білім  беру  саласын  реттейтін  басқа  да  нормативтік-
құқықтық  актілерді  ескере  отырып  жасалған.  Дидактикалық  жүйе  білім  беру 

158 
 
үдерісінің мақсаттарына қол жеткізуге көмектесетін элементтер мен әдістердің 
жиынтығынан    тұрады.  Жүйе  аясында  болашақ  педагог  АКТ-мен  танысады, 
оны игереді және өз қызметінің мақсаттары үшін сәйкестендіреді. 
Дидактикалық жүйе төмендегі міндеттерді шешуге бағытталған: 
–әртүрлі  АКТ  және  оларды  педагогикалық  іс-әрекетте  пайдаланудың 
болашақ мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптастыру
–  студенттерге  бастауыш  сыныптардағы  сабақтарды  өткізу  үшін 
пайдалануға болатын сайттар туралы ақпарат беру; 
–АКТ-ны  қолдана  отырып  инклюзивті  білім  беру  саласындағы  жаңа 
әдістер туралы түсінік беру; 
–  АКТ-ның  көмегімен  қашықтықтан  оқыту  мүмкіндіктері  туралы 
мәліметтер беру; 
–АКТ-ның  енгізілуін  ескере  отырып,  білім  беру  саласының  негізгі 
стандарттарымен және талаптарымен таныстыру; 
–  студенттерді  кәсіби-педагогикалық  іс-әрекетте  ақпараттық  құралдарды 
қолданудың ең үздік тәжірибелерімен таныстыру; 
–АКТ-ны  тек  сабақты  ұйымдастыру  мен  өткізу  үшін  ғана  емес,  пән 
бойынша факультативтер мен сабақтан тыс жұмыстарды өткізуге де қолдануға 
бейімділікті қалыптастыру. 
Жоғарыда  көрсетілген  міндеттерді  шешу  төмендегі  нәтижелерге  жетуге 
мүмкіндік береді: 
а) Ғаламтор желісінде жұмыс істеу дағдыларын арттыру
б)  Ғаламтордағы  ақпараттық  мәліметтердің  оларды  одан  әрі  қарайғы  оқу 
және  кәсіби  қызметте  пайдалану  мақсатындағы  тәжірибелік  мәнін  талдауды 
үйрену; 
в) 
әртүрлі 
құралдарды 
(оқытушы 
Интернет-
ресурстарды,аудиожасақтамалар  мен  көру  қабілеті  бұзылған  балаларға 
арналған  мәтіндерді  ұлғайту,  компьютердегі  ақпаратты  ұлғайтуға  арналған 
жобалағыш  техниканы  пайдалану  әдістері  және  т.б.)  пайдалану  саласындағы 
білімдерді арттыру; 
г) 
сараланған 
сыныптағы 
сабақты 
ақпараттық-коммуникациялық 
құралдарды қолдана отырып ұйымдастыруды және өткізуді үйрену; 
д)  АКТ-ды  қолдана  отырып  шет  тілін  оқытудың  заманауи 
технологияларын меңгеру; 
е)  АКТ-ды қолдана  отырып факультативтер мен сабақтан  тыс  шараларды 
өткізуді үйрену. 
АКТ  құзыреттілікті  қалыптастырудың  дидактикалық  жүйесінің  барлық 
элементтері  бірін-бірі  толықтырып  отырады,  бұл  алынған  теориялық  білімдер 
мен  тәжірибелік  дағдылардың  арасында  теңгерімсіздіктің  туындауын 
болдырмайды.  
Педагогикалық  тәжірибеде  біз  педагогикалық  ЖОО  студенттерінің 
бойында АКТ-құзыреттілікті кезең-кезеңімен қалыптастыруды ұстандық.  

159 
 
1  кезең–компьютерлік  түсінік  деңгейі.  Оның  негізгі  мақсаты  —  мектеп 
бағдарламасы аясында алынған теориялық және тәжірибелік білімдерді бекіту. 
Бұл кезең бүкіл 1,2 курсты қамтиды. 
2  кезең–  элементарлық  дайындық.  Ол  2  курсқа  тура  келеді.  Оның  негізгі 
мақсатты  бағдарлары:  АКТ-мен  тереңірек  танысу  және  құзыреттілік 
элементтерін біртұтас етіп қалыптастыру. 
3  кезең–  функционалдық  дайындық  (3  курс).  Оның  негізгі  мақсаты  — 
кәсіби-педагогикалық іс-әрекетте АКТ-ды, соның ішінде жеке шығармашылық 
жұмыс жасау жолымен қолданудың кең мүмкіндіктерін көрсету.  
4  кезең  –  жүйелілік  дайындық  (3  курс).  Курстың  мақсаты  нәтижелерді 
тәжірибеде және ғылыми-зерттеу жұмыстарының аясында бекіту. 
Біздің педагогикалық тәжірибеміздің негізгі идеясы бүкіл оқу кезінде АКТ 
құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады. Мақсатты іске асырудың негізгі 
әлеуетінің  іргесі  дәл  осы  пәндерде  қаланады.  Біз  «Бастауышта  оқыту 
педагогикасы  мен  әдістемесі»  біліктілігі  студенттерінің  АКТ-ны  қолданудың 
жаңа мүмкіндіктеріне қатысты пәндік мазмұндарына талдау жасадық.  
Болашақ  мұғалімдердің  бойында  АКТ  құзыреттілікті  біртіндеп 
қалыптастыру  үшін  зерттеу  барысында  арнайы  бағдарлама  дайындалды.  Бұл 
құжат  «Бастауышта  оқыту  педагогикасы  мен  әдістемесі»  біліктілігі  оқу 
курсының барлық ерекшеліктерін ескереді.  
Бағдарламаның бірінші кезеңі – таныстыру кезеңі болып табылады. Оның 
мақсатты  аудиториясы  ретінде  1,2  курстың  студенттері  қатысты.  Оқушылар 
«ақпараттық-коммуникациялық  құралдар»  анықтамасымен,  олардың  кең 
тізбегімен  танысады  және  заманауи  ақпараттық  қоғамдағы  АКТ-ның  рөлін 
айқындайды.  Бұл  шаралар  базалық  пәндердің,  сондай-ақ  математика, 
статистика  және  информатика  тәрізді  жекелеген  пәндердің  аясында 
жүргізілді.Негізгі  сабақтардан  бөлек,  тәжірибелік  және  бақылау  топтарының 
студенттерімен факультативтер мен АКТ мүмкіндіктері туралы жеке-дара кеңес 
беру дәрістері өткізілді.  
Екінші  (қалыптастырушы)  кезең  студенттерді  болашақ  кәсіби  қызметінде 
өзіндік, танымдық және шығармашылық жұмыстар арқылы АКТ-құзыреттілікті 
қалыптастырудың  дидактикалық  жүйесімен  таныстыруға  бағытталды.  Осы 
мақсатта  педагог  жұмысындағы  АКТ-ның  мүмкіндіктеріне  арналған  арнайы 
пән жасап шығарылды. Пәннің теориялық және тәжірибелік бөліктері мынадай 
тізбек  бойынша  жүзеге  асырылды:  «дәріс–тәжірибе–  тренинг  немесе  ойын–
шығармашылық жұмыс (курстық жұмыс, реферат жазу). 
Рөлдік ойындар, тренингтер, типтік емес міндеттерді шешу, өзіндік жұмыс, 
факультативтер, шығармашылық іс-әрекет студенттердің бойында әдеттен тыс 
жағдайларда  АКТ-мен  жұмыс  дағдыларын  қалыптастыруға  мүмкіндік  берді. 
Арнайы  курстан  бөлек,  тәжірибеге  қатысушылар  педагогика,  психология, 
философия 
тәрізді 
бейіндік 
пәндердің 
аясында 
АКТ-ны 
қолдану 
мүмкіндіктерімен 
танысты. 
Курсты 
оқып-үйрену 
аяқталған 
соң, 
респонденттерге  білім  беру  кеңістігінде  ақпараттық-коммуникациялық 

160 
 
құралдарды  қолданудың  әртүрлі  қырларына  арналған  курстық  жұмысты  жазу 
ұсынылды.  
Үшінші  кезеңде  болашақ  кәсіби  іс-әрекетте  АКТ-мен  жұмыс  істеудің 
тәжірибелік  дағдыларын  қалыптастыру  құралы  ретінде  педагогикалық 
тәжірибеге екпін берілді. Оның барысында АКТ-мен жұмыс істеу білімдері мен 
дағдылары түзетіліп, ақпараттық құралдардың сабақты сәтті ұйымдастыру мен 
өткізудегі рөлі туралы бірыңғай дүниетаным қалыптастырылды. Курс аяқталған 
соң студенттер дипломдық жұмыс жазды.  
АКТ-құзыреттілікті  қалыптастырудың  арнайы  курсын  жасау  кезінде  біз 
төмендегі факторларды негізге алдық: 
–АКТ-мен  жұмыс  істеу  білімдері  мен  дағдыларының  деңгейін  арттыру 
кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы тиіс; 
–бағдарлама оқыту мақсаттарына сәйкес келуі керек; 
–бағдарлама  әмбебап,  яғни  кез-келген  оқу  орнында  қолдануға  болатын 
бағдарлама санатына жатуы тиіс
–арнайы курсты іске асыру үшін стандартты жабдық, мысалы: Ғаламторға 
қосылған компьютер болса жеткілікті. 
Арнайы курсты жасау бірнеше кезеңнен тұрды: 
1. Арнайы 
курстың 
мазмұнын 
жоспарлау. 
«Бастауышта 
оқыту 
педагогикасы  мен  әдістемесі»  біліктілігінің  студенттері  үшін  пәннің  ұзақтығы 
30  (90)  академиялық  сағатты  құрайды.  Курс  материалды  барынша  сапалы 
ұғыну  және  АКТ-мен  жұмыс  істеудің  жаңа  дағдыларын  игеру  үшін 
функционалық  дайындық  деңгейінде  енгізіледі  (3  курс).  Теориялық  және 
тәжірибелік білімдерді ұйымдастыру мен берудің нысандары: лекция, іскерлік 
ойындар, ғылыми конференция, жеке-дара кеңес беру, шығармашылық жұмыс 
және т.б. болып табылады.  
Бірінші тақырып АКТ: инклюзивті білім беруге енгізудегі қиындықтар мен 
мүмкіндіктер  таныстыру  сипатына  ие.  Ұйымдастыру  нысаны–  лекция, 
ұзақтығы  1  аудиториялық  сағат.  Оның  аясында  төмендегі  мәселелер 
қарастырылады: 
–АКТ ұғымы және оның оқу үдерісінің тиімділігін арттырудағы рөлі; 
–АКТ ақпараттандыру дәуірінде: болашақ мүмкіндіктері; 
–  компьютерді  оқуда  қолдану  (жағымды  сәттері,  білімді  тұлғаны 
қалыптастырудағы  компьютердің  рөлі,  тәжірибелік  құндылығы  бар  ақпаратты 
алудағы компьютер мен Ғаламтордың мүмкіндіктері және т.б.). 
Бастауыш 
мектептегі 
оқыту 
үдерісінде 
АКТ-ны 
пайдаланудың 
маңыздылығы» (лекция, 1 сағат) төмендегі мәселелердің бетін ашады: 
–«Бастауышта  оқыту  педагогикасы  мен  әдістемесі»  біліктілігінің 
студенттерін кәсіби дайындау үшін АКТ-ны қолданудың артықшылықтары; 
–оқу пәндерін сәтті меңгерудегі АКТ-ның рөлі; 
–АКТ коммуникациялық қабілеттерді қалыптастыру құралы ретінде. 
Үшінші  тақырып  «Ғаламтор  желісі:  оқу  және  кәсіби  іс-әрекетүшін 
артықшылықтары,  мүмкіндіктері,  болашағы».  Ұйымдастыру  нысаны:  лекция, 
ұзақтығы 1 аудиториялық сағат және тәжірибелік дәріс (1 сағат). 

161 
 
Бұл тақырыпты өту барысында төмендегі мәселелер қамтылды: 
–Ғаламтор желісінің негізгі ұғымдарымен таныстыру; 
–Ғаламтордың жағымды және кері жақтары; 
–Ғаламтордың пайда болу тарихы; 
–негізгі коммуникациялық қызметтерге шолу жасау; 
–Ғаламтор желісін қауіпсіз пайдалану негіздері. 
Бұл  тақырып  аясында  информатика  кабинетінде  тәжірибелік  дәріс 
өткізілді.  Студенттер  негізгі  іздеу  жүйелерімен  және  білім  беру  бағытындағы 
сайттармен танысты.  
Тәжірибелік  дәріс  студенттерге  Yandex,Google,  Yahoo,  AltaVista, 
Teomaжәне  басқа  да  орыс  тілді  және  ағылшын  тілді  іздеу  жүйелерімен  жұмыс 
істеуді үйретуді көздеді. Дәріс соңында әрбір тәжірибеге қатысушы «Ғаламтор 
желісінен  алынған  ақпаратты  педагогикалық  қызметте  қалай  пайдалануға 
болады?» деген сұраққа жауап берді. 
Тәжірибелік  сабақтың  келесі  тақырыбы  «Ғаламтор  желісінің  негізгі 
сервистері мен қызметтері. Ақпаратты ақылды іздеу стратегиясы» деп аталды. 
Дәріс барысында студенттер электронды пошта, домендер,телеконференциялар, 
FTP сервисі, шынайы уақыттағы мәтіндік қарым-қатынасты қолдау сервистері 
және  т.б.  туралы  ақпарат  алды.  Негізінен,  сабақ  барысында  Google, 
AllTheWeb.com, Yahoo, MSN Search тәрізді іздеу жүйелері пайдаланылды. 
Студенттер  өз  бетінше  электронды  пошта  ашып,  ол  арқылы  бір-біріне 
қабылдаушының ерекшеліктерін ескере отырып  хабарлама жіберуі тиіс болды 
(қатысушыларға  нақты  ерекшеліктерді  шартты  түрде  бөліп  беру  керек).  Одан 
әрі  әрбір  тәжірибеге  қатысушы  сайтқа  төмендегі  алгоритм  бойынша  талдау 
жасауы тиіс болды: 
– интернет-ресурстың атауы және оны жасаушы; 
–сайтта кері байланыстың болуы; 
–мақсатты аудитория; 
–сайтта жарияланған материалдардың авторлары; 
–орналастырылған ақпараттың өзектілігі. 
Соңында әр студент өз оқуында немесе болашақ еңбек іс-әрекетінде сайтта 
орналастырылған  материалды  қолдану  мүмкіндігі  бойынша  кері  байланыс 
берді. 
Бесінші  тақырыпМүмкіндігі  шектеулі  балалармен  жұмыс  істеу  кезінде 
АКТ-ны пайдалану кезіндегі психологиялық кедергіні жою1 сағаттық лекцияда 
қамтылды. Оның аясында төмендегі мәселелер қарастырылды: 
–мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  (нашар  еститін  балалар)  жұмыс  жасау 
кезінде АКТ-ның мүмкіндіктері; 
–студенттердің  АКТ-ны  қолдану  мәселесі  бойынша  құзыреттілікті 
қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері; 
–компьютерлік  технологияларды  қолдана  отырып  материалды  тиімді 
игерудегі кедергілер. 
Алтыншы  тақырып–  АКТ  мен  дамуында  ерекшеліктері  бар  балаларға 
арналған  арнайы  құралдардың  көмегімен  оқу,  сөйлеу,  лексика,  фонетика 

162 
 
дағдыларын  жетілдіру  Материалды  ұсыну  нысаны–  дәріс  және  тәжірибелік 
дәріс (1 сағат). 
Тілді  жетілдіру  интернет-конференцияларды  қолдану,  компьютерлік 
технологиялармен,  бейне-чаттармен  және  т.б.  жұмыс  істеу  жолымен  жүзеге 
асырылды.  
Оқу,  тыңдау  және  жазу  дағдыларын  қалыптастыру  мамандандырылған 
білім  беру  ресурстарында  орналастырылған  ақпараттық  материалды  дауыстап 
оқу;  материалдық  тәжірибелік  құндылығын  талдау;  мәтіндерді  қабылдауды 
түрлендіру  тәсілдерін  пайдалану;  тілдік  кедергілерді  өз  бетінше  жою;  арнайы 
жаттығу бағдарламаларын қолдана отырып орфографиялық дағдыларды игеру; 
грамматикалық қателерді автоматты түрде анықтау жүйесін қолдануды үйрену; 
анықтамалық  сервистермен  жұмыс  істеу  және  т.б.  жолдармен  жүзеге 
асырылды. 
Тәжірибелік  дәрістер  барысында  студенттер  өздерінің  тілдік  дағдыларын 
арттыруға  қажетті  әлеуеттің  бар-жоғын  анықтау  үшін  Learn  English-British 
Council; ВВС Worid Service – Learning English; Би-би-си орысша қызметі– Learn 
English сайттарына талдау жасауға тиіс болды. 
Жұмыс  топтарда  орындалды.  Талдау  аяқталған  соң,  әр  топтың  өкілі 
алынған  нәтижелерімен  бөлісті,  сосын олар  талқылауға  кірісті.  Дәріс  соңында 
әрбір  студент  сұрақтар  құрап,  оны  топ  мүшелерінің  біріне  электронды  пошта 
арқылы жөнелтті.  
Жетінші  тақырып  –  «АКТ-ны  қолдана  отырып  жекелеген  пәндерді  оқыту 
бағытындағы  өзіндік  және  ұжымдық  жұмыстарды  ұйымдастырудың 
ұйымдастырушылық  және  психологиялық  қырлары»  (1  аудиториялық  сағат: 
дәрісжәне тәжірибелік дәріс). Дәрістік материалды ұсыну барысында төмендегі 
мәселелер көрсетілді: 
–АКТ-ны қолдана отырып өз бетінше оқу мәселелері; 
–оқытудағы жеке-дара және ұжымдық тәсілдер; 
–жобалар әдісі, ынтымақтастық әдістемесі
–жекелеген пәндерді шағын ұжымдарда оқытудың жағымды жақтары және 
т.б. 
Тәжірибелік дәрістің тапсырмалары мыналардан құралды: 
а)  әртүрлі  жас  топтар  үшін  тілдік  қызметінің  алуан  түрінен  тапсырмалар 
дайындау; 
б) тілдік емес пәндері оқыту барысында өзінің АКТ-ны қолдану жобасын 
жасау; 
в) таныстырылымды рәсімдеу және талқылау. 
Сегізінші  тақырып  Ақпараттық  құралдарды  пайдалана  отырып  оқытуды 
ұйымдастыру(1  сағат).  Дәрісте  сабақты  АКТ-ны  қолдана  отырып 
ұйымдастырудың  ерекшеліктері,  оның  түрлері  мен  құрылымы  туралы 
әңгімеленді.  Сонымен  қатар,  ақпараттық  құралдарды  қолдана  отырып 
факультативтік дәрістер мен сабақтан тыс шығармашылық жұмыстарды жасау 
тақырыбы қозғалды.  

163 
 
Негізгі  назар  пәнді  үлгілендіру,  ұқсастыру  немесе  салыстыру  есебінен 
егжей-тегжейлі  зерттеу  мүмкіндігіне  аударылды,  сондай-ақ  жекелеген 
пәндердің  сабақтарында  АКТ-ны  пайдалану  мүмкіндіктері  көрнекі  түрде 
көрсетілді.  
Алынған  білімдер  мен  АКТ-мен  жұмыс  істеудің  тәжірибелі  дағдылары 
негізінде  студенттерге  ақпараттық-коммуникациялық  құрал  қатыстырылған 
дәрісті  өз  бетінше  ұйымдастырудың  бірегей  мүмкіндігі  берілді.  Одан  әрі  әр 
топтың  өкілі  осындай  сабақтың  үзіндісін  көрнекі  түрде  көрсетіп,  АКТ-ның 
жағымды  жақтары  туралы  әңгімеледі.  Сосын  әрбір  жоба  талқыланып,  үдемелі 
АКТ-ны қолдана отырып оқытудың бірыңғай тұжырымдамасы жасалды.  
Тоғызыншы  тақырып–  «Тілдік  пәндерді  оқыту  кезіндегі  АКТ.Дәріс  және 
семинар  түрінде  өткізілді.  Одан  әрі  топтардың  әрқайсысы  викторина,  іскерлік 
ойын,  олимпиада,  сынып  сағаты,  педагогикалық  жағдаяаттар  және  т.б.  тәрізді 
іс-шара жоспарын түзуі керек болды 
Оныншы тақырып– «Тілдік емес пәндерді оқыту кезіндегі АКТ». Ұйымдастыру 
нысаны–  лекция  (1  сағат).  Дәріс  барысында  студенттер  елтанудың  негізгі 
терминдерімен және білім беру қағидаларымен танысты, ғаламтордан алынған 
мәтіндердің  мәдениеттанушылық  түпнұсқалығының  өлшемдері  туралы  білді. 
Мысалы:  Ағылшын  тілін  оқыту  әдістемесі  бойынша  лекцияның  теориялық 
бөлігі елтану қырларының таныстырылымымен бекітілді. Бұл тақырыпты оқып-
үйрену 
барысында 
Travel 
to 
Britain-British 
Tourist 
Authority 
– 
www.travelbritain.org. 
Visit 
Britain-British 
Tourist; 
Authority 

www.visitbritain.com,Visit  London-London  Tourist  Board  -  www.visitlondon.com, 
Britannia.com - www.britania.comжәне басқа да сервистер пайдаланылды.  
Он  бірінші  тақырып–  «Фонетиканы  жетілдіру  кезіндегі  АКТ». 
Ұйымдастыру  нысаны  —  семинар  (1  сағат).  Оның  барысында  студенттер 
төмендегі ұғымдармен танысты: 
–оқыту кезінде АКТ-ны қолданудың артықшылығы; 
–грамматиканы оқып-үйрену кезінде пайдаланылатын негізгі АКТ, арнайы 
аппаратураларды (есту аппараты, ұлғайтқыштар және т.с.с.) пайдалану. 
–  мультимедиялық  бағдарламалар  тілдің  фонетикалық  жағын  оқытудың 
тиімді құралы ретінде; 
– 
АКТ-ны 
қолданған 
жағдайда 
санамақтармен, 
әндермен, 
жаңылтпаштармен жұмыс істеу; 
–сөйлеу үлгілерін онлайн режимінде оқу және айтып шығу. 
Он  екінші  тақырып–  «Лексиканы  оқыту  үшін  АКТ-ны  пайдалану». 
Ұйымдастыру нысаны — тәжірибелік дәріс (1 сағат). Іс-шараның мақсаттары: 
–білім алушылардың бойында тыңдау мен оқудың рецептивті дағдыларын 
қалыптастыру; 
– электронды сөздіктер мен анықтамалықтарды пайдалануға үйрету; 
–өнімді  лексикалық  дағдыларды  қалыптастыру  кезінде  АКТ-ның 
мүмкіндіктері туралы түсініктерді кеңейту. 
Тәжірибелік  дәріс  барысында  төмендегі  ағылшынтілді  сайттар 
пайдаланылды: 

164 
 
–http://www.eun.org -EuropeanSchoolnet (мұғалімдер мен білім алушыларға 
арналған ақпараттардан тұратын Еуропалық білім беру желісі); 
–http://www.english-to-go-com/сабақтарды  құрудың  типтік  нысандарынан 
тұратын сайт); 
–http://www.alberts.com/  (аса  көрнекті  американдық  және  еуропалық 
ғалым-педагогтардың  біртума  материалдары  орналастырылған  интернет-
ресурс); 
–http://www.linquanet.org.uk/  (оқушылар  мен  мұғалімдерге  арналған  аса 
үлкен көлемдегі пайдалы ақпараттардан тұратын сайт); 
–  Education.Systems  Аnri  (емтиханға  дайындалуға  арналған  көмекші-
бағдарлама; үлкен көлемдегі анықтамалық-ақпараттық ақпараттан тұрады). 
Тәжірибелік  тапсырмада  студенттер  жоғарыда  көрсетілген  сайттардың 
біріне  орналастырылған  мәтінге  семантикалық  талдау  жасап,  материалда 
пайдаланылған лексикалық бірліктерді бөліп көрсетуі тиіс болды. 
Он  үшінші  тақырып–  «Грамматиканы  оқыту  кезінде  АКТ-ны  қолдану. 
Ұйымдастыру нысаны — тәжірибелік дәріс (1 сағат). Дәрістің негізгі мақсаты–
студенттердің  жазба  тіліндегі  грамматикалық  дағдыларын  қалыптастыру  және 
грмматика  бойынша  электронды  анықтамалықтармен  және  автоматты 
қателіктерді анықтау жүйесімен жұмыс істеуге үйрету. 
Он  төртінші  тақырып–  «Педагогикалық  басқару  саласы  мен  мұғалімнің 
шығармашылық  қызметіндегі  АКТ-ның  рөлі».  Ұйымдастыру  нысаны–  лекция 
және  тәжірибе  (барлығы  4  сағат).  Лекциялық  бөлігі  –  ғылыми-зерттеу 
жұмыстары 
барысында 
компьютерлендіру 
жетістіктерін 
қолданудың 
маңыздылығы  мәселелеріне,  ал  тәжірибелік  бөлігі  –  стцденттердің  бойында 
дамуында ерекшеліктері балаларға ақпаратты жедел жеткізу және жүйелендіру 
дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне арналды.  
Он  бесінші  тақырып–  «Инклюзивті  мектептің  бастауыш  сыныптарында 
тілдік  пәндердегі  оқытудағы  АКТ-ның  рөлі».  Ұйымдастыру  нысаны–ғылыми 
конференция, оның аясында студенттер өздерінің шығармашылық жұмыстарын 
қорғады.  
Арнайы  курсты  оқып-үйрену  кезінде  біз  стандартты  теориялық  оқыту 
нысандарын  (дәрістер,  әңгімелесулер,  жеке-дара  кеңес  берулер)  және 
тәжірибелік  дәрістерді  бағдар  етіп  алдық.  Анықтау  барысында  студенттердің 
шығармашылық  жұмысынан,  тәжірибелік  дәрістерден  және  іскерлік 
ойындардан тұратын тәжірибелік әдіс ең тиімдісі екені анықталды.  
В.  П.  Беспалько  [209]  АКТ-ны  оқып-үйренудің  ең  өнімді  әдістері  белгілі 
бір  салада  ақпараттық-коммуникациялық  құралдардың  нақты  мүмкіндіктерін 
көрсету  болып  табылады  деп  атап  көрсетті.  Дәл  осы  әмбебап  әдіс  біздің 
педагогикалық  тәжірибеміздің  қалыптастырушы  кезеңінде  қолданылды. 
Айталық,  «АКТ-ны  қолдана  отырып  сабақты  ұйымдастыру  нысандары» 
тақырыбын  оқып-үйрену  кезінде  студенттерге  ақпараттық-коммуникациялық 
құралдарды  қолдана  отырып  өз  бетінше  сабақ  пен  сабақтан  тыс  дәрісті  жасау 
ұсынылды.  Осы  жұмыстың  барысында  АКТ-ның  басқа  пәндермен  пәнаралық 

165 
 
байланысы  ескерілді.  Тәжірибелік  дәріс  аяқталған  соң,  барлық  респонденттер 
АКТ-ны қолдану оқытылатын пәнге көңіл бөлуді арттыратынын мәлімдеген.  
Бірқатар ғалымдар (А. Г. Толоконников [210], С. Т. Тулегенова [211], Е. С. 
Полат  [212,  213]  оқытудың  табысты  болуы  материалды  жақсы  игеруге 
көмектесетін  әдістемелерді  дұрыс  таңдап  алуға  байланысты  екендігін  атап 
көрсеткен. Тәжірибе барысында біз репродуктивті әдісті (материалды АКТ-ны 
қолдана  отырып  оқып-үйрену)  және  репродуктивті-шығармашылықәдісті 
(АКТ-ны  қолдана  отырып  сабақты  немесе  сабақтан  тыс  дәрісті  жобаламау) 
пайдаландық. 
Арнайы  курс  барысында  бақылаудың  2  түрі:  ағымдық  және  қорытынды 
бақылау қолданылды. Ағымдық бақылау тәжірибелік тапсырмалар мен өзіндік 
жұмысты  тексеруді  көздеді.  Мысалы,  АКТ-ны  қолдана  отырып  өз  бетінше 
сабақты дайындау барысында мыналар бағаланды: 
–АКТ-ны пайдаланудың дұрыстығы; 
–таңдап алынған тақырыптың сәйкестігі; 
–сабақты жоспарлау кезеңінде компьютермен жұмыс істеуді ұйымдастыру 
және т.б. 
Қорытынды  бақылау–бұл  рефераттардың,  курстық  және  шығармашылық 
жұмыстардың түпнұсқалылығы мен әдістемелік тиімділігін бағалау. 
Біздің педагогикалық тәжірибемізде оқу-тәрбие тәжірибесіне ерекше көңіл 
бөлінді.  Ол  «Бастауышта  оқыту  педагогикасы  мен  әдістемесі»  біліктілігі 
студенттерінің  АКТ-құзыреттілігін  қалыптастыру  бағдарламасының  аяқтаушы 
буыны  болып  табылады.  Тәжірибе  барысында  студенттердің  АКТ-
құзыреттілігінің жекелеген құрамдастарына түзету жүргізілді.  
Педагогикалық  тәжірибеге  қатысушылардың  АКТ-құзыреттілігін  түзету 
оқыту жоспарына сәйкес тәжірибелік дәрістерде де өткенін атап айтқан жөн.  
«Бастауышта 
оқыту 
педагогикасы 
мен 
әдістемесі» 
біліктілігі 
студенттерінің оқу-зерттеу іс-әрекеті төмендегідей бағыттарда жүргізілді: 
–компьютерлік  сыныптағы  жұмыс  жоспары  бойынша  әдістемелік 
ұсыныстармен танысу; 
–мектепте АКТ-ны пайдалану мәселелерімен танысу; 
–педагогикалық  тәжірибе  кезеңінде  АКТ-ны  пайдалануға  арналған 
семинарларға қатысу; 
–тәжірибе  кезеңінде  АКТ-ны  қолдану  саласындағы  жеке  жетістіктерін 
талдау; 
–шығармашылық (курстық немесе дипломдық) жұмыс жоспарын жасау; 
–курстық немесе дипломдықжұмысты жазу үшін материалды жинау және 
жүйелендіру. 
Тәжірибелік  және  бақылау  топтарының  студенттері  үшін  курстық 
жұмыстардың төмендегідей тақырыптары ұсынылды: 
1.  «Инклюзивті  мектепте  құзыреттілік  тәсілді  қалыптастыру  құралы 
ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану». 
2.  «Сараланған 
сынып 
оқушыларының 
ұжымдық 
қызметін 
ұйымдастырудағы АКТ». 

166 
 
3.  «Жекелеген  пәндерді  оқыту  барысында  интерактивті  нысандарды 
пайдалану» (арнайы оқыту бағдарламаларының үлгісімен). 
4.  «Инклюзивті 
мектепте  шет  тілі  бойынша  факультативтерді 
ұйымдастырудағы АКТ». 
5.  «Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  тілдік  мүмкіндіктері 
әртүрлі 
мектеп 
оқушыларының 
тілінің 
грамматикалық 
құрылымын 
қалыптастыру және сөздігін дамыту құралы ретінде». 
6.  «Инклюзивті 
мектептің 
бастауыш 
сынып 
оқушыларында 
фонематикалық 
үдерісті 
дамытудағы 
ақпараттық-коммуникативтік 
технологиялар». 
7.  «Сараланған  сыныптың  оқушыларында  лексиканың  дамытудағы 
ақпараттық-коммуникативтік технологиялар». 
8.  «Компьютерлік 
бағдарламаларды 
қолдана 
отырып, 
дамуында 
ерекшеліктері  бар  балаларға  шет  тілін  оқытуды  ұйымдастырудың 
психологиялық-педагогикалық қырлары». 
9.  «Технологиялық  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  оқушыларға  шет 
тілін оқыту барысында компьютерлік бағдарламаларды қолдану негізгі фактор 
ретінде». 
10. «Түпнұсқаға  барабар  материалдар  коммуникациялық  мүмкіндіктері 
әртүрлі  балалардың  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастырудың  негізгі 
бөлігі ретінде». 
11. «Инклюзивті 
мектеп  оқушыларының  сабақтан  тыс  жұмысын 
ұйымдастырудағы Ғаламтор». 
12. «Инклюзивті білім беру жағдайында білім алатын оқушыларға АКТ-ны 
пайдалана отырып жобалау әдісімен оқыту». 
13. «Шет  тілі  сабағы  барысында  ағылшын  тілді  интернет-ресурстарды 
кедергісіз пайдалану». 
14. «Инклюзивті  мектептің  бастауыш  сыныптары  педагогының  басқару 
қызметіндегі АКТ». 
Педагогикалық  тәжірибе  барысындағы  барлық  тапсырмалар  төмендегі 
бағыттардың өзара байланысын қамтамасыз етті: 
а)  мотивациялық-бағдарлық  (студенттер  АКТ-ны  қолдану  жөніндегі 
теориялық  білімдер  мен  тәжірибелік  дағдылардың  рөлін  ұғынды,  өз 
құзыреттіліктерін талдады және бағалады); 
б)  мазмұндық  (тәжірибеге  қатысушылар  әдеттегі  және  әдеттен  тыс 
жағдайларда АКТ-ны пайдалану әдістерін меңгерді); 
в)бекітуші  (педагогикалық  тәжірибе  барысындағы  мектеп  оқушыларымен 
жұмыс 
білім 
алушылардың 
жеке-дара 
ерекшеліктерін, 
олардың 
жасерекшеліктерін  және  материал  мен  дағдыларды  меңгеру  қабілетін  ескере 
отырып жүзеге асырылды). 
Осылайша, 
оқу-тәрбие 
жұмыстары 
біздің 
тәжірибеміздің 
қорытындылаушы буынына айналды.  
Тексеру  кезеңі  екінші  жылдың  соңына–2016  жылдың  мамыр  айынатура 
келді. Оның барысында төмендегі міндеттер белгіленді: 

167 
 
– қалыптастырушы кезеңдегі бағдарламаның тиімділігін бағалау; 
–тәжірибеге қатысушылардың оқу және педагогикалық іс-әрекеттегі АКТ-
ға көзқарасын анықтау; 
–тәжірибелік  және  бақылау  топтарындағы  респонденттердің  АКТ-
құзыреттілігін бағалау; 
–студенттердің  танымдық  қызметіне  ықпал  ететін  психологиялық 
ерекшеліктерін анықтау. 
Педагогикалық  жұмыстың  тиімділігін  тексеру  үшін  біз  анықтаушы 
эксперименттің  кезеңінде  пайдаланған  әдістемелерді  қолдандық.  Одан  әрі 
салыстырмалы талдау жүргізілді. 
Айталық,  жұмыс  қабілеттерін  бағалау  үшін  Тулуз-Пьерон  тесті 
қолданылды.  Оның  нәтижелері  көрсеткендей,  тәжірибенің  соңына  қарай 
студенттердің жұмыс қабілеті бұрынғы деңгейінде қалды: тәжірибелік топтың 
студенттері үшін – 95% және бақылау тобы үшін – 97% (20 кесте). Осылайша, 
тәжірибенің соңына қарай студенттердің жұмыс қабілеті өзгерген жоқ. Бұл оқу 
үдерісіндегі жұмыс жүктемесенің оңтайлы болғандығын айғақтайды (20-кесте).  
 
Кесте  20    -  Тулуз-Пьерон  тесті  бойынша  тәжірибеге  қатысушылардың  жұмыс 
қабілеті 
 
Тобы 
Диагностикалық 
кезеңі 
(Экспериментке 
дейін) 
Тексеру кезеңі 
 (Эксперименттен 
кейін) 
Сенімділік 
коэффициенті 
Тәжірибелік топ 
0,96 
0,95 
р ≥ 0,05 
Бақылау тобы 
0,97 
0,97 
р ≥ 0,05 
 
М.Люшердің түстер тестін қайта  жүргізу тек алынған нәтижелерді растап 
берді (21-кесте).  
 
Кесте 21 – М.Люшердің түстер қалау тесті бойынша зерттеу нәтижелері 
 
Өлшем/ 
топ 
Оқуға оң көзқарас 
Кәсіби қызметке оң көзқарас 
Сенімділік 
коэффицие
нті 
Диагностикалық 
кезеңі 
(Экспериментке 
дейін) 
Тексеру 
кезеңі 
(Эксперимент
ке дейін) 
Диагностикалы
қ кезеңі 
(Экспериментк
е дейін) 
Тексеру кезеңі 
(Экспериментк
е дейін) 
 
Тәжіриб
елік 
54% 
47% 
32% 
49% 
р < 0,05 
Бақылау 
55% 
54% 
62% 
50% 
р < 0,05 
Осылайша,  тәжірибелік  топтағы  қатысушылардың  оқуға  деген  оң 
көзқарасы төмендеді (диагностикалық кезеңінде – 54% және тексеру кезеңінде 
–  47%    тіркелді).  Есесіне  респонденттер  өздерінің  болашақ  педагогикалық 
қызметіне  бұрынғыдан  дұрыс  қарай  бастады:  диагностикалық  кезеңіндегі 

168 
 
студенттердің  32%-ының  орнына  тексеру  кезеңіндегі  62%.  Осылайша,  кәсіби 
қызметке  деген  оң  көзқарас  оқу  үдерісіне  деген  көзқарастан  озып  тұр.  Бұдан 
шығатын  қорытынды,  бұл  құбылысты  студенттердің  2  курста  оқуға  деген 
қажеттіліктерін  қанағаттандырып,  өздеріне  кәсіби-педагогикалық  қызметінде 
қажет  болатын  білімдер  мен  дағдыларға  көбірек  көңіл  бөле  бастауымен 
байланыстыруға болады.  
Тексеру  кезеңінде  басқа  нәтижелер  алынды.  «Оқуға  оң  көзқарас»  өлшемі 
бойынша төмендеу шамалы ғана — диагностикалық кезеңінде 55%-дан тексеру 
кезеңіндегі 54%-ға дейін. «Кәсіби іс-әрекет оң көзқарас» өлшеміне келсек, оның 
мәні  диагностикалық  кезеңінде  2%-ға  азайған  (50%-дан  48%-ға  дейін)  Бұдан 
бақылау  тобының  студенттері  өздерінің  оқуға  деген  қажеттіліктерін  толық 
қанағаттандырмаған  деген  қорытынды  жасауға  болады.  Зерттеу  нәтижелері 
олардың  кәсіби  қызметке  дайындығы  тәжірибелік  топтың  респонденттеріне 
қарағанда аздау екендігін көрсетті. Осылайша, топтардың «Оқуға оң көзқарас» 
және  «Инклюзивті  мектептегі  кәсіби  қызметке  оң  көзқарас»  өлшемдері 
бойынша айырмашылықтары бар.  
Жасалған тұжырымдар тек дивергентті ойлау тестінен кейін ғана расталды 
(22  кесте).  Тексеру  кезеңіндегі  тәжірибелік  топтың  шығармашылық  бойынша 
қорытынды балы – 71 балл. Бұл мән бақылау тобына қарағанда 9баллға жоғары 
(22-кесте). 
 
Кесте  22  –  Педагогикалық  тәжірибеге  қатысушылардың  шығармашылығын 
зерттеу нәтижелері 
 
Тобы 
Эксперимент 
кезеңі 





Жалпы 
балы 
Сенімділік 
коэффициенті 
Тәжірибелік 
Анықтаушы 


20  14  15 
61 
р>0,05 
Қалыптастырушы  8  10  23  14  15 
70 
р<0,05 
Бақылау 
Анықтаушы 


20  14  15 
61 
р>0,05 
Қалыптастырушы  6 

20  14  15 
61 
р<0,05 
 
Ескерту:  B  —  шапшаңдық;  G  —  икемділік;  O  —ерекшелік;  R  — 
өңделгендік; N — атауы 
 
Бақылау  тобындағы  қатысушылардың  шығармашылық  мәні  өзгерген  жоқ 
(61  балл).  Тәжірибелік  топтағы  респонденттерде  ең  үлкен  өзгеріс  мына 
өлшемдер  бойынша  байқалды:  «шапшаңдық»,  «икемділік»  және  «ерекшелік». 
Осылайша,  топтардың  шығармашылық  деңгейі  бойынша  статистикалық 
айырмашылықтары  бар.  Бұл  көрсеткіштің  артуы  тәжірибелік  топтағы 
студенттерге  педагогикалық  ықпалдың  болуымен  байланысты  екендігін  атап 
өткен  жөн  (шығармашылық  жұмыс,  конференцияға  қатысу,  іскерлік  ойындар, 
тәжірибелік дәрістер). 
Сонымен,  тексеру  кезеңінде  анықталғандай,  педагогикалық  тәжірибеге 
қатысушылар  «Оқуға  оң  көзқарас»,  «Кәсіби  қызметке  оң  көзқарас»,«Жұмыс 

169 
 
қабілеті»  және  «Шығармашылық»  өлшемдері  бойынша  өзгешелене  бастады. 
Бұл  педагогикалық  ықпалдың  болуымен  байланысты.  Жоспарлы  жұмыс  тек 
тәжірибелік  топпен  жүргізілгенін  ескере  отырып,  студенттердің  дамуына  дәл 
сол оң ықпал етті деп тұжырым жасауға болады.  
Тексеру  кезеңінде  жүргізілген  нәтижелік  зерттеу  педагогикалық  ЖОО 
студенттерінің  АКТ-дайындығының  қалыптастушылық  бағдарламасының 
нәтижелерін бағалауға мүмкіндік берді.  
«Студент  –  АКТ-ны  тұтынушы»  блогы  бойынша  қайта  жасалған  талдау 
бақылау  тобындағы  респонденттердің  20%-ы  сол  күйі  Ғаламтордың  пайдасын 
көрмегенін  көрсетті.  Салыстырар  болсақ:  тәжірибелік  топта  мұндай  жауаптар 
мүлде  жоқ.  Бақылау  тобындағы  қатысушылардың  58,3%-ы  Ғаламторды 
пайдалы, ал 21,7%-ы — пайдалы, бірақ қолжетімсіз деп санайды. Осыған ұқсас 
мәндер анықтау кезеңінде де алынды. Тәжірибелік топ студенттерінің 78,3%-ы 
Ғаламторды пайдалы, ал 21,7%-ы — пайдалы, бірақ қолжетімсіз деп санайды. 
Бүкіләлемдік желіні қолжетімсіз деп сесептейтіндер санының 25%-дан 21,7%-ға 
дейін  айтарлықтай  азайғанын  айта  кеткен  жөн.  Бұдан  шығатын  қорытынды, 
бақылау  тобының  қатысушылары  тәжірибенің  соңына  қарай  өз  пікірлерін 
өзгерткен  жоқ,  ал  тәжірибелік  топтың  студенттері  Ғаламтордың  пайдасына  іс 
жүзінде  көз  жеткізген  соң,  Ғаламтор-технологияларына  көбірек  көңіл  бөле 
бастады.  
Компьютерде  жұмыс  істеу  мүмкіндігі  үйде  осы  техниканың  болуына 
тікелей  байланысты.  Анықтаушы  эксперимент  барысында  компьютерлер 
тәжірибелік  және  бақылау  топтарындағы  студенттердің  тиісінше  13,3%-ында 
және  11,7%-ында  болған  еді.  Педагогикалық  тәжірибенің  соңына  қарай 
компьютерде  жұмыс  істеу  мүмкіндігі  тәжірибелік  топтағы  респонденттердің 
53,3%-ында  және  бақылау  тобндағы  респонденттердің  28,3%-ында  пайда 
болды.  Бұл  ата-аналардың  білімді  адамды  қалыптастыруда  компьютерлік 
технологиялардың рөлі артып бара жатқанын түсінетінін айғақтайды.  
Анықтаушы  эксперимент  барысында  респонденттердің  ешқайсысы 
Ғаламторды  құнды  немесе  бағалы  қызмет  деп  жауап  берген  жоқ.  Алайда, 
ғаламтор  қызметтерінің  құны  айтарлықтай  жоғары  деп  есептейтін 
студенттердің  саны  екі  топта  да  азайды  (тәжірибелік  топта:  анықтаушы 
кезеңіндегі  66,7  %-дан  қалыптастырушы  кезеңіндегі  50%-ға  дейін;  бақылау 
тобында:  анықтау  кезеңіндегі  70%-дан  қалыптастырушы  кезеңіндегі  66,7%-ға 
дейін).  
Педагогикалық  тәжірибе  барысында  ата-аналардың  Ғаламтор  туралы 
пікірлері  де  өзгерді.  Тек  тәжірибелік  топтағы  ата-аналардың  25%-ы  ғана 
бұрынғыдай  Ғаламторды  қымбат  қызмет  деп  есептейтінін  мәлімдеді.  Бақылау 
тобында бұл көрсеткіш 31,7% мәнін көрсетті.  
Одан  әрі  біз  «Ғаламторға  көзқарас»  блогына  берілген  жауаптарға  талдау 
жасадық.  Тәжірибелік  топта  Ғаламтор  желісімен  ЖОО-да  да,  үйде  де  жұмыс 
істейтін  студенттердің  саны  11,7%-ға  ұлғайды  (40%-дан  51,7%-ға  дейін).    Бұл 
ретте Ғаламтормен тек ЖОО-да жұмыс істейтін қатысушылардың саны азайды 
—  60%-дан  48,3%-ға  дейін.  Өзгерістер  бақылау  тобында  да  орын  алды: 

170 
 
студенттердің 41,7%-ы Ғаламтор желісімен оқу орнында жұмыс істей бастады 
(анықтау кезеңінде бұл мән 16,7%-ды құраған болатын), 58,3%-ы Бүкіләлемдік 
желіге  қажет  болған  жағдайда  ғана  кіреді.  Тәжірибеге  қатысушылардың 
барлығы  барлық  бос  уақытын  Ғаламтор  желісінде  өткізу  дұрыс  емес  деп 
есептейді.  
Тәжірибелік  топтағы  студенттердің  6,7%-ы  Ғаламторда  жүйелі  негізде 
жұмыс  істейді  (анықтау  кезеңімен  салыстырғанда  мән  өзгерген  жоқ),  93,7%-ы 
Бүкіләлемдік  желіге  қажет  болған  жағдайда  кіреді  (бастапқы  мәні  —  43,3%). 
Бұл  топтағы  қатысушылардың  ешқайсысы  Ғаламторға  мүлде  кірмейтінін 
айтпаған.  Бақылау  тобындағы  респонденттердің  жауаптары  айтарлықтай 
өзгеріске ұшырамаған: 6,7%-ыжеліде тұрақты негізде жұмыс істейді, ал басым 
көпшілігі  Ғаламторға  қажет  болған  жағдайда  ғана  кіреді.  Алайда,  Ғаламтор 
желісінде  сирек  жұмыс  істейтін  немесе  онда  мүлде  жұмыс  істемейтіндердің 
үлесі айтарлықтай жоғары болып қалып отыр (бақылау кезеңінде 49%). Бұдан 
шығатын  қорытынды,  тәжірибелік  топтың  студенттері  бақылау  тобына 
қарағанда, Ғаламтор желісінің әлеуетіне көбірек қызығушылық танытуда.  
Студенттердің  Ғаламтор  желісіне  көзқарасын  талдай  отырып,  біз 
Бүкіләлемдік желі туралы білім көздерін анықтау үшін қайта зерттеу жүргіздік. 
Нәтижесі  көрсеткендей,  студенттер  оқу  барысында  алынған  Ғаламтормен 
жұмыс істеуге қатысты  білімдер мен тәжірибелік дағдыларды жоғары бағалай 
бастаған    (тәжірибелік  топта  13,3  %  және  бақылау  тобында  6,7%  –тиісінше 
8,3%-ға  және  6,7%-ға  қарсы).  Бақылау  тобындағы  сауалнама  алынғандардың 
48,3%-ы  арнайы  курстарға  қатысады.  Тәжірибелік  топта  мұндай  студенттер 
анықталмады.  Бұдан  педагогикалық  тәжірибе  олардың  Ғаламтор  желісінде 
жұмыс  істеу  туралы  білімдер  саласындағы  барлық  қажеттіліктерін 
қанағаттандырды деген тұжырым жасауға болады. 
Тәжірибеге қатысушылардың барлығы Бүкіләлемдік желі туралы білімдер 
мен  онымен  педагогикалық  ЖОО  қабырғасында  жұмыс  істеу  дағдыларын 
игергісі келетінін растады. Оған қоса бұл көрсеткіш тәжірибелік топта бақылау 
тобына  қарағанда  жоғары:  тиісінше  87%  және  70%.  Бұдан  шығатын 
қорытынды, ғаламтор кеңістігін меңгеру саласында білім беру мекемесіне деген 
сенім  деңгейі  тәжірибе  жүргізілген  2  жылда  екі  топта  да  артқан  (зерттеу 
басталғанда  тәжірибелік  топта  ол  70%-ды,  ал  бақылау  тобында  67%-ды 
құраған).  Бақылау  тобындағы  респонденттердің  29%-ы  өздерінің  Ғаламтор 
желісінде жұмыс істеуге қатысты білімдер мен дағдыларды басқа ұйымдардан 
алуғадайын  екендігін  мәлімдеген.  Біз  мұны  бақылау  тобының  арнайы 
дайындалған пәнді оқып-үйренбегенімен  байланыстырамыз.  
«Ғаламтор  желісінде  жұмыс  істеу  мүмкіндіктері»  блогы  бойынша 
сауалнаманы  талдау  бақылау  тобындағы  студенттердің  13,3%-ыөздерін  осы 
саланың  маманы  деп  есептейтіндіктерін  көрсетті.  Тәжірибелік  топта  бұл  мән 
тек  4%-ды  құрады.  Анықтаушы  кезеңінде  тәжірибеге  қатысушылардың 
ешқайсысы өзін мамандар қатарына жатқызған жоқ. Біздің ойымызша, бақылау 
тобының  респонденттері  өздерінің  Ғаламтор  желісінде  жұмыс  істеу 
саласындағы  теориялық  білімдері  мен  дағдыларын  айтарлықтай  әділ  бағалап 

171 
 
отырған  жоқ.  Осылайша,  сауалнама  алынғандардың  басым  көпшілігі 
(тәжірибелік  топта  97%-ы  және  бақыла  тобында  87%-ы)  өздерін  Ғаламтор 
желісін  қолданушы  деп  есептейді.  Желіде  жұмыс  істеу  бойынша  әлеуетті 
мүмкіндіктерді  бағалау  студенттердің  ешқайсысы  Ғаламторда  жұмыс  істеудің 
әлеуеті  жоқ  деп  есептемейтінін  көрсетті.  Анықтаушы  эксперимент  кезеңінде 
алынған  қорытындылар  бұдан  гөрі  төменірек  болатын:  тәжірибелік  топтың 
25%-ы  және  бақылау  тобының  47%-ы  өздерін  Ғаламтор  саласының  маманы 
ретінде елестете алмаған еді. Алайда, бақылау тобының қатысушылары өздерін 
әлеуетті  маман  дегеннен  гөрі  (47%  –  анықтау  кезеңіндегі  50%-ға  қарсы) 
қалыптасқан  маман  деп  көбірек  есептейді  (54%  –  анықтау  кезеңіндегі  2%-ға 
қарсы).  Арнайы  бағдарламадан  өткен  және  Бүкіләлемдік  желінің  кеңейтілген 
мүмкіндіктерімен  танысқан  студенттер  өздерінің  дағдыларын  дұрыс  бағалай 
бастады.  Айталық,  қалыптастырушы  кезеңінде  16  %-ы  өздерін  мамандар 
қатарына  жатқызды  (анықтау  кезеңінде–  0).  Респонденттердің  75%-ы  өздерін 
әлеуетті мамандар қатарына жатқызады (анықтау кезеңінде — 84%). 
Сауалнама алынғандардың ешқайсысы Ғаламтор туралы білімдер өздеріне 
мүлде  керек  емес  екендігін  айтқан  жоқ.  Бұл  ретте  тәжірибелік  топтағы 
қатысушылар  педагогикалық  тәжірибе  аяқталған  соң  да  олардың  білімдерге 
деген қажеттіліктері сақталғанын мәлімдеген (сауалнама алынғандардың 54%-
ы). Бақылау тобында бұл мән айтарлықтай төмендеу —респонденттердің 33%-
ы  (анықтау  кезеңінде–  25%).  Бақылау  тобындағы  қатысушылардың  жартысы 
Ғаламтор саласындағы білімдер дәл осы кезеңде өздеріне керек еместігін, бірақ 
болашақта  қажет  болатынын  атап  өткен  (анықтау  кезеңінде  бұл  көрсеткіш 
23,3%-ды  құраған  болатын).  Тәжірибелік  топта  сауалнама  алынғандардың 
барлығына  осы  саладағы  білімдер  қажет  (анықтау  кезеңінде  23%-ы  бұл 
қажеттілікті көрмеген). Осылайша, зерттеу нәтижелері тек «Бастауышта оқыту 
педагогикасы  мен  әдістемесі»  біліктілігінің  студенттері  оқу  бағдарламасы 
барысында  желі  туралы  жан-жақты  түсінік  алғандықтан,  өз  білімдерін 
бұрынғыдан гөрі дұрыс бағалай бастағанын растап берді.  
Ғаламтор  желісіне  деген  қызығушылықтың  барына  көз  жеткізген  соң,  біз 
«Студент  ғаламтор  ресурстарын  тұтынушы  ретінде»  блогы  бойынша  қайта 
тестілеу  жүргіздік.  Айтарлықтай  өзгерістер  тек  тәжірибелік  топқа  ғана  тән. 
Егер  бұрын  респонденттердің  91%-ына  бәрі  қызық  болса,  қалыптастырушы 
кезеңінде студенттердің 51%-ы оларды тек нақты бір тақырып бойынша таңдап 
алынған  ақпаратқана  қызықтыратынын  айтқан.  Бақылау  тобына  келсек,  онда 
қатысушылардың  53%-ын  бәрі  қызықтырады  (анықтау  кезеңіндегі  48%-ға 
қарсы),  ал  46%-ынанақты  тақырып  бойынша  ақпарат  қана  керек.  Мұндай 
айырмашылықтар  тәжірибелік  топтағы  студенттердің  оқу  барысында  алған 
білімдерімен түсіндіріледі.  
Бақылау  тобының  респонденттері  өз  білімдерін  бағалауға  арналған  АКТ 
мүмкіндіктерін  де  төмен  бағалаған  –ықтимал  10  балдан  3,8  балл  (анықтау 
кезеңінде– 3,4 балл) және өздерінің шынайы мүдделері үшін (анықтау кезеңінде 
4,8  балл  және  бақылау  кезеңінде  3,4  балл).  Тәжірибелік  топтың  студенттері 
аталған бағыттар бойынша үлкен әлеуетті көреді: 

172 
 
–өз  мүмкіндіктерін  бағалау  үшін  АКТ-ны  пайдалану–  8  балл  (анықтау 
кезеңінде– 5,6 балл); 
–өз  мүдделерін  жүзеге  асыру  үшін  АКТ-ны  пайдалану–  7,9  балл  анықтау 
кезеңіндегі 5,7 балға қарсы. 
«Оқу іс-әрекеттегі АКТ» блогы бойынша қайта жүргізілген сауалнама оқу 
кезінде  компьютер  барлық  дерлік  студенттерге  керек  екендігін  көрсетті.  Бұл 
ретте  тәжірибелік  топтың  респонденттері  бұл  деректі  бақылау  тобына 
қарағанда көбірек атап өткен (қалыптастырушы кезеңінде – тиісінше 58% және 
28%;  анықтау  кезеңінде–  41%  және  25%).  Қатысушылардың  ешқайсысы  оқу 
кезінде өзіне компьютердің мүлде керек еместігін айтпаған.  
Қалыптастыру кезеңі тілді меңгеру жағынан Ғаламтордың өздеріне ұсына 
алатын  мүмкіндіктері  туралы  көбірек  хабардар  деген  болжамды  растап  берді. 
Респонденттердің  99%-ы  Бүкіләлемдік  желінің  тілдерді  оқып-үйренуде  үлкен 
әлеуеті  бар  екендігімен  келісті  (анықтау  кезеңінде  тек  35%).  Сауалнама 
алынғандардың 2%-ы Ғаламтордың әлеуетін төмендеу бағалап, «иә, белгілі бір 
дәрежеде»  деп  жауап  берді  (бұрын  бұл  мән  12%-ды  құраған).  Тәжірибелік 
топтағы  қатысушылардың  барлығы  оқу  қызметінде  Ғаламторды  пайдалану 
артықшылықтарын  игерген.  Бақылау  тобында  Бүкіләлемдік  желінің 
мүмкіндіктері  туралы  тек  75%  респонденттер  ғана  біледі.  Ғаламтор  тілдерді 
меңгеруге  көмектесе  алады  деп  есептейтіндердің  саны  небәрі  25%  (анықтау 
кезеңінде  бұл  көрсеткіш  30%-ға  тең  болған).  «Иә,  белгілі  бір  дәрежеде»  деп 
бақылау  тобындағы  қатысушылардың  45%-ы  жауап  берді  (анықтау  кезеңінде 
— 42%). 
Тілдерді меңгерудегі АКТ-ның рөлін зерттеу нәтижелерін талдау, сондай-
ақ, үлкен өзгерістер тек тәжірибелік топта ғана орын алғанын көрсетті. Тілдік 
пәндерді оқытуда АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері туралы жауаптардың орташа 
көрсеткіші  8,9  балды  көрсетті  (анықтау  кезеңінде  6  балл).  Өз  білімдерін 
бағалаудағы  АКТ-ның  рөліне  берілген  жауаптардың  орташа  мәні  5,9-дан  8,7 
балға ұлғайды, ал оқуға қызығушылық пен ынталандыруды қалыптастырудағы 
АКТ-ның  рөлі  6  балдан  8,8  балға  дейін  өсті.  Бақылау  тобының  нәтижелері 
мүлде  дерлік  өзгеріссіз  қалды.  Тілдік  пәндерді  оқытуда  АКТ-ны  қолдану 
мүмкіндіктері  туралы  жауаптардың  орташа  балы  анықтау  кезеңіндегі  5,4 
балдың  орнына  6,4  балды  құрады.  Өз  білімдерін  бағалаудағы  АКТ-нің  рөлі 
туралы сұраққа берілген жауаптардың орташа мәні 1 балға ұлғайпы, 6,3 балды 
құрады, ал пәнде деген қызығушылық пен ынталандыруды қалыптастырудағы 
АКТ-ның рөлі туралы сұраққа жауап 0,9 балды құрады (бақылау кезеңінде 6,4 
балл). 
Болашақ  кәсіби-педагогикалық  іс-әрекеттегі  АКТ-ның  рөлі  туралы  қайта 
жүргізілген  сауалнама  кезінде  үлкен  айырмашылықтар байқалды.  Тәжірибелік 
топтағы  респонденттердің  87%-ы  (анықтау  кезеңінде  42%-ы)  Ғаламтор 
саласындағы  білімдер  өздеріне  болашақ  педагогикалық  іс-әрекетінде  қажет 
болатынын мәлімдеген. Осы топтағы қатысушылардың тек 13%-ы ғана мұндай 
білімдер  өздеріне  қажет  емес  деп  атап  көрсеткен  (бұрын  бұл  мән  58%-ды 
құраған).  Бақылау  тобындағы  респонденттердің  45%-ы  педагогикалық 

173 
 
қызметте  Ғаламтор  саласындағы  білімдерді  қолдану  мүмкіндіктерін  көрген 
(анықтау  кезеңінде–  58%),  ал  55%-ы  педагогтарға  Ғаламтор  қажет  емес  деп 
есептейді (бұрын бұл мән 42%) болған. 
Тәжірибелік  топтың  студенттері  қалыптастырушы  кезеңінде  кәсіби  өсуде 
АКТ-ның  маңызы  жоғарылау  екендігін  атап  көрсеткен  (5,5  балл  –  анықтау 
кезеңіндегі 4,5 балдың орнына). Шығармашылық қызметте АКТ-ны пайдалану 
қажеттілігі туралы сұраққа жауап беру кезіндегі орташа балл 9,1-ді құрады, ал 
анықтау  кезеңінде  5,4  балл  болған.  Бақылау  тобындағы  қатысушылардың 
жауаптары өзгеріссіз қалды.  
Осылайша, тәжірибелік топтағы қатысушылар тәжірибе аяқталған соң оқу 
және кәсіби іс-әрекетінде АКТ-ны қолдануға көбірек ынталандырылған болып 
шықты.  Бұл  тек  педагогикалық  ЖОО-да  білім  алушылардың  бойында  АКТ-
құзыреттілікті қалыптастырушы кезеңіндегі өтілген бағдарламаның тиімділігін 
дәлелдейді.  
Анықтау кезеңінде АКТ-ны оқып-үйренудің негізгі факторы білімдер мен 
дағдыларды  оқуда  және  кәсіби  іс-әрекетте  қолдану  болып  табылады. 
Қалыптастырушы кезеңінде қайта сауалнама жүргізілді. Нәтижелері 23 кестеде 
және 3 қосымшада келтірілген (23-кесте).  
 
Кесте23  –  Арнайы  пәндер  мен  педагогикалық  пәндер  бойынша  АКТ-ны 
пайдалану  қажеттілігі  туралы  сауалнама  нәтижесі,  сондай-ақ  ақпараттық 
құралдарды меңгеру деңгейі 
 
 
Бағаланатын 
өлшем 
Тәжірибелік топ 
Бақылау тобы 
Қажеттілігі 
Меңгеруі 
Қажеттілігі 
Меңгеруі 
Дейін  Кейін  Дейін  Кейін  Дейін  Кейін  Дейін  Кейін 









Заманауи 
ақпараттық 
қоғамдағы АКТ-
ның рөлі 
 
4,7 
5,0 
4,2 
3,3 
4,6 
4,4 
4,4 
4,6 
Кәсіби іс-
әрекетте АКТ-ны 
пайдалану 
 
4,4 
4,0 
3,2 
4,0 
3,4 
3,6 
3,6 
3,9 
ДК-мен 
қолданушы 
ретінде жұмыс 
істей білу 
 
2,3 
3,2 
3,2 
4,0 
2,3 
2,5 
3,6 
3,9 
Арнайы пәндер 
 
2,8 
4,0 
2,7 
3,9 
2,9 
3,0 
2,3 
3,4 

174 
 
23 – кестенің жалғасы 
 









бойынша 
компьютермен 
жұмыс істеу 
 
 
 
 
 
 
 
 
АКТ-ны курстық 
жұмыстарға 
пайдалану 
 
4,4 
3,7 
3,2 
4,7 
4,5 
4,3 
3,1 
3,7 
Есептеулерді 
өңдеуге арналған 
арнайы 
бағдарламаларды 
пайдалану 
3,1 
4,0  
3,0 
3,9 
3,1 
4,9 
3,0 
3,3 
Кәсіби-
педагогикалық іс-
әрекетте АКТ-ны 
пайдалану 
3,0 
3,3 
2,1 
4,1 
3,1 
3,2 
2,4 
2,7 
Компьютерлік 
техниканы 
педагогикалық 
ЖОО-да 
пайдалану 
4,8 
4,9 
3,6 
4,4 
4,4 
4,7 
3,6 
3,9 
АКТ-ны 
факультативтерде 
пайдалану 
3,9 
4,5 
2,8 
4,0 
3,3 
4,0 
2,4 
3,1 
АКТ-ны өз 
бетінше 
дайындалуда 
пайдалану 
4,0 
4,2 
3,0 
4,2 
4,1 
4,6 
3,4 
3,6 
АКТ-ны ЖОО-
дағы сабақтан 
тыс іс-әрекетте 
пайдалану 
3,3 
4,5 
4,0 
3,4 
3,5 
4,0 
4,1 
4,5 
 
«Оқу  және  АКТ»  зерттеуін  талдау  екі  топтың  да  студенттері  оқыту 
үдерісінде  компьютерлік  құралдарды  пайдалану  қажеттілігін  көреді  және 
бағалайды  (қалыптастырушы  у  кезеңінде  4,9  және  4,6  балл  және  анықтау 
кезеңінде  4,8  және  4,4  балл).  Алайда,  тәжірибелік  топтың  қатысушылары 
компьютерді  меңгеру  дәрежесін  бақылау  тобына  қарағанда  жоғарылау 
белгілеген (4,9балл – 3,9 балдың орнына). Бұрын бұл сұрақтың орташа жауабы 
3,6 және 4,0балл мәндеріне ие болған. 

175 
 
Бақылау  тобының  респонденттері  педагогикалық  пәндерді  оқытуда  АКТ-
ны  қолдану  қажеттілігін  арнайы  пәндерге  қарағанда  төмендеу  бағалайды.  Бұл 
үрдіс  қалыптастырушы  кезеңінде  де  сақталған  (орташа  жауап  педагогикалық 
пәндер  бойынша  –  2,7  балл  және  арнайы  пәндер  бойынша  –  3,0  балл).  Бұрын 
мынадай  мәндер  алынған  болатын:  тиісінше  2,2  және  2,9балл.  Бақылау  тобы 
өкілдерінің  АКТ-мен  жұмыс  істеуге  дайындығы  да  айтарлықтай  төмен: 
педагогикалық  пәндер  бойынша  –2,0  балл  және  арнайы  пәндер  бойынша  –2,3 
балл.  Дегенмен,  анықтау  тәжірибесінің  нәтижелерімен  салыстырғанда  орташа 
балл аздап өскен ( 1,7 және 2,3 балл). 
Тәжірибелік  топта  мүлде  басқа  нәтижелер  алынды.  Педагогикалық 
пәндерді  АКТ-ны  қолдана  отырып  оқыту  қажеттілігінің  дәрежесі  анықтау 
кезеңіндегі 2,0 балдың орнына 3,3 балды құрады.  
Курстық  жұмыстарды  жазу  үшін  АКТ-ны  пайдалану  қажеттілігінің 
дәрежесі бақылау тобының өкілдерінде анықтау кезеңіндегі 4,3 балдың орнына 
4,5  балды  құрады.    АКТ-ны  меңгеру  дәрежесі 4,2  балдан  4,7  балға  дейін  өсті. 
Бұдан  студенттердің  шығармашылық  қызметіндегі  АКТ-ның  рөлі  бұрынғы 
қалпында  қалып,  тек  олардың  компьютерде  жұмыс  істеу  дағдылары  ғана 
өзгерген деп тұжырым жасауға болады.  
Тәжірибелік  топта  мынадай  нәтижелер  алынды:  шығармашылық  іс-
әрекетте  АКТ-ны  пайдалану  қажеттілігі–анықтау  кезеңіндегі  2,9  балдың 
орнына  4,4  балл;  ғылыми  жұмыстарды  жазу  үшін  АКТ-ны  пайдалануға 
дайындық –анықтау кезеңіндегі 3,0 балдың орнына 4,9 балл. 
«АКТ-ны  өз  бетінше  дайындалуда  пайдалану»  өлшемі  бойынша  бақылау 
тобында анықтау кезеңіндегі 4,0 балдың орнына 5,0 балл, ал «АКТ-ны сабақтан 
тыс  қызметте  пайдалану»өлшемі  бойынша  –  бастапқы  кезеңдегі  3,1  балдың 
орнына  4,0  балл  алынды.  Келтірілген  көрсеткіштер  педагогикалық  тәжірибе 
барысында үлкен өзгерістерге ұшыраған жоқ.  
Тәжірибелік топтың өкілдерінде оқу және сабақтан тыс іс-әрекеттегі АКТ-
ның  мүмкіндіктері  туралы  бұрынғыдан  саналы  пікір  қалыптасты.  Айталық, 
«АКТ-ны  факультативтерде  пайдалану»  өлшемі  бойынша  бақылау  кезеңіндегі 
орташа балл 4,5-ды құрады (анықтау кезеңінде – 3,9). Ақпараттық құралдарды 
меңгеру деңгейін де респонденттер жоғары бағалады: қорытындылау кезеңінде 
– 4,0 балл және анықтау кезеңінде 3,0. 
«АКТ-ны  өз  бетінше  дайындалуға  пайдалану»  өлшемі  бойынша  анықтау 
кезеңіндегі  4,0  балдың  орнына  4,2  балл  алынды.  «АКТ-ны  сабақтан  тыс  іс-
әрекетте пайдалану» өлшемі бойынша орташа балл 3,3 балдан 4,5 баллға дейін 
ұлғайды.  
Алынған  нәтижелер  бақылау  тобы  студенттерінің  АКТ-ны  оқуда,  өз 
бетінше  дайындалуда  және  сабақтан  тыс  іс-әрекетте  пайдаланудың  бар 
маңыздылығын түсінетінін айғақтайды. Алайда, олардың АКТ-ны пайдалануға 
қызығушылығы тәжірибелік топтың өкілдеріне қарағанда төмендеу.  
Одан әрі біз «АКТ болашақ кәсіби іс-әрекетте» тақырыбы бойынша қайта 
жүргізілген  сауалнама  нәтижелеріне  талдау  жасадық.  Онда  сабақты 
ұйымдастырудағы  және  сабақтан  тыс  іс-әрекеттегі  ақпараттық  құралдардың 

176 
 
рөлі,  сондай-ақ  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  білу  жөніндегі 
сұрақтар  қамтылған  болатын.  Нәтижелер  көрсеткендей,  тәжірибенің  соңына 
қарай тәжірибелік топтағы студенттердің кәсіби-педагогикалық қызметте АКТ-
ны пайдалану қажеттілігі дәрежесі айтарлықтай өсті: 3,0 балдан 3,2 балға дейін. 
Бұл ретте меңгеру деңгейі 2 есе артты және 4 балды құрады. 
«АКТ-ны  сабақтан  тыс  іс-әрекетте  пайдалану»  өлшемі  бойынша  орташа 
балл  тәжірибе  соңында  2,8  балдан  3,9  балға  өсті.  Бұл  ретте  меңгеру  деңгейі 
бұрынғы  3,0  балдың  орнына  4,0  балды  құрады.  Білім  алушылардың  жас 
ерекшеліктерін  ескеру  қажеттілігі  туралы  орташа  жауап  бұрынғы  3,0  балдың 
орнына 4,5 балды құрады. Алайда, меңгеру деңгейі бұрынғы қалпында қалды – 
4 балл. 
Бақылау тобында жауаптардың көп бөлігі өзгеріссіз қалған. Шамалы ғана 
оң  динамика  «АКТ-ны  кәсіби-педагогикалық  іс-әрекетте  қолдану»  өлшемі 
бойынша  бағалау  кезінде  байқалды–  педагогикалық  тәжірибе  аяқталғанда 
бұрынғы  2,0  балдың  орнына  3,0  балл.  «АКТ-ны  сабақтан  тыс  іс-әрекетте 
пайдалану» өлшемі бойынша орташа мән 1 балға ұлғайған (анықтау кезеңіндегі 
3,0  балдың  орнына  –  бақылау  кезеңінде  4,0  балл).  Бұл  ретте  меңгеру  деңгейі 
мүлде дерлік өзгеріссіз қалған –3,1 балдың орнына 3,8 балл. «АКТ-ны қолдану 
кезінде  жас  ерекшеліктерін  ескеру»  өлшемі  бойынша  орташа  балл  тәжірибе 
соңында 4,0 балды құрады (басында– 3,2 балл). Алайда, меңгеру деңгейі мүлде 
дерлік өзгеріссіз қалған: анықтау кезеңіндегі 3,4 балдың орнына 3,2 балл. 
Сонымен,  бақылау  тобындағы  қатысушылар  оқу  іс-әрекетінде  АКТ-ны 
қолданудың жағымды жақтарын көріп отыр. Болашақ кәсіби-педагогикалық іс-
әрекетте  ақпараттық  құралдарды  пайдалану  қажеттілігін  сезіну  әзірге  төмен 
деңгейде.  АКТ-ны  кәсіби  қызметтен  гөрі  оқуда  қолдануға  дайындық  деңгейі 
жоғарылау  (17,18 суреттер) 
 
 
 
Сурет17 - Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттегі АКТ 
(дайындық деңгейін бағалау) 

177 
 
 
 
 
Сурет18 - Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттегі АКТ 
(меңгеру деңгейін бағалау) 
 
Жүргізілген  зерттеулерді  салыстыра  талдау  көрсеткендей,  «Бастауыш 
сыныптардың шет тілі мұғалімі» біліктілігінің студенттері бақылау тобындағы 
респонденттерге  қарағанда  болашақ  педагогикалық  қызметінде  АКТ-ны 
қолдануға көбірек ынталандырылған.  
«Сараланған  сыныпта  ақпараттық  құралдарды  қолдануға  ынталандыру» 
зерттеуінің нәтижелерін талдау мынаны көрсетті: 
Студенттер  АКТ-ның  мүмкіндіктерін  жоғары  бағалайды.  Әсіресе, 
тәжірибелік  топтағы  респонденттердің  бақылау  кезеңіндегі  орташа  балы 
бақылау  тобына  қарағанда  жоғары:  тиісінше  8,9  және  7,3  балл  (анықтау 
кезеңінде  —  7,8  балл).  Бұл  ретте  АКТ-ны  ойын-сауық  пен  бос  уақытын 
ұйымдастыруға  пайдалану  мүмкіндігін  бақылау  тобының  қатысушылары 
жоғарылау  бағалаған:  бақылау  кезеңінде  8,9  балл  және  анықтау  кезеңінде  9,1 
балл.  Тәжірибелік  топта  тиісінше  8,2  және  8,1  балл  мәндері  алынды.  Біз  бұл 
үрдісті  тәжірибелік  топтағы  студенттердің  ақпараттық  білім  деңгейінің 
артуымен теңдестіреміз. Педагогикалық тәжірибе барысында олар Бүкіләлемдік 
желінің 
кеңейтілген 
мүмкіндіктерімен 
танысты, 
электронды 
анықтамалықтармен  және  грамматиканы  автоматты  тексеру  жүйелерімен 
жұмыс  істеуді  үйренді,  ағылшынтілді  сайттардағы  арнайы  құралдарды 
пайдалану ежелерін және басқа да көптеген нәрселерді оқып-білді.  
Тілдік  пәндерді  оқыту  саласында  оқушылардың  ынталанушылығын 
қалыптастыру  үшін  АКТ-ны  бағалау  айрықша  қызығушылық  туғызып  отыр. 
2
2
1.5
2.3
2.7
2.1
4.1
4.5
4.2
4
4.1
4.5
1.7
3
1.3
2.3
2.4
2.5
3.4
3.3
3
3.2
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
ЖОО-да ДК-мен жұмыс
АКТ-ны қолдана отырып лекциялар мен 
конспектілер дайындау біліктілігі 
сабақ өткізу біліктіліктері 
АКТ-ны қолдану жөніндегі сәйкес әдебиетті білу 
білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру 
арнайы курстан өту 
Балл
Бақылау топтың қалыптастырушы кезеңі
Эксперимент басында бақылау топ нәтижелері
Тәжірибелік топтың қалыптастырушы кезеңі 
Эксперимент басында тәжірибелік топ нәтижелері

178 
 
Нәижелер тек біздің болжамдарымызды растап берді. Ынталандыру үшін АКТ-
ны  пайдалану  қажеттілігін  тәжірибелік  топ  бұрынғы  6,0  балдың  орнына 
тәжірибе  соңында  8,7  балмен  бағалады.  Бақылау  тобында  тек  болмашы  ғана 
өзгерістер  тіркелді:  анықтау  кезеңіндегі  5,5  балдың  орнына  бағалау  кезеңінде 
6,4 балл.  
Осылайша,  тәжірибеге  қатысушылардың  Ғаламтор  саласындағы  жеке 
қызығушылығы  артқан  деген  тұжырым  жасауға  болады.  Тәжірибелік  топтың 
студенттері болашақ қызметінде АКТ-ны пайдалануға деген ынталанушылығы 
басымдау, ал бақылау тобының респонденттері оқудағы ақпараттық құралдарға 
көбірек орын береді (19 -сурет). 
 
 
 
 
Сурет 19 –Респонденттерді оқу іс-әрекетте АКТ-ны қолдануға 
ынталандыру 
 
Студенттердің  ақпараттандыру  қоғамы  жағдайында  білімді  адам 
қалыптастыру  құралы  ретінде  АКТ-на  көзқарасы  тәжірибелік  топта  шамалы 
ғана өзгерген: анықтау кезеңіндегі 4,7 балдың орнына бағалау кезеңінде 5 балл. 
Бақылау тобында орташа мән 4,4 балдың орнына 4,6 балл, яғни өзгеріс шамалы 
ғана.  Осылайша,  педагогикалық  тәжірибеге  қатысушылардың  барлығы 
заманауи  адам  үшін  АКТ-ның  маңыздылығын  көріп  отыр  деуге  болады. 
Алайда, бақылау тобындағы респонденттердің білімі бытыраңқылау сипатқа ие 
(20-сурет). 
 
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
оқуда қолдану
өз білімдерін бағалау  
тілдік пәндерді оқыту 
4.9
5.9
6
9.2
8.7
8.9
5.4
5.3
5.4
6
6.3
6.4
Балл
Эксперимент соңында бақылау топтың нәтижелері
Эксперимент соңында бақылау тобының нәтижелері
Эксперимен соңында тәжірибелік топтың нәтижелері
Эксперимент басында тәжірибелік топтың нәтижелері

179 
 
 
 
Сурет 20 –Тәжірибеге қатысушыларды кәсіби іс-әрекетінде АКТ-ны 
пайдалануға ынталандыру 
 
«Отбасы  және  компьютер»  тақырыбы  бойынша  зерттеу  нәтижелері 
«Ғаламторға  деген  көзқарас»,  «АКТ-ны  қолдануға  ынталандыру»  және  т.б. 
зерттеулермен  өзара  қатынаста  болады.  Бұл  тек  ата-ана  қалыптастырған 
мақсаттың  барлығын  айғақтайды.  Осыған  байланысты  біз  АКТ-ны  қолдануға 
дайындықты  қалыптастыру  бағдарламасына  ата-ананың  сауаттылығын 
арттыруға бағытталған шараларды қосуды ұсынамыз (1 курста). 
Алынған  нәтижелер  болашақ  мұғалімдердің  бойында  АКТ  құзыреттілікті 
қалыптастыру  бағдарламасының  тиімділігін  айғақтайды.  Бұдан  бөлек, 
студенттердің  өздері  оқу  бағдарламасына  АКТ  мүмкіндіктерімен  танысуға 
бағытталған арнайы курсты енгізуді қолдайды (21, 22-сурет). 
 
 
 
Сурет 21 – «АКТ және инклюзивті қоғам» зерттеуінің нәтижелері (дайындық 
деңгейі) 
0
2
4
6
8
10
педагогикалық іс-әрекетте қолдану
мансаптық өсуге ықпал ету 
жекеленген пәндерді оқып-үйрену үшін деген 
ынталанушылықтың туындауы  
5.4
5.5
6
9.1
9
8.8
5
5
5.5
6.8
5.3
6.4
Балл
Эксперимент соңында бақылау топтың нәтижелері
Эксперимент басында бақылау тобының нәтижелері
Эксперимент соңында тәжірибелік топтың нәтижелері
Эксперимент басында тәжірибелік топтың нәтижелері
0
2
4
6
8
10
Инклюзивті қоғамдағы АКТ-ның рөлі 
АКТ мамандық бойынша жұмыста 
ДК-мен қолданушы ретінде жұмыс істей білу 
4.2
3.2
3.5
4
4.4
3.6
3.3
4.6
3.9
2.9
Балл
Эксперимент соңында бақылау топтың нәтижелері
Эксперимент басында бақылау тобының нәтижелері
Эксперимент соңында тәжірибелік топтың нәтижелері
Эксперимент басында тәжірибелік топтың нәтижелері

180 
 
 
 
 
Сурет 22 – «АКТ және инклюзивті қоғам» зерттеуінің нәтижелері (меңгеру 
деңгейі) 
 
Алынған  нәтижелер  тәжірибелік  топтың  студенттері  арнайы  курс 
бағдарламасының  тиімділігін  мойындайтынын,  ал  бақылау  тобындағы 
респонденттердің  оны  игеруге  мүдделі  екендігін  айғақтайды.  Қорытынды 
бақылау  нысандарын  (сынақ,  шығармашылық  жұмыс  жазу,  емтиханды) 
қолдану барлық тәжірибеге қатысушыларды АКТ-құзыреттілігі бойынша бөліп 
орналастыруға мүмкіндік берді (24-кесте). 
 
Кесте 24 – Педагогикалық ЖОО студенттерініңАКТ-құзыреттілігі 
 
Тобы/ хабардарлығы  Элементарлық  Функционалдық 
Жүйелілік 
Тәжірибелік 
16,7 
71,7 
11,6 
Бақылау 
41,7 
58,3 
5,2 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет