Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата11.02.2020
өлшемі3,87 Mb.
#57614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ИББ диссертация
ИББ, 1

сар
ап
тамалы
қ
  
 
 
талд
ам
ал
ы
-
сарап
там
ал
ы
қ 
блок
 
Қоғам тапсырысы – ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары арқылы 
кәсіби міндеттерді  шешуге қабілетті жоғары санатты мамандарды даярлау 
 
білім алушылардың ерекше білім алуға деген сұранысы 
 
Мақсаты -  инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға даярлау 
мазм
ұн
дық
 
Тұғырлар 
Құзіреттілік, жүйелілік, аксиологиялық, 
тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік, 
тәжірибелік-бағдарлық, модульді 
 Ұстанымдар 
Оқытудың өмірмен және кәсіби 
дайындық ерекшелігімен байланысы, 
ғылымилық, қолжетімділік, жүйелілік, 
сабақтастық, көрнекілік, мотивациялық 
 «Бастауыш білім беруде АКТ-ны қолдану» арнайы курс пен арнайы курс 
бағдарламасы 

99 
 
 
Оқыту формалары: 
жаппай (проблемалық дәріс, әңгімелеу), топтық, жұппен, жеке жұмыс, семинарлар, 
тақырыптық ойын, практикалық жаттығулар мен тапсырмалар, ғаламтор-
конференция, квест-жоба, жағдаяттар және т.б.) 
 
Белсенді оқыту әдістері: 
Проблемалық дәріс, АКТ-мен дәріс, миға шабуыл, жобалау әдісі 
 
Оқыту құралдар: 
Компьютерлік бағдарламалары, аудио-бейне жазбалар, Ғаламтор желісінің 
қорлары, АКТ 
 
ди
аг
н
ос
ти
к
алық
 
Компоненттер: 
-мотивациялық 
-когнитивтік 
-еріктілік 
Деңгейлері: 
-элементарлық 
-функционалдық 
-жүйелілік 
 
Нәтиже – инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдану даярлығының деңгейі жоғарылаған болашақ бастауыш 
сынып мұғалімі 
 
Сурет 7 -  Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануға 
даярлау моделі 
 
Тұлғалық-бағдарлық  тұғырдың  маңызын  ескере  отырып,  біздің  зерттеу 
жұмысымызда  мақсатты  компонент  білім  алушылардың  сұраныстарына, 
қажеттіліктеріне (сауалнама жүргізілді), тәжірибелік мекемелердің материалды 
жағдайына  (бақылау  мен  талдау  тәсілдері  қолданылды)  ескере  отырып, 
қалыптастырылды. 
Мақсатты айқындайтын міндеттер мыналар: 
-  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  ақпарттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдануға 
даярлықтың қазіргі жәйін анықтау;  
-  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  ақпарттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдануға 
даярлықтың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін айқындау;    
-  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдануға 
даярлығын қалыптастыру. 
2  Мазмұндық  блокБастауыш  білім  беруде  АКТ-ны  қолдану»арнайы 
курсы  сипатталған.  Арнайы  курс  модулды  тұғыр  теориясына  сәйкес 
құрастырылған. Модулды тұғыр шағын оқу курстарын меңгеруде дайындықтың 
жоғары нәтижелеріне қол жеткізудің ең тиімді жолы болып саналады. Модулды 
оқыту  кәсіби  іс-әрекеттің  тәжірибелерін  жүйелеу,  толықтыру  үшін  барынша 
қолайлы  жағдай  қалыптастырады.  Модулды  оқыту  сұранысқа  ие  заманауи 

100 
 
педагогты,  оның  сыни  ойлау  қасиеттерін  дамытып,  білім  алушылардың 
шығармашылық қабілеттерінің көрінуіне септігін тигізеді. 
Модулдық ұстаным даярлық бағдарламасына мынадай талаптар қойды: 
– оқытуды  бағытының  мазмұны  мен  оның  құрамдас  бөліктерін  (тараулар 
мен тақырыптарын) анықтау; 
– ақпараттық-коммуникациялық  технологияларымен  жұмыс  жасауындағы 
базалық деңгейіндегі даму біліктіліктерін ескере отырып, студенттерді оқытуда 
дифференциалды бағдарламасын құрастыру; 
– ақпараттық-коммуникациялық  технологияларымен  жұмыс  жасауындағы 
базалық  деңгейіндегі  даму  біліктіліктерін  модульдердің  мазмұнына  бейімдеу, 
білім алушылардың білімге деген сұраныстарын ескеру; 
– білім алушылармен кері байланыс орнату; 
– кері 
байланыс 
каналдары 
бойынша 
өзгерістер 
ендіру 
үшін 
бағдарламалардың ашық әрі қолжетімділігін қамтамасыз ету. 
Кері 
байланыс  мазмұны  екі 
бөліктен 
құралады: 
ақпараттық-
коммуникациялық 
технологияларды 
қолдана 
отырып, 
даярлықты 
қалыптастырудың бағалау критерийлері мен осы технологиялар негізінде білім 
алушылардың білімге, дағды мен тәжірибеге деген қажеттілігі.  
Модулдық  бағдарламаны  жобалау  барысында  мынадай  сұрақ  туындайды: 
«Оқу  бағдарламасының  мазмұны  қандай  кәсіби  мәселелерді  шешуге 
дайындайды?». Сұраққа жауап – маманның кәсіби іс-әрекеттеріне талдау жасау. 
П.А.Юцявичене  ақпарат  модулдерін  қалыптастыруға  мынадай  талаптар 
ұсынды: 
– оқу  материалын  ұйымдастыру  білім  алушылардың  дидактикалық 
мақсаттарға қол жеткізуін (кәсіби мәселелерді шешу) қамтамасыз етеді; 
– әрбір  модулдың  теориялық-әдістемелік  материалы  дидактикалық 
мақсаттарға  сәйкес  болып,  ақпараттардың  бірыңғай  блогының  мазмұнын 
көрсетуі керек; 
– жекелеген  модулдер  аяқталған  бірлік  болып,  мазмұнды  жеке  тұлғалық 
білім алуға деген қажеттіліктерге сәйкес етіп құрастыруы керек; 
– модулдың  мазмұны  құрамындағы  компоненттерге  қарай  біртұтас, 
аяқталған құрылым болып қоймай, бағдарламаның бөлігін құрайды. Ақпараттар 
модулы  мынадай  бөліктер  енеді:  мақсатты  бөлігі,  теориялық-әдістемелік  оқу 
ақпараттары,  модулды  өтудің  әдістемелік  нұсқаулығы  бойынша  ақпараттар, 
бақылау-бағалау бөлігі; 
– модулды тәсілді жүзеге асыру дегеніміз – дәстүрлі ғана емес, ақпараттық 
тәсілдер және дайындық формаларын және олардың интеграциясын білдіреді; 
– модулдың  мазмұны  пәнаралық  байланысты  жалпыкәсіби  және  пәндік 
дайындық блоктарымен байланысына негізделген. 
Білім  алушылар  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларын  қолдана  отырып,  белгілі  бір  кәсіби 
мәселелерді  шешу  тәсілдерін  толық  игерсе  ғана,  модуль  толық  өткен  болып 
саналады.  Бақылау  тапсырмаларының  кешені  дайындық  үдерісі  мен  оның 
нәтижесінің  арасындағы  кері  байланысты  құрастыру  үшін  жұмсалады.  Ол 

101 
 
студенттің  модулды  өткеннен  кейінгі  қол  жеткізген  жетістіктерін  дереу 
бағалауды  қамтамасыз  етеді.  Бақылау  тапсырмаларының  кешені  білім 
алушыларды  дайындауды  бақылау  мен  оның  өзін-өзі  бақылау  дағдысының 
қалыптасуына септігін тигізеді. 
Арнайы курсты  оқыту барысында кәсіби бағыт пен жалпыға бірдей білім 
беру  бағытындағы  оқу  пәндерінің  арасындағы  пәнаралық  байланысты 
қалыптастырылды.  Жаңа  материалды  меңгеру  студенттер  «АКТ-ны  оқыту 
әдістемесі»,  «Бастауышта  информатиканы  оқыту  әдістемесі»,  «Информатика» 
пәндері бойынша алған жалпы теориялық және тәжірибелік білімдер негізінде 
жүзеге асты. Бұл білімдер, дағдылар кәсіби мәселелерді шешудің тәжірибесіне 
ауысты.  Оны  қамтамасыз  ету  үшін  кәсіби  мәселелер  дамуында  ерекше  білім 
беруге  қажеттіліктері  бар  балаларды  оқытудың  тәжірибесінен  алынған 
формаларға алмасты. 
Арнайы  курс  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану 
даярлығының қажетті формалар, әдістер мен құралдарын айқындайды. Жұмыс 
түрлері  білім  берудегі  тұлғалық-бағдарлық  тұғырына  сәйкес  таңдалды. 
Дәстүрлі жаппай жұмысының өзара әрекеттесу формасы шектеулі. Бұл жұмыс 
формасындағы оқытушының көзқарасы мен іс-әрекетін жаңа ақпаратты жеткізу 
(проблемалық 
лекциялар, 
ақпараттық-коммуникативті 
технологияларды 
қолдана  отырып,  лекция  оқу,  тапсырмалар  мен  жаттығуларды  жасау)  үшін 
қолдануға міндетті етті. 
Басты  жұмыс  түрі  –  шағын  топтармен  жұмыс  жасау  болды.  Мұндай 
форманың  маңыздылығы  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  оқытудың 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолданудың  даярлығын 
жалпыпедагогикалық  бағыт  деңгейінде  студенттерді  дайындауда  бір-бірімен 
тығыз  өзара  әрекеттесуімен  түсіндіріледі.  Студенттер  топтарға  бөлініп,  бір-
бірімен  ынтымақтастық  барысында  жеткіліксіз  білімі  мен  дағдысын 
қалыптастыруға мүмкіндік алды. Шағын топтармен жұмыс жасаудың тағы бір 
себебі  –  даярлықтың  мазмұны  мен  оның  кәсіби  бағыттылығы  мәселесіндегі 
айырмашылықтарды анықтау. 
Жұмыстың  жеке  тұлғалық  бағдарланғандығы  білім  алушының  өз 
қарқынында  әрекет  етуіне  және  қалыптасқан  біліктіліктерін  толыққанды 
көрсетуіне септігін тигізді. Жұмыстың тағы бір маңызды формасы –жекеленген 
– 
оқытушының 
ақпараттық-коммуникативті 
технологияны 
қолдану 
жағдайындағы рөлдеріне негізделді (кеңесші, серіктес). 
Басты  тәсілдер  ретінде  белсенді  оқыту  тәсілдері  таңдап  алынды.  Бұл 
тәсілдер дәстүрлі, бірақ қазіргі заман қоғамының талаптарына сәйкес барынша 
жетілдірілген тәсілдермен (айталық, проблемалық дәріс, проблемалық семинар 
т.б.)  бірге  қолданылды.  Соған  байланысты,  әрбір  модулдың  мазмұнын  таңдау 
үдерісінде  проблемалық  жағдаттар  анықталды.  Оларды  шешуге  болашақ 
бастауыш сынып мұғалімдердің белсенділігі бағытталды.  
Проблемалық жағдаяттарды құрудың тәсілдері мынадай:  
–  проблемалық сұрақтар құру,  
–  стандартты емес кәсіби міндеттерге ұсыныс жасау т.б.  

102 
 
Проблемалық  жағдаяттың  мәні  –  қарама-қайшылықта  (қажет  етілген  мен 
ақиқаттылық, мақсат пен құралдар т.б. арасындағы). 
Құзіреттілік  тұғырда  кәсіби  мәселелер  білім  мазмұнының  бірлігі  болып 
саналады.  Кәсіби  мәселелердің  жиынтығы  кәсіби  дайындаудың  мазмұнының 
«өзегін» құраса, кәсіби құзіреттіліктің қалыптасу кезеңдері мазмұнды «күшейте 
түсудің»  логикасын  анықтайды.  Кәсіби  мәселелер  материалды  меңгерудің 
әртүрлі  деңгейлеріне  сәйкес  келеді:  жалпы  түсінік,  меңгеруді  тереңдету  және 
кәсіби  іс-әрекеттің  стандартты  ситуацияларында  шешім  қабылдай  алу, 
меңгеруді тереңдету мен стандартты емес ситуацияда жаңа тәсілдерді қолдану 
арқылы  шешім  қабылдау.  Кәсіби  мәселелерді  шешу  үдерісінің  мұндай 
сипаттамасы  оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларын 
қолдануға даярлық деңгейін айқындауға септігін тигізеді. 
Бұл  жұмысымызда  жағдаяттарды  (белгілі  бір  жағдай,  қалыпты  құрайтын 
шарттар  мен  ережелердің  сәйкестігі)  емес,  педагогикалық  жағдаяттарды 
қарастырамыз.  Соңғысы  «баланың  қалыптасуында  педагог  тәрбиелік  мақсатта 
қолданатын  педагогикалық  (соның  ішінде  дидактикалық)  шарттарының 
жүйесі» ретінде анықталады [192, б.181].  
Педагогикалық  жағдаяттың  айырмашылығы  –  ондағы  педагогтың  рөлінде. 
Педагогикалық  жағдаят  –  ерекше  білім  алуға  деген  қажеттілігі  бар 
тәрбиеленушінің даму ортасы. 
Кәсіби  мәселелерді  шешу  дегеніміз  көбінесе,  проблемалық  педагогикалық 
жағдаятты білдіреді. Себебі бұл мәселелердің туындауының шарты жаңа тәсілді 
қолдануды талап етеді. И.Я.Лернер шығармашылық әрекет тәжірибесі тек қана 
проблемалық типті ситуацияны шешу барысында қалыптасады [193].  
Проблемалық сипаттағы міндеттер мен жағдаяттар жаңа білім, дағды және 
тәжірибені  қалыптастыруға  ғана  емес,  қалыптасып  қойған  білім  мен  шешім 
қабылдау  дағдысын  шығармашылықта  қолдана  білуге  септігін  тигізеді. 
Проблемалық  педагогикалық  жағдаяттарда  игерілген  білім  мен  дағды  саналы 
түрде қалыптасып, жүйелілік сапасына ие болады. 
Модулдерді кәсіби мәселелермен толықтыру моделдің мақсаттарына сәйкес 
келеді  деген  қорытынды  жасаймыз.  Кәсіби  мәселелер  проблемалық 
педагогикалық ситуация арқылы көрініс береді. 
Оқыту құралдары – сыртқы қоршаған әлемнің таным үдерісін жеңілдететін 
негіздері 
болып 
табылады. 
Оқытудың 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларыинклюзивті  білім  беру  жағдайында  туындаған  мәселелерді 
шешу  үшін  қолданғанда  –  кәсіби  дайындықтың  маңызды  құралына  айналады. 
Сонымен  қатар,  біз  технологияларды  қолдана отырып  жүргізілген  сабақардың 
бейнежазбасын да пайдаландық. 
Оқытудың  ақпараттық  технологияларына  негізделген  білім  беру 
технологиялары екі топқа бөлінеді: 
1)  локалды компьютерлерге негізделген технологиялар (компьютердің өзі 
және  оның  бағдарламалық  қамтылуы,  оқу  құралдары,  дидактикалық 
материалдар); 

103 
 
2)  локалды  желі  мен  жаһандық  Internet  желісін  қолданатын  желілік 
технологиялар  (оқу  құралдарының  электронды  нұсқасы,  дидактикалық 
материалдар, аудио-, бейнематериалдар). 
Аудиториялық дәріс сабақтарында бірінші топтағы технологиялар  негізгісі 
болып  табылады  (көрнекіліктер  т.б.).  Тәжірибелік  сабақтарда  екінші  топтағы 
технологиялар  жиі  қолданылған,  себебі  компьютерлерді  локалды  желіге  қосу 
уақытты үнемдейді. Internet желісі ресурстардың көп бөлігіне қолжетімді етеді. 
Компьютерлер  мен  бағдарламалық  қамтамасыз  етуді  дайындау  құралы 
ретінде қолдану барысында, біз үлгінің құрамына дидактикалық ұстанымдарды 
ендірдік – оларды қолданудың тиімділігін арттырудың маңызды шарты [193]. 
Оқытудың  өмірмен  және  кәсіби  дайындық  ерекшелігімен  байланысы 
ұстанымы  –  оқыту  немесе  білім  алу  үшін  қажетті  материалдарды  таңдаумен 
тығыз байланысты. Осы ұстанымды жүзеге асыру үшін оқытудың ақпараттық-
коммуникациялық технологияларын білу заманауи құралдардың (теле-, бейне-, 
аудио-,  мультимедиялық  ақпараттық  технологиялар)  көмегімен  студенттің 
өмірлік тәжірибелерін кеңейтуге негізделген. 
Ғылымилық ұстанымы – білім мазмұнының арнайы психология мен түзету 
педагогикасының  ғылыми  салаларын  дамыту  деңгейіне  қатаң  сәйкестігіне 
қойылатын талаптар. Аталған ұстанымның тағы бір жағы – құралдарды қолдану 
әдістемесі,  мазмұны  мен  қондырғылардың  ғылымның,  білім  салалары  мен 
мәдениеттің  заманауи  деңгейіне  сәйкестігі,  сенімді  ғылыми  ақпаратты  беру 
және оқу және кәсіби іс-әрекет ету тәсілдерін қалыптастыру. 
Қолжетімділік  ұстанымы  –  оқу  материалын  оқытудың  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларын  қолдана  отырып,  түсіндіру  барысында 
логикалық реттілікті қамтамасыз ету, игерілген білім мен дағдыға сүйену. 
Аталған  ұстанымды  үлгі  құрамында  жүзеге  асыру  дайындық  деңгейін 
міндетті  түрде  ескеретін  модулдердің  мазмұны  арқылы  айқындалды. 
Ұстанымның  маңыздылығы  белсенді  білім  мен  негізгі  білім  арасындағы  тепе-
теңдікті  сақтау.  Кәсіби  даму  аумағын  кеңейту  үшін  материалды  барынша 
күрделі етіп беру керек. Бұл кәсіби даярлықтың жаңа мазмұнын игеруге түрткі 
болады. 
Жүйелілік  ұстанымы  студенттердің  білімнің  белгілі  бір  жүйесі  мен  оқыту 
үдерістері  және  оның  тиімділігін  бақылау  арасындағы  байланысты  меңгеруге 
негізделген.  
Бірізділік ұстанымы құбылыстар мен оқиғалардың даму барысындағы өзара 
байланысын  жүзеге  асыруға  негізделген.  Үдерісті  жүзеге  асырудың  модулды 
тәсілі аталған ұстанымды барынша толық айқындайды. 
Көрнекілік  ұстанымы  оқу  ақпараттарын  жылдам  әрі  сапалы  алуға  септігін 
тигізеді.  Ұстанымды  қолдану  ақпаратты  өңдеу  бойынша  ойлау  және  белсенді 
таным  әрекеттерін  дамытуға  зиян  келтірмеуі  керек.  Сондықтан,  аталған  
ұстаным  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларсабақ  құрылымындағы 
рөлі мен оның орнын анықтап, мақсатқа жету құралы ретінде назар аудартады.  

104 
 
Мотивациялық  ынталандыру  ұстанымы  құралдарға  деген  эстетикалық, 
экономикалық  талаптарды  айқындап,  дайындық  үдерісінде  дидАКТикаық 
мақсаттарға қол жеткізуді талап етеді. 
Педагогикалық  технологиялылық  ұстанымы  оқытушының  жұмысындағы 
сабақтың  әдістер  мен  тәсілдерін  анықтауда  ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың қолдануын қарастырады[196, б.42, 197, б.233-240]. 
Тәсілдер мен құралдар ретінде ақпараттың дәстүрлі (әдістемелік нұсқаулар 
мен теориялық-әдістемелік мазмұндағы әдебиеттер қоры) ғана емес, ақпараттық 
(компьютердің 
бағдарламалық 
қамтылуы, 
әдістемелік 
және 
аудио-, 
бейнематериалдар,  Internet  желісінің  ресурстары)  қайнар  көздері  де 
қолданылады.  Модель  педагогикалық  іс-әрекеттіңкеңістігінде,инклюзивтік 
ортадаақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолданудың 
қалыптастыру құралы ретінде қызмет етеді.  
3Диагностикалық  блок.Бұл  блоктың  құрамына  компоненттер,  өлшемдер 
көрсеткіштері мен деңгейлері қарастырылған. 
Өз  жұмысымызда  біз  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерді  инклюзивті 
білім  беру  жағдайында  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 
қолдану даярлығында мынадай компоненттерін айқындап, ұсынамыз: 
Мотивациялық.Бұлкомпонент–  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдердің 
жеке  тұлғалық  кәсіби  маңызды  қасиеттерінің  қалыптасуы  (ерекше  білім  алуға 
деген  қажеттілігі  бар  білім  алушылармен  эмпатикалық  қарым-қатынас, 
балалармен өзара қарым-қатынас жасаудың жеке тұлғалық үлгісіне бейімделуі 
т.б.).  Өлшемдері  болашақ  мамандардың    ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдану көмегімен білімі мен біліктерін, әр түрлі жаттығулар 
мен  тапсырмаларды  орындауға  дегенынтасы  мен  ықыласы.Бұл  компоненттің 
көрсеткіштеріөзінің  кәсіби  шыңдалу  қажеттілігін  сезіну,    ерекше  білім  беруге 
қажеттіліктері  бар  балалрға  деген  эмпатикалық  қарым-қатынасын  жасауға 
деген ынтасы, оқу үдерісінде өзін-өзі дамыту мен жетілдіруді жете түсіну, өзін-
өзі  басқару  мен  белсендіру,  ақпараттық-қоммуникациялық  технологияларды 
өзінің  мүмкіндіктеріне  орай  қолдануды  бейімдеу  қызығушылығы,  инклюзивті 
білім беру жағдайында ақпараттық-коммникациялық технологияларды қолдану 
ықыласы, әлеуметтік құзіреттіліктерді қалыптастыруына ынталанушылығы мен 
ұмтылысы. 
Ғалымдардың  көп  бөлігі  бірінші  қатарға  бастауыш  сынып  мұғалімдердің 
эмпатикалық 
қасиеттерін 
қояды 
(Ю.Н.Кулюткин, 
З.С.Максимова, 
Г.С.Сухобская  т.б.).  З.С.Максимова  эмпатия  толеранттылықпен  бірге  болашақ 
бастауыш сынып мұғалімдері үшін мүмкіндігі шектеулі балалармен гуманистік 
(адамгершілік) қарым-қатынас жасаудағы ең маңызды әрі басты ұстаным болуы 
тиістігін  айтады.  Н.А.Абрамова  эмпатия  қасиетін  бастауыш  сынып 
мұғалімдердің  кәсіби  біліктілігін  дамытуды  басқару  үлгісі  деп  түсіндіреді. 
И.Г.Синельникова мен Л.В.Кузнецов кәсіби маңызды қасиеттерге талдау жасай 
отырып,  ішінде  ең  басты  әрі  маңызды  қасиет  деп  эмпатияны  көрсетеді. 
И.В.Бакунова  педагогқа  аса  қажетті  мынадай  ерекше  қасиеттерді  атап 
көрсетеді: 

105 
 
–  мейірімділік; 
–  көмекке дайындық; 
–  сезімталдық  (тәрбиеленушілердің  қажеттілігі  мен  қызығушылығын 
сезіне білу); 
–  шығармашылық тұлға болу т.б. 
Тұлғаның  көптеген  қасиеттері  маманның  мүмкіндігі  шектеулі  немесе 
денсаулығында  ауытқу  бар  білім  алушыларға  деген  эмпатиясының  көрінісі 
болып табылады. 
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тұлғалық қасиеттерінің ішінде кәсіби 
маңыздыларының қатарына даярлықтың тұлғалық компоненті енеді. 
Тұлғалық-бағдарлық тұғырды дайындық барысында қолданған студент – өз 
бетімен даму, білім беру кеңістігінде өздігімен «қозғала» білетін субъект болып 
саналады. 
Когнитивтіккомпонент  туындаған  кәсіби  мәселелер  мен  міндеттерді 
ақпараттық-коммникациялық технологиялардың көмегімен шешу үшін қажетті 
теориялық  және  тәжірибелік-бағдарлық  білімдердің  сапасын  сипаттайды.  Бұл 
компоненттің  көрсеткіштері:инклюзивті  білім  беру  туралы  жалпы  түсініктер 
мен  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалармен  жұмыс  жасаудың  психологиялық 
түсінігі болуы мен білім беру ортасында АКТ-ны қолдану туралы білімдерінің 
негіздерін  білуі.  Бұл  компоненттің  көрсеткіштері  мүмкіндігі  шектеулі 
балалардың ерекшеліктері туралы білімдерді меңгеруі;инклюзивті білім беруде 
АКТ-ны  қолдану  негіздері  туралы  білімдерді  жетік  білуі;  АКТ  құралдарын 
қолданудың  әдістемесі  туралы  білімдердің  қалыптасуы;кәсіби  іс-әрекетінде 
шығармашылықты 
дамыту;коммуникативтік 
және 
ұйымдастырушылық 
дағдыларды  игеру,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  АКТ  қолданудың 
кемшіліктерін  ескеру  керек,  яғни  физиологиялық  зақымдануынан  қорғау 
ережелерін білуі. 
Еріктік 
компоненті 
туындаған 
кәсіби 
мәселелерді 
ақпараттық-
коммуникациялық  технологиялар  көмегімен  шешудің  тәжірибесі,  дағдысының 
көлемі  мен  сапасын  қамтиды.  Бұл  компонеттің  өлшемі  болып  әр  түрлі 
компьютерлік мүмкіндіктерді пайдалану, білім беру ортасына АКТ құралдарын 
бейімдеу, жаңа компьютерлік бағдарламаларды жасау біліктері мен дағдылары 
алынады. Бұл компонеттің көрсеткіштері: инклюзивті білім беру жағдайындағы 
АКТ-ны  пайдаланудың  жаңа  тенденцияларының  құзіреттіліктерін  дамыту 
дағдылары;халықаралық  тәжірибені  ескере  отырып,  оқыту  үдерісінің  жаңа 
бағдарламалық-әдістемелерді  саралауда  өзіндік  дербес  тәсілін  жасау 
іскерліктері;ақпараттық  технологиялар  арқылы  оқу-практикалық  модульдерді 
жасап  шығару;балалардың  ерекше  қабілеттерін  ескере  отырып,  компьютерлік 
бағдарламаларды  пайдалану  дағдыларына  үйрету;ашық  ақпараттық  білім  беру 
кеңістігінде  мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың тиімді бағдарламаларын 
саралай алу және тапсырмаларды жасау біліктіліктері.  
Когнитивтік  және  еріктіккомпоненттердің  қажеттілігі  педагог  мамандарды 
даярлаудағы 
іс-әрекеттік 
тұғырдың 
басты 
ұстанымдарына 
сүйеніп, 
айқындалады. 

106 
 
 
1 бөлім бойынша тұжырым 
Бірінші  бөлімдегі  зерттеу  материалдарына  шолу  және  талдау  жасау 
барысы мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: 
1.  «Инклюзивті  білім  беруде  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 
АКТ  қолдану  даярлығы»  ерекше  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  балалардың 
мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  ақпараттық-коммуникациялық  білім  беру 
ортасына  ерте  кіріктіру  арқылы  инклюзивті  жағдайда  оқытуды,  тәрбиелеуді, 
дамытуды  жүзеге  асыруының  оңтайлы  және  тиімді  етіп  пайдалану  алу 
даярлығы мен қабілеттілігі анықтамасының негізі жасалды. 
2.  Теориялық  талдау  және  педагогикалық,  психологиялық  еңбектердің 
қарастырылуы  нәтижесінде,  бізге  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды  қолдану  даярлығының  бірқатар  психологиялық  және 
педагогикалық ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік берді.  
3.  Жоғарыда  қарастырылған  инклюзивті  білім беру  жағдайында  болашақ 
бастауыш сынып мұғалімдерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 
қолдануға  даярлаудың  қазіргі  жәйі  мен  психологиялық  педагогикалық 
ерекшеліктері  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерді  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдануға 
даярлау  моделін  құрастыруға  мүмкіндік  берді.  Модельде:мотивациялық 
(бастауыш  сынып  мұғалімі  тұлғасының  кәсіби  маңызды  қасиеттерінің 
қалыптасуы);когнитивтік  (ақпараттық-коммуникациялық  технологияларының 
құралдарымен кәсіби мәселелерді шешуге қажет білімдер мен дағдысы көлемі 
және  сапасы);  еріктік(кәсіби  мәселелерді  ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың  көмегімен  шешудің  тәжірибесі,  өнімі,  жігерлілік  танытуы). 
Модельдің  сараптамалық  блогы  дайындық  құрылымының  мақсатты 
бағыттылығын  айқындайды.  Мазмұндық  блок  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімінің  осы  бағыттағы  дайындық  технологиясын  аша  түседі. 
Диагностикалық  блок  модельдің  мақсатқа  жетуініңбағалау  критерийлерінен 
құрылған  –  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану 
даярлығы.  Модельдің  құрамына  кәсіби  даярлықтың  барынша  тиімді  тәсілдері 
біріктірілген.Модель төмендегі ерекшеліктерге негізделген: 
–  арнайы  курс  бойынша  оқыту  сапасының  пәннің  мазмұнына  және 
таңдалған материалды ұсынудың таңдалған әдісіне тәуелділігі; 
–  оқытудың  теориялық  бөлігінің  арнайы  мектептердегі  педагогикалық 
тәжірибемен үйлесуі; 
–  оқушыларды  кәсіби  іс-әрекетінде  АКТ-ны  пайдалануға  үздіксіз  тарту 
үдерісі; 
– АКТ-ны пайдалануға оқытудың мазмұндық бөлігін нақты мамандықтың 
ерекшелігіне бейімдеу. 
4.  Студенттердің  АКТ-мен  жұмыс  істеуге  дайындығының  мазмұнын 
талдау  бізге  3  негізгі  блокты  бөліп  қарастыруға  мүмкіндік  берді:І  блок  – 

107 
 
базалық. Ол АКТ-мен жұмыс істеу бойынша бастауыш білімдерді қарастырады 
(мәліметтер  базаларымен,  Ғаламтор  желісінің  ақпараттық  ресурстарымен, 
мәтіндік  және  кескіндік  редакторлармен,  бағдарламалардың  арнайы 
ерекшеліктерімен  және  т.б.  жұмыс  істей  білу).ІІ  блок  –  кәсіби-әдістемелік. 
АТК-мен  жұмыс  істеу  дағдылары  қажет  боулы  мүмкін  болашақ  кәсіби 
қызметтің  инклюзивті  саласын  түсіну.  ІІІ  блок  –  ғылыми-зерттеушілік.  Бұл  – 
әдеттегі және әдеттен тыс жағдайларды шешудің шығармашылық тәсілі. 
5.  Жұмыста  ақпараттық-коммуникациялық  құралдармен  жұмыс  істеу 
бойынша  теориялық  білімдер  мен  тәжірибелік  дағдыларды  игерудің  кезеңдік 
сызбасы ұсынылған.  
Қарапайымдеңгейде  студенттер  компьютермен  және  ғаламтормен  жұмыс 
істеудің  қарапайым  білімдерін  игереді.  Оның  негізгі  мақсаты  –  1-2  курс 
студенттерінің  АКТ-мен  жұмыс  істеу  бойынша  алған  білімдерін  бекіту  және 
оларды  тек  білім  беру  саласында  ғана  емес,  күнделікті  өмірде  де  пайдалану 
туралы жағымды түсінік қалыптастыру. 
Екінші деңгей – «Функционалдық құзыреттілік» деп аталады. Бұл деңгейде 
студенттер  АКТ  саласындағы  теориялық  білімдерін  тереңдетеді,  өздерінің 
инклюзивті  ортада  ақпаратты  құралдарды  қолдана  отырып  әдеттегі  және 
әдеттен тыс міндеттерді шешу дағдыларын қалыптастырады. Бұл деңгей 3 курс 
студенттеріне тән.   
Үшінші 
деңгей 
– 
«Жүйелілік 
құзыреттілік». 
 
Мұнда                                                                                                                 
АКТ-ны шығармашылық және кәсіби қызметте белсенді қолдану көзделеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

108 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет