Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата11.02.2020
өлшемі3,87 Mb.
#57614
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ИББ диссертация
ИББ, 1

 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
ҚОСЫМША А 
 
Инклюзивті білім беру саласындағы мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс талдамасы. (2016 ж.мәліметтері арасында) 
 
 
Инклюзивті 
оқытудың 
түрі  
мектеп жасындағы МШБ 
Мектепке дейінгі жастағы балалар  
Арнайы 
мектептер  
Арнайы 
сыныптар  
Үйден 
оқытылатындар  
Арнайы 
ұйымдарда 
оқытылатындар  
Колледжде 
оқитындар  
Арнайы 
балабақшалар  
Арнайы 
топтар  
Оңалту 
орталықтары 
мен КППК 
кабинеттері  
Үйден 
оқитындар  
Балалар 
саны  
14158 
12011 
10300 
2250 
2998 
5318 
4698 
12847 
551 
% көлемі 
15 
13 



13 
11 
31 
1,4 
Инклюзивті 
білім беру 
жағдайында 
оқитындар, 
саны  
41717 
23414 
МШБ 
жалпы саны  
84352 
41998 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
204 


 
ҚОСЫМША  Ә 
 
«Отбасы және компьютер» сауалнамасы 
 
Ұсынылған сұрақтарға жауап беруіңізді сұранамын. Сәйкес жауаптың тұсына 
қанат белгісін қойыңыз.  
 
Сұрақ 
Ия 
Жоқ 
Нөмір 
Сіздің  пікіріңізше  үйде  компьютердің  болуы 
қажет пе?  
 
 

Сіздердің  ата-аналарыңыз  қалай  ойлайды, 
үйде компьютердің болуы қажет пе?   
 
 

Сіздердің үйлеріңізде компьютер бар ма?  
 
 

Сіздің  ойыңызша  сіздің  жанұяңыздан  кімдер 
компьютермен  жұмыс  жасау  дағдыларын 
игерген?  
 
 

Үйде 
компьютермен 
жұмыс 
жасау 
мүмкіндігіңіз бар ма?  
 
 

Сіздің пікіріңізше Ғаламтор-технологияларды 
оқыту  бойынша  оқу  пәндері  қажет  деп 
ойлайсыз ба?  
 
 
 

Сізге 
дербес 
компьютерді 
қолдануға 
бағытталған  арнайы  білім,  білік,  дағдылар 
қажет деп ойлайсыз ба?  
 
 

Сіздердің  ата-аналарыңыз  бұл  білім,  білік, 
дағдылар  болашақ  кәсіби  іс-әрекетте  қажет 
деп ойлайды ма? 
 
 

Сіздің  пікіріңізше  ДК  сіздің  негізгі  іс-
әрекетіңізге (оқу іс-әрекеті) жағымды әсер ете 
ме?  
 
 

Сіздің  пікіріңізше  біздің  елімізде  ДК  туралы 
білімдер деңгейі қаншалықты жоғары?  
 
 
10 
Сіздің  ата-аналарыңыздың  пікірінше,  оларға 
компьютерлік сауаттылық қажет пе?  
 
 
11 
Білімді  адам болу үшін ДК-мен жұмыс жасау 
дағдылары қажет пе?  
 
 
 
12 
205 


 
Қалай  ойлайсыз  компьютермен    қарым-
қатынас,  адам  арасындағы    қарым-қатынасты 
алмастыра алама?  
 
 
 
13 
Сіздің  ата-аналарыңыздың  пікірінше  ДК-дің 
сіздің  денсаулығыңызға  келтіретін  зияны  бар 
ма?  
 
 
14 
Балалардың  дамуына  ДК  оң  әсерін  тигізеді 
ме?  
 
 
 
15 
Баланың рухани өмірін ДК байыта ала ма?  
 
 
 
16 
ДК  жұмыс  жасау  уақытын бағылап  отырасыз 
ба?  
 
 
17 
 
206 


 
ҚОСЫМША Б 
 
Тулуз-Пьерон тесті  
Тест өткізуге  нұсқаулық 
 
Тулуз-Пьеронның  жауаптар бланкісінен шаршы-үлгілер мен жаттығу жолының  
бір  бөлігін  (10-12 шаршыны) тақтаға қайта салу керек.  
Тақтадағы жаттығу жолының түрі. 
«Барлығыңның    өз  парақтарыңның  сол  жақ  жоғары  тұсында    мынадай  екі 
шаршы  берілген  (бланкіден  және  тақтадан  көрсету)  –  бұл  шаршы-үлгілер.  Бұл 
шаршылармен    келесі  бетте  салынған  шаршыларды  салыстыру  қажет  (бланкіден 
көрсету).  Әуелі  барлығымыз  бірге  тақтада  орындап  көрейік».  Жаттығу  бетінің 
бірінші  шаршысын көрсете отырып, «Бұл шаршыға берілген үлгілер ішінен қандай 
да бір қатты ұқсайтыны бар ма?» (көрсету). 
 
Жауаптарды тыңдаңдар. Түсіндіріңдер, не себепті  ұқсамайды: «Үлгіде сол 
жағы салынған, ал мұнда оң жағы». 
Сонан  соң  жалғастырасыздар:  «Шаршы  үлгіде  берілгендерге    ұқсамаса,  оны 
сызып  тастау  қажет  (тақтада  көрсету)».  Жаттығу  жолының    келесі  шаршысын 
көрсетіңдер:  «Ал  бұл  үлгіде  берілгендердің    біріне  ұқсай  ма?  Иә.  Онда  оны 
ерекшелеп  тік  сызықпен  сызу  керек  (тақтада  көрсету).  Осылайша  жаттығу 
жолының,  тақтадағы  бейненің  әрбіріне  сұрақ  қойыңыз:  «Ұқсайды  ма?  Ұқсамайды 
ма?» және «Не істейміз: Ерекшелеп сызамыз ба? Сызып тастаймыз ба?».  
Тақтада берілген мысал талданып,  сынақтан өтушіге тапсырма түсінікті болса, 
жұмысты бастауға болатынын айтыңыз: «Өз парақтарыңның жаттығу жолына  дәл 
жоғарыдағыдай  әрекет  жасаңдар.  Жаттығу  жолы    нөмірленбеген  және  ол    дәл 
үлгінің  астына  салынған.  Кім  түсінбеді,  қолдарыңды  көтеріңдер».  Қолын  көтерген 
оқушының  жанына барып, нұсқауды жеке тағы да бір түсіндіріңіз. 
«Енді  мен  «Бастадық!»  деп  айтқанда  барлығымыз  бірдей  тапсырманы 
орындауды бастаймыз. Жұмысты уақытпен шектеп жасайтын боламыз. Әрбір жолға  
мен бір минут уақыт беремін. Бір минуттың ішінде барлық жол тапсырмасын  жасап 
үлгермейді. Біреу мынадай (парақтың жартысын көрсету), енді бірі мынадай (одан 
сәл  көбірек  не  азырақ  етіп  көрсету)  жасауы  мүмкін.  Асығудың  қажеті  жоқ, 
тапсырманы аса мұқият орындау керек!». 
Бір минут өткен соң мен «Тоқта, екінші жол басталды!» деп айтамын. Сендер 
бірден екінші жолды жасауға кірісесіңдер. 
Тестіні өңдеу. 
Тестілеу  нәтижесін  өңдеу  бланк  бетіне  түссіз  материалдан  жасалған  бланк 
кілтін қою арқылы жүзеге асады. Кілтте іші сызылған шаршы болуы керек орындар 
дөңгелекпен  беріледі.  Дөңгелекке  енбеген  барлық  шаршылар  сызып  тасталған 
болуы қажет. Әрбір жол төмендегіше есептеледі: 
• өңделген шаршылардың жалпы саны (қателерді де қоса алғанда);  
207 


 
• қателер саны. 
Қате  болып  есептелетіндер:  қате  өңдеу  (маркер  ішінде  шаршы  -    сызылып 
тасталған,  ал  оның  сырты  -  сызылған  болса);  кез  келген  түзетулер  мен  қалдырып 
кету  орын  алған  жағдайда.  Екі  көрсеткішті  есепке  алу    міндетті  болып  табылады: 
тестіні  орындау  жылдамдығы  және  тестіні  орындаудың  дәлдігі  (немесе  зейінді 
шоғырландыру көрсеткіші). 
Тулуз-Пьерон тестісінің негізінде сынақтан өтушінің оперативтік есі, визуалды 
ойлауы, тұлғалық ерекшеліктері жайлы қосымша ақпарат алуға болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
208 


 
ҚОСЫМША В 
 
Қарым-қатынастың түстер тестісі (М.Люшер тесті) 
Өткізуге нұсқаулық  
Тестілеу  рәсімін    өткізу  үшін  дәстүрлі  әдістеме  мен  стандартты  ықпал  ету 
материалы  болданылады.  Түстің  дәстүрлі  түсінігі  Люшер  қолданған    түстер 
реңктерін  толық  көрсетпейді.  Алайда  дәл  осы  реңктер  орнықты  статистикалық 
материалмен  қуатталған  түс  таңдаудың  «сигналдық»  мәнін  күшейтеді.  Сондықтан 
қатаң  орнықты  статистикалық  материалды  қолдану  керек.  Түсті  карточкалар  ақ 
фонда  сынақтан  өтушіден  теңдей  қашықтықта  кез  келген  ретпен  беріледі.  Оған  
өзіне «ең тартымды», «жайлы» түсті таңдау тапсырылады және оны кейін сынақтан 
өтушінің  көз  алдынан  алып  тастайды  да  рәсім  соңғы  -    ең  ұнамсыз  түс  қалғанша  
жалғаса береді.   
Әрбір тексеруде бір түстер қатарын қолдану ұсынылады, себебі сынақтан өтуші 
түс таңдауды қайталау сөйлемін не есті тексеру, не «қатені жөндеу» сөйлемі ретінде 
қабылдауы  жиі  кездеседі.    Осылайша,  зерттеуші  субъективтік  жағымдылығы 
жағынан  кему  ретімен  берілетін  8  түстен  тұратын  түстер  қатарын  таңдап  алып, 
қолданатын болады.  
Кепілдендірілген  сапаға  ие  стандартты  стимулдау  материалдың  қажеттілігін 
ашып көрсету қажет. Себебі түс реңктері, сыртқы бетінің фактурасындағы азғантай 
өзгерістің өзі жеке цветограмманы өзгертеді.  
Сынақтан өтушілерге (педагогикалық колледж студенттеріне)  нұсқаулық: 
1.  Бланкінің  жоғары  қатарын  түстерді  ұнатуыңыздың    ретіне  қарай  нөмірлеп, 
толтырыңыз.  
2. Қазір мен сіздерге ұғымдар немесе әрекеттерді атайтын боламын, ал сендер 
оларға қандай түс сәйкес келетінін шешетін боласыңдар. Бұл түстердің нөмірлерін 
бланкінің келесі қатарларының сәйкес көздеріне жазып шығыңдар.  
Назар аударыңдар, сендерге  ең ұнамды түс -  сол жақта, ал неғұрлым ұнамсыз 
түс - оң жақта орналасқандығы анықталады.  
 
ФАӘ_______________________________, топ______________- 
 








 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
209 


 
ҚОСЫМША Г 
 
Вильямстың креативті тестілер жиынтығының бейімделген нұсқасы 
 (САР) 
Эксперименталдық әдістемеге сипаттама. 
Вильямстың креативті тестілер жиынтығының  бейімделген нұсқасы (САР) үш 
бөліктен тұрады. Бірінші бөлік – Дивергентті Ойлау Тесті, өткізу формасына қарай 
бейнелі  болып  табылады,  өткізу  үшін  20-25  минут  қажет  етіледі.  Өткізілу  тәсілі  – 
топтық  (бұл  тест  креативтілікпен  байланысты  когнитивтік  құраушыны  өлшеуге 
бағытталған). 
Тестілер жиынтығы оны өткізу мен алынған мәліметтерді өңдеуге көп уақыт 
пен күш жұмсауды қажет етпейтіндей етіп құрастырылған. 
Дивергентті ойлау тесті. 
Тесті өткізуге басшылық. Тестілік тапсырмалар.  
Тестілеу  топтық  формада  өткізіледі.  Тестілеу  кезінде  балалар  партада  немесе 
үстелде бір-бірлеп отырған дұрыс.  
Одан  соң  тестілеуді  өткізу  үшін    қажетті  тестілік  дәптердің    толтырылмаған 
бланкілері таратылады.  
Тестілік дәптер А-4 стандартты форматтағы 3 жеке беттен тұрады, қағаздың әр 
бетінде ішінде стимулды фигуралар бар 4 шаршы бейнеленген.  Шаршының үстіне 
фигура нөмірі  қойылып,  қол қоятын орын белгіленген.  
Нұсқаулық. Өткізу тәртібі. 
Тестілеу топта өткізіледі, ол уақытпен шектеулі: жоғары сыныптар үшін (4-11 
сыныптар) – 20 минут, төменгі сыныптар үшін (1-3 және балабақша балалары үшін) 
– 25 минут. Бастауыш сыныптарда балалар сурет тұсына қойылатын қолды ауызша 
айтуына болады, мұғалім  оны жазып алады.  
Тестілеуді бастамас бұрын дивергентті ойлау тестінің нұсқаулығын оқу қажет. 
«Бұл  тапсырма  сенің  сурет  арқылы  өзіңді  шығармашылық  көрсете  алуға 
қаншалықты  қабілетті  екеніңді  анықтауға  көмектеседі.  12  сурет  беріледі.  Жылдам 
жұмыс  жасаңдар.  Басқа  ешкім  ойлап  таба  алмайтын  ерекше  сурет  салуға 
тырысыңдар.  Сендерге  сурет  салу  үшін    20  (25)  минут  беріледі.  Шаршыларда 
ретімен  жұмыс  жасаңдар,  бір  шаршыдан  екіншіге  ретсіз  секіріп  кетпеңдер.  Сурет 
салу  кезінде  әрбір  шаршы  ішіндегі  сызықтар  мен  фигуралады  қолданыңдар,  оны 
суретіңнің бір бөлігіне айналдыр.  Сендер шаршының ішіне кез келген жеріне сурет 
сала  аласыңдар.  Суреттер  қызықты  және  ерекше  болуы  үшін  әр    түрлі  түсті 
қолдансаңдар    болады.  Әрбір  суретпен  жұмыс  жасау  аяқталған  соң  қызықты  атау 
беру  жөнінде  ойланыңдар  және  оны  сурет  астындағы  жолға  жазыңдар.  Дұрыс 
жазылмады  деп  уайымдамаңдар.  Ерекше  атаудың  туылуы  жазу  үлгісі  мен 
орфографияға  қарағанда  әлдеқайда  маңыздырақ.  Берген  атауларың  суретте  не 
бейнеленгенін білдіріп, оның мағынасын ашатындай болуы қажет». 
Эксперимент мәліметтерін өңдеу.  
Дивергентті  ойлаудың  келесі  берілетін  4  когнитивтік  факторы  тұлғаның 
шығармашылық танытуымен (оң жарты шарлық, визуалды, ойлаудың синтетикалық 
стилі)  арақатынасты  орнатады.  Олар  сөздік  қорды    жинақтауға  қабілеттілікті 
210 


 
сипаттайтын  5-фактормен  қоса  бағаланады.  Нәтижесінде  өңделмеген  ұпайлармен 
көрінетін 5 көрсеткішті аламыз:  
- шапшаңдық (Ш); 
 - икемділік  (И); 
- ерекшелік (Е); 
 - өңделгендік  (Ө); 
- атауы (А). 
1.  Шапшаңдық  —  өнімділік,  баланың  жасаған  суреттерінің  мазмұнына 
қарамастан, олардың санын санау арқылы анықталады.  
Негіздеме:  шығармашылық  тұлғалар  өнімді  жұмыс  жасайды,  бұл  ойлау 
шапшаңдығының    дамуымен    байланысты.  Мүмкін  ұпайлар  диапазоны  1-ден  12 
ұпайға дейін (әр сурет үшін 1 ұпай). 
 2.  Икемділік  —  бірінші  суреттен  бастап  сурет  категориясының  өзгеру  саны. 
Мұнда 4 мүмкін категория бар:  
-  тірі    (Т)  —  адам,  гүл,  ағаш,  кез  келген  өсімдік,  жемістер,  жануарлар, 
жәндіктер, балықтар, құстар және т.б.  
- механикалық, пәндік  (М) — қайық, ғарыш  кемесі, велосипед, машина, құрал-
жабдық, ойыншық, құрал-сайман, жиһаз, тұрмыстық бұйымдар, ыдыстар және т.б.  
-символикалық  (С) — әріп, сан, атау, елтаңба, ту, символикалық белгі және т.б.  
- түрге, жанрға қарай  (Т) — қала, көше, үй, аула, парк, ғарыш, тау және т.б.  
Негіздеме:  шығармашылық  тұлғалар  бір  жол  мен  бір  категорияны  сылбыр 
ұстанғаннан гөрі бір нәрсені өзгертуге бейім болады. Олардың ойлауы бекітілмеген, 
ол үнемі қозғалыста. Мүмкін ұпайлардың  диапазоны 1-ден 11-ге дейін, ол біріншіні 
есепке алмағанда сурет категориясын қанша рет өзгертуіне байланысты.  
3.  Ерекшелік  (Түпнұсқалық-оригинальность)    —  сурет  салынатын  орын 
(стимулдық фигураға қатысты іштей не сырттай).  Әрбір шаршы ішінде стимулдық 
сызық  немесе  фигура  болады,  олар  шығармашылығы  аз  адамдарға  шектеу  ретінде 
қызмет  етеді.  Берілген  стимулдық  фигураның  ішіне  не  сыртына  салған  сурет 
мейлінше ерекше болып табылады.   
Негіздеме: шығармашылығы аз тұлғалар стимулдық  фигураны елемей, суретті 
оның сыртына салады. Яғни сурет тек сырттай салынады. Креативті тұлғалар жабық 
бөліктің  ішінде  жұмыс  жасайтын  болады.  Креативтілігі  өте  жоғары  тұлғалар 
барлығын  жинақтап, біріктіретін болады, оларды ешқандай  жабық шеңбер тоқтата 
алмайды, яғни сурет стимулдық фигураның ішіне де, сыртына да салынады.  
1 ұпай – тек сыртына салады. 
2 ұпай – тек ішіне салады. 
3 ұпай – сыртына да, ішіне де салады  (жинақтау). 
Ерекшелік  жөнінен  (Е)  жалпы  өңделмеген  ұпай  -  барлық  суреттердің  осы 
факторлар бойынша ұпай санына тең болады.  
4. Өңделгендік —  сурет бөліктерінің симметрия-асимметриялы орналасуы.  
0 ұпай – сырттай және іштей кеңістіктің симметриялығы. 
1 ұпай – жабық шеңбер сыртындағы асимметрия (2 үлгі).  
2 ұпай – жабық шеңбер ішіндегі асимметрия (3 үлгі). 
3 ұпай – толықтай асимметриялы (4 үлгі).  
211 


 
Өңделгендік    жөнінен  (Ө)  жалпы  ұпай  -    барлық  сурет  бойынша  өңделгендік 
факторының ұпайлар саны.  
5.  Атау  —  сөздік  қор  байлығы    (атауда  қолданылған  сөздер  саны)  және 
суреттегі    бейненің  мәнін  бейнелі  түрде  жеткізуге  қабілеттілік  (тікелей  сипаттау 
және жасырын мағына, астарлы сөз). 
0 ұпай – атау берілмеген.   
1 ұпай  - анықтамасыз берілген бір сөзден тұратын атау.  
2 ұпай – суретте не бейнеленгенін көрсететін сөз тіркесі немесе бірнеше сөз. 
 3 ұпай – суретте не бейнеленгенінен де артық мағына беретін бейнелі атау.   
Атау  беру  үшін  (А)  жалпы  өңделмеген  ұпай    -  әр  сурет  үшін  алған  осы 
факторлар бойынша ұпайлар саны.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
212 

10 
 
ҚОСЫМША Ғ 
 
Дивергентті ойлау тестісі бойынша есептеу қорытындысы 
Шапшаңдық. 
Орындалған  суреттің  жалпы  саны.  max  12  ұпай  болуы  мүмкін  (әр  суретке  1 
ұпай).  
Икемділік. 
Бірінші суреттен бастап өзгертілген категориялар саны. Ол max 11  ұпай болуы 
мүмкін (әр категорияның өзгеруіне 1 ұпайдан). 
Ерекшелік. 
 Сурет қайда салынуда:  
- стимулдық фигураның сыртына - 1 ұпай, 
 - стимулдық фигураның ішіне - 2 ұпай,  
-  стимулдық  фигураның  ішіне  және  сыртына  -  3  ұпай  (әр  салынған  суреттің 
берілген факторлар бойынша ұпайы қосылады).  Ол max 36 ұпай болуы мүмкін.   
Қосымша бөлшектер бейненің асимметриялығын қайда жасауда:  
- барлық жерде симметриялы түрде - 0 ұпай,  
- стимулдық фигураның сыртына асимметриялы түрде -1 ұпай,  
- стимулдық фигураның ішіне  асимметриялы түрде - 2 ұпай,  
-  сырттай да, іштей  де  асимметриялы    -  3  ұпай  (әр  салынған  суреттің  берілген 
факторлар бойынша ұпайы қосылады). Ол max 36 ұпай болуы мүмкін.  
Өңделгендік. 
Қосымша бөлшектер бейненің асимметриялығын қайда жасауда:  
- барлық жерде симметриялы түрде - 0 ұпай,  
- стимулдық фигураның сыртына асимметриялы түрде -1 ұпай,  
- стимулдық фигураның ішіне  асимметриялы түрде - 2 ұпай,  
- сырттай да, іштей де асимметриялы  - 3 ұпай  (әр салынған суреттің берілген 
факторлар бойынша ұпайы қосылады). Ол  max 36 ұпай болуы мүмкін.  
Атау беру. 
Сөздік қор және тілді бейнелі, шығармашылықпен қолдану:  
- атау берілмеген - 0 ұпай,  
 - бір сөзден тұратын атау - 1 ұпай, 
 - бірнеше сөзден тұратын атау - 2 ұпай, 
 -  суреттен  де  артық  мағынаны  көрсететін  бейнелі  атау  -  3  ұпай  (әр  салынған 
суреттің  берілген  факторлар  бойынша  ұпайы  қосылады).  Ол  max  36  ұпай  болуы 
мүмкін. 
 
 
Дивергентті ойлау тестінің негізгі көрсеткіштері бойынша есептеу 
қорытындысы  
 
Шапшаңдық  –  оқушы  үлкен  өнімділікпен  жылдам  жұмыс  жасайды.  12  сурет 
салынады. Бағалау – әр сурет үшін бір ұпайдан. Мүмкін болатын ең жоғары ұпай – 
12. 
213 

11 
 
Икемділік  –  оқушының  түрлі  идеялар  айтып,  өз  көзқарасын  өзгертіп,  заттарға 
жаңаша    қарауына  қабілеттілігі.  Бірінші  өзгерістен  бастап  санағанда  әр  өзгерген 
сурет  категориясы  үшін  1  ұпай    (4  мүмкін  категория  бар).    Мүмкін  болатын  ең 
жоғары жиынтық ұпай – 11. 
Ерекшелік    —  оқушы  жабық  шеңберді  елемейді,  ол  оның  сыртына  да,  ішінен 
орын  алмастыра  сурет  салады,  стимулдық  фигураны  барынша  суреттің  бір    бөлігі 
етуге тырысады. Әр ерекше сурет үшін 3 ұпай беріледі.  Мүмкін болатын ең жоғары 
жиынтық ұпай – 36. 
Өңделгендік    —  оқушылар  жабық  шеңберге  қосымша  бөлшектер  қосады, 
асимметрия  мен  бейненің  күрделі  болуын  көздейді.  Әрбір  сырттай  да,  іштей  де 
асимметриялық  сурет  үшін  3  ұпай  беріледі.  Мүмкін  болатын  ең  жоғары  жиынтық 
ұпай – 36.  
Атау  —  оқушылар  тілдік  құралдар  мен  сөздік  қорды    оңтайлы  қолданады. 
Әрбір  мазмұнды,  ерекше,  суреттің  астарлы  мағынасын  ашатындай  суретке  3  ұпай 
беріледі. Мүмкін болатын ең жоғары жиынтық ұпай – 36. 
Барлық  тест  үшін  мүмкін  болатын  ең  жоғары  жалпы    жиынтық  көрсеткіш 
(ұпаймен берілген)– 131. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
214 

12 
 
ҚОСЫМША Д 
 
«Ғаламтор желіге деген студенттердің қарым-қатынас» сауалнамасы  
Ұсынылған сұрақтарға жауап берулеріңізді сұранамын. Жауаптарын 
дөңгелект  қорша 
 
1. Жалпы алғанда сіз Ғаламторға деген көзқарасыңыз қандай?  
- Өте пайдалы 
- Қажет, бірақ қолжетімсіз 
- Қызық емес 
- Ғаламтор не екенін білмеймін 
 
2. Сізде Ғаламтормен жұмыс жасау мүмкіндігіңіз бар 
- Үйде және оқу орнында 
- Тек оқу орнында 
 
3.  Сіз  өзіңізді  Ғаламтор  –технологиялар  саласын  білетін  маман  ретінде 
санайсызба? 
- Ия 
- Қазір емес, бірақ міндетті түрде боламын 
- Жоқ, маман бола алмаймын 
 
4.  Ғаламтор-технологияларды  кәсіби  пайдалану  үшін  сізге  қандай  деңгейде  
білім мен дағдылар қажет деп ойлайсыз? 
- Қажеттілікті сезінемін 
- Бұл салада тек болмашы білімдер қажет деп санаймын 
- Қазіргі уақытта қажет емес, бірақ болашақта керек деп санаймын 
- Қажет емес. 
 
5. Ғаламтор желісінде сізді не қызықтырады? 
- Барлығы 
-Тек қажетті тақырыптар аясы  
- Ештеңе 
 
6. Сізің ойыңызша инклюзивті мектептердің оқу үдересінде Ғаламтор қажет пе? 
 
-  Әрдайым қажет 
-  Тек сирек жағайларда қажет 
- Қажет емес 
 
7.  Ғаламтор  желісінің  мүмкіндіктері  туралы  білімдердің  негізгі  қорын  қалай 
жинақтадыңыз? 
-Колледже немесе мектепте 
- Ата-аналардан және достардан 
215 

13 
 
- Арнайы курстардың көмегімен 
 
8. Сіз ғаламтор қолданушысы ретінде қай деңгейінде тұрмын деп ойлайсыз?  
 
- Ғаламтор-технологиялар маманы 
- Тек қолданушы 
 
9.  Сізге  Ғаламтор-технологиялары  туралы  кәсіби  білімдер  мен  желі 
мүмкіндіктері жайлы арнайы білімдерді алу қажеттілігі бар деп ойлайсызба? 
- Ия, жоғары оқу орнында 
- Ия, басқа оқу орталықтарында 
-Жоқ, қажет деп санамаймын 
 
10.  Ғаламтор  саласы  жайлы  білімдер  болашақ  еңбек  іс-әрекет  жасауда  қажет 
деп санайсызба? 
-  Ия 
- Жоқ 
- Білмеймін 
 
11. Орташа есеппен Ғаламторда сіз қанша уақыт өткізесіз? 
- Барлық бос уақытты 
- Тек оқу кезеңінде  
-  
Тек қажеттілік туындаған кезде (жоғары оқу орнында, үйде, курста және т.б.) 
 
12. Инклюзивті мектепте пәндерді оқыту үшін Ғаламтор сізге көмек бере алады 
деп ойлайсыз ба? 
- Ия 
- Біршама деңгейде 
- Жоқ 
 
13.  Сіздің  ойыңызша  біздің  еліміздегі    мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  
Ғаламторды пайдалану деңгейлері қаншалықты деп ойлайсыз? 
-  Жоғары 
- Орташа 
- Төмен 
- Өте төмен 
 
14. Сіз Ғаламторды қолдану астамшылдықтың белгісі деп ойлайсызба? 
-  Ия 
- Жоқ бірақ оны құны тым жоғары деп ойлаймын 
- Жоқ, ондай емес 
 
216 

14 
 
15. Сіздің ата-аналарыңыздың пікіріңізше білімді адам болу үшін Ғаламторды 
пайдалану қажет пе? 
- Ия 
- талқылаған жоқпыз 
- Жоқ 
 
16. Сіздің ата-аналарыңыз еңбек іс-әрекетінде Ғаламтормен байланысы бар ма? 
- Ғаламтормен кәсіби деңгейде жұмыс жасайды 
- Ғаламторға тек жанама қатысы бар 
-  Ғаламтормен ешқандай байланысы жоқ 
 
17.  Ғаламтордағы  базалық  қормен  жұмыс  жасау  тәжірибе  мен  дағдыларыңыз 
бар ма? 
- Ия, бар 
- Жоқ 
- Түсінбедім 
 
18.  Сіз  Сайттарда  мәтінді  үлкейту  мен  аудиоқолдаушылардың  мүмкіндіктері 
туралы білесіз бе? 
- Ия 
- Жоқ 
 
19. Ғаламтордың қайсы саласы сізді қатты қызықтырады?  
- Оқу 
- Болашақ кәсіби іс-әрекет  
- Жеке қызығушылықтар (қарым-қатынасғ ойын-сауық, бос уақыт т.б.)  
 
20.  Сіздің  ойыңызша  Ғаламтор  арқылы  адамдармен  қарым-қатынас  жасау 
адамның шын өмірдегі қарым-қатынас жасауды алмастыра ала ма?  
- Ия 
- Біршама дәрежеде 
- Жоқ 
 
21.  Сіздің  пікіріңізше  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  Ғаламтор  қандай  әсер 
етеді деп ойлайсыз? 
- Оң әсер етеді 
- Ешқандай 
- Теріс әсер етеді  
- Педагогикалық жағдаятқа байланысты  
 
22. Қаншама достарыңыз Ғаламтор желісімен кәсіби деңгейде жұмыс жасайды?  
- Көп  
- Аса көп емес  
- Ондай достарым жоқ 
217 

15 
 
 
23.  Инклюзивті  мектептерде  Ғаламтордың  мүмкіндіктерін  пайдалану  туралы 
оқу пәндерін оқыту қажет пе?  
- Ия 
- Жоқ 
 
24. Оқу мақсатында Ғаламторды қаншалықты қолданасыз?  
- Жүйелі түрде 
- Өажеттілік туындаған кезде  
- Сирек (немесе ешқашан)  
 
__________ 
Аты-жөні__________________________________________ 
Туылған мерзімі (күні, айы, жылы)___________________ 
Ата-аналардың білімі: (керектісін сызу) 
анасы: а) орта, б) орта кәсіби білім, в) жоғары 
әкесі: а) орта, б) орта кәсіби білім, в) жоғары 
Отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы:  
а)ортадан төмен, б) орта, в) ортадан жоғары 
   
 
218 

16 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет