Оралбекова алия курбановна


  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата11.02.2020
өлшемі3,87 Mb.
#57614
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ИББ диссертация
ИББ, 1

2.3  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға 
даярлау әдістемесінің нәтижелерін тексеру 
Педагогикалық тәжірибеге Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық 
университетінің  және  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық 
университетінің  «5В010200-Бастауышта  оқыту  педагогикасы  мен  әдістемесі» 
мамандығы  бойынша  120  студенті:  60-ы  –  «Бастауышта  оқыту  педагогикасы 
мен  әдістемесі»  біліктілігі  (ОҚМПИ)  бойынша  (бақылау  тобы)  және  60-ы  – 
«5В010200-Бастауышта  оқыту  педагогикасы  мен  әдістемесі»  біліктілігі 
(ҚазҰПУ) бойынша (тәжірибелік топ) қатысты. Тең арасалмақпен (60 адамнан) 
тәжірибелік  және  бақылау  топтары.  Қосымша  қажеттілігіне  қарай 
студенттердің ата-аналары мен педагогтар да тартылды.  
Тәжірибенің ұзақтығы 2014 жылдан 2017 жылға дейін – 3 жылды қамтыды. 
Айта  кету  керек,  1  курста  екі  топтың  студенттері  «Информатика»  пәнін 
ұзақтығы – 90 аудиториялық сағат оқыды.  

146 
 
Диагностикалық  кезең  2014-2015  оқу  жылында  өткізілді.  Оның  аясында 
төмендегі міндеттер қойылды: 
  студенттердің 
танымдық 
іс-әрекетті 
белсенді 
жүргізудегі 
психологиялық  ерекшеліктеріне  талдау  жүргізу  (жұмыс  қабілеті  мен 
жасампаздығын бағалау); 
  студенттердің,  соның  ішінде  инклюзивті  мектеп  аясындағы  болашақ 
педагогикалық іс-әрекетінде  АКТ-ны пайдалануға көзқарасын бағалау; 
  болашақ  мұғалімдердің  АКТ-ны  қолдану  құзыреттілігінің  деңгейін 
анықтау.  
Диагностикалық  кезеңнің  аясында  топтардың  біртектігін  анықтауға 
бағытталған  іс-шаралар  өткізілді.  Бұл  үшін  тәжірибеге  қатысушылардың 
орташа  жасын,  олардың  ата-аналарының  білім  деңгейін,  отбасыларының 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайын,  респонденттердің  жұмыс  қабілеті  мен 
жасампаздығын бағалау жүзеге асырылды. 
Тәжірибелік  және  бақылау  топтарының  біртектілігін  анықтау  үшін 
сауалнама алу әдісі қолданылды. Нәтижелерді талдау көрсеткендей, тәжірибеге 
қатысушылардың  орташа  жасы  +/-  0,5  жас  ықтимал  қателікпен  17  жасты 
құрады. Тиісінше, респонденттер бір жастағы аудиторияға жатады.  
Сауалнама мәліметтерінің негізінде біздің білгеніміз, тәжірибелік топтағы 
студенттердің  18%-ының  ата-анасы  жоғары  білімді,  ал  бақылау  тобының 
қатысушыларында–  17%;  орташа-кәсіптік  білім  тәжірибелік  топтағы 
оқушылардың ата-аналарының 60%-ында бар және бақылау тобындағыларда – 
58,33%.  Осылайша,  ата-аналарының  білім  деңгейі  бойынша  айтарлықтай 
ауытқушылықтар  анықталмады.  Тәжірибеге  қатысушылардың  отбасыларының 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайына  қатысты  да  дәл  осыны  айтуға  болады. 
Оны  тәжірибелік  топтан  –  73%-ы,  ал  бақылау  тобынан  –  72%-ы  «орташа» 
ретінде сипаттады. Тәжірибелік топтағы қатысушылардың 17%-ы және бақылау 
тобындағылардың  18%-ы  олардың  жағдайы  «ортадан  төмен»  екендігін  атап 
көрсетті.  Әр  топтағы  респонденттердің  10%-ы  өз  отбасыларының  әл-ауқат 
деңгейін  «орташа»  деп  есептейді.  Студенттердің  ешқайсысы  өздерінің 
әлеуметтік-экономикалық жағдайын «жоғары» ретінде сипаттаған жоқ. 
Студенттердің  отбасыларының  әлеуметтік  жағдайын  бағалау  үшін 
Л.А.Ясукованың  сауалнамасы  пайдаланылды.  Отбасындағы  психологиялық 
ахуал  тұлғаның  қалыптасуына  және  оқу  орнындағы  үлгеріміне  айтарлықтай 
ықпал  етеді.  Сауалнаматұрғын  үй  жағдайлары,  отбасындағы  психологиялық 
ахуал,  тамақтану,  демалыс,  еңбек  тәртібі  және  т.б.  туралы  ақпараттарды 
анықтауға  бағытталған  бірқатар  сұрақтардан  тұрады.  Л.А.Ясукованың 
сауалнамасы  бұқаралық  зерттеулерде  белсенді  қолданылады  және  өзінің 
негізділігін  іс  жүзінде  дәлелдеді.  Ата-аналардың  барлық  жауаптары  4  фактор 
бойынша  топтастырылды:  тұрғын  үй  жағдайлары,  еңбек  және  демалыс, 
тамақтану және психологиялық ахуал. Егер отбасының өз пәтері, ал студенттің 
жеке  пәтері  болса,  тек  сол  жағдайда  ғана  тұрғын  үй  жағдайы  жақсы  деп 
танылды.  Бұдан  бөлек,  тұратын  жеріндегі  экологиялық  жағдай  да  ескерілді. 
Психологиялық  ахуалдың  ерекшеліктері  ата-аналарының  баланы  тәрбиелеу 

147 
 
барысында  қолданатын  әдістері  бойынша,  сондай-ақ  кейбір  факторлар 
бойынша,  айталық,  отбасында  ажырасудың  бар-жоғына  қарай  бағаланды. 
«Тамақтану тәртібі» блогына жасөспірімнің қанша рет тамақ ішетіні және оның 
әртүрлілігі (күнделікті ас мәзірінде жемістер мен балғын көкөністердің болуы) 
туралы  сұрақтар  енген.Демалыс  тәртібіне  келсек,  бұл  блокта  баланың  таза 
ауада  жүру  ұзақтығы,  теледидар  қарау  және  компьютер  алдында  жұмыс  істеу 
уақыты туралы сұрақтар болды.  
Алынған  нәтижелерді  талдау  көрсеткендей,  тәжірибелік  топтағы  да, 
бақылау  тобындағы  да  мәселелердің  көпшілігі  еңбек  және  демалыс 
тәртіптерінің  бұзылуымен  байланысты  –тиісінше  40  и  30%.  Тәжірибеге 
қатысушылардың  көпшілігінің  отбасыларындағы  психологиялық  ахуал 
қолайлы  ретінде  сипатталған  (60%).  Осылайша,  педагогикалық  тәжірибеге 
мәселелері ұқсас орташа статистикалық отбасылардың балалары қатысады.  
Білім  беру  үдерісінің  барысында  оқытушылар  оқу  материалын  жас  тобы 
бойынша орташа деңгейде қабылдау жылдамдығын ескереді. Бұл сипаттаманы 
анықтау үшін біз Тулуз-Пьерон тестіне жүгіндік. 
Бұл  тест  оқушылар  қанша  уақыт  басқа  нәрселерге  алаңдамай,  педагогты 
тыңдай  алады,  яғни  оның  ықтиярлы  назар  салуының  көлемі  қандай  деген 
сұраққа  жауап  беруге  мүмкіндік  береді.  Оның  көмегімен  топтар  бойынша 
орташа  жұмыс  қабілеті  мен  шаршағыштығын  бағалауға  болады.  Біздің 
тәжірибемізде бақылау тобындағы жұмыс қабілетінің коэффициенті – 0,96-ны, 
ал  тәжірибелік  топта–  0,97-ні  құрады.  Осылайша,  тәжірибеге  қатысушылар 
арасында жұмыс қабілеті бойынша айтарлықтай ауытқушылық анықталмады.  
Студенттердің  өздерінің  оқу  және  болашақ  кәсіби  іс-әрекетінде  АКТ-ны 
пайдалануға  бейімділігін  бағалау  үшін  М.Люшердің  түстер  тесті  қолданылды. 
Түстер арқылы диагностикалау адамның психофизиологиялық жай-күйін, оның 
күйзеліске  қарсы  тұру  қабілетін  және  коммуникациялық  дағдыларын 
айқындайды  [236,  б.99].  Тесттің  оң  сипаттамаларына  мыналарды  жатқызуға 
болады:  тез  және  бірнеше  рет  өту  мүмкіндігі,  жас  пен  білім  ерекшеліктерінің 
нәтижеге  әсер  етпеуі.  Люшер  тесті  тұлғалық  сипаттамаларды,  психологиялық 
күйзелісті, шаршағыштық шегін және т.б. анықтауға мүмкіндік береді.  
Зерттеу  мақсатында  тесттің  қысқаша  нұсқасы  пайдаланылды.  Оның 
көмегімен  біз  тәжірибеге  қатысушылардың,  мысалы:  отбасы,  оқу,  АКТ-ға 
көзқарасы,  мектептегі  АКТ,  заманауи  оқулықтар  мен  АКТ  және  т.б.  тәрізді 
тіршілік әрекетінің 20 саласына деген көзқарасын бағаладық (18-кесте). 
 
Кесте 18 – Люшер тестінің қысқаша нұсқасы 
 
Әуестіктер 
11 
Шынайы өмір 



Қызығушылықтар 
12 
Менің болашақ қызметімдегі АКТ 
Болашақ мүмкіндіктер 
13 
Оқудағы АКТ 
Өткен өмір 
14 
Үйдегі компьютер 
Ақпараттық-коммуникациялық құралдар 
15 
Мектеп кеңістігіндегі АКТ 
АКТ-ны қолдана отырып оқыту 
16 
ЖОО-дағы АКТ 

148 
 
18 – кестенің жалғасы 
 
 
 



Жағымды уақыт өткізу 
17 
Менің болашақ педагогикалық 
тәжірибем және АКТ 
Алаңдаушылық 
18 
Менің жақын адамдарым 
Қауіптер 
19 
Бос уақыт және ақпараттық жүйелер 
Ауру 
20 
Ерекше бала және АКТ 
 
Ұғымдық  және  талданатын  аппарат  И.Л.Соломиннің  жұмысынан  алынды 
[237,    б.88  –  101].  АКТ-ны  пайдалану  туралы  мәселе  басым  болып  есептелді. 
Респондентке нақты бір жағдайға байланбай, қандай да бір түсті таңдау қажет 
болды. Әрбір жауап нұсқасында 8 түстің 1-еуін таңдауға болатын еді. Зерттеуде 
пайдаланылатын  дәстүрлі  ынталандыру  материалы    4  қосымшада  көрсетілген. 
Егер  респондент  стандартты  түсті  таңдаса,  бұл  оның  тіршілік  әрекетінің  осы 
құбылысына деген оң көзқарасын көрсетті. Жауаптарда екінші кезектегі –қара, 
сұр, қоңыр түстер болған жағдайда белгіленген аспектіге деген кері көзқарасты 
байқауға болады.  
М.Люшер  тестінің  көмегімен  жүргізілген  тәжірибе  нәтижелерінен 
байқағанымыздай,  тәжірибелік  және  бақылау  топтары  оқу  үдерісінде  АКТ-ны 
пайдалануға  оң  көзқарастарын  көрсетті–оң  бейімділік  коэффициенті  тиісінше 
55  және  54%-ды  құрайды.  Болашақ  кәсіби  қызметінде  АКТ-ны  қолдануға  оң 
бейімділік коэффициенті біршама төмен–тәжірибелік топта 32% және бақылау 
тобында 33%(р>0,05). Осылайша, зерттеліп отырған топтардың респонденттері 
арасында бұл мәселе бойынша айтарлықтай айырмашылық байқалмады.  
Педагогикалық  тәжірибеге  қатысушылардың  шығармашылыған  бақылау 
үшін Ф. Вильямстың тесті пайдаланылды (17-сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет17 – Ф. Вильямс тесті 
Вильямс тесті 
К
огн
ити
вті
к-
ди
ве
рге
нт
ті
к 
факт
ор
ла
р 
Ойлау 
шапшаңдығы 
Ойлау 
икемділігі 
Ойлау 
ерекшелігі 
(Түпнұсқалық) 
Ойлаудың 
өңделгендігі 
Тұлғ
алық
-ди
ве
рге
нт
ті
к 
факт
оры
 
Тәуекелділікке 
бару қабілеті 
 
Күрделігігі 
(кешенділігі) 
Білімге деген 
құштарлығы 
Қиялы 

149 
 
Шығармашылықты  бағалаудың  бұл  әдісі  кездейсоқ  таңдап  алынған  жоқ. 
Әдетте  шығармашылық  мүмкіндіктерді  бағалау  үшін  көбіне  Торренс  тестін 
пайдаланады, онымен алынған нәтижелерді өңдеу айтарлықтай көп еңбек етуді 
қажет  етеді.  Гилфорд  пен  Торренстің  экспресс-тесттері  [238]  ересек 
аудиторияға  арналған,  сондықтанда  біздің  зерттеуге  тура  келмейді.  Тәжірибе 
үшін  жеке  тұлғаның  шығармашылық  әлеуетін  көрсететін  когнитивтік  және 
тұлғалық  қасиеттерін  бағалауға  мүмкіндік  беретін  құрал  қажеттігін  түсіну 
маңызды.  Бұл  талаптарға  Вильямс  тесті  толық  жауап  береді.  Біздің 
жұмысымызда  оның  Е.Е.Туник  түрленіміндегі  жетілдірілген  үлгісі  — 
«Дивергентті ойлау» тесті пайдаланылды. 
Тестілеу  нәтижелерін  талдау  шығармашылықтың  жалпы  балы  әр  топ 
бойынша бірдей (61 балл) екендігін көрсетті, бұл ретте: 
1. «Ойлау  шапшаңдығы»  өлшемі:  тәжірибелік  топ–  6  балл,  бақылау  тобы 
— 6 балл. 
2. «Ойлау  икемділігі»  өлшемі:  тәжірибелік  топ–  6  балл,  бақылау  тобы–  6 
балл. 
3. «Ойлаудың  ерекшелігі»:  тәжірибелік  топ–  20  балл,  бақылау  тобы  –  20 
балл. 
4. «Ойлаудың  өңделгендігі»  өлшемі:  тәжірибелік  топ–  14  балл,  бақылау 
тобы– 14 балл. 
5. «Атаулары» өлшемі: тәжірибелік топ– 15 балл, бақылау тобы– 15 балл. 
Студенттерді іріктеудің статистикалық біртектілігін дәлелдеу үшін сондай-
ақ  олардың  өз  оқу  жоспары  аясындағы  үлгеріміне  талдау  жүргізілді.  Талдау 
барысында мынадай нәтижелер алынды: 
-  «2»  деген  баға  тәжірибелік  топтың  10%-ында  және  бақылау  тобының 
8,33%-ында бар; 
- «3» деген баға тәжірибелік топтың  – 33% және бақылау тобының  – 35% 
респондентінде бар; 
- «4» деген баға –екі топта да бірдей мөлшерде (43,33%); 
- «5» деген баға–екі топта да бірдей мөлшерде (13%). 
Осылайша,  топтардың  статистикалық  жағынан  айырмашылығы  жоқ  және 
оларды біздің педагогикалық тәжірибемізде пайдалануға болады.  
Одан әрі біз студенттердің АКТ-ға деген көзқарасын анықтауға мүмкіндік 
беретін  өз  сауалнамаларымызды  жасауға  кірістік.  Біз,  заманауи  педагогикада 
қолданылып  жүрген  осыған  ұқсас  сауалнамалармен  оқып-таныстық  [239,  240, 
241].  Нәтижесінде  біз  жалпы  саны  98  сұрақтан  тұратын  5  сауалнама  жасап 
шығардық.  Олардың  тізімін  5  блокқа  бөлуге  болады,  олар:«Студент  және 
АКТ», «Оқу іс-әрекеттегі АКТ», «Болашақ кәсіби іс-әрекеттегі АКТ», «Отбасы 
және ақпараттық-коммуникациялық құралдар» және «Ақпараттық инклюзивтік 
кеңістіктегі жеке тұлға». 
В  қосымшасында  «Студент  және  ғаламтор»  сауалнамасының  нәтижелері 
көрсетілген.  Сауалнама  алудың  негізгі  мақсаты–тәжірибеге  қатысушылардың 
Ғаламторға  деген  көзқарасын  білу.  Сауалнама  мынадай  сұрақ  блоктарынан 
құралды:  «Студент  және  Ғаламтор»,  «Отбасы  және  Ғаламтор»,  «Оқу  және 

150 
 
Ғаламтор», «Болашақ педагогикалық қызмет және Ғаламтор» және «Дамуында 
ерекшеліктері бар адам және Ғаламтор». 
Студенттің  және  оның  отбасының  ақпараттық  дамуын  бағалау  үшін 
«Отбасы  және  компьютер»  сауалнамасы  жүргізілді.  Сауалнамаға  «Студент 
және 
компьютер», 
«Отбасы 
және 
компьютер», 
«Компьютер 
оқу 
қызметінде»,«Компьютер  кәсіби  іс-әрекетте»  және  «Дамуында  ерекшеліктері 
бар адам ақпараттық қоғамда» бағыттары бойынша 20 сұрақ енді. 
Одан  әрі  студенттерді  күнделікті,  оқу  және  кәсіби-педагогикалық 
қызметтерінде  АКТ-ны  пайдалануға  итермелейтін  ынталандыруларды  зерттеу 
жұмыстары жүргізілді. Сауалнамада «Мен және ақпараттық-коммуникациялық 
құрал»,  «АКТ  менің  оқуымда»,  «АКТ  болашақ  кәсіби  іс-әрекетімде»  және 
«Инклюзивтік  мектептегі  АКТ-ның  рөлі»  тәрізді  4  блок  бойынша  сұрақтар 
болды. 
«АКТ:  меңгеру  деңгейі  және  пайдалану  қажеттілігі»  зерттеуі  барысында 
студенттерге  25  жұп  сұраққа  жауап  беру  ұсынылды,  онда  олар  қандай  да  бір 
жағдайда  АКТ-ны  пайдалану  қажеттілігі  және  өздерінің  ақпараттық  құралды 
меңгеру  деңгейі  туралы  айтуы  тиіс  болатын.  Сұрақтардың  тізімі  3  блоктан 
тұрды,  олар:  «Оқу  және  АКТ»,  «Болашақ  кәсіби-педагогикалық  қызмет  және 
АКТ» және «АКТ инклюзивті қоғамды ақпараттандыру кезеңінде». 
«Студент  және  компьютер»  сауалнамасының  мақсаты  тәжірибеге 
қатысушылардың  компьютер  мен  компьютерлік  технологиялардың  білім  беру 
саласындағы  және  жалпы  ақпараттық  қоғамдағы  рөлі  туралы  білімдерін 
анықтау  болып  табылады.  Педагогикалық  тәжірибеде  көптеген  тестілер 
пайдаланылды, сондықтан, оларды талдау мен нәтижелерін өңдеуді жеңілдету 
үшін ЭЕМ қолданбалы бағдарламалар пакеті қолданылды. Барлық нәтижелерге 
сандық  талдау  жасалды:  орташа  мәні  (бұл  мүмкін  болған  жерлерде)  немесе 
топтағы  респонденттердің  жалпы  санына  пайыздық  арақатынасы  есептеп 
шығарылды.  
«Отбасы  және  компьютер»,  «Студент  және  компьютер»  және  «Дамуында 
ерекшеліктері  бар  адам  ақпараттық  қоғамда»  тақырыптары  бойынша 
сауалнамаларда  жабық  және  балама  сұрақтар  болды.  Алынған  сауалнама 
нәтижелеріне  сапалы  талдау  жасалды  және  пайыздық  арақатынасы  есептелді. 
Нәтижелері Б қосымшасында көрсетілді. 
Студенттерді  АКТ-ны  пайдалануға  итермелейтін  ынталандыруларды 
зерттеуде  респонденттер  ұғымдардың  арақатынасын  1-ден  10  баллға  дейінгі 
межелік бойынша белгілеуі тиіс болды.  
Нәтижелерді өңдеудегі  ең  қиыны  «АКТ:  меңгеру  деңгейі және  пайдалану 
қажеттілігі»  сауалнамасы  болды,  себебі  ол  1-ден  5  баллаға  дейінгі  дәреже 
бойынша 
жұп 
сұрақтардан 
құралған 
болатын. 
Мұнда 
студенттер  
1  нұсқаға  (АКТ  пайдалану  қажеттілігі)  және  2  нұсқаға  (АКТ-ны  меңгеру 
дәрежесі) жауап беруі тиіс болды. 
Орташа арифметикалық мәндерді есептеп шығару үшін төмендегі формула 
қолданылды: 
 

151 
 
А =
∑ У𝑖
m
           (1) 
мұнда: 
- А — орташа арифметикалық мән; 
- m — бақылаулар саны; 
- Y — ауыспалы мән. 
Біз  әрбір  А  арифметикалық  мәнінің  Стьюдент  бойынша  β  — 
ықтималдылық  коэффициентін  есептеп  шығардық.  Егер  ол  ≤  0,05  мәнін 
қабылдаса,  онда  бұл  зерттеліп  отырған  өлшем  бойынша  топтардың  95% 
айырмашылығын білдірді.  
Барлық  алынған  зерттеу  нәтижелері  Exсel  кестесіне  енгізілді,  себебі  бұл 
бағдарламаның  ақпаратты  статистикалық  өңдеуде  үлкен  мүмкіндіктері  бар. 
Соның  ішінде  бізге  Стьюдент  коэффициентінің  мәндерін  алу  үшін  сенімділік  
аралықтарын  тұрғызудың  және  қосымша  есептеулер  жүргізудің  қажеті  болған 
жоқ.  
Алынған  нәтижелер  сапалы  талдауға  негіз  болды.  Соның  негізінде  біз 
тәжірибеге  қатысушылардың  АКТ-ның  заманауи  қоғамдағы  рөлі  туралы 
хабардарлығы  туралы  және  олардың  ең  қарапайым  ақпараттық  құралдарды 
меңгеру дағдылары туралы тұжырым жасадық. 
Бұл  ретте  біз  «Студент  және  АКТ»,  «АКТ  және  оқу  іс-әрекетінде»  және 
«АКТ  және  инклюзивті  мектептегі  болашақ  кәсіби  қызмет»  тәрізді  3  блокка 
назар аударғанымызды айта кету керек. 
«Отбасы  және  компьютер»  тақырыбы  бойынша  сауалнама  алу  бізге 
студенттердің отбасыларының ақпараттық құралдармен (компьютермен, негізгі 
бағдарламалармен,  ғаламторға  қолжетімділікпен)  материалдық  жабдықталуын 
анықтауға мүмкіндік берді.  
«Студент  және  компьютер»  тақырыбы  бойынша  сауалнама  алу  болашақ 
мұғалімдердің  мектеп  оқушыларын  компьютерде  жұмыс  істеу  ережелерін 
үйретуге  дайындығын  және  студенттердің  өздерінің  бұл  мәселедегі 
құзыреттілік  деңгейін  (бастауыш  білімдерін,  қызметтік  дағдыларын  және  т.б.) 
бағалауға мүмкіндік берді. 
Сауалнама нәтижелері бойынша Ғаламтор желісінің мүмкіндіктері туралы 
барлық  дерлік  респонденттердің  білетіні  белгілі  болды.  Алайда,  тәжірибелік 
топтағы  қатысушылардың  тек  50%-ы  және бақылау  тобының 53%-ы  ғана оны 
өзін-өзі  жетілдіруге  және  оқу  қызметіне  пайдалы  құрал  ретінде  қарастырады. 
Тәжірибелік  топтың  25%  және  бақылау  тобының  23,3%  респонденттері 
Ғаламторда  жұмыс  істеуді  оқу  үдерісіндегі  қажетті  буын  деп  есептейді. 
Студенттердің  аз  ғана  бөлігі  (9%)  тек  смартфон  арқылы  ғана  Ғаламтормен 
жұмыс  істей  алатынын  атап  көрсетті.  Бұл  пікір  олардың  өздері  материалдық 
жағынан  тәуелді  болып  отырған  ата-аналарының  жауаптарымен  де  сәйкеседі. 
Тәжірибелік  топтың  66,7%  және  бақылау  тобының  70%  қатысушысы 
Ғаламтордағы  жұмыс  білім  беру  үдерісі  үшін  үлкен  құндылыққа  ие  екендігін 
атап көрсетті.  
Студенттердің  жауаптарын  талдау  олардың  Ғаламтордағы  жұмысына 
уақыт  факторының  ықпалы  үлкен  екендігін  көрсетті.  Барлық  сауалнамаға 

152 
 
қатысушылар  бос  уақыттың  барлығын  соған  жұмсаудың  дұрыс  еместігін 
айтқан.  Тәжірибелік  топтың  60%  және  бақылау  тобының  40%  респонденттері 
Ғаламтормен  (оқу  мақсатында)  тек  ЖОО-да  жұмыс  істейтінін  атап  көрсеткен. 
Ғаламтор  кеңістігінде  жүйелі  түрде  жұмыс  істеу  тәжірибеге  қатысушылардың 
шамалы  ғана  бөлігіне  –тәжірибелік  топтың  8,3%-ына  және  бақылау  тобының 
6,7%-ына  ғана  тән.  Барлық  қатысушылардың  43,3%-ы  Ғаламторға  тек  қажет 
болғанда ғана кіреді.  
Тәжірибе  мақсаттары  үшін  студенттердің  Ғаламторда  жұмыс  істеу 
кезіндегі  білім  алу  көздері  ерекше  қызығушылық  туғызады.  Сауалнама 
алынғандардың көп бөлігі (тәжірибелік топтың 75%-ы және бақылау тобының 
78,3%-ы)  Ғаламтормен  жұмыс  істеудің  алғашқы  дағдыларын  туыстарынан 
немесе  достарынан  үйренгенін  айтқан.  Есте  қаларлығы,  қатысушылардың  тек 
8,3%-ыжәне  6,7%-ымұндай  білімді  жалпы  білім  беру  мектебінің  аясында 
немесе  ЖОО-ның  1  курсында  алғанын  мәлімдеген.  Бұл  оқу  орындарының 
қоғамды  ақпараттандырудағы  рөлінің  төмендігін  көрсетеді.  Топтардың 
әрқайсысында арнайы компьютерлік курстарға барып оқыған студенттер бар.  
Мұндай  нәтижелер  компьютер  мен  Ғаламтор  желісі  туралы  білімдер 
апатты сипатқа ие екендігін көрсетеді. Бұл болжам қатысушылардың өздерінің 
жауаптарымен  расталды.  Тәжірибелік  топтағы  студенттердің  70%-ы  және 
бақылау  тобының  66,7%  респонденті  ақпараттық-коммуникациялық  құралдар 
туралы  бұдан  да  кеңірек  білімді  педагогикалық  ЖОО  қабырғасында,  ал 
қатысушылардың қалған бөлігі – басқа оқу орталығында алғысы келетінін атап 
көрсеткен.  Сауалнама  алынғандардың  ішінен  ешқайсысы  қарастырылып 
отырған  салада  жеткілікті  білімге  ие  екендігін  айтпаған.  Ешкім  өзін  ғаламтор 
саласының маманы қатарына жатқызбаған.  
Сауалнама  алынғандардың  көп  бөлігі  (тәжірибелік  топтың  75%-ы  және 
бақылау  тобының  50%-ы)  өздерін  мамандар  қатарына  жатқызбайды,  бірақ 
болашақта маман болатынына сенімді. Тәжірибелік топтағы 25% және бақылау 
тобындағы 48,3% қатысушы бұл саланың маманы болып табылмайтынын атап 
көрсеткен  және  «Жаңа  Ғаламтор  технологиялары  саласындағы  білімдер  Сізге 
керек пе?» деген сұраққа пікірлер бөлінді: 
-  «білімге  аса  үлкен  қажеттілік  бар»  —  тәжірибелік  және  бақылау 
топтарының респонденттері тиісінше 58,3% және 25%; 
-  «кейбір  білімдер  қажет»  –тәжірибелік  және  бақылау  топтарының 
респонденттері тиісінше 15,4% және 25,3%; 
-  «білімдер  қажет  емес,  бірақ  болашақ  кәсіби  қызметте  керек  болады»  –
тәжірибелік  және  бақылау  топтарының  респонденттері  тиісінше  23,1%  және 
50%. 
Тәжірибелік  топтың  28,3%  респонденті  Ғаламтор  желісіндегі  жұмыс 
беделді  деп  мәлімдеген.  Бақылау  тобының  26,7%  қатысушысы  олардың 
достары  мен  туыстары  АКТ-мен  тығыз  жұмыс  істейтінін  атап  көрсеткен. 
Алайда,  іс  жүзінде  барлық  студенттер  өз  білімдерін  толықтырудағы  Ғаламтор 
желісінің әлеуетін көрмейді  — 10 балдық межелік бойынша тәжірибелік және 
бақылау топтары үшін тиісінше 5,7 балл және 3,7 балл. Сауалнама алынғандар 

153 
 
Ғаламтор  желісінің  өз  мүдделерін  қанағаттандырудағы  әлеуетін  де  көрмейді: 
тиісінше  5,6  және  4,4  балл.  Алайда,  Ғаламтор  желісінің  болашақ  кәсіби 
қызметтегі  рөліге  қатысты  жағдай  басқаша:  қатысушылардың  көп  бөлігі  (41,7 
және 50%)  кәсіби-педагогикалық  қызметте  Ғаламтор  әрдайым  қажет  екендігін 
атап көрсетті.  
Ғаламтор  желісін  оқу  қызметінде  пайдалану  мәселесі  бойынша 
қатысушылардың  арасындағы  пікірлер  әр  жаққа  бөлінді.  Тәжірибелік  топта 
білім алып жатқан студенттер, әсіресе арнайы пәндерді жақсы меңгерудегі АКТ 
мен  Ғаламтор  желісінің  пайдасы  жөнінен  жақсы  хабардар.  Олар  тілдік 
дағдыларды  қалыптастырудағы  чат-конференциялардың  рөлін  жақсы  біледі. 
Бақылау  тобынан  сауалнама  алынғандардың  тек  25%-ы  ғана  Ғаламтордың 
пәндерді  игеруге  көмектесетінін  атап  көрсетті  (тәжірибелік  топтың  35%-ына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет