Органическая химия


Құрылысы. Номенклатурасы және изомериясы



бет9/33
Дата02.11.2022
өлшемі0,79 Mb.
#156194
түріМетодические указания
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Байланысты:
СРСП новый

3.1 Құрылысы. Номенклатурасы және изомериясы

Ацетилен қатарындағы көмірсутектердің бірінші өкілі – ацетилен С2Н2.


Ацетилен молекуласында, этилен молекуласына қарағанда сутегінің екі атомы кем, сондықтан көміртегі атомдарының арасында үшінші байланыс пайда болады. Ацетиленнің құрылымдық формуласы:
Н – С ≡ С – Н Н : С ::: С : Н
құрылымдық электрондық
формула формула
Жүйелік номенклатура бойынша ацетиленді көмірсутектерді алкан­дар­дағы – ан жұрнағын – ин-ға ауыстыру арқылы алады. Негізгі тізбекте міндетті түрде үш байланыс болу қажет және нөмірлеуді үш байланыс қай жақ шетке орналасса, сол жақтан бастап нөмірлейді:
СН ≡С – СН2 – СН3 СН3 – С ≡ С – СН3 СН ≡ С – СН – СН3 СН3 – С ≡С – СН – СН3
‌‌| |
СН3 СН3
бутин-1 бутин -2 3-метилбутин-1 4-метилбутин-2


Рациональды номенклатура бойынша бұл қосылыстарды ацетилен туындысы ретінде қарастырады: этилацетилен, диметилацетилен, изопропилацетилен, метилизопропилацетилен.
Ацетилен көмірсутектеріне екі түрлі изомерия тән: негізгі көміртегі тізбегі құрылысына байланысты және қос байланыстың орналасуына байланысты. Ацетилен қатарындағы изомерия С4Н6 көмірсутегінен басталады:

СН3 – С ≡ С – СН3 СН ≡ С – СН2 – СН3


бутин-2 бутин -1


3.2 Алу жолдары



  1. Кальций карбидін сумен ыдырату арқылы ацетилен алады. Ал кальций карбидінің өзін көмір мен сөндірілмеген ізбестің қоспасын электр пешінде қыздыру арқылы алады:

2. Бір көміртегінде екі немесе екі көрші көміртегі атомында галоген атомдары бар дигалогентуындыларына сілтінің спиртік ерітіндісімен әсер ету арқылы алады:
3. Мұнай көмірсутектерін термиялық немесе электрокрекинглеу арқылы:
1500°С
2СН4 —→ С2Н2 + 3Н2
немесе алкандарды пиролиздеу арқылы алады:
1200°С
С2Н6 —→ С2Н2 + 2Н2

  1. Ацетиленидтерді алкилдеу арқылы:

СН ≡ С – Na + CH3 – I → СН ≡ С –CH3 + NaI
натрий ацетилениді пропин -1




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет