Орта жастағы балалардың логикалық ойлау қабілетін акт арқылы дамыту


Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалды дамуының ерекшеліктері



бет3/8
Дата24.01.2022
өлшемі136,68 Kb.
#129710
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
орта жастағы балалар Куркембаева А
Білімдерді салыстыру
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалды дамуының ерекшеліктері.

Баланың дамуы ерте жаста басталғанда ерекше нәтижелі. Балаларға зор танымдық белсенділік, жаңаны қабылдауға деген бірегей қабілеттілік тән. Бірақ, егер бұл қасиеттерді уақытында дамытып, ізденбесе, олар біржола жоғалып кетуі мүмкін. Баланың интеллектуалды дамуы алдын-ала болжанбайды; ол жағдайға байланысты тоқтатуға, баяулатуға немесе жылдамдатуға болатын үдеріс.

Интеллект (латынның intellectus сөзінен шыққан – ұғыну, түсіну, аңғару) психологиялық ғылымда «жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің тұрақты құрылымы» ретінде қаралады [1, 114 б.].

Балалардың интеллекті – баланың социумда бейімделуін қамтамасыз ететін жас мөлшері нормасына қатысты танымдық үдерістердің даму жүйесі. Когнитивті психологияда интеллект дамуының негізгі теориясы деп әр түрлі жастағы балаларды бақылай отырып өз қорытындысын жасаған Пиаже кезеңі теориясын атауға болады [2].



Бірінші кезең – сенсомоторлық кезең (0-1 жас).

Екінші кезең – операциялардың алдындағы (1-7 жас).

Үшінші кезең – нақты операциялар (7-12 жас).

Төртінші кезең – формалды операциялар (12 жастан кейін).

Осылайша, баланың интеллектуалды дамуы кезеңдердің заңды ауысымымен сипатталады, онда әрбір өткен кезең келесісін дайындайды. Әлбетте, бала бұл кезеңдерді қатаң күнтізбе бойынша өтпейді; өзгеріс бірте-бірте және әр балада әр түрлі уақытта іске асады.

Логикалық ойлау – бұл ойлаудың бір түрі, оның мәні – ұғым, пайымдау, ой қорытындысын логика заңдары негізінде пайдалану, оларды іс-әрекетпен салыстыру, ара қатынасын белгілеу немесе сипаттау және объективті ақиқатты өзгерту мақсатында бар білімді үйлестіруге мүмкіндік беретін себеп-салдарлық заңдылықтармен байланысты ойлау операциясы [3, 123 б.].

Логикалық операциялар: салыстыру, жалпылау, талдау, жинақтау, жіктеу, сериация, үйлестік, жүйелеу, абстракциялау.

Логикалық ойлаудың негізгі формаларына келесілер жатады: пайымдау, ой қорытындылау, ұғым.

Ойлаудың дамуы үш кезеңнен өтеді:

1. Көрнекі-қимылдық, яғни, бала әрекет, қимыл арқылы ойлайды.

2. Көрнекі-бейнелі, яғни, бала бейнелер көмегімен ойлайды.

3. Сөз-логикалық, яғни, бала ойша ойлайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет