Орта жастағы балалардың логикалық ойлау қабілетін акт арқылы дамыту



бет1/8
Дата24.01.2022
өлшемі136,68 Kb.
#129710
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
орта жастағы балалар Куркембаева А
Білімдерді салыстыру

ОРТА ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН АКТ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Куркембаева А.М.

№3 Балбөбек балабақша-бөбекжайының тәрбиешісі

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы


  1. Жобаның өзектілігі.

Заманауи кезеңде бағдарлама талаптарын тиімді іске асыру және білім сапасын арттыру мақсатында педагогтардың күш-жігері мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой тәрбиесін жетілдіруге бағытталады.

Ойлау операциялары адамның қоршаған ақиқатты тану құралы болып табылады, сондықтан, ойлау операцияларының дамуы жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады.

Балаларда бастауыш математикалық ұғымдарды дамыту үдерісінде АКТ-ды пайдалану педагогикалық ықпал етудің түзету және оқу-дамытушылық міндеттерін үйлестіруге, мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуының заңдылығы мен ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Зерттеу мақсаты – орта мектеп жасына дейінгі балаларда ойлау операцияларының даму үдерісін АКТ құралдарымен әдістемелік қамтамасыз ету.

Зерттеу нысаны – орта мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау операциялары.

Зерттеу мәні – АКТ құралдары арқылы орта мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау операцияларының даму үдерісі.

Зерттеу болжамы – орта мектеп жасына дейінгі балаларда ойлау операцияларының даму үдерісі оны дамыту барысында келесі мүмкіндіктерді қолданған жағдайда барынша сәтті өтеді: қызықты материал, логикалық жаттығулардың түрлері, АКТ қолданылатын жұмыстардың түрлі формасы мен әдістері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет