Орта жастағы балалардың логикалық ойлау қабілетін акт арқылы дамыту


Орта мектеп жасына дейінгі балаларда логикалық ойлауының қалыптасу деңгейінің сипаттамасы



бет5/8
Дата24.01.2022
өлшемі136,68 Kb.
#129710
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
орта жастағы балалар Куркембаева А
Білімдерді салыстыру
3 Орта мектеп жасына дейінгі балаларда логикалық ойлауының қалыптасу деңгейінің сипаттамасы

Логикалық ойлаудың қалыптасуын қадағалау үшін біз келесі деңгейлерді бөліп көрсетеміз: оңтайлы, оңтайлы-жеткілікті, жеткілікті, ұйғарынды, ұйғарынды емес.

Логикалық ойлаудың қалыптасу индикаторлары: талдай және жинақтай білу, салыстыра білу, жіктей білу, жиынтықтай білу, жүйелей білу, пайымдай білу, себеп-салдарлы байланыс негізінде ой тұжырымын құра білу.

Бағдарламалық міндеттерден келіп, біз орта топтағы мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауының қалыптасуының деңгейін анықтайтын тапсырмаларды жинақтадық. Тапсырмалар орта топтағы мектеп жасына дейінгі балалардың білімі мен ептілігін ескеретін бағдарлама талаптарын ескере отырып жасалынды. А.В. Белошистаяның әдістемесі негізге алынды [7].

Логикалық ойлауының қалыптасу деңгейін анықтауға байланысты тәжірибе барысындағы мектеп жасына дейінгі балалардың эксперименттік және бақылау топтарының диагностикасы нәтижесі.

Мәліметтерді талдау логикалық ойлаудың даму деңгейі «А» және «Б» топтарында бірдей деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді, ол әр топта 20 % құрайды. «А» эксперименттік тобында оңтайлы-жеткілікті деңгейлі балалар 5% көп. «А» эксперименттік тобы мен «Б» бақылау тобында жеткілікті деңгейдегі балалар саны бірдей, әр топта 40 %. «Б» бақылау тобында ұйғарынды деңгейдегі балалар саны 5% көп. Логикалық ойлаудың ұйғарынды емес деңгейіндегі балалар саны «А» эксперименттік тобы мен «Б» бақылау тобында жоқ.

Осылайша, «А» және «Б» топтары балаларын зерттеу нәтижесін салыстыра отырып, осы топтардағы балалардың логикалық ойлауының қалыптасу деңгейінің шамамен бірдей екенін айтуға болады. Алынған зерттеу нәтижесі негізінде сабақтарға логикалық ойлауды дамытуға ықпал ететін есептер мен жаттығуларды қосу қажеттілігі туындады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет