Орта жастағы балалардың логикалық ойлау қабілетін акт арқылы дамыту


Орта мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамыту жүйесі



бет6/8
Дата24.01.2022
өлшемі136,68 Kb.
#129710
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
орта жастағы балалар Куркембаева А
Білімдерді салыстыру
4 Орта мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамыту жүйесі

Материалды зерттеу жүйесін біз нақты ғылыми негізделген бірізділік және өзарабайланыста білім кешенін меңгеруді қамтамасыз ететін мақсатты бағытталған үдеріс, сонымен қатар олардың негізінде тәжірибелік ептіліктің қалыптасуы деп түсінеміз.

Сабақ жүйесі 2 суретте берілген, АКТ қолданылған логикалық жаттығулардың әр түрін қолдана отырып, қызықты материал негізінде құрылған.

Осы тәжірибе аяқталған соң логикалық ойлауды дамытуға байланысты тікелей және мақсатты бағытталған жұмыстар басталды. АКТ қолданылған сабақтар жасалынып технологиялық карталар, өткізілді (Қосымша А – ойындар жинағы). Қарапайым математикалық ұғымдар жайлы түсініктерін қалыптастыру тек математика оқу іс-әрекетімен ғана шектелмейді, балабақшаның басқа да дәстүрлі және жаңашыл әрекеттерінің қосылуы арқылы жүзеге асырылады. Солардың бір инновациялық әрекет түрі интерактивтік үйрету ойындары жинағы. Жинақталған ойындарды 5 бөлімге біріктірдік:

1) заттарды ретке келтіру;

2) заттарды салыстыру, жиынтықтау;

3) белгілерін анықтау, салғастыру, талдау;

4) бір-екі қасиетіне байланысты жіктеу;

5) заңдылықтарды анықтау және орнату.

Ойындар жинағының мазмұны: әр слайдта тапсырмалардан тұрады. Әр ойын тапсырамының дұрыс жауабын таңдау көрнекі суреттерді басу арқылы орындалады. Дұрыс немесе дұрыс емес жауаптар дыбыстық белгімен сүйемелденеді.

Математикалық ұғымдар жайлы түсінікті, ақыл-ой аналитика-синтетикалық әрекеттер және операцияларды меңгере отырып, бала заттардың әртүрлі қасиеттерімен өзара қатынастары жайлы өзіне қажетті тәжірибе алып, танымдық әдістер мен тәсілдерді, оқыту кезінде қалыптасқан білмдері мен дағдыларын тәжірибеде қолдануды үйренеді. Оқу іс-әрекетінде қалыптасқан білімің дағдыларын тәжірибеде қолданылады. Интерактивті үйрету ойындары кіші мектеп жасына дейінгі балаларға «Таным» білім беру саласында, мектепке дейінгі мекемеде, сонымен қатар отбасылық ортадағы оқу әрекеттерінде қолдануға ұсынылады.

Қосымша А




Дөңгелек пішінді затты тап. Қай торғай астында. Зат пен санды сәйкестендір.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет