Орта жастағы балалардың логикалық ойлау қабілетін акт арқылы дамыту



бет2/8
Дата24.01.2022
өлшемі136,68 Kb.
#129710
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
орта жастағы балалар Куркембаева А
Білімдерді салыстыру
Зерттеу міндеттері:

  • мектепке дейінгі педагогика мен психологиядағы ойлау операциялары дамуының теориялық негіздерін зерттеу;

  • орта топтағы мектеп жасына дейінгі балаларда логикалық тәсілдердің қалыптасу деңгейін анықтау;

  • орта мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік беретін компьютерлік ойындар жүйесін жасау және апробациялау;

Зерттеу әдістері:

  • теориялық талдау, синтез, түйіндеу және нақтылау әдістері;

  • бақылау;

  • педагогикалық тәжірибе әдісі;

  • зерттеу мәліметтерін сандық талдау және сапалық өңдеу әдісі.

Зерттеуіміздің ғылыми жаңалығы – осы мәселені зерттеудің кең ауқымын талдау негізінде және мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау операцияларының дамуының практикалық тәжірибесін, диагностикалық срез нәтижелерін талдау негізінде АКТ-ды қолданумен өтетін сабақтар жүйесі жасалды.

Жұмыстың тәжірибелік мәні орта мектеп жасына дейінгі балаларда көру арқылы қабылдау, зейін, логикалық және бейнелі ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін сабақ жүйесін жасауда. Сонымен қатар тапсырмаларды баланың танымдық дамуын диагностикалауға да қолдануға болады. Ойындар жүйесін тәрбиешілер мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс тәжірибесінде қолдана алады.

Тәжірибе Өскемен қаласы әкімдігінің №3«Балбөбек» балабақша-бөбекжайында, КМҚК базасында өткізілді. Эксперименттік «Ботақан» топ тәрбиешісі – Куркембаева Алина Муратханқызы. Топта барлығы 32 бала. Осы балалармен жұмыс істей отырып эксперементтік топ және бақылау тобы деп бөлдім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет