Ортаңғы топ балаларының есте сақтауына арналған нұсқаулықтар Нұсқаулық: «Суреттерді есіңде сақта»


«Ластанған су оқиғасын» әңгімелеу



бет10/11
Дата19.07.2022
өлшемі5,41 Mb.
#147580
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
«Ортаңғы топ балаларының есте сақтауына арналған нұсқаулықтар»
7кл Жануарлардағы тура және түрленіп даму онтогенез типтері, turakty-tirkester-5669bb9039ee7 (1)
«Ластанған су оқиғасын» әңгімелеу.

А.М.: мен сендерге бір оқиғаны айтып берейін. Бір көл өмір сүріпті. Суы сондай таза, мөлдір, тіпті су астындағы тіршіліктің бәрі көрінеді екен. Бір күні суға дем алушылар келіпті. Олар ағаштарды кескен, от жаққан, қалдықтарды жинамай кеткен екен. Басқалары да солай істепті.Осылайша су азая берген, азая берген, ал қалдықтар көбейіп кеткен. Сендер қалай ойлайсындар, осы дұрыс па? Суда тіршілік ететін балықтарға қиын бола бастайды. Балалар, оларға кім көмектесе алады? Біз қалай көмектесе аламыз? Ол үшін біз суды тазартайық.



«Суды тазартамыз»ойыны.

Сүзгімен лас суды тазарту көрсетіледі.

Менің қолымда қандай табиғат қорғау белгісі бар? Белгі нені білдіреді? Адамдар суды ластамасын деп біз оны көлдің жанына қоямыз.

Тыныштық мезеті.

«Теңіз»Балалар өздеріне ыңғайлы қалыпты қабылдап, көздерін жұмады да, жағалауда тұрмын деп елестетіп, теңіздің шуын тыңдайды.

«Орманда»құм терапиясы.

А.М: Балалар, қолымызға дүрбі алып орманға саяхат жасаймыз. Мына ормандағы іздерге қарайық. Оны табу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын ( Құм бетіндегі жануарлары іздері салынады)

Жұмбақтар:

Мен балқұмар қорбаңдаймын

Тәтті ұрлауға қорланбаймын

Омартаны арлаймын,

Аяқ, қолды жаралаймын,

Сонда да оған қарамаймын

Балға толмай оралмаймын,

Мен кіммін? (Аю)

Өзінше ноян,

Қорқақ кім? (Қоян)

Төрт аяқты шалғы,

Шауып кетер малды. (Қасқыр )



А.М.: осы іздермен біз орманды аралаймыз. Құстар қайда тұрады? Айналаға қарайық. Қандай ағаштар өсіп тұр? (Құмға ормандағы жолдар салынады)

Балалар: Қайың, шырша, қарағай

А.М.: Жер-Ана бәріне керек, өйткені жер ортақ үй.

Экологиялық белгілер.



А.М: Балалар, орман да не істеуге болмайды? Орманда жүргенде от жағуға, шулауға,

Қалдықтарды тастауға, ағаштарды кесуге болмайды. (Экологиялық белгілерді қою)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет