Ортаңғы топ балаларының есте сақтауына арналған нұсқаулықтар Нұсқаулық: «Суреттерді есіңде сақта»


«Не қандай дыбыс шығарады?» ойыны



бет3/11
Дата19.07.2022
өлшемі5,41 Mb.
#147580
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
«Ортаңғы топ балаларының есте сақтауына арналған нұсқаулықтар»
7кл Жануарлардағы тура және түрленіп даму онтогенез типтері, turakty-tirkester-5669bb9039ee7 (1)
«Не қандай дыбыс шығарады?» ойыны


Ойынның мақсаты: Жан-жануарлардың дыбысын үйрету.
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші жан-жануарларды (сурет, не ойыншық) көрсетіп, сұраққа жауап беруін талап етеді. Қой маңырайды, сиыр мөңірейді, ит үреді – деп балалар жауап береді.





















«Ғажайып қалта» ойыны


Ойынның мақсаты: Балаларды тапқырлыққа үйрету.
Ойынның мазмұны: Қалтаның ішіне жеміс-жидектердің, көкөністердің муляждары салынады. Бала қалтаға қолын салып, ұстаған нәрсені атайды. Егер дұрыс атаса сол затта алады. Кімде-кім көп атай алса, сол ұтқан болып есептеледі.




«Бақа-бақа» ойыны
Ойынның мақсаты: Балаларға баланың қимылын, әрекетін жасауды үйрету.
Ойынның барысы: Ал, балалар бүгін бәріміз бақа боламыз. Орындарынан тұрғызып, әр түрлі қимыл-әрекет жасату. Қолдарыңды жоғары ұстаңдар:
«Бақа-бақа, бақ-бақ» - дегенде саусақтарынды ашып-жұмады.
«Басың неге жалпақ» дегенде – бастарын көрсетіп шайқайды.
«Темір-терсек терем – деп» дегенде - екі қолдарын жерге созып, бірдеңе тергендей әрекет жасайды.
«Басым содан жалпақ» дегенде – екі қолдарымен дөңгелектеп, басын көрсетеді. Міне, екі-үш рет көрсетіп, қайталайды.
Ойынның қорытындысы: Ойын үлкен әсер қалдыру қажет. Өздеріңнің естеріне түскенде, тақпағын айтып қимыл-әрекет жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет