Ортаңғы топ балаларының есте сақтауына арналған нұсқаулықтар Нұсқаулық: «Суреттерді есіңде сақта»



бет4/11
Дата19.07.2022
өлшемі5,41 Mb.
#147580
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
«Ортаңғы топ балаларының есте сақтауына арналған нұсқаулықтар»
7кл Жануарлардағы тура және түрленіп даму онтогенез типтері, turakty-tirkester-5669bb9039ee7 (1)
«Торғай» ойыны


Ойынның мақсаты: Балаларды суретті тануға, тапқырлыққа үйрету.
Ойынның барысы: Балалардың әрқайсыысына суретті үйлестіру. Балалар, торғайдың қанаты қайсы, тұмсығы, көзі қайсы? – деп сұрап дұрыс көрсете білуіне көмектесу. Ал,
балалар бәрің орыңдарынан тұрыңдар. Қәне, қалай торғай ұшады, балалардың қолдарын жайқызып, торғай сияқты қақызып көрсету. Ал, балалар мынадай тақпақты айтып көрелік: Торғай- торғай, торғайсың,
Жақын жерге қонғайсың.
Жем шашайын,
Теріп соны жигейсің.
Ал енді торғай қалай жем жейді? – деп, балалардың дұрыс түсінгенін тексеріп көру.
Ойынның қорытындысы: Балаларға ойынғажақсы қатыстыңдар. Бәріңе, көпрахмет!.



«Паровоз» ойыны


Ойынның мақсаты: Балаларды ауызбіршілкке, шапшаң қимылдауға, дұрыс қозғалуға ықпал ету.
Ойынның барысы: Балаларды бір-бірінің артына тұрғызып, бір-бірінен ұстау керектілігін түсіндіру. «Буп-буп-буп» деп ауыздарымен дыбыс шығыра отырып, шеңбер бойымен жүріп отырады. Екі баланы қол ұстастырып қойып қою. Бұны көпірдің астымен өтеміз - деп белгі беріп отыру. Ал, балалар міне белгіленген жерге (станцияға) келдік, тоқтаймыз - деп айту қажет. Ал, шаршадың балалар дем аламыз.
Буп – буп – буп,
Зымыра поезд.
Біз сені алі-ақ,
Қуып жетеміз.
Ойынды тағы бір қайталау.
Ойынның қорытындысы: Балалар, бүгінге ойынға өте жақсы ат-салыстыңдар. Бәріңде дәу жігіт болыңдар.



«Үйдің есігін жабайық» Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет