Өсімдік қорғаудағы биотехнология



Pdf көрінісі
бет6/31
Дата13.05.2020
өлшемі1,75 Mb.
#67568
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
өс қорғаудағы биотехнология
b2087, Орта мектеп географиясындағы инновациялық технологиялар 3 курс Айтекова К,У, металөңдеу, металөңдеу, статья 7 Бау, doma prac, 7 сем.ПиП.КАЗ.Мұғ. кәс. бағ. для преп.Макашкулова Word, Микро УМК, Микро УМК, 28002[1], Тесты Финансы, Тесты Финансы, Бір айнымалы көпмүшеліктер, 5. Лекциялар жинағы
Бақылау сұрақтары 

1.  Серологиялық әдістің артықшылығы. 

2.  Серологиялық әдісті ашқан ғалымдар. 

3.  Иммунологиялық әдістер. 

4.  Визуалды әдіс 



19 

 

2-Дәріс 



Тақырыбы: Диагностикадағы қарапайым әдістер. 

Дәрісте қарастырылатын сұрақтар: 

Агглютинация 

Преципитация 

AS –тест 

Агардағы қосарланған диффузия 

Радиалды иммунодиффузия 



Дәрістің  мақсаты:Ӛсімдіктердегі  вирустың  бар  жоғын  тексеретін 

диагностикалық әдістердің тҥрлері мен тексеру жолдарымен таныстыру. 



Негізгі әдебиеттер: 

Г.Ж. Уәлиханова. Ӛсімдік биотехнологиясы, Алматы, «Қонжық», 1996 

М.В. Штерншис., О.Г.Томилова., И.В.Андреева. Биотехнология в защите 

растений, Новосибирск, 2001 

 

Агглютинация.Агглютинация  байлау  деген  мағынаны  береді. 

Агглютинация  тесті  ҥшін  ӛсімдіктің  центрифугаланбаған  сӛлін  алады. 

Сол  зерттеуге  алынған  сӛлдің  екі  тамшысын  заттық  шыныға  қҧяды. 

Оның  біреуіне  бір  тамшы  антисарысу  (антисыворотка)  ,  ал  екіншісіне 

жануардың 

иммунизацияланбаған 

сарысуын 

тамызады. 

Ол 

сҧйықтықтарды  шыны  таяқшамен  бірнеше  минут  жеке-жеке 



аралыстырады.  Егер  ӛсімдік  ауру  болса  сӛл  тамшысында  ҥлпектер 

(хлопья)  пайда  болады.  Заттық  шынының  орнына  шыны  тҥтікше 

пайдаланса да болады. 

Преципитация.  Егер  серологиялық  әдісте  центрифугадан  ӛткен 

сӛл  пайдаланылса,  онда  антиген  мен  антидене  арасында  жҥретін  

реакция  клеткалық  фрагменттердің  қатысуынсыз  жҥреді.  Бҧл  жоғары 

сезімталдықты тудырады. Осы мезетте пайда болған ҥлпекті преципитат 

деп атайды. Қолмен езіп алынған сӛлді 3000-5000 айналымда 20-30 мин 

центрифугалайды. Кейін сӛлдің бір тамшысын заттық шыныға тамызып, 

антисарысудан сондай мӛлшерде бір тамшы тамызып араластырады, ол 

қоспаның  диаметрі  1-1.5  см  болу  керек.  Осы  инкубациялау  процесінен 

кейін  25°С  температурада  30....60  минут  бақылап,  нәтижесін  қарайды. 

Вирусқа оңтайлы реакцияның кӛрсеткіші преципитат жеңіл ҥлпектердің 

пайда  болуы.  Бҧл  перипитацияның  басқаша  атауы  тамшылы  тест 

(капельный тест) деп аталады.  



АS-тест  (ammonium  sulfate).  Картоптың  X,Y,S  және  M 

вирустарының  серологиялық  диагностикасын  жетілдіру  ҥшін  аммоний 

сульфатын  қолдану  әдістемесі  жасалған.  Оны  сӛлге  қосу  вирустардың 

тҧнба тҥзу қабілеттілігін жоғарылатумен қатар, тӛменгі жылдамдықтағы 

центрифугалауда  (высаливание)  жойылатын  тӛмен  молекулярлы 

белоктардың  коагуляциясын  және  басқа  да  кедергі  келтіретін  заттарды 

тудырады. Бҧл тестте әр пробадан 0,3 мл сӛлден пробиркаларға қҧйып, 



20 

 

оның ҥстінен 1,3% -қ аммоний сульфатынан 0,3 мл-ден тамызады. Осы 



инкубациядан  кейін  27°С-та  бір  сағат  бойы  микроскоптың  қараңғы 

бӛлігінде 60-70 есе ҧлғайтуда нәтижесін санайды.  

АS-тесттің артықшылығы: 

1. 


қоспаның  тазалығы  преципитатты  жақсы  бағалауға  мҥмкіндік 

береді. 


2. 

реакцияның  толық  ағымда  ӛтуі,  залалданған  материалды  кӛптеп 

табуға мҥмкіндік береді 

3. 


арнайы емес (бӛтен) реакциялардың саны бірден тӛмендейді. 

Агардағы  қосарланған  диффузия.Бҧл  әдісте  гельді  орта 

қолданылады.  Ол ортаны бу моншасында 1 г агар тҥссізденгенше ҧстау 

керек, кейін микроағзаларды басу ҥшін 50 мг натрий азидін қосады. Осы 

жылы  ерітіндіні  10-15  мл-ден  диаметрі  9  см-лік  петри  табақшаларына 

тамызғышпен (пипеткамен ) қҧяды. Петри табақшасындағы агарлы орта 

қатқаннан кейін тескішпен  диаметрі 5 мм болатын  ойықтар жасалады. 

Ойықтардыңарақашықтықтары  5  мм  болуы  керек.    Бір  қатардағы 

ойықтарға ӛсімдік сӛлін, екінші қатардағыға антисарысу қҧяды. Олар 24 

сағат инкубацияланғаннан кейін 24°С қараңғы бӛлмеде бҥйірден жарық 

тҥсіру  арқылы  санайды.  Оңтайлы  реакцияда  антиген  мен  антисарысу 

ойықтары арасында преципитаттың ақ сызығы пайда болады. Вирус пен 

антидененің  агарда  диффузиялану,  яғни  екеуінің  кездесуі  нәтижесінде 

преципитат тҥзілетін реакция жҥреді.  

Радиалды иммунды диффузия (РИД-тест) Бҧл әдісте антисарысу 

бірден агармен араластырылады да, онда ойық жасалып, ойыққа антиген 

(ауру  ӛсімдіктің  сӛлі)  қҧйылады.  Агарда  жатқан  вирустар  антиденемен 

бірден кездеседі. Осы кезде ойық айналасында ақ тҥсті сақина тҥзіледі. 

Бҧл тест сапалығымен ғана емес, вирусты сандық жағынан анықтау ҥшін 

де  тиімді.Бҧл  әдісті  энтомопатогенді  вирустар  ҥшін  және  де  басқа 

микроағзалар  ҥшін  де  қолдануға  болады.Серологиялық  тәсілдердің 

ішінде ең нақтысы моноклонды антиденені қолдану арқылы жасалатын 

заманауи диагностика. 

 

Бақылау сұрақтары 

1.  Агглютинация әдісі. 

2.  Преципитация әдісі 

3.  AS –тесттің артықшылығы. 

4.  Агардағы қосарланған диффузия 

5.  Радиалды иммунодиффузия 

 

 



 

 

 




21 

 

ІІ-ТАРАУ. Ӛсімдіктерді сауықтыру 



3 – Дәріс 

Тақырыбы: Ӛсімдіктерді сауықтыру әдістері 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет