«Қостанай таңының» кітапханасы ТҰмарымыз – ТҮркістан баһадүр бабалар туралы баян


Бұхардың әмірі болған Бек-Нияз кім еді?



бет9/13
Дата25.12.2016
өлшемі3,2 Mb.
#4856
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Бұхардың әмірі болған Бек-Нияз кім еді?
Бұл оқиға Абылайхан дүние салғаннан кейін, шамасы 1782 жылы болған. Қараөткел жерінде Өстемірұлы Нияз би мәңгілік сапарға аттанады. Қара суық күз айы болса керек. Елі, балалары өздерінің әйгілі бабаларын көктем шыға Түркістанға, Әзірет-Сұлтан кесенесіне апарып жерлеуге келісіп, мәйітті қыс бойы сақтайды. Бірақ, әлде қандай күн болады деген күдікпен арнайы ақ тастан там да соғып қояды. Жаз шыға Түркістанға жеткізіп, арулап қояды. Өздерімен бірге ала барған алпыс қара ат сойып, ас береді. Ал Қараөткелде ақ тастан салынған ақ там солай бос қала береді. Қазақ бос қалған бейітті мола дейді. Ақмола деген атау содан шыққан деген де дерек бар. Әрине, бұл байлам аңыз ба, ақиқат па оны біз кесіп айта алмаймыз, біздің білетініміз Нияз Өстемірұлының өз заманының белді тұлғасы болғандығы.

Қолдағы деректерге қарағанда, Өстемірден үш ұл туады: Нияз, Қалдар, Айтуған, Нияз 18 ғасырдың орта тұсында 40 мың үй қыпшақпен Бұхарға барып, сонда 12 жыл өмір болған. Қара қазақ оны хан деп түсінген, бірақ ол хан тұқымынан емес еді, сондықтан да әмір атанған. Өзбек тарихындағы Бек-Нияз осы Нияз, Нияз би Сарыарқаға 1756-58 жылдары жоңғарлармен күрес шарықтау шегіне жеткен тұста оралады. Кейбір мәліметтер бойынша, Нияз Өстемірұлы 11 мың қыпшақпен сол кескілескен ұрыстардың бел ортасыңда болады.

Абылайхан қайтыс болғаннан соң Нияздың үш әйелінен туған он бір ұлы үш аймаққа бөлініп кетеді. Бірге туған бауырлардың сол кездегі саяси көзқарастары осылай етуге мәжбүр қылады. Саяси көзқарас туысқандық қылды үзеді. Тарихқа үңілсек, саяси көзқарастары бір-біріне қарама-қайшы келіп, ат құйрығын шорт кесіскен ағайын-туған аз болмаған. Әбілхайырдың Көк ордасынан Жәнібек пен Керей кетеді. Абылайдың ұлдары да екі топқа бөлінеді. Бірі Қасымды жақтаса, екіншісі кейіннен Ресей саясатшылары Орта жүздің ханы деп таныған Уәлиді сағалады. Бірге туған қандастар ғана емес ру, тайпа, жүз де бытырап жатты. Міне, дәл осындай жағдай Күрлеуіттердің де басына келді. Нияздың он бір ұлы әкесінің көзі тірісінде-ақ жан-жаққа көшті. Күрлеуіттердің екі жүздей отбасы Қасым сұлтанға қосылды. Олардың ішінде Нияздың төрт ұлы болады, басқарушысы сол төртеудің біреуі Төлеген би еді. (Сөз реті келгенде айта кетейік, Төлеген би белгілі Құл ақынның әкесі. С.М.). Бұл топ Ертісте қалады. Екінші топ Уәли ханға қосылды. Бұлар Тобыл мен Обаған бойына көшеді. Мұнда Нияздың Атығай деген баласы өзінің төрт бауырымен бірге басшылық жасайды. Ал Нияз би болса, өзінің кенжелері Көрпе және Биғожамен бірге Есілді, Қараөткел бойын мекендейді.

Көп кешікпей сыртқа кеткен Нияз балалары әкелерінің ауыр науқас екенін естиді. Тобыл бойындағы ұрпақ Артықбайды әке мекеніне көшіреді. (Артықбай Ғ.Мүсірепов жазған Ұлпанның әкесі, Артықбай есімі С.Мұқановтың «Аққан жұлдызында» да кездеседі. С.М.). Әке ордасына аттанған Артықбай бауырларымен ақылдаса отырып, әкелері олай-пұлай болып кетсе, оның мәйітін Абылай хандікі сияқты жаз шыға Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне апарып жерлеуге келіседі. Ал Қараөткелде атаусыз қалдырды демесін деп там салмақ болады. Ақыры солай болғанын біз мақаламыздың басында айттық.

Нияз би Бұхардан Арқаға көшкен соң әкесі Өстемір мен жары Нарқыз дүние салады. (НарқызНұрпейіс Байғаниннің осы аттас поэмасының кейіпкері С.М.). Өстемір болса, кезінде Қаздауысты Қазбекпен досжар адам екен. Әкесі Өстемірге, жары Нарқызға көңіл айта алмаған Қазбек-би Ниязға «ат-шапан айыбы ретінде» қарындасы Кенжесарыны қосады. Одан Байғожа, Атығай, Барлыбай, Төлеген, Артықбай, Биғожа, Көрпе атты жеті ұл туады. Оларды ел-жұрты «жеті сары» деп атап кетеді.

Ел ішінде мынандай да әңгіме бар. Бірде Нияз қайнағасы Қазбек биге:

Би-аға, қырағысыз ғой, мына жиендеріңізді сынап беріңізші, дейді.

Сонда Қаздауысты Қазбек:

«Апырмай, мына Байғожа жуан қоныш,

Сарқылмас дәулетті бай болады екен», депті.

Расында да, Байғожаға кезінде 11 мың жылқы бітіпті.

«Ал, мынау Атығайдың маңдайы тайқы, кеудесі қайқы көп дәулет
бітпес, ал бақ
тепсе кетпес», деген екен.

Бұл кісі айтулы би болады. 300 үй күрлеуіт-қыпшақты ертіп,
жоғарыда айтқа
ндай, Обаған-Тобылдан қоныс алған. Біздің өңірде оның
талай
ұрпағы бейқуат өмір кешуде. Ол кезінде Парламент депутаты
болған В.Е.Шалабаев ағамыздың тікелей атасы, Төлегенді көрсетіп:

«Кеудесінің асылы-ай,

Бөксесінің жасығы-ай», депті.

Төлегеннен жалғыз ғана бала болады. Құл ақын сол бала.

Өзге де жиендеріне берген бағасы бұлжымай келіпті деседі.

Осы Нияз бабамыздың тікелей ұрпағының бірі, көргені мен түйгені
мол, аса білімпаз ағамыз, тарихшы, лингвист Масығұт Әлімжанұлы
Шалабаевпен (ресми қ
ұжатта Василий Емельянов Шалабаев) ұзақ әңгіме-
дүкен қ
ұрғанымыз бар. Ата-бабалары туралы жазған орысша да, қазақша
да зерттеу еңбегі де бар екен.

1993 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті депутаты кезімде
Түркістанға арнайы барып, Нияз бабамыз
туралы деректер іздестірдім,
дейді ол.
Әзірет Сұлтан кесенесінің сол кездегі директоры Назаров
Қараөткелден әкеліп қойылған Нияздың зираты осында екенін, кезінде
басына тас қойылғанын айтты. Бабамыздың басына зиярат кетіп, қ
ұран
оқып қайттым,
дейді.

Күрлеуіттен шыққан Нияз бабамыз туралы азды-кем осынау деректерді оқырмандар назарына ұсынуды парыз санадық.


Сәлім МЕҢДІБАЙ
Рухы мықты елдің тұғыры да нық
Соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қостанай облысының арасындағы іскерлік, мәдени және рухани байланыстар нығая түсті. Жақында ғана ақ мақталы өңірден облыс әкімі Бердібек Сапарбаев басқарған делегация қазыналы Қостанай қойнауында болып, сол екі жаққа да пайдалы байланыстарды нығайта түсуге үлкен бір серпін берген еді.

Енді қостанайлықтар Оңтүстік Қазақстанға сапар шекті. Құрамында аудан әкімдері, кейбір облыстық ведомстволардың басшылары, кәсіпкерлер, журналистер бар делегацияны облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев басқарып барды. Қостанайлық қонақтарды әуежайда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Шымкент қаласының әкімі Болат Жылқышиев бастаған оңтүстік азаматтары жылы қарсы алды. Қарсы алушылар ішінде қостанайлықтарға жақсы таныс екі генерал Ілияс Бақтыбаев пен Райымхан Өзбекқалиев те болды. Бірі облыс прокуроры, бірі облыстық ішкі істер басқармасының бастығы болып істеген кешегі қостанайлықтар бүгіндер сол қызметтерін Оңтүстік Қазақстан облысында жалғастыруда. Айта кетейік, қос генерал да қостанайлық қонақтармен екі күн бойы бірге жүріп, қайтарда қимастықпен шығарып салды.

Әуежайдан түскен бетте қонақжай шымкенттіктер нан-тұз ұсынып, қонақтар құшағын гүлге толтырды. Ақын Сәбит Әбдірайым жырдан шашау шашты.

Енді меймандар мінген автокөліктер бірден Шымкент қаласындағы “Қазтрансгаз” мекемесінің орталық офисіне бет түзеді. Мұнда қостанайлық қонақтар екі мәселеге ерекше зейін қойды. Біріншісі пәтерлерге орнатылып жатқан есептегіш құралдар, екіншісі кімнің қанша газ тұтынғаны мен оның ақшасын қалай төлеп отырғанын бақылайтын компьютер орталығының жұмысы.

Қала әкімі Болат Жылқышиевтің газ ақшасын қалай төлеп жүргенін білейікші, деді қонақтардың бірі.



Компьютерші қыз тетікті басып қалып еді, қажетті мәлімет алдан шыға келді. Болат Әбжаппарұлы да мойнын созып, экранға көз жіберді.

Абонент ақысын алдын ала төлепті, деді оператор қыз.



Енді қостанайлықтар «Даңқ» монументіне келіп, мәңгі алауға тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Монументтің қарсы алдындағы қуғын-сүргін құрбандары мұражайы ерекше әсер етті. Мұражайдың сәулетшілік бітім-болмысы мен ішіндегі мұрағаттар үндесіп тұрғандай екен. Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Бейімбет Майлинге арналған бөлімдерге бас ие қарадық.

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мұражайы 2001 жылдың қараша айында ашылыпты. Республикадағы алғашқы осындай зерде орнының ашылуы:

біздің бүгініміз, жарқын болашағымыз үшін бастарын бәйгеге тігіп, ел іргесінің бірлігі, тәуелсіздігі жолында құрбан болған ата буын аруағына құрмет;

тоталитаризмнің асыра сілтеу саясатынан ашаршылық нәубетінде опат болған, елім-айлап жансауғалап үдере көшіп, шет ел асқан қазақ халқының рухына құрмет;

сталиндік тәртіптің сорақы ұлттық саясатының ылаңынан туған жерлерінен айырылып, Қазақстанды паналап, бүгінде қазақты бауыр етіп, «Қазақстан Отаным» деген жер аударылған халықтар рухына құрмет;



1986 жылы желтоқсанда «Егеменді ел болсам» деп талпынып, тоталитарлық тәртіптің қабырғасын сөккен тәуелсіздігіміздің қарлығаштары, жас өрендеріміз үшін құрмет.

Мынандай мәліметтерге зер салайықшы: зұлмат жылдарында Қазақстанда 28 мың адам ату жазасына кесіліп, 113 мың адам қамауға алынды. Оңтүстік Қазақстан облысында ғана 2024 адам ату жазасына кесіліп, 7 мың адам тар қапасқа қамалыпты. Ашаршылық нәубетінде 2 миллион қазақ опат болды. 1 миллион 135 мың қазақ Ауғанстан, Иран, Қытай асты.

«Өлі риза болмай, тірі байымайды» дейді қазақ. Оңтүстікқазақстандықтардың бұл өнегесі кімге де болса үлгі болғандай.

Осы азалы орынды аралай жүріп, қайран Ахаң, Ахмет Байтұрсынов айтқан мына сөздер еске жиі орала берді:

«Асықпаңдар! Артымызда қазы бар,

Тергеп талай көрлеріміз қазылар».

Ұлттың рухани көсемі Ахаңның айтқан аталы сөзі тәуелсіздік алған еліміздің бойтұмарына айналды. Осы Ахаң сияқты арыстарымыздың өлмес рухы өміршең ертеңімізге бастай береріне сөз жоқ.

Ал сол тәуелсіздік рухы күні кешелер бүкіл әлем болып 1500 жылдығын тойлаған Түркістаннан бастау алып тұрғандай.

«Кең баба» саябағы қостанайлықтарды таң қалдырды. Оның ішін шырқалған әнді тыңдай, мың бұралған бишілер өнерін қызықтай жүріп араладық.

Ертеңіне ертемен Отырар ауданына бет түзедік. Аудан әкімі Шалатай Мырзахметов жылы жүзбен қарсы алып, Арыстан баб мұражай қорығына бастады, бабтардың бабына тағзым етіп, құрбан шалып, құран бағыштадық. Отырар кітапханасымен таныстық.

Түркістан, екі дүние бесігі. Қасиетті мекен. Екінші Мекке! Қала әкімі Өмірзақ Әмет қарсы алып, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне бастады. Аруақты бабаларымыз мәңгілік тыныстаған қасиетті топыраққа бас идік. Тайқазанға тәу еттік. Құрбандық шалып, құран бағышталды. Қостанай-Торғай елінен шығып, елі мен жерінің тәуелсіздігі үшін қан төккен қайран бабаларымыз: Шақшақ Жәнібек, Қарабалуан Алдиярұлы, Мешітбай Сүгірұлы, Мерген Бабасұлы, Бекбаулы Өтейұлы, Әлібек Құдайбердіұлы, Шобан Жаманқұлұлы есімдері көзімізге оттай басылды.

Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелерінде болып, зиярат еттік. Құрбандық шалынды.

Аруақты бабалар кесенелерінің бәріне де қостанайлық делегация атынан түкті кілем сыйға тартылды.

Бәйдібек ауданында болғанда аудан әкімі Қанат Оспанбеков талай жайларға қанықтырды. Бұл біздің облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің туған ауданы. Ол осында туып, ер жетті, мектеп бітірді. Әкесі Естай марқұм осында аудандағы партия комитетінің бөлім меңгерушісі, совхоз партия ұйымының хатшысы болып еңбек еткен. Ұлы Отан соғысына басынан аяғына дейін қатысқан майдангер екен. Шаяндықтардың көңіл пейілдері көл-көсір. Жырақта жүрген ұлын көрген қарттардың көңілдері бұлақ суындай таза. Бәрінің жүзінен өз перзенттеріне деген тілектестік көңіл аңғарылады. Өмірзақ Естайұлының қара шаңырағында бұдан бес жыл бұрын дүниеден өткен Естай марқұмды еске алып, құдайы тамақ берілді.

Кешкісін ауданның өнерпаз ұл-қыздары дала сахнасында небір әуезді әндер мен айшықты билерді қонақтар назарына ұсынды. Бірінен-бірі өткен, нағыз дүлдүл өнерпаздар.

Сапар барысында Соколов-Сарыбай кен өндірістік бірлестігінің президенті Мұхамеджан Турдахунов, «Қонай» құрылыс фирмасының президенті Марат Бекжанов және басқалары іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған келісім-шарттарды пысықтады. Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы Марат Төлебаев пен қазынашылық басқармасының бастығы Асылжан Мамытбеков, «Қарабатыр» агрофирмасының бас директоры Жәзит Құдайқұл, аудан әкімдері Құмар Ақсақалов, Александр Нагайцев, Александр Бородин, Марс Итпаев, Азамат Тұрсынов, Қостанай қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Маркиза Жақсыбергенова, облыстық телерадиокомпаниясы төрағасының орынбасары Жанұзақ Аязбеков пен оператор Қыдырәлі Ахметбеков және басқалары өз салалары бойынша әріптестерімен дидарласып, пікір алмасты.

Қостанайлықтардың Оңтүстік Қазақстан облысына сапары ерекше мәнді және жемісті болды. «Оңтүстік Қазақстан» газеті жазғандай «Орта Азияның барысы болғысы келетін елдің күш-қуаты осындай ынтымақтастықтармен арта түссе керек». Әріптестер түйініне біз де қосыламыз.
САПАР СЫРЛАРЫ
1. Қостанайдың өз баласы

Шымкентке келген күні кешкілік Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қонақасы берді. Алғашқы сөзді өзі алып, екі облыс арасындағы байланыстардың нығайып келе жатқандығын, Қостанайда болғанда көптеген игі істердің куәсі болғандығын, оның бәрін өз жерлестері Өмірзақ Шөкеевтің есімімен байланыстыратынын айта келіп, қонақтар құрметіне тост көтерді.

Содан кейін «Қонақтар атынан ендігі сөзді облыстық «Қостанай таңы» газеті Бас редакторының орынбасары Сәкеңе береміз» десін. Алдымда талай жақсылар мен жайсаңдар тұрғанда бұл менің еш күтпеген ісім еді.

Құрметті Бердібек Мәшбекұлы, бұл бір ойламаған жерден келген түйткіл болды, дедім.

Табиғи сөз дайындықсыз шығады, деді өзіміздің Өмекең.

Қонақжай елге, азаматтардың ықыласына рахмет! Қазақтың басын қосып, төбе болған оңтүстікке талай ұлт пен ұлыстың ұйтқысы болып, үлгі болған, солтүстіктің сәлемін ала келдік, ағайын! Біздің облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы осы өңірдің төл баласы болса, бүгіндер Қостанайдың өз баласы болды. Қостанайлықтардың ел басқарған сол өз баласына деген құрмет-ықыласы ерекше. Бүгіндер облысымыз серпінді даму жолына түсті. Халықтың тынысы кеңейді. Сол үрдіс жалғаса бергей. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынас нығая берсін. Елдің бірлігі, көңілдің кеңдігі, рухтың асқақтығы үшін! дедім.


2. Құшақ жайған Темірхан

Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне келіп, бабаға тәу еткеннен кейін «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік қорық-мұражайының директоры Темірхан Рыскелдиев мырзаны іздейін. Өйткені облыс жұртшылығы және облыстық «Қостанай таңы» газеті батыр да би бабаларымыз Бекбаулы би, Әлібек батыр, Шобан батыр есімдерін кесенеге жазғызу жөнінде зерттеу жүргізіп, мәселе көтергенде ерекше ыждахаттық, түсінушілікпен қараған кісілердің бірі осы Темекең еді. Талай рет телефонмен сөйлесіп, хат жазысқан адам. Сол Темірхан інімнің алдымнан шыға келгені бар. «Жақсыда жаттық жоқ» дегендей, құшақ жая қарсы алды.

Бабаларымыздың аты-жөні мына тақтада жазулы, деді қасиетті тақта жанына жол бастап.

– «Қостанай жұртшылығының алғысына бөлендің, Темеке». Елдің үлкен-кішісі өзіңе риза, дедім. Төлеген Шоланов ағаң Сізді аузынан тастамай айта жүреді.

Осы тектес тілегімді мұражайға келушілердің пікірі кітабына жазып, Марс Итпаев, Жәзит Құдайқұл, Жанұзақ Аязбеков және басқаларымыз қол қойдық.
3. Жазушы Еркінбек пен ақын Ақмарал

Бәйдібек ауданында берілген қонақасыда осы елдің қадірмен ақсақалы, жазушы Еркінбек Тұрысовпен қатар отырдық. Ол Бәйдібек бабасын зерттеп, талай кітап шығарған ел зиялыларының бірі.

Інім, деді ол маған бұрылып, осы ауданға Бәйдібек бабамыздың атын бергенде Президентіміз Нұрсұлтан Назарабев болған еді. Ол кісі тап мынау өзің отырған орындыққа отырып, дәм татқан.

Апыр-ай, Ереке, мынау бір айта жүретін жақсы ырым болды ғой, дедім.

Белгілі айтыс ақыны Ақмарал Леубаева безілдетіп отыр. Қонақтардың әрқайсысына қаратып әдемі де астарлы әзіл айтады. Ғажап, мүдірмейді-ау, мүдірмейді. Мұндай маржан сөздер қайдан шыға береді деп таң қаласың. Бізге де, Марат Бекжановқа да, Марат Төлебаевқа да, Асылжан Мамытбековке де, Жанұзақ Аязбеков пен Қыдырәлі ініме де небір жыр маржанын төгеді.

Талантты қыздың өнеріне риза болған жұрт шашу шашқандай теңгелері мен долларларын лақтырып жатыр.

Өнеріңе бас идік, Ақмарал! Қостанайда Әсия, Шымкентте Әселхан мен өзің болып, рухымызды асқақтата беріңдер, деп бата бердік.


4. Светлана, Маркиза және Бағила

Бердібек Сапарбаев мырза кезінде білім министрлігінде істеген. Ол кезде министр біздің жерлесіміз Шайсұлтан Шаяхметов болатын. Ұзақ жылдар Қостанай облыстық оқу бөлімін басқарған Светлана Мачнева министрлікке жаңадан келген жас жігітке іссапарға келген сайын ерекше қамқор болып, бай-тәжірибесін бөлісіп, Бердібек Мәшбекұлының жауапты жұмысқа тез төселуіне, саланың қыр-сырына бойлауына көмек-қолдау көрсеткен аяулы жан екен. Бекең де сол Света апасын ұмытпапты. Қостанайлық делегация құрамында болған Светлана Мачневаға ерекше ілтипат пен ізет танытты. Алақанына салып, аялады.

Облыс әкімінің орынбасары Бағила Баймағамбетова қарындасымызды көкке көтерді. Төрт көзіміз түгел отырғанда:

Бағила Бірмағамбетқызы тұла бойы тұнған ерекше идеолог, деп бір-ақ кесті. Шындығы да солай еді. Қаршадай қыз кезінен билік басында шыңдалған Бағила қарындасымыздың алғырлығына, істің көзін табатын іскерлігі мен кішіпейіл-қамқорлығына көпшілік қауым риза.



Маркиза Жақсыбергенова сымбатты да сұлу, ұлттық салт-дәстүрді жетік білетін, сөзі орамды, мінезі жайдары жан. Жәзит Құдайқұл ағамыздың туған құдағиы. Шымкенттің ортасында жүргенде де,Түркістанда да:

Ay, құда, қайдасың, деп Жәкеңді іздеп жатады. Жәзит Кәрімұлы да елгезек.

Осындай құдағидан айналдық, деп жік-жапар болады.

Арыстан баб кесенесінен шыққан бетте дүңгіршектен сыйлық алып:

Қасиетті сапардан ескерткіш болсын, деп құдағиына ұсынып жатты.



Маркиза замандасымызды шымкенттіктер де құрмет-сыйға бөледі. Қостанай сияқты үлкен қаланың тыныс-тіршілігін білгісі келгендер талай сұрақ жаудырды. Істе шыңдалған жан Қостанайдың беделін асқақтатып, жауап беріп жатты.

Светлана апамыз бен Маркиза замандасымыз және Бағила қарындасымыздың облыстан тысқары жердегі де бедел-абыройына куә болып, біз де марқайып қалдық.
5. Қыдырәлі інім Өмекеңнің жерлесі екен

Қыдырәлі Ахметбеков облыстық телерадиокомпаниясының операторы, көзі қырағы, елең еткізер сәтті бірден объективке іліп алатын өз ісінің маманы.

Аға, сіз білесіз бе, мен осы Шаянда туғанмын, демесі бар ма?

Жоқ, мен сені өзіміздің Қараталдың баласы деп жүргенмін.

Мәселе мынада екен. Анасы осы өңірге қыдырып келгенде уақыты жетпей толғақ қысып, осы Қыдыр-екең іңгәлап жар салған болып шықты. Қыдырып келген ана баласына Қыдырәлі деп ат қойыпты. Енді сол Қыдырәліміз Өмірзақ ағасының еліне, өзінің туған жеріне келіп сайраңдап жүр.

Сәке, мында келіңіз, деп шақырды бірде Меңдіқара ауданының әкімі Құмар Ақсақалов інім, мен сізді жерлес туысымызбен таныстырайын.



Орта бойлы, көзілдірік киген жігіт қолын созды:

  • Әуесхан деген ініңізбін, сол Меңдіқара жігітімін.

Әуесхан біздің сары бала Қыдырәлінің ағасы болып шықты. Оқу бітіріп, жолдамамен осында келіп, бауыр басып кетіпті. Бүгіндер мәдениет үйінің директоры. Бәйдібек ауданының біздің алдымызда тамаша концерт қойған өнерпаз жастарының ұстазы да осы Әуесхан екен. Өзінің «Мәдениет қайраткері» деген атағы бар. Тобылбек Омаров, Құмар Ақсақалов және мен Өмекеңнің ауылындағы өнерпаз азаматымызбен қауқылдасып қалдық.
6. «Бала боп кетем қайтадан»

Өмірзақ Естайұлы өзінің қара шаңырағы Шаяндағы үйіне келгенде ерекше толқып жүрді. Жиналған ақсақалдарға сәлем беріп, төрге оздырып, бәйек болды. Анасы да, апасы да ақжарқын, қонақжай жандар екен.

Өмекең бірге өскен достарымен әзілдесіп жатыр.

Тоғызыншы, оныншы класта оқығанда талай қыздарды алып келіп «вечер» жасаған үй ғой бұл, дейді.

Үйге келген соң балалығы еске түсіп отыр ғой, деп толғанады Тұрсын ана.

Елдің азамат болған ұлына деген пейіл-ықыласы да ерекше екен. Өмірзақ Естайұлы да әкесі Естай марқұмның көзін көрген, дос-сырлас болған ақсақалдар алдында сәби болып шыға келді. Менің ойыма ақын Ақұштап Бақтыгерееваның туған жер туралы жазған мына бір жыр жолдары келді:

«Есейдім, ерсі демессіз,

Іні деп көпке айта алам.

Ол жерде бірақ себепсіз,

Бала боп кетем қайтадан».

Расында да кім-кімге болмасын кіндік кесіп, кір жуған туған мекен ерекше ыстық, ерекше қасиетті ғой...
7. Аспанда тапсырылған сыйлық

Сенбі күні түске таман Шымкенттен ұшып шықтық. Әуежайда облыс, қала басшылары, осында танысып, достасып кеткен журналист әріптестер Кеңес Ысмайылов, Қуандық Оразбекұлы шығарып салды.

Ұшақ облыс аумағына енген сәтте облыс әкімінің орынбасары Тобылбек Омаров келіп:

Сәке, Өмірзақ Естайұлы шақырып жатыр, деді.

Өмекеңдер отырған салонға келсем, Бағила Бірмағамбетқызы, Соколов-Сарыбай кен өндірістік бірлестігінің президенті Мұхамеджан Турдахунов, «Қонай» құрылыс фирмасының президенті Марат Бекжанов, Тобылбек ініміз отыр екен.

Өмірзақ Естайұлы:

– Сәке, біз сіздің Түркістанда мәңгілік тыныс тапқан бабаларымызды қайта тірілту, олардың ерлік-өнегелі істерін насихаттаудағы еңбегіңізді жақсы білеміз. Сол қасиетті мекеннен оралып келе жатқан сәтте Қостанай меценаттар клубының арнайы сыйлығын тапсырғалы тұрмыз. Оны қазір Марат Бекжанов тапсырады, – демесі бар ма?

Мен аң-таңмын, төбеден түскен тосын жаңалық. Марат інім қолымды қысып, мәртебелі сыйлықты ұстата берді.

Толқып тұрмын. Ауызға сөз түсер емес. Бар айтқаным:

– Беделді сыйлықты беделді адамдардың аспанда тапсырғаны тарихта бірінші рет болып тұрған оқиға шығар. Рахмет! Азды-көпті еңбегімді бағалағандарыңыз ол да болса сол бабалар аруағының қолдағаны шығар, – дедім.

***

Құрметті оқырман! Оңтүстік Қазақстан облысына сапар жайлы жаза отырып, өзіме қатысты кейбір деректерді алға тартқаным үшін кешірім өтінемін. Оның өзімді дәріптеу мақсатынан емес, жалпы облыс делегациясының осы сапарынан толығырақ, қызықтырақ мағлұмат беру мақсатында туындады. Осы жазбаларға «Сапар сырлары» деген тақырып қоюымда да сондай мән бар. Өйткені оқырманнан жасырар сыр жоқ қой бізде.



Қабылахат СЕЙДАХМЕТ


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет