Оқу-әдістемелік кешен Қр бжҒМ бекіткен типтік бағдарлама 15. 05



бет2/5
Дата14.04.2017
өлшемі13,55 Mb.
#13859
1   2   3   4   5

Грамматика


Етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.

Өткен шақ


Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі.

Өткен шақ 3 топқа бөлінеді:

1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”.

2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің “-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің “-п”, “-ып”, “-іп” тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: “барған”, “айтқан”, “барыпты”.



3) Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” формалары арқылы жасалады. Мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”. Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы.


Аудиториялық: Қызметке орналасу
Сабақтың тақырыбы: Информатика саласы бойынша ғылым мен білім беру бағытындағы жетекші ұйымдар.Осы шақ.

Информатика – адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.

Информатика компьютер, компьютерлік жүйе және желілермен генетикалық байланысты және олардың өте үлкен көлемдегі ақпараттарды туғызуы, сақтауы және автоматтандыруы ақпараттық үрдістерге ғылыми қөзқарасқа мүмкіндік пен қажеттілікті туғызады. Бұл ерекшелік көбінесе информатиканы компьютермен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы деген жалған түсінікті тудырады. Шындығында қазіргі замандағы информатика — өте көлемді, динамикалы, эмпирикалық материалдарды жинақтау және ойдан өткізу кезеңін кешіп отырған, бірнеше іргелі және қолданбалы пәндердің қиылысында қаланған ғылым. Қазіргі замандағы информатиканы 1978 жылы Халықаралық информатика конгресінде төмендегідей түрде анықтады:

Информатика ұғымы ақпараттарды өңдеу жүйелерін құру, жасау, қолдану және материалды – техникалық қызмет етумен байланысты облыстарды қамтиды, мұнда машиналар, жабдықтар, математикалық жасақтама, ұйымдастырушалық аспектілері, сонымен қатар, өндірістік, коммерциялық, әкімшіліктік және әлеуметтік әсер ету кешені де енеді.

Екінші бір көзқарас бойынша, информатика – жаңа білім алу мақсатында есептеу техникасының көмегімен жинақталған білімді сипаттау, беру, интерпретациялау, формальдау және қолдану туралы ғылым.

Кең мағынада, информатика – ақпараттық іс-әрекет, ақпараттық үрдістер және олардың адам-машина жүйелерінде ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым.

Жоғарыда берілген жалпы анықтамалардан информатиканың тек қана «таза ғылым» ғана емес екендігін, ал оның маңызды ерекшеліктерінің бірі – адамзат қызметінің барлық салаларында: өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, саудада, қаржы аумағында, медицинада және т.б. кең колданылуы, яғни технологиялық, қолданбалық, практикалық аспектісінің маңыздылығын көреміз.

Кейбір батыс Европа елдерінде және АҚШ-да бұл ғылымға басқа термин қолданылады – «Computer science» (компьютерлік ғылым).

Ғылым тұрғысынан информатиканың пәні – ақпараттық үрдістерге (бұл ұғымның кең мағынасында) тән жалпы заңдылықтарды зерттеу.

Информатиканың кегізгі зерттеу объектісі қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады. Дәлдеп айтсақ, бұл – ақпаратты жинау, өндеу, беру және қолданудың арнайы технологиясына сүйенген автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық технологиялар (АТ). Ақпараттық технологиялар – ақпараттық ресурстарды (АР) қолдану үрдістерінің ауырлығын төмендету, АР сенімділігі мен оперативтігін арттыру мақсатымен ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және бейнелеуді қамтамасыз ететін, технологиялық тізбекке біріктірілген әдістер, өндірістік үрдістер мен программа-техникалық құралдардың жиынтығы. Ақпараттық технологиялар материалды-техникалық қорлар, математикалық, программалық тұрғыдан қарастырылады.

Информатика ақпараттық жүйелер мен технологиялардың құру мен өмір сүруінің мазмұны мен мағыналық аспектісін олардың мәні, әлеуметтік үлесі, пайдалылығы, қоғамдық жүйелердегі алатын арны, радикальды прогресс пен қоғамның сапасы жоғары жаңа тарихи кезеңге көшіру факторы екендігімен тығыз байланыстыра отырып зерттейді. Ақпараттық технологиялар қазіргі қоғамда білімнің ақпараттық ресурсқа (АР) айналуының, тиімді қолданудың жаңа құралы, дамытушы факторы болып табылады. Ақпараттық ресурс адамзаттың негізгі ресурсына, қазіргі замандағы өркениеттің бас құндылығына айналды. Сонымен қатар, АР рөлі, өмір сүру механизмдері, қолданудың әлеуметтік салдарына байланысты күрделі мәселелер туды.

Информатиканың іргелі ғылым тұрғысынан пәнін төмендегідей ұғымдар құрады:

- ақпараттық ресурстар, олардың мәні, өмір сұру заңдары, қоғамның басқа ресурстарымен әсерлесу механизмдері, әлеуметтік прогресске көрсететін әсері. Ақпараттық ресурс білім мен ақпараттың симбиозы түрінде алынады. Информатика АР-ды қоғамда алу, беру және қолданудың заңдарын зерттейтін ғылым тұрғысынан ақпараттық үрдістерді нығайтуға, АР қолдануға негізделген ЭЕМ-ді және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді (АЖ) қолданудың теориялық негіздерін құрайды.

Осы шақ
Осы шақ болатын етістіктердің мағыналык белгілері:
1. Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекеттерді білдіреді. 2. Әрдайым қайталанып тұратын дағдылы іс-әрекеттерді көрсетеді. 
 

Етістіктің осы шағы істің дағдылы түрде қайталанып тұратынын және сөйлеп тұрған кезде істеліп жатқанын білдіреді.


Осы шақ мағынасы мен түрлеріне қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екі түрге бөлінеді.

1-тапсырма.: Мәтіндегі сөйлемдерді осы шақ формасына қойыңыз.

2- тапсырма. Мәтін мазмұнын қысқаша баяндап жазыңыздар.


Аудиториялық: Қызметке орналасу

Сабақтың тақырыбы: Өзінің кәсіби болашағын бағалау. Келер шақ.
Информатикакның ғылым болып қалыптасуы және адам іс-әрекетінің барлық салаларында компьютердің (ЭЕМ-ның) қолданылуы XX ғасырдың елуінші жылдарына тұстас келеді. Бұл аталым француздың Informatique, яғни Informacion (ақпарат) және Automatique (автоматика) деген сөздерінен шыққан. Көптеген батыс Европа және АҚШ елдерінде басқа аталым – Computer Science (компьютерлік ғылым) қолданылады.

Информатиканың көзі болып екі ғылым саласын санайды – документалистика және кибернетика. Документалистика XIX ғасырдың аяғында өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды дамуына байланысты қалыптасты, оның негізгі пәні – құжаттар айналымының (ақпараттардың) тиімділігін арттырудың құралдары мен әдістерін зерттеу. Бұл информатиканың алғытарихын анықтайды, ол ауыз сөздің, жазудың, кітап басудың, радио, телефон, кино, фотография сияқты ғылым жетістіктерінің, соңында магниттік ақпарат тасушылардың даму кезеңдерімен сипатталады.

Екінші дүниежүзілік сөғыстан кейін әртүрлі жүйелердегі (жасанды, биологиялық, әлеуметтік және т.б.) автоматты басқару және байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттейтін жаңа ғылым – кибернетика екпінді дами бастады. Оның негізін 1948 жылы жарияланған американ ғалымы Норберт Винердің математикалық логикадан еңбектері қалады, ал бұл аталым гректің kyberneticos – басқару өнерлілігі сөзінен шыққан.

Алғашқы ЭЕМ-ң құрылуы мен шығуы информатиканың ғылым ретінде даму тарихына жол ашты, мұндай байламның бірнеше себебі бар. Біріншіден, «Информатика» термині есептеу техникасының дамуымен тығыз байланысты, және алғашында есептеулер туралы ғылым ретінде түсінілді. Екіншіден, информатиканың жеке ғылым болып бөлініп шығуына есептеу техникасындағы өңделетін және сақталатын ақпараттардың ортақ көрсетім пішімдері сияқты маңызды қасиеті әсер етті. Барлық ақпараттар түріне тәуелсіз бір жүйеде, яғни екілік пішімде сақталатыны және өңделетіні есептеу техникасының информатиканың ғылым болып қалыптасуында белсенді рөл атқаруына себепші болды.

Қазіргі заманда информатика кешенді ғылыми – техникалық ғылым. Информатика деген аталымға есептеу техникасын құру және жасау мәселелерін, оны пайдалану заңдылықтарын, ғылыми ақпараттың құрылымы мен қасиеттерін, оны алу, өңдеу, жеткізу және адам өмірінің барлық салаларында қолдану заңдылықтарын зерттейтін пәндер кіреді. Олар – есептеу техникасы мен жүйелерінің архитектурасы, аппараттық және программалық жасақтамалар, алгоритмдеу және программалау, жасанды интеллект, есептеу тораптары мен желілері және т.с.с.

Информатиканың дамуында есептеу техникасы маңызды роль атқарады. Информатиканың CC ғасырдың ортасында ғылыми бағыт ретінде  пайда болуы ақпаратты сақтауға және түрлендіруге бағытталған ЭЕМ-дің шығуымен тығыз байланысты. ЭЕМ пайда болуы, олардың өте тез дамуымен адам өміріне кеңінен ене бастауы жаңа “есептеу техникасы” деп аталатын ғылыми — техникалық бағыттың қалыптасуына әкелді. Есептеу техникасының түрлеріне:

- электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ-дер );

- есептеу жүйелері;

- есептеу желілері

жатады. Есептеу техникасы мамандары есептеу машиналарының жаңа құрылымдарын және жұмыс істеу принциптерін құрастырады, олардың элементарлық базасының сапасын жақсартады және түрлендіреді, компьютерлік желілер құрады және т.б. Мұндай мамандардың қызметі информатика және программалаумен тығыз байланысты.

Есептеу техникасы мен оның мамандары үшін теоретикалық информатиканың негізгі есептері ірге болып табылады, ол программалық жабдық құрушы программалаушыларсыз ешқандай ЭЕМ жұмыс істемейді. Сондықтан қолданбалы информатика бөлімінде есептеу құралдарын зерттеу маңызды мәселе болып табылады.

ЭЕМ ұғымына дәл анықтама беру күрделі сұрақ, себебі:

-  электрондық ұғымы алғашқы элементтік базасы “электрондық” шамнан шыққан, ал қазір онда оларды “микроэлектрондық” деп атау керек;

-  “есептеу” ұғымы алғашқы машиналардың басым көпшілігі шынымен де есептеу амалдарын орындауға негізделгендіктен болар, алайда қазіргі ЭЕМ есептеу  үрдістеріне барлығы 10-15% қана уақыт жұмсайды, басым көпшілік операциялар мәліметтерді тасымалдау, салыстыру, енгізу — шығару, т.с.с. болып табылады.

Сондықтан ЭЕМ-ді анықтауды оның функционалдық қызмет тұрғысынан қарастырумен байланыстырған жөн, яғни пайдаланушыға қажеттілігі тұрғысынан:

- ЭЕМ құрамына кіретін минималдық құрылғылар жиынтығын, яғни оның минималдық құрамын (негізгі бөліктерін) анықтау;

- ЭЕМ әртүрлі құрылымдық бөліктерінің жұмыс істеу принциптерін және олардың арасындағы байланыстардың құрылысын анықтау;

“Архитектура” ұғымы негізінен қала құрылысында қолданады. Кез келген қала күрделі құрылым болғандықтан, белгілі бір тәртіппен орналасқан аудандар, алаңдар, көшелер, үйлер т.с.с. тұрады. Тұрғындарды көбінесе әрбір үйдің сыртқы көрінісі және қандай шикізаттан жасалғаны аз қызықтырады, оларға үйдің қай ауданда, көшеде орналасқаны, қандай транспорт түрімен және неғұрлым қысқа жолмен жетуге болатыны қажет.



Грамматика

Келер шақ — қимыл, іс-әрекеттін дәл казір емес, болашақта істелетінін білдіретін етістік шағы. Келер шақ мағынасы мен формасына қарай үшке бөлінеді:

  • 1. Ауыспалы келер шақ.Ӏс-қимылдын алдағы уакытта анық іске асатынын білдіреді. Ол негізінде етістіктін түбіріне / жұрнақтары жалғану аркылы жасалады: Біз айтқанды орындаймыз.

  • 2. Болжалды келер шақ.Ӏс-кимылдын келешекте іске асуына күмәндануды білдіреді. Етістіктін түбіріне есімшенін -ар/-ер/-р жүрнағы жалғану аркылы жасалады: Әуелі өзіміз барармыз.[1]

  • 3 Мақсатты келер шак. Ӏс-кимылдын мақсатын білдіреді, етістіктін түбіріне есімшенің - мақ/-мек жүрнағының косылуы аркылы жасалады: Олар ауылға қайтпақ.

Аудиториялық: Жұмыстағы қарым –қатынас.

Сабақтың тақырыбы: . Пәндік тіл материалын қалыптастырудың негізгі кезеңдері. Рай түрлері. Бұйрықты сөйлемдер.

Қарым-қатынас– адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.[2]

Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарларменақпаратпентәжірибеменбіліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивтікоммуникативтіперцептивті деген үш жағы және мезомакромикроруханиіскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:



  • 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);

  • 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

  • 3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып,түсініспеушілікұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзіменқатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

Бұйрықты сөйлем ( орыс. побудительное, повелительное предложение ) - қимыл-әрекетке итермелу мақсатында айтылған сөйлем.

Бұйрықты сөйлем көбінесе ауызекі тілге тән. Бұйрық мағынасы әр түрлі реңкте білдіріледі: егер бұйыру қатал талап мағынасында жұмсалса, дауыс көтеріңкі айтылады, ал өтініш, тілек мағынасында айтылса, бәсең айтылады. Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары етістіктің бұйрық және қалау райлары арқылы жасалады:



  • 1. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райының 2-жағында болса, Бұйрықты сөйлем бұйрық, талап ету мәнінде айтылады. Мысалы: - Сен мен не істесем, соны істе! - деді Ұлпан Шынарға сыбырлап (Ғ.Мүсірепов).

  • 2. Баяндауыштары бұйрық райының 3-жағында болса, Бұйрықты сөйлем талап, тілек мәнінде айтылады. Мысалы: Қара көктің жал-құйрығы қара ғой, қаралы aт осы болсын! - деді (М. Әуезов).

  • 3. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған -шы/-ші қосымшасы жалғанса, Бұйрықты сөйлем тілек, жалыныш немесе сыпайы түрде бұйыруды, кейде сес көрсетіп, қорқыту мәнін білдіреді. Мысалы: Орныңнан ары отырған бер отырушы, Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі (халық өлеңі). - Қане, осы баланың бәйгесін бермей көрші (Ғ. Сланов).

  • 4. Баяндауыштары етістіктің қалау, бұйрық райлары тұлғасынан жасалғанда, Бұйрықты сөйлем ұран, үндеу мағынасын білдіреді: Мысалы: - Канта, түс аттан! Қапта тегіс! - деп Көтібақ, Топай, Торғай жігіттерін де тұтас айдап салды (М. Әуезов).

  • 5. Баяндауыштары ашық райдың келер шақ тұлғасынан жасалса, бұйрық мағынасын білдіреді. Мысалы: Бүгіннен бастап олармен сөйлеспейсің (М. Әуезов)


Аудиториялық: Жұмыстағы қарым –қатынас.

Сабақтың тақырыбы: Кәсіби қазақ тілінде негізгі ұғымдық аппараттың сипатталуы. Процессор және оның сипаттамалары.

Үстеу, оның қызметі мен оны аудару тәсілдері


Компьютерде орталық процессордың типі мен жиілігі, оперативті жады туралы стандартты сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары. Бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды.

Процессор компьютердегі орталық мәліметтерді өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Ол бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.

Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенеді және оның ырғақтық жиілігімен анықталады. Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады.

Процессорлардың Целерон Д 330 немесе Пентиум 4 640 деген нөмірлері бар. Процессор (микропроцессор) - компьютердің ең үлкен микросхемасы. Процессор ондаған миллион транзисторлардан тұрады. Процессордың негізгі ішкі схемасы - арифметика логикалық құрылғы, ішкі жады және кэш жады, барлық операциялармен жұмыс жасау схемасы, сыртқы шинаны басқаратын шина (сыртқы әлеммен байланысу схемасы).
1. ТЫҢДАЙМЫЗ. ОҚИМЫЗ

1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңыздар.


Орталық процессор, жиілік, оперативті жады, сипаттама, құрамдас бөліктер, шапшаңдығын анықтайды, өңдеу құрылғысы, ұсынылған, аналық тақша, есептеулер, неғұрлым, соғұрлым, жылдамдық, өлшенеді, ырғақтық, жиілік, желдеткіш, тұрады, логикалық құрылғы, ішкі жады, кэш жады, басқаратын шина.

1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңыздар.

1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңыздар, оқыңыздар.
орталық процессор, жиілік, оперативті жады, сипаттама, құрамдас бөліктер, шапшаңдығын анықтайды, өңдеу құрылғысы, ұсынылған, аналық тақша, есептеулер, неғұрлым, соғұрлым, жылдамдық, өлшенеді, ырғақтық, жиілік, желдеткіш, тұрады, логикалық құрылғы, ішкі жады, кэш жады, басқаратын шина.

1.4 Сөз тіркесін құрыңыздар.




Компьютерде

Шапшаңдығын

................................

................................

...............................

беріледі

анықтайды

2. ОҚИМЫЗ. СӨЙЛЕЙМІЗ
2.1 Мәтінді оқыңыздар және төмендегі сұраққа жауап беріңіздер.
А. Процессордың стандартты сипаттамалары қандай?

Ә. Процессор нені өңдеу құрылғысы болып табылады?

Б. Процессор қайда орналасады?

В. Процессордың жылдамдығы немен өлшенеді?

Г. Процессордың негізгі ішкі схемасын атаңыздар?
2.2 Мәтіннің жоспарын құрыңыздар.

2.3 Жұптық жұмыс. Мәтінді жоспар бойынша бір-біріңе баяндаңыздар.


2.4 Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар. Мазмұнын өзгертіп сұхбат құрыңыздар.
-Арман, сен қандай университетте оқисың?

-Мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде оқимын.

-Болашақ мамандығың қандай?

-Бағдарламашы.

-Компьютерді жақсы біледі екенсің ғой. Саған сұрақ қоюға бола ма?

-Болады. Қойыңыз.

-Копьютердегі процессордың атқаратын қызметі қандай?

-Процессор компьютердегі орталық мәліметтерді өңдеу құрылғысы болып табылады. Ол бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды.

-Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы процессорға байланысты ма?

-Әрине. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.

-Кулер дегеніміз не?

-Процессорды салқындатуға арналған желдеткішті «кулер» деп атайды. Ол радиотарға орнатылады.


2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Компьютерде орталық процессордың ________ мен _________, оперативті жады туралы стандартты ___________ беріледі. Бұлар компьютер жұмысының _____________ анықтайды. Процессор компьютердегі орталық мәліметтерді __________ ________ болып табылады.

Процессор микросхема ретінде ұсынылған және _______ ________ қатар _______ _________ орналасады. Процессордың __________ мегагерцпен немесе гигагерцпен _________. Процессор - _______________ ең үлкен микросхемасы. Процессор __________ ___________ транзисторлардан тұрады.

2.6 Сұрақтардың орнына мәтін бойынша қажетті сөздерді қойып айтыңыздар.


Үлгі: қандай процессор? – орталық процессор
Қандай жады, компьютердің қандай бөліктері, қандай мәліметтерді, қайда орналасады, нені орындайды, немен өлшенеді, немен анықталады, не орнатылады, неден тұрады, қандай құрылғы, нені басқаратын шина.
2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыздар.
Компьютерде орталық процессордың типі мен жиілігі, оперативті жады туралы стандартты сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары. Бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды.

Процессорлардың «Целерон Д 330» немесе «Пентиум 4 640» деген нөмірлері бар. Процессор - компьютердің ең үлкен микросхемасы. Процессор ондаған миллион транзисторлардан тұрады. Процессордың негізгі ішкі схемасы - арифметика логикалық құрылғы, ішкі жады және кэш жады, барлық операциялармен жұмыс жасау схемасы, сыртқы шинаны басқаратын шина.


2.8 Сөйлеу жағдаяттық ойын.
* Сіз компьютер сатылатын дүкенде мененджер болып жұмыс істейсіз.

* Сатып алушыға дербес компьютер жайлы ақпарат беріп, процессордың қызметін қалай сипаттап берер едіңіз?

* Жоғарыдағы мәтінді пайдаланыңыздар.
3. ЖАЗАМЫЗ
3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңыздар.
орталық құрылғысы

оперативті анықтайды

құрамдас тақша

шапшаңдығын бөліктері

өңдеу жады

аналық құрылғы

ырғақтық процессор

логикалық жиілігі


3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңыздар.
А.Бұлар, анықтайды, шапшаңдығын, жұмысының, компьютер.

Ә.Процессор, орналасады, тақшада, аналық, оперативті, қатар, жадымен.

Б. Процессордың, ырғақтық, жиілігімен, жылдамдығы, оның, анықталады.

В. Процессордың, орнатылады, радиатор, үстіне.

Г.Радиаторға, орнатылады, арналған, желдеткіш, процессорды, салқындатуға.

Ғ. Процессор, тұрады, миллион, транзисторлардан, ондаған.


3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.


Ілік септігі



Тәуелдік жалғауының ІІІ жағы

Үлгі: Процессор+дың тип+і



Сын есім

Зат есім

Үлгі: Орталық процессор
3.4 Сөздердің жасалу жолдарын анықтап жазыңыздар.
Сипаттама, шапшаңдық, жылдамдық, стандартты, орталық, құрылғы, есептеулер, жиілік, желдеткіш, ырғақтық, логикалық.

3.5 Мәтіндегі қателерді тауып, редакциялап жазыңыздар.


Процессор компьютердің орталық мәліметтерге өңдеу құрылғысы болып табіладі. Процессор неғүрлым шапшаң болса, компьютердіңде жүмыс істеу жілдамдіғі соғұрлым жоғары болады. Ол бағдарламалар жүмысына қажетті есептеулерге орындайды.

Процессорды жілдамдіғі мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенеды және оның ырғақтық жиілігымен анықталады. Процессорды ұстіне радиатор, радиаторга процессорды салкындатуға арналған желдеткыш (кулер) орнатылады. Процессор микросхема ретінде үсінылған және оперативтің жадыменен қатар аналық тақшадағы өрналасады.


3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңыздар.
1. Бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын ........................ .

2. Процессор оперативті жадымен қатар аналық тақшада ................. .

3. Ол бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді ........................ .

4. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен немесе гигагерцпен ....... .

5. Процессор ондаған миллион транзисторлардан ....................... .

6. Процессордың үстіне радиатор .................... .


3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңыздар.

Процессордың жылдамдығы және оны салқындатқыш құрылғы

Процессор түрлері мен оның ішкі схемасы

Процессордың атқаратын қызметі


Компьютердің құрамдас бөліктері



3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған жаңа сөздерді жазыңыздар.
3.9 Мәтін мазмұнын қысқаша баяндап жазыңыздар.


Аудиториялық: Жұмыстағы қарым –қатынас.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тіліндегі кәсіптік терминология: ұйымның құрылымы мен қызметі, қызмет түрлері және өзара қарым-қатынастар, мәдениет түрлері, қызметтік басқарулар. Рай түрлері.


Ұйымдағы қызметкерлерге қарым-қатынас жоғарыдан төмен байланыстар болып қана қоймай, сонымен бірге төменнен жоғары көтерілуші қарым-қатынаста болады. Ұйымдар бірнеше бөлімшелерден тұратын болғандықтан олардың ортасындағы қарым-қатынас айналымы мақсаттарды үйлестіріп, іс-қимыл әрекетін жасау үшін керек. Басқарушылық нәтижелігінің феномені - ертерек түсіндіру әрекеті - басқарушының тәртібінің бір параметріне көңіл бөледі, яғни қойылған міндетке бейімделе білу. Ал, өте кеш зерттелген жұмыстар басшының тәртібіне көңіл бөлуді қарастырған, бірақ басқадай айналымдарды ескермеген. Ұжымның тиімді жұмыс атқаруы белгілі көлемде ұжымды басқару стиліне байланысты. Әр басшы басқару іс-әрекетінде қызметтік міндеттерді өзіне тән стильде орындайды. Басқару психологиясында стиль дегеніміз - басшыға тән басқару қызметін тиімді орындау мақсатында бағыныштыларға ықпал ету тәсілдерінің жүйесі. Яғни стиль тікелей басшының жеке тұлғасымен байланысты және оның жекелік қасиеттеріне байланысты көрінеді. Өкінішке орай, тәжірибеде басқару стиліне ерекше мән берілмейді. Соңғы кездері зерттеушілердің басқару стилін бағалаулары өзгеріске ұшырады. Егер либералды және авторитарлы стильдер жақында ғана теріс сипатталып, ал демократиялық стиль ең жағымды болып есептелсе, қазіргі кезеңде ұжымға көп табыс алып келетін, тұрақтылықты қамтамасыз ететін басқару стилі тиімді деп саналады. Ең бастысы, басшының жеке ерекшеліктеріне, кәсіби белсенділігінің психологиялық субъективті ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінеді. Басқару стилінің тиімділігін ең алғаш Курт Левин зерттеді. К.Левин зерттеуі бойынша, авторитарлы басқару демократиялық стильге қарағанда жұмысты ауқымды көлемде орындайды. Бірақ авторитарлы басқаруда төменгі мотивация, топ бірігушілігінің, топтық ойлаудың болмауы және агрессивтілік байқалды. Лайкерт өз зерттеулерінің негізінде, басқару стилі міндетті түрде жұмысқа немесе адамға бағдарланатынын көрсеткен. Осы екі саланы бірдей және жоғарғы деңгейде бірде-бір басшы көрсете алмаған. Сонымен қатар, нәтиже көрсеткіші бойынша, адамға бағытталған басқару стилі барлық жағдайда еңбек тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді [3]. Фидлердің моделі теорияның ары қарай дамуына үлкен үлес қосты. Ол модель жағдайға көп көңіл бөліп, басшының тәртібіне әсер ететін факторды айқындап берген. Фидлердің пікірінше, адамзаттық қатынастарға бағдарланған басқару стильдері басшы үшін бірқалыпты жағымды жағдайларда тиімді болып табылады. Мұндай жағдайларда, басшының бағыныштыларының толық бірігушілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті билігі жоқ. Адамзаттық қатынастарға бағдарланған басқару стилі басшының ықпал ету мүмкіндігін кеңейтеді . Пол Херси және Кен Бланшар лидерліктің жағдайлық моделін құрды және оны «өмірлік цикл теориясы» деп атады. Бұл теория бойынша, ең тиімді лидерлік стильдері орындаушылардың «кемелденуіне» байланысты. Пол Херси және Кер Бланшардың өмірлік циклының моделі басқарудың бейімделгіш, иілгіш стилін ұсынды. Бірақ сын бойынша, бұл модельде стильдің бөлінуі қысқартылған және іс жүзінде басшылардың модель бойынша әрекет етуі қиынға соғатыны дәлелденген. Қазіргі заманда ең тиімді стиль бейімделуші немесе Арджирис атағандай, шындыққа бағдарланған стиль болып табылады

Грамматика

Терминдік жүйенің дамуы ғылыми танымның өрісін кеңейте түспек. Аристотельдің "Риторика, "Поэтика", Буалоның "Поэзия өнері" жазылған кезден бастап, метафора, стиль, т.б.ұғымдарды дәл айқындап, нақтылай түсу мақсатындағы талпыныстар да міне, осыны дәлелдейді. Ал кейінгі кезде әдебиеттанудың кейбір саласында, мысалы, поэтика, өлең құрылысын зерттеуде негізгі терминдерді бір мағыналы, тұрақты қолдану терең талдауға, жаңа қорытындылар жасауға көмегін тигізді. Қазіргі ғылымда терминологиялық құрылымның жүйелене түсуі, жалпы философиялық терминдер, оның әдебиеттану саласы лингвистика, соңғы уақытта математикасемиотикатерминдері есебімен толыға түскені байқалады. Бұл әсіресе жазушылардың тіліне, фольклортануға арналған еңбектерден айқын аңғарылады.Қазақ әдебиеттану ғылымында да терминдерді қалыптастыруда бірталай жетістіктер баршылық. Әсіресе қазақ поэзиясына, сөз өнеріне тән ұлттық сипаттағы әдеби құбылыстарды, соның ішінде, жырау, жыршы секілді ұғымдарды ауыз әдебиетінде кең өріс алған суырыпсалма өнеріне, өлең-жырды, дастанды термелеп айту дәстүріне қатысты ұғымдарды, айтыс, шешендік сөздер, өлең, қара сөз, жыр, толғау сияқты сан алуан жанрлық түрлерді сипаттайтын ұғым-терминдерді орнықтыруға айтарлықтай назар аударылып келеді. Бұл салада айрықша бағалы еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынұлы болды. Оның 1926 жылы "Әдебиет танытқыш" атты кітабында халық поэзиясына, әдебиетіне қатысты көптеген терминдер алғаш жүйеге түсірілді. Оның бірталайы әдебиеттану ғылымында орнығып, қолданылып келеді. Ал кейбір кезде мән берілмей, не еленбей қалғандарын жаңадан қарап, орнымен қолдану - келешектегі міндет. Соңғы кездерде қазақ тіліндегі терминдер әдебиеттануда ғылыми ойдың дамуына байланысты одан әрі дамып, толыға түсті. Алайда бұл салада атқарылатын істер аз емес. Ғылыми ұғымдардың қазақ тілінде мағынасын терең ашып жеткізетін және өзі жатық, құлаққа жағымды, көпшілік жақсы қабылдайтын терминдерді әлі де көптеп қалыптастыру қажеттігі бүгін өмір талабынан туып отыр.

Рай категориясы - модальдік (арай) категорияның етістік формалары арқылы берілетін амал-тәсілдерінің жүйесі.[1]

Етістіктің райы - мазмұн жағынан да, форма жағынан да - аса бай категория.

Мысалы: мен барайын; мен барайыншы; мен барсамшы; мен бара алмаймын; мен бара қояйын; мен бара салайын; мен барып көрейін; мен барып та қалармын; мен барсам етті; мен барып едім ғой; мен барар ма екенмін; мен барсам керек; мен барған екенмін; менің барғым келеді, ...

тәрізді жай сөйлемдердегі етістік формаларын алсақ, олардың әрқайсысында өзіне ғана тән, өзгелерінде жоқ моральдік мән (реңк) бар.



Рай категориясы - модальдік (арай) категорияның етістік формалары арқылы берілетін амал-тәсілдерінің жүйесі.[1]

Етістіктің райы - мазмұн жағынан да, форма жағынан да - аса бай категория.

Мысалы: мен барайын; мен барайыншы; мен барсамшы; мен бара алмаймын; мен бара қояйын; мен бара салайын; мен барып көрейін; мен барып та қалармын; мен барсам етті; мен барып едім ғой; мен барар ма екенмін; мен барсам керек; мен барған екенмін; менің барғым келеді, ...

тәрізді жай сөйлемдердегі етістік формаларын алсақ, олардың әрқайсысында өзіне ғана тән, өзгелерінде жоқ моральдік мән (реңк) бар.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет