Оқу жылы 1 сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар Жаңартылған бағдарлама



бет10/11
Дата16.02.2023
өлшемі64,69 Kb.
#168888
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
КТЖ цифр сауат 1-4- 2022-2023
1588597119, 1582299162, 5Б, 7В Информация о переписи населения, Сабақ Video pad ммкіндіктері.Бейнені өңдеу (4-сынып)
4 сынып
Түсінік хат

Тақырыптық - күнтізбелік жоспар «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық), "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР БҒМ 2021 жылғы 20 тамыздағы № 415 бұйрығына, «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115, 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрықтарына (ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрықпен өзгерістермен және толықтыруларымен), «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, «Оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» бұйрығына (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286), «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына, «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатына негізделе отырып құрылды.




Оқыту мақсаты – білім алушыларды компьютер құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, Интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, робототехника мәселелері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды практикада пайдалану үшін базалық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі міндеттері:
1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;
3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;
4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру;
5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету.

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінен бөлімдер мен тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. Жартыжылдықтар соңында пән бойынша «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білім алушы оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.




Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағаттан барлығы 36 сағат.


Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық.
Ж.У.Кобдикова, Г.А.Көпеева, А.А.Қаптағаева, А.Ғ.Юсупова – Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2019.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет