Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған


Студенттердің өздігінен дайындауға арналған бақылау



Pdf көрінісі
бет22/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva
Жо арыж не (немесе) жо арыо уорнынанкейінгібілім беру йымдарына, Педагогика Молдасан Қ. (1)
Студенттердің өздігінен дайындауға арналған бақылау
сұрақтары:
1. Талдау-жинақтау әдісінің қалай жүргізілетін айтып бер. 
2. Басып жазу, ырғақтық жазу, көлбеу жазу түрлеріне 
талдау жаса, дәлелдеме келдір.
3. Бірінші сынып дәптерлерін жүргізудегі қағидаларды 
талда.
Пайдаланылатын әдебиеттер::
1.Зимняя И.А. Педагогикалық психология.- Алматы, 2005. 
– 368 б.
2.Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық. – Алматы: 
2007. – 236
3.Лук А.Н. Мышление и творчество. – М.: Политиздат, 
1976. – 144 с.
4.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 2006
5.Агаркова Н.Г. Психолого-дидактические основы обучение 
письму детей шестилетнего возраста: Программа спецкурса // 
Программа пед.Иститутов. Сборник. Б.М., 1987.
6.Агаркова Н.Г. Формирование графического навыка письма 
у младших школьников: учебное пособие к спецкурс, М.,1987.
11. Бастауыш сынып оқушыларының каллиграфиясын
жетілдіру.
Дәрістің мақсаты:
Оқушылардың 
каллиграфиясын 
қалыптастырудың 
педагогикалық, психологиялық маңызы. Каллиграфиялық 
мәдениеттің оқушының тәрбиелік бағыттарын қалыптастырудағы 
орнын талдау.


70
Дәріс бойынша қарастырылатын мәселелер
Жоспары:
1. Қазақ тілі бағдарламасында көркем жазуға қойылатын 
талаптар
2. Жазу икемділігін қалыптастырудағы сақталатын ережелер.
3. Каллиграфияның бұзылу себептері
Бастауыш мектептердің алдына қойылатын жауапты 
міндеттердің бірі – оқушылардың таза, көркем жазуын 
калыптастыру. Өйткені каллиграфиялық мәдениет жалпы жазу 
мәдениетінің аса қажетті саласы екені белгілі. Жазудың әдемі 
болуы оқушының мінез-құлқын тәрбиелеуге, әсемдік сезімін 
оятуға, ой өрісін дамытуға мейлінше әсер етеді. Таза, сұлу 
жазылған жазба жұмыстары оңай, тез оқуға мүмкіндік беріп 
қана қоймайды, сонымен қатар сырттай көрер көзге де сүйкімді. 
Көркем жазу оқушыны ұкыптылыққа, тыңғылықтылыққа, еңбек 
сүйгіштікке баулиды.
Көркем жазудың негізі бастауыш сыныптарда қалыптасады. 
Бастауыш мектепке арналған қазақ тілі бағдарламасында әдемі 
жазуға қойылатын негізгі талаптар белгіленген.
1-сыныпта
көркем жазу сауат ашу кезеңінен басталып, оқу 
жылының соңына дейін үзбей жетілдіріледі. Әдетте, мұғалім 
жалпы жазу жұмысын, онын ішінде көркем жазуды бастаудан 
бұрын сыныппен біршама даярлық жұмысын жүргізуге тиіс. 
Ондай даярлық жұмыстары жаза білу икемділігін меңгеруге 
керекті төмендегідей дәстүрлі ережелерді камтиды:
1. 
Оқушыларды жазу кезінде дұрыс отыруға машықтандыру 
(аяқтың еденге немесе үстелдің табалдырығына толық тірелуі, 
екі білектің үстел үстінде болуы, сол қол шынтағының үстел 
парта бетінен аздап 
(
1-2 см) шығыңқы болуы, бастың сәл 
ғана еңкейіңкі болып, көз бен калам ұшы ара қашыктығынын 
25-30 сантиметрден кем болмауы, денені түзу ұстау, кеудені 
үстел бетінен 3-5 см алшақ етіп отыру). Дұрыс отыру ережелері 
орындалмаса, жас балалардың дене пішіні мен көзіне едәуір 
зақым келетінін мұғалім естен шығаруға тиіс емес.
2
. Дәптерді дұрыс орналастыру (дәптер кеуденің ортасына 
бағытталып, оң жақ үстіңгі бұрышы – жоғары, сол жақ үстіңгі 
бұрышы төмендеу етіліп, көлбеу қойылады. Үстел жиегінен 
көлбеу бұрышы 25° болу керек). Бұл ережені орындау нәтижесінде 
оқушылар жазу техникасының аса бір қажетті шарты – солдан 
оңға қарай көлбеу жазуға машықтанады.


71
3. Қаламды дұрыс ұстауға машықтандыру (Қаламды үш 
саусақпен қарыстырмай, еркін ұстау, сұқ қолымен үстінен, 
бармақпен – сол жағынан, ортаңғы саусақпен асты мен оң 
жағынан ұстау, қалған саусақтар қағазға әлсіз тиіп, солдан оңға 
қарай еркін қимылдап, жылжып отыруға тиіс, саусақтар қалам 
ұшынан 2–2,5 см қашықтықта болуға тиіс, сияны жиі тексеріп, 
ауыстырып отыру, оның қатып қалмауын, еріп кетпеуін қадағалау).
Бұл талаптарды орындау бастауыш сынып оқушылары 
үшін айтарлық дәрежеде оңайлықка түспейді. Әсіресе, мектепке 
алғаш келген бірінші сынып оқушылары дұрыс отыру ережесін 
орындауға бірден төселіп, көндіге алмайды. Баланың еркін 
қозғалып, жиі қимыл жасап отыруы табиғи қажеттілік екені 
белгілі. Сондықтан мұғалім жазу барысында, біршама уақыт 
өткен соң, ара-тұра қозғалыс минуттарын өткізіп тұруға тиіс, 
сол сияқты, дәптерді үстел үстіне дұрыс орналастырып, қаламды 
дұрыс ұстау икемділігі үлкен төзімділікті, мұғалім тарапынан 
ұдайы қадағалауды, сыныппен, ондағы әрбір оқу-шымен жалықпай 
жұмыс жүргізуді керек етеді.
Аталған ережелерді меңгергеннен кейін, оқушылар кіші 
әріптер мен бас әріптерді жазуға көшеді. Әріптерді сөз ішінде 
бір-бірімен дұрыс байлаңыстырып қоса білуді үйренеді. Сауат ашу 
кезеңі біткен соң, әріптерді дұрыс таңбалап жазуды қалыптастыру 
мақсатымен көркем жазу сабақтары жүргізілуге тиіс. Бұл кезеңдегі 
керкем жазу жұмысы тығыз да қарқынды етіліп өткізуді қажет 
етеді. Жазудың жазылуы оңай әріптермен бастап, жазылуы қиын 
әріптерді жазуға біртіндеп көшкен жөн. Басқаша айтканда, жазу 
жұмысы әріптер тобы бойынша өткізіледі. Көркем жазуға арналған 
жаттығулардың қатарына әріп элементтері мен тұтас әріптерді 
жазу ғана емес, сонымен қатар жеке сөздер мен сөйлемдерді 
жазу да кіреді. Оқу жылының аяғында оқушылардың жазу 
қарқынын (темпін) біртіндеп жылдамдатуға көңіл бөлінеді. 
Кіші әріптер мен бас әріптерді алфавит ретімен жазу икемділігі 
калыптастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет