Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған



Pdf көрінісі
бет60/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva
Жо арыж не (немесе) жо арыо уорнынанкейінгібілім беру йымдарына, Педагогика Молдасан Қ. (1)
3.Өзіндік жұмыс
оқушының білім, білікті меңгеруі, 
оларды қолдану тәсілдерін игеруі үшін мұғалімнің қатысуынсыз 
ұйымдастырылатын іс-әрекеті.


138
Сабақта өзіндік жұмыс оқу және бақылау қызметін атқарады, 
сондықтан осы жұмыс түрін сабақтың әр кезеңінде, әсіресе 
бекіту, қорыту кезеңінде қолданған тиімді. Оқушыларда оқу, 
оқығанын түсінуде қиындықтар кездеспесе, өзіндік жұмысты 
жаңа тақырыпты меңгерту кезеңінде де нәтижелі қолдануға 
болады. Бұл жағдайда оқушылардың танымдық қабілеттері, 
өзіндік білім алу дағдылары арта түседі. Өзіндік жұмыстың 
мөлшері нақты белгіленбеген, тек осы жұмысты берер алдында 
мұғалім оқушылар мүмкіндігін естен шығармауы керек.
1-4-ші сынып оқушыларының мүмкіндіктеріне өзіндік 
жұмыстың төмендегідей түрлері сай келеді:
- жаңа тақырып өту алдындағы дайындық жаттығулары 
(оқулықпен қайталау; кестелермен, үлестірмелермен жұмыс)
- дайын нұсқаулар бойынша жаңа тақырыпты өзіндік меңгеру;
- алгоритмдік кесте, ескертулерге сүйене отырып, тақырыпты 
бекітуге арналған жаттығулары;
- тексеру, бақылау жаттығулары.
Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді: жазбаша, ауызша, 
ауызша түрі сирек қолданылады. Өзіндік жұмыстың ұзақтығы, 
оның мөлшері мен күрделілігіне және балалардың оқу, жазу 
жылдамдықтарына, зейініне, жалпы қабілеттілігіне байланысты 
болады.
Сабақтағы өзіндік жұмысқа берілетін уақыт мөлшерінің 
нормалары
Сыныбы
1 жарты жылдық, мин.
2 жарты жылдық, мин.
1
5-10
10-15
2
6-12
12-17
3
8-15
14-18
4
15-20
19-25
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда нұсқауларға маңызды 
роль жүктеледі: сілтемелер, алгоритмдер, кестелер, дайын 
үлгілер, жаттығуды орындау тәсілдері т.б. Бұларды үлестірмелі 
материалдарға жатқызады. Мысалы, есепті шешу алгоритімін 
келтірейік:
1. Есеп шартын оқы. 
2. Түсінбесең, тағы оқы.
3. Есеп шартын және есеп сұрағын қайтала.


139
4. Есеп шартынан не белгілі, нені табу керек?
5. Басында нені табу керек?
6.Содан кейін нені табу керек?
7. Есепті шешу жоспарын құрастыр.
8. Есепті шығар.
9. Шешімін тап.
10. Шешу жолын және жауабын тексер.
Өзіндік жұмысты орындауға баланың қызығушылығы 
тапсырма тез, қатесіз орындалса, арта түседі, ол мұғалім 
нұсқауларының сапасымен тікелей байланысты. Сондықтан 
да, әр өзіндік тапсырмаға мұғалім үлестірмелі материалдарды 
алдын-ала дайындап қоюы қажет.
Ұсынылып отырған өзіндік жұмыс оқушының өз бетінше
жұмыс істеуіне бағытталған. Оқушының өз бетімен әрекет 
етуіне, ойлануына, дұрыс сөйлем құрауына, сауатты жазуына, 
грамматикалық білім дағдыларын жетілдіруге . шығармашылықпен
жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Өзіндік жұмыстар мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес, 
баланың ойына, қабілетіне әсер ететіндей, жас ерекшеліктеріне
бейімделіп құрастырылған.
Ондағы жұмбақты шеш, сөз құрастыр, мақалды жалғастыр
сияқты тапсырмалар, сөздік қорларын молайтып, байланыстырып
сөйлеуге, мазмұндама, көркем шығарма жазып үйренуіне 
көмектеседі. Ана тілінде таза, сауатты, көркем сөйлеуге
қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет