Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет18/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Тақырыптың мазмұны.
Ұлттық экономиканың көрсеткіштерін статистикалық тұрғы-
дан есепке алмай, макроэкономикалық үрдістерді тиімді жүргізу 
жəне реттеу мүмкін емес. Макроэкономиканың пəні мен əдісінің 
ерекшелігі микроталдауда қолданылмайтын түсініктер мен кате-
горияларды қолдануды талап етеді.
Ұлттық экономиканы макродеңгейде сипаттау үшін қолда-


28
нылатын негізгі стандарт – ол 
ұлттық есепшоттар жүйесі 
(ҰЕЖ)
– ұлттық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу жəне 
соңғы пайдалану үрдістерін сипаттайтын бухгалтерлік есеп-
шот нысанындағы кестелер кешені. 
ҰЕЖ-нің негізгі мақсаты
– ұлттық өнімнің (ұлттық табыстың) қалыптасуы мен пайдалану 
үдерістерін кешенді əрі жан-жақты талдау үшін, экономикалық 
саясатты жүргізу мен үлгілерді құру жəне болжау үшін, қажетті 
мəліметтермен қамтамасыз ету. Қазіргі ҰЕЖ экономикалық 
үрдістер мен экономикалық операцияларды бейнелейтін көрсет-
кіштер жиынтығын құрайды.
ҰЕЖ терминін алғаш рет макроэкономикалық ғылымға гол-
ланд экономисі 
Ван Клифф
енгізген болатын жəне ол халық шар-
уашылығының шеңберлі айналымы үлгісіне негізделеді. ҰЕЖ 
шет мемлекеттерде қолданыс тапқан жəне осы уақытқа дейін 
тек батыстық статистикада қолданылып келді. ҰЕЖ-ны құрудың 
алғашқы талпыныстары мен тəжірибелері Ұлыбританияда 1946 
жылы, АҚШ-та 1947 жылы, Францияда 1949 жылы қолданылды. 
Ал қазіргі заманғы ҰЕЖ-нің соңғы үлгісін ағылшын экономисі, 
Нобель сыйлығының иегері 
Ричард Стоун
жасады жəне осы жаңа 
стандарт 1993 жылы Біріккен Ұлттар ұйымында мақұлданып, 
жүзден астам мемлекеттерде қолданылып келеді.
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ұлттық есепшот- 
тар жүйесі арқылы көрсетіледі.
Ұлттық есепшоттар жүйесі жиынтық өнімнің (өндіріс көле-
мінің) үш негізгі көрсеткішін: 
1. жалпы ұлттық өнімді (ЖҰӨ); 
2. жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ); 
3. таза ұлттық өнімді (ТҰӨ)
жəне де жиынтық табыстың үш негізгі көрсеткішін: 
1. ұлттық табысты (ҰТ); 
2. жеке табысты (ЖТ); 
3. қолда бар табысты (ҚБТ) қамтиды.
ЖҰӨ
– бұл кез келген азаматтардың өз елі ішінде жəне басқа 
елдерде өзінің ұлттық капиталы көмегімен бір жылда өндірген 
жəне сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының 
жиынтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   325




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет