Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


ҚБТ = жеке табыс – мұраға салық – мүлік салығы – табыс



Pdf көрінісі
бет20/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

ҚБТ = жеке табыс – мұраға салық – мүлік салығы – табыс 
салығы


30
Ұлттық есепшоттар жүйесінің көрсеткіштері жиынтық өнім 
мен жиынтық табысты тек сандық тұрғыдан ғана бағалайды, 
олар халықтың өмір сүру сапасын жəне əл-ауқаттылық деңгейін 
сипаттай алмайды, сонымен қатар, бұл көрсеткіштер ғылыми-
техникалық прогрестің жəне экономикалық өсудің жағымды жəне 
жағымсыз салдарларын да есепке алмайды. Ал тұрғындардың 
өмір сүру сапасын жəне əл-ауқаттылық деңгейін ұлттық байлық
таза экономикалық əл-ауқат жəне жан басына шаққандағы ЖІӨ 
сияқты көрсеткіштер анықтайды.
ЖҰӨ-ді есептеу үшін бағаның өзгеруін ғана емес, сонымен 
қатар, қайта есептеуді де ескеру қажет. Қайта есептеу мəселесі 
қалай орын алады? Көптеген өнімдер базарға түспес бұрын өнді-
ріс сатыларынан өтеді. Сондықтан көптеген өнімдердің құрам- 
дас бөлшектері бірнеше рет сатып алынады. Қайта есептеуді бол-
дырмас үшін ЖҰӨ-ді есептегенде тек соңғы өнімнің нарықтық 
бағасы ғана алынады.
Соңғы өнім
– бұл соңғы пайдалану үшін сатып алынатын өнім.
Аралық өнім
– өңдеуге жəне қайта қымбатқа сатуға арналған 
өнімдер. Мысалы, машинаның дөңгелегі. 
Тəжірибеде қайта есептеуді болдырмас үшін тек қосылған 
құнды есептейді.
Қосылған құн
– бұл шикізат пен материалдарға кеткен шы-
ғындарды шегергендегі өнімнің нарықтық құны. Кез келген та-
уар 
дың құны шикізат бағасынан, басқару шығынан, жұмыс-
шы жалақысынан тұрады. Сондықтан біз өнім құнынан барлық 
ши кізат пен материалдарға кеткен шығындарды шегерсек, онда 
қалған бөлігі қосылған құнды құрайды. 
ЖҰӨ-нің құрамына мыналар кірмейді:
− 
мемлекеттік трансферттік төлемдер, зейнетақылар, шəкірт-
ақылар, жəрдемақылар, сақтандыру төлемдері;
− 
қор нарықтарындағы бағалы қағаздарды сату;
− 
ұсталған тауарларды сату (sekond-hand).
ЖҰӨ-ді есептеу үшін мынадай үш əдіс қолданылады:
1. шығындар бойынша (соңғы пайдалану əдісі);
2. табыстар бойынша (бөлу əдісі);
3. қосылған құн бойынша (өндірістік əдіс).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   325




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет