Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет19/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

29
ЖІӨ
– бұл сол елде тұратын өндірушілер капиталының ұлт-
тық сипатына қарамастан бір жылда өндірген жəне сатқан тау-
арлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы. 
Мысалы, жапондық «Тайота» фирмасы өз өнімін Қазақстан 
нарығында сатса, онда сатылған өнімнің құны жапон елінің 
ЖҰӨ-нің құрамына кіреді де, олардың ЖІӨ құнына кірмейді. 
Бірақ Қазақстанның ЖІӨ-не кіреді, ал ЖҰӨ құрамына кірмейді. 
Сол сияқты Жапонияда жұмыс істейтін қазақ азаматының та-
бысы Қазақстанның ЖҰӨ көрсеткіші құрамына кіреді де, ЖІӨ 
құрамына кірмейді, ал Жапонияның ЖІӨ-не кіреді де, ЖҰӨ-не 
кірмейді.
ТҰӨ
– тозған құрал-жабдықтардың орнын толтырғаннан кейін 
тұтынуға қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің жиынтығы. Ол 
ЖҰӨ-нен амортизацияны (А) шегеру арқылы анықталады:
ТҰӨ = ЖҰӨ – А
ТҰӨ
– ЖҰӨ-нің халық тұтынуына кететін бөлігін көрсете-
ді. ТҰӨ-ң құрамында тұтыну саласына түспейтін əртүрлі салық-
тар бар. Оларға жанама салықтың түрлері: акциздер, кедендік 
салықтар, қосылған құнға салынатын салық жатады. Осыларды 
ТҰӨ-нен шегерсек ұлттық табысты табамыз:
ҰТ = ТҰӨ – жанама салықтар
ҰТ 
– елдің барлық тұрғындарының жиынтық табыстары
ұлттық сипаттағы өндіріс факторларының (еңбек, капитал, жер 
жəне кəсіпкерлік қабілет) барлық иелерінің тапқан табыстары: 
жалақы, пайыз, рента жəне пайда. Бірақ осындай табыстардың 
барлығы түгел тұтыну мен жинақтауға жұмсалмайды. Сондықтан 
келесі макроэкономикалық көрсеткіш – жеке табысты табу үшін 
ҰТ-тан азаматтардың əлеуметтік сақтандыруға жарналарын
корпорациялардың бөлінбеген пайдасын, корпорациялық табыс 
салықтарын шегеріп, трансферттік төлемдерді қосамыз.
ЖТ = ҰТ – əлеуметтік сақтандыру жарналары – бөлінбеген 
пайда – корпорациялық табыс салығы + трансферттік 
төлемдер
Жеке табыстан азаматтардың жеке салықтарын: табыс са-
лығын, мұра жəне мүлік салығын шегерсек қолда бар табыс 
қалады. Ол тұтыну мен жинақтауға жұмсалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   325




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет