Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет320/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Тренд 
– ұлғаймалы үрдіс нысанында көрінетін экономикалық 
дамудың жалпы тұрақты ұзақ мерзімдік бағыттылығы.
Туынды (индуцирлі) инвестициялар 
– ұлттық табыстың өзге-
руіне байланысты жүзеге асырылатын тəуелді жəне ынталандырушы 
инвестициялар.
 
Автономды инвестициялар жиынтық табысты артты-
рып, соның өсуімен байланысты тəуелді инвестицияларды ынталанды-
рады. Мұндай инвестициялардың көзі болып əдетте, кəсіпкерлік пайда 
табылады, ал соңғысы Y ұлттық табыстың өсуімен қатар ұлғаяды. Олай 
болса, туынды инвестициялар да артады. Бұл жерде жиынтық табыстың 
өсуіне орай, өндірістік инвестициялармен бірге, тауарлық-материалдық 
қорларға жəне тұрғын үй құрылысына да инвестициялар артады. Де-
мек, экономиканың жандануы жағдайында ескі капиталдардың қоры 
жаңартылады жəне тұрғын үйге сұраныс ұлғаяды.
Тұтынуға деген орташа бейімділік 
(АPC
 
average propencity to 
consume) – үй шаруашылықтарының тауарлар мен қызметтерді сатып 
алуға жұмсайтын қолда бар табыстарының бөлігі.
 
Тұтынуға деген шекті бейімділік 
(MPC – marginal propencity to 
consume) – қолда бар табыстың кез келген өзгерісінде тауарлар мен 
қызметтерге жұмсалатын шығындар өсімінің пайыздық үлесі.
Тұтыну шығындары
(С) – үй шарушылықтарының тұтыну та-
уарлары мен қызметтеріне деген сұраныстарын сипаттайтын АD-ның 
негізгі жəне ең үлкен компоненті.


411
Тіркелген айырбас бағамы 
– Орталық банктің елдер арасындағы 
валюталардың ресми арақатынасын бекітуі (мысалы, 150 тг./USD) жəне 
оны ұстап тұра алуы. Бұл кез келген азамат осы тіркелген ресми бағам 
бойынша елдің Орталық банкінен шетел валютасын сатып ала алады 
жəне оны осы бағам бойынша сата да алады деген болжамды білдіреді.
Ұлттық табыс 
(ҰТ) – елдің барлық тұрғындарының жиынтық та-
быстары, ұлттық сипаттағы өндіріс факторларының (еңбек, капитал, 
жер жəне кəсіпкерлік қабілет) барлық иелерінің тапқан табыстары: 
жалақы, пайыз, рента жəне пайда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   325




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет