Оқулық Алматы, 2013 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата07.02.2020
өлшемі3,34 Mb.
#57388
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
burunbetova-genetika


123
1. Осындай будандастырудан алынған ұрпақтар қанша фенотип 
класын түзеді?
2. АаВb генотипті ата-ананы өздігінен будандастырғанда 
алынған будандардың нешеуі ұрпағында ажырамайды.
3. Олардың қанша буданының қабыршағы қара түсті болады?
4. Олардың қанша буданының қабыршағы сұр түсті болады?
5. АаВb генотипті ата-ананы өздігінен будандастырғанда қандай 
генотипті будандарды береді?
35-есеп. Мақтаның доминантты В гені талшықтардың қоңыр 
түсін, ал b ақ түсін анықтайды. А гені қоңыр жəне ақ түстердің 
көрінуін тежейді де, талшықтардың түсі  жасыл болады. Ал 
рецессивті а гені бояуға ешқандай əсер етпейді.
ааВВ жəне ААbb генотипті ата-ананы өздігінен будандастырып, 
Ғ
1
-де 116 өсімдік, Ғ
2
-де 800 өсімдік алған.
1. Ғ
1
-де қанша өсімдік жасыл талшық болады?
2. Ғ

-де қанша фенотип кластары болуы мүмкін?
3. Ғ

-де қанша өсімдік ұрпағында ажырамайтын ақ түсті 
өсімдіктерді береді?
4. Ғ

-де қанша өсімдіктің түсі жасыл болады?
5. Ғ

-дегі жасыл түсті өсімдіктерді өздігінен будандастырғанда 
ұрпағында ажырамайтын қанша будан бере алады?
37-есеп. Жүгерінің дəнінің түсі эпситаздық генмен бақыланады. 
Доминантты А гені дəннің қара қошқыл түсін, ал а гені ақ түсін 
анықтайды. Эпистаздық В гені қара қошқыл жəне ақ түстердің 
көрінуін тежейді, ал рецессивті  b гені бояуға ешқандай əсер етпейді.
ААВВ жəне ааbb генотипті ата-ананы будандастырып, Ғ
1
-де 116 
өсімдік, Ғ
2
-де 1960 өсімдік алған.
1. Ғ
1
-де қанша өсімдіктің дəнінің түсі ақ болады?
2. Ғ
2
-де қанша фенотип кластары болуы мүмкін?
3. Ғ
2
-де қанша өсімдік қара қошқыл  түсті дəнді будан береді?
4. Ғ
2
-де қанша дəнінің түсі ақ өсімдіктердің қаншасы ұрпағында 
ажырамайды?
5. Ғ
2
-дегі өсімдіктің қаншасы қара қошқыл дəнді өсімдік беруі 
мүмкін еді?
38-есеп. Асқабақтың  доминантты А гені жемістің сары түсін, 
ал а жасыл түсін анықтайды. Эпистаздық В гені түстердің көрінуін 
тежейді де, жемістердің түсі ақ болады. Ал рецессивті b гені бояуға 
ешқандай əсер етпейді.

124
ААВВ жəне ааbb генотипті ата-ананы өздігінен будандастырып, 
Ғ
1
-де 120 өсімдік, Ғ
2
-де 1440 өсімдік алған.
1. Ғ
1
-де өсімдіктің генотипі қандай болады?
2. Ғ
2
-де қанша фенотип кластары болуы мүмкін?
3. Ғ
2
-де қанша асқабақтың жемісі  ақ түсті өсімдіктерді береді?
4. Ғ
2
-де қанша асқабақтың жемісінің  түсі жасыл болады?
5. Ғ
2
-дегі жемісі ақ өсімдіктің қаншасы гомозиготалы болады?
39-есеп. Бидай дəнінің қоңыр-қызыл бояуына екі жұп доми-
нантты полимерлі гендер А
1
А
1
А
2
А
2
 ал ақ түстілігіне олардың екі 
рецессивті гендері əсер етеді. Егер генотипте төрт доминантты А
1
А-
1
А
2
А
2
 гендер болса, онда дəннің түсі қоңыр қызыл, үш доминантты 
гендер А
1
А
1
А
2
а

 немесе А
1
а
1
А
2
А
2
 – қызыл, екі доминантты ген А
1
А-
1
а
2
а
2
, а
1
а
1
А
2
А
2
 немесе А
1
а
1
А
2
а
2
 болса, қызғылт, бір доминантты ген 
А
1
а
1
а
2
а
2
 немесе а
1
а
1
а
2
А
2
 болса, ақшыл қызыл болады. Қызғылт ге-
терозиготалы бидай өсімдігін ақ дəнді аталығымен тозаңдандырып, 
Ғ
т
-да 80 будан алған.
1. Осындай будандастыруда қанша түрлі генотип алынды?
2. Қанша буданның дəні қызғылт  болады?
3. Қанша буданның дəні ақ болады?
4. Ғ
т
-да қанша фенотип бар?
5. Қанша буданның дəні ақшыл-қызыл болады?
40-есеп. Бидайдың кейбір сорттарының қысқа сабақтылығы үш 
жұп рецессивті полимерлі гендермен бақыланады. Ергежейліліктің 
үш жұп рецессивті гендері (l
1
1
1
l
2
l
2
l
3
l
3
) бар өсімдіктің бойы 18 см, ал 
доминантты гендері бар өсімдіктің бойы 120 см тең. Гомозиготалы 
биік жəне ергежейлі өсімдіктерді будандастырып, Ғ

24 өсімдік, ал Ғ

-де 64 өсімдік алған. 
1. Ғ
1
 өсімдігінің биіктігі қандай?
2. Ғ
2
-де қанша фенотип класы бар?
3. Ғ
2
-де қанша өсімдіктің бойы 60 см кем болады?
4. Ғ
2
-де қанша өсімдік ұрпағында ажырамайды?
5. Ғ
2
-де L
1
L
1
L
2
L
2
l
3
l
3
 генотипті өсімдіктің бойы қандай болады?
Келесі түйінді сөздер мен ұғымдардың мағынасын ашыңыз: 
геннің көп аллельділігі, комплементарлылық, толықтырушы эпи-
стаз, эпистаздық гендер, доминантты эпистаз, рецессивті эпистаз, 
полимерия, полимерлі гендер, бір мағыналы гендер, кумулятивтік 
емес полимерия, плейотропия.

125
Бақылау сұрақтары:
1.  Геннің көп аллельділігі дегенді қалай түсінесіз?
2. 
 Комплементарлылық немесе толықтырушы құбылысын 
сипатта.
3.  Эпистаз дегеніміз не?
4.  Эпистаздық гендер қандай қасиеті бар?
5.  Доминантты жəне рецессивті эпистазға мысал келтір.
6.  Полимерия дегеніміз не?
7.  Полимерлі гендер қандай қасиет көрсетеді?
8.  Плейотропия дегеніміз не?
Тест сұрақтары
1.
Өз алдына жеке келгенде əсері байқалмайтын, ал егер 
генотипте гомозиготалы немесе гетерозиготалы жағдайда басқа 
біреуімен бірге қатар келсе жаңа бір белгінің дамуына ықпал ететін 
гендер:
А) комплементарлы
В) эпистаз
С) полимерия
D) плейотропия
E) пенетранттылық
2.
Бір геннің əсерін  екінші геннің толық басып тежеуін, оның көрінуіне 
мүмкіндік бермеуі қалай аталады?
А) комплементарлы
В) эпистаз
С) полимерия
D) плейотропия
E) пенетранттылық
3.
Белгілі бір белгінің дамып көрінуін көптеген гендердің қамтамасыз 
ету құбылысы: 
А) комплементарлы
В) эпистаз
С) полимерия
D) плейотропия
E) пенетранттылық
4.
Ағзалардың жеке дамуы барысында кейбір гендердің бір емес бірнеше 
белгінің дамуына əсерін тигізуі:
А) комплементарлы
В) эпистаз
С) полимерлі
D) плейотропия
E) пенетранттылық

126
5.
Қандай гендер супрессорлар немесе ингибиторлар деп аталады?
А) ағзаны өлімге душар ететін
В) басқа гендердің əсерін басып тастайтын гендер
С) өнімді көбейтетін гендер
D) ағзаны өсіретін гендер
E) доминанттылықты арттыратын гендер
6.
Аллельді емес гендердің өзара əрекеттесуі кезіндегі тұқым 
қуалаушылыққа не жатпайды?
А) комплементарлылық
В) эпистаз
С) полимерия
D) плейотропия
E) кроссинговер
7.
9:7 немесе белгілердің ажырауы 9:6:1 гендердің өзара əсерінің қай 
типіне жатады?
А) комплементарлылық
В) полимерлік
С) плейотрпоты
D) эпистаздық
Е) кодоминанттылық
8.
13:3, 12:3:1 қатынасында болып белгілердің ажырауы гендердің өзара 
əсерінің қай типіне жатады?
А) комплементарлылық
В) полимерлік
С) плейотропты
D) эпистаздық
Е) кодоминанттылық
9.
Доминанттылық (басымдылық) деген не?
А) Гетерозиготаның аллельдерінің бірі (доминанттылық көрсететін 
аллель) дарабастың тиісті белгісіне əсер етуші басқа аллелге 
(рецессивті) басымдылық көрсету құбылысы
В) F
1
-дегі будандардың белгілері ата-аналық формалардың 
ешқайсысына ұқсамай аралық сипатта болуы
С) Гетерозиготалы ағзалардың фенотипінде екі аллельдің бірдей 
көрінуі
D) Бірін-бірі толықтырушы  гендердің болуы, олар бірге əсер етіп, 
белгінің пайда болуына себеп болады
E) Бір жұптың доминантты аллелі екінші жұптың доминантты 
аллелінің əсерін басып тастау құбылысы
10.
Толымсыз доминанттылық дегеніміз не?
А) Гетерозиготаның аллельдерінің бірі (доминанттылық көрсететін 
аллель) дарабастың тиісті белгісіне əсер етуші басқа аллельге 
(рецессивті) басымдылық көрсету құбылысы

127
В) F
1
-дегі будандардың белгілері ата-аналық формалардың 
ешқайсысына ұқсамай аралық сипатта болуы
С) Гетерозиготалы ағзалардың фенотипінде екі аллелдің бірдей 
көрінуі
D) Бірін-бірі толықтырушы  гендердің болуы, олар бірге əсер етіп, 
белгінің пайда болуына себеп болады
E) Бір жұптың доминантты аллелі екінші жұптың доминантты 
аллелінің əсерін басып тастау құбылысы
11.
Кодоминанттылық деген не?
А) Гетерозиготаның аллельдерінің бірі (доминанттылық көрсететін 
аллель) дарабастың тиісті белгісіне  əсер етуші басқа аллельге 
(рецессивті) басымдылық көрсету құбылысы
В) F
1
-дегі будандардың белгілері ата-аналық формалардың 
ешқайсысына ұқсамай аралық сипатта болуы
С) Гетерозиготалы ағзалардың фенотипінде екі аллельдің бірдей 
көрінуі
D) Бірін-бірі толықтырушы  гендердің болуы бірге əсер етіп, белгінің 
пайда болуына себеп болады
E) Бір жұптың доминантты аллелі екінші жұптың доминантты 
аллелінің əсерін басып тастау құбылысы
12.
Модификатор  гендер қандай гендер?
А) Негізгі геннің қызметін атқаратын гендер
В) Басымдылық көрсетуші гендер
С) Доминантты гендер
D) Экспрессивті гендер
Е) Аллельді емес гендер
13.
Модификатор гендердің біреулері негізгі  геннің қызметін атқаруы 
мүмкін, оларды қалай атайды? 
А) Интенсификаторлар
В) Модификаторлар 
С) Басымдылық  көрсетушілер
D) Түрленбелі пенетранттылық
Е) Комплементарлы
14.
Аллельді емес гендердің бір-бірін толықтырып, жаңа белгінің дамуы: 
А) эпистаз
В) кодоминаттылық
С) полимерия
D) комплементарлылық
Е) қостолықтыру
15.
Бір аллельді геннің басқа аллелЬді геннен басым түсуі:
А) комплементарлылық
В) жаңа түзіліс
С) плейотропия

128
D) эпистаз
Е) кодоминаттылық
16.
Қайсы теңсіздік доминатты эпистазға сəйкес келеді?
А) A > a : АА = Аа
В) А = а : АА ≠ Аа
С) С-В- - жаңа фенотип 
D) С > В жəне С > в
Е) С > с жəне В > в
17.
Полимерия дегеніміз не?
А) жаңа белгінің дамуы
В) бірнеше геннің бірігіп тұқым қуалауы
С) бірнеше аллельді емес гендердің бір белгіге əсері
D) бір геннің бірнеше белгіге ықпал жасауы
Е) геннің фенотипте байқалуы
18.
Плейотропия дегеніміз не?
А) жаңа белгінің дамуы
В) бірнеше геннің бірігіп тұқым қуалауы
С) геннің ішкі құрылысындағы ерекшелік
D) бірнеше геннің белгіге ықпалы
Е) доминаттылық түрі
19.
Басқа геннің белгіге əсерін күшейтетін немесе əлсірететін ген:
А) гемизиготалы
В) гомозиготалы
С) экспрессивті
D) модификациялаушы
Е) супрессорлы
20.
Пенетранттылық...
А) геннің дарабастар фенотиптерінде байқалуы
В) геннің дарабас фенотипінде байқалу дəрежесі
С) геннің фенотипте байқалуының орташа дəрежесі
D) доминаттылық түрі
Е) мутацияның түрі
21.
Экспрессивтілік...
А) белгінің фенотипте байқалу дəрежесі
В) белгінің дарабастар фенотипінде байқалуы
С) ДНҚ функциясы
D) интрондық бөлік
Е) функциялы геннің мөлшері
22.
Аддитивті тұқым қуалау дегеніміз не? 
А) белгінің даму дəрежесі барлық гендердің қосындысына тең
В) белгінің даму дəрежесі доминатты гендердің қосындысына тең
С) белгінің даму дəрежесі рецессивті гендердің қосындысына тең

129
D) гендердің арақашықтығы олардың қосындысына немесе 
айырмасына тең
Е) гендер тізбектеле орналасқан
23.
Көптік аллелизм...
А) локустағы геннің бірнеше күйі
В) бірнеше геннің белгіге əсері
С) фенотипке бірнеше локустың əсері
D) бірнеше геннің тіркесе тұқым қуалауы
Е) көптеген аллельдердің белгіге əсері
24.
Гималай гені бойынша гетерозиготалы агути аналық қоян гомо-
зиготалы шиншилла аталықпен шағылысса, бірінші ұрпақ 
тардан 
қандай ажырау күтуге болады?
А) 100% агути
В) 3(агути) :1 (шиншилла)
С) 1(агути):1(шиншилла)
D) 1(агути):1(гималай)
E) 1:2:1
25.
Бір аллельді геннің басқа аллельді геннен басым түсуі:
А) комплементарлылық
В) жаңа түзіліс
С) плейотропия
D) эпистаз
E) кодоминаттылық
26.
Гомологты хромосоманың бір локусында орналасқан жұп гендер:
А) аллель
В) мультиген
С) мономорфты
D) аллеломорфты
E) аллелді емес гендер
27.
Локус:
А) хромосоманың эухромотинді бөлігі
В) хромосоманың ген орналасқан бөлігі
С) гендік мутация
D) хромосомалық аберрация
E) тіркескен гендер
9–1156

130
6. ЖЫНЫС ГЕНЕТИКАСЫ
Цитогенетика ғылымы дамуының нəтижесінде жануарлардың 
аталық жəне аналық жасушаларындағы хромосомаларда айырма-
шылық бар екені анықталды. Ағзаның жынысы ұрықтану кезінде 
анықталады. Ол хромосомалар жиынтығына байланысты.
Табиғатта кездесетін барлық дара жынысты ағзаларда аналық 
жəне аталық даралардың арақатынасы шамамен 1:1-ге тең болады. 
Мұндай ажырау Мендель тəжірибелерінде талдаушы шағылыстыру 
кезінде, жыныстардың бірі – гомозиготалы, бірі – гетерозигота-
лы болған жағдайда байқалады. Шын мəнісінде, дара жынысты 
ағзалардың басым көпшілігінде аналық жəне аталық даралардың 
хромосома жиынтығы біркелкі болмайды.
Ағзаның белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы – жыныс 
арқылы ұрпақ таралып, тұқым қуу арқылы нəсілдік хабар ұрпаққа 
беріледі. Ағзаның əрбір қасиеті секілді жыныс та тұқым қуу арқылы 
детерминацияланған. Жыныс детерминациясы негізгі үш түрге 
бөлінеді: 
1) эпигамдық – жынысты ағзаның өсіп-даму (онтогенез) 
үдерісінде жіктелуі. Бұл жағдайда жыныстың анықталуы көбінесе 
қоршаған ортаға тəуелді; 
2) прогамдық – жыныс жіктелуі ата-аналардың гаметогенезі 
кезінде анықталады; 
3) сингамдық – болашақ ұрпақтың жынысы гаметалар қосылған 
кезде анықталады. Бұл жыныс детерминациясының ең көп тараған 
түрі болғандықтан, жануарлардың барлығына тəн қасиет.
Ағзаның жыныстық айырмашылығын көрсететін құрылысы, 
атқаратын қызметі жөнінен басқа хромосомалардан (аутосомадан) 
айырмасы бар хромосомалар жұбы немесе тобы жыныс хромосо-
малары деп аталады. Жыныс хромосомалары Х жəне У хромосома-
лар түріне бөлінеді. Мысалы, əйел адамның жыныс жасушасында 
«кəдімгі» хромосомалардан өзге екі Х, ер адам сперматозоидының 
біреуінде басқа хромосомалармен қоса бір Х, ал екіншісінде У хро-
мосома болады. Жыныстық хромосомалар бірдей гаметалардан 
түзілсе, оны гомогаметалы жыныс, ал егер əртүрлі гаметалардан 
түзілсе, гетерогаметалы жыныс деп атайды.

131
Аталық жəне аналық дарабастардың табиғаттағы арақатынасы 
1-ге тең, яғни əрбір 100 аталыққа 100 аналық келетіні ертеден белгілі. 
Екі жыныстың осылайша 1:1 қатынасында пайда болуы бізге тал -
дау 
шы будандастыруды еске түсіреді, яғни екі жыныстың біреуі 
гетерозиготалы, ал екіншісі гомозиготалы деп болжау айтуға 
мүмкіндік береді. ХХ ғасырдың бас кезінде жəндіктердің хромосо-
малар комплексіне жасалған цитологиялық талдаулар мұндай бол -
жамның дұрыс екендігін дəлелдеді. Яғни, жыныс арнаулы жыныс-
тық  хромосомалармен анықталатыны ашылды. Цито логия ның осы 
бағытында америка ғалымы Э.Вильсон көп еңбек жасады. Жыныс-
тың хромосома арқылы анықталуының бірнеше типтері белгілі. Қай 
түрдің жануарларынан бірінші рет табылғанына қарай ол типтердің 
аты да соларға ұқсас қойылған.
Бірінші тип – Ligaeus (су қандаласы). Дрозофиланың, көптеген 
басқа да жануарлардың, адамның жынысы осы типке жататын жы-
ныс хромосомаларымен анықталады. Генетикалық тұрғыдан өте 
жақсы зерттелген жеміс шыбыны – дрозофиланың хромосомалар 
жиынтығымен танысайық.
Дрозофиланың аталықтарының дене жасушаларында төрт жұп 
құрайтын егіз хромосомалары болады. Оның үш жұбы бірдей
ал төртінші жұбының Х хромосома деп аталатын біреуі таяқша 
тəріздес, ал У хромосома деп аталатын  екіншісі ілмек тəріздес  бо-
лады. Аналықтарының дене жасушаларында да сегіз хромосома-
дан болады. Оның үш жұбы аталықтардағы үш жұппен бірдей, ал 
төртінші жұбы екі Х хромосомадан тұрады жəне аталықта болатын 
жалғыз Х хромосомаға ұқсас болады. Екі жыныс дарабастарын-
да да бірдей болатын хромосомаларды аутосомалар, ал Х жəне 
У хромосомаларды жыныс хромосомалары деп атайды. Аутосома-
ларды əдетте А əрпімен белгілейді. Осы белгілерді пайдалана оты-
рып, дрозофиланың аналықтары мен аталықтары формулаларын 
мынадай етіп жазуға болады:
                     ♀ = 6А + ХХ                 ♂ = 6А + ХУ
Аналығының төрт жұп хромосомаларының бəрі бірдей болған-
дықтан, оның жұмыртқасында біртиптес төрт хромосома (3А+Х) 
бо 
лады. Аталықтарының жыныс жасушалары гетероморф 
ты 
болғандықтан оның спермияларының жартысында Х хромосома 
(3А+Х), ал жартысында У хромосома (3А+У) болады. Жыныс хро-
мосомалары жөнінен бірдей гаметалар беретін жынысты  гомога-
металы,  ал жыныс хромосомалары екі типтес гаметалар беретін 

132
жынысты гетерогаметалы жыныс деп атайды. ХХ – гомогаметалы 
аналық жыныс, ал ХУ – гетерогаметалы аталық жыныс.
Егер жұмыртқа жасушасы Х хромосомасы бар спермамен 
ұрықтанса, онда хромосмалық формуласы 6А+ХХ болатын зигота, 
ал У хромосомасы бар спермамен ұрықтанса, онда хромосомалық 
формуласы 6А-ХУ болатын зигота пайда болады. Бірінші зигота-
дан аналық ал екінші зиготадан аталық шыбындар шығады жəне 
аталықтары мен аналықтарының сандық қатынасы бірдей, яғни 1:1 
болады. 
Сүтқоректілердің көпшілігінде, соның ішінде адамды да 
аталықтарының жыныс хромосомалары бір Х жəне бір У хромосома, 
ал аналықтарында екі Х хромосомадан болады. Соған байланысты 
аталық дарабасты гетерогометалы, аналық дарабасты гомогаметалы 
дап атайды. Əйелдің дене жасушаларында 22 жұп аутосомалар жəне 
екі Х хромосомалар, ал еркектің дене жасушаларында 22 жұп ауто-
сом, бір Х хромосома жəне бір У хромосома болады. Жұмыртқаның 
хромосомалық формуласы 22А+Х, ал сперма екі сортты болады: 
22А+Х жəне 22А+У. Егер ұрықтануға У хромосомасы бар спермий 
қатысса, ұл бала дамитын зигота, егер Х хромосомасы бар спермий 
қатысса, қыз бала дамитын зигота пайда болады. 
Сүтқоректілердің аналығында ұрық дамуының алғашқы са-
тысында Х хромосомалардың екеуі де жұмыс істейді. Соңынан 
жұмыртқа жəне аналық бездері дамитын жасушалардан бас 
қа-
ларының барлығында екі Х хромосоманың біреуі жұмысын тоқ-
татады. Белсенділігінен айырылған бұл хромосома жинақталып, 
тығыздалған дене түрінде қалады. Мұны Барр денешігі деп атайды 
екен. Осы Барр денешігінің болуы болмауына байланысты жынысты 
анықтайды. Əдетте ол əйел жынысына тəн.
Екінші тип  Protenor (су қандаласының басқа туысы). Басқа 
да жəндіктердің оның ішінде, мысалы, қабыршақ қанаттылардың
теңіз құрты анциракантустың, т.б. жынысы осы типтің жыныс хро-
мосомаларымен анықталады. Protenor  аналықтарының дене жасу-
шаларында 14 хромосома, ал аталықтарының дене жасушаларында 
13 хромосома болады. Аталықтарындағы Х хромосоманың жұбы 
болмайды. Аналықтары гомогаметалы жыныс жəне гаметалардың 
бір ғана типін (6А+Х) түзеді. Ал аталықтары гетерогаметалы (6А+х) 
жəне Х-хромосомасы жоқ (6А+О) гаметалар түзеді. Жыныстың 
хромосомалық анықталуының бұл типін сызбажоба түрінде 
төмендегідей етіп көрсетуге болады.

133
Р           ♀          ХХ        х         ♂      ХО
Гаметалары                       ♀      Х                         ♂   Х;   О;
Ғ

         ♀         1ХХ                  ♂     1ХО
Бұл типте де гомогаметалы жыныс – аналықтар, ал гетерогаме-
талы жыныс – аталықтар.
Үшінші тип. Жыныстың анықталуының бұл типі бірінші рет
тошала (крыжовник) көбелегінде ашылды. Бұл тип кейінірек 
құстарда (тауықтар, түйе тауықтар, т.б.), кейбір балықтарда, қос 
мекенділерде жəне гүлді өсімдіктерде табылды. Бұл типте гетеро-
гаметалы жыныс – аналықтары, гомогаметалы жыныс – аталықтары 
болады. Мұнда гетерогаметалы аналықтарының жыныс хромосома-
ларын басқаша белгілеу қабылданған: Х хромосоманың орнына Zал, 
У хромосоманың орнына əріптері қолданылады. Бұл тип бойын-
ша жыныстың анықталуының екі тəсілі белгілі: а) ZW аналықтары, 
ZZ аталықтары; б) ZO аналықтары, ZZ аталықтары.
Бұл жағдайларда жыныстың анықталу сызбажобасының бірін 
ші жəне екінші типтерден көп айырмашылығы жоқ.
I
Р           ♀          ZW       х          ♂      ZZ
Гаметалары                         ♀     Z, W                      ♂   Z
Ғ

         ♀         1ZW            :      ♂ 1ZZ
II
Р           ♀          ZO       х          ♂      ZZ
Гаметалары                         ♀     Z, O                      ♂   Z
Ғ

         ♀         1ZO            :      ♂ 1ZZ
Жынысты анықтаудың – гаплодиплоидея  деп аталатын тағы 
бір типі белгілі. Мұны жынысты анықтаудың 
төртінші типіне 
жатқызуға болады. Ол араларда жəне құмырсқаларда кеңінен 
тараған. Бұл ағзаларда жыныс хромосомалары болмайды. Мыса-
лы, бал аралардың аналықтары диплоидты, ал аталықтары (тру-
тендер)  гаплоидты болады. Ұрықтанған жұмыртқалардан аналық 
дарабастар, ал ұрықтанбаған жұмыртқалардан партеногенез жо-
лымен трутендер өсіп дамиды. Сперматогенез үдерісі кезінде тру-
тендердің хромосомаларының саны редукцияға ұшырамайды. 
Хромосомалардың гаплоидты саны трутендердің соматикалық 
жасушаларында сақталып, олар жыныс жасушаларын береді. 
Ұрпақ беруге қабілетсіз жасушалар өздерінің жеке дамуы кезінде 
хромосомалардың диплоидты санын қайтадан қалпына келтіреді. 

134
Келесі түйінді сөздер мен ұғымдардың мағынасын ашыңыз: 
жыныс хромосомалары, гомогаметалы жыныс, гетерогаметалы жы-
ныс, жынысты анықтаудың – 
бірінші типі, екінші тип, үшінші 
тип,  гаплодиплоидея.
Бақылау сұрақтары:
1.  Жыныс хромосомалары дегеніміз не?
2.  Гомогаметалы  жынысқа анықтама бер.
3.  Гетерогаметалы жынысты түсіндір.
4.  Жынысты анықтаудың бірінші типіне сипаттама бер.
5.  Жынысты анықтаудың екінші типіне мысал келтір.
6.  Жынысты анықтаудың үшінші типінде қандай ерекшелік бар?
7.  Гаплодиплоидея деген не?
Тест сұрақтары
1.  Əйел жынысты адам дене жасушаларында:  
 А) 
44А+ХУ
 В) 
22А+Х
 С) 
22А+У
 D) 
44А+ХХ
 E) 
22А+ХХ
2.  Ер жынысты адам дене жасушаларында:  
 А) 
44А+ХУ
 В) 
44А+ХХ
 С) 
22А+Х
 D) 
22А+У
 E) 
22А+ХХ
3.  Əйел жынысты адам жыныс жасушаларында:  
 А) 
22А+У
 В) 
22А+Х
 С) 
44А+ХХ
 D) 
44А+ХУ
 E) 
22А
4.  Ер жынысты адам жыныс жасушаларында:  
 А) 
44А+ХУ
 
В) 22А+Х, 22А+Х
 
С) 22А+У, 22А+Х
 D) 
22А+У
 E) 
44А+ХХ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет