Оқулық Алматы, 2013 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет19/22
Дата07.02.2020
өлшемі3,34 Mb.
#57388
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
burunbetova-genetika


218
 D) 
полигендік
 Е) 
жасушалық
9. Даун синдромымен туылған балалардың жиілігі олардың 
шешелерінің қандай жасына байланысты артады?
 
А) өте ерте тұрмысқа шыққандар
 
В) 18-ге дейін
 
С) 20 жастағыларда
 
D) 40-тан асқандарда
 
Е) жасына байланысты емес
10.  Берілген хромосомалық аурулардың қайсысы өте сирек кездеседі 
жəне оның генетикалық себебі қандай?
 
А) Даун, 21-хромосомадағы трисомия
 
В) Тернер, 2n = 45, ХО (моносомия)
 
С) Пату, 13-хромосомадағы трисомия
 
D) Эдвардс, 2n = 47, ХХҮ (трисомия)
 
Е) Эдвардс, 18-хромосомадағы трисомия
11.  Инсулиннің  түзілмеуіне байланысты болатын ауру
 А) 
подагра
 
В) қант диабеті
 С) 
гипертония
 D) 
атеросклероз
 
Е) жүректің ишемиясы
12. Қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп, жиналып, 
түйін тəрізді шоғырланып қалуынан пайда болатын ауру
 А) 
подагра
 
В) қант диабеті
 С) 
гипертония
 D) 
атеросклероз
 
Е) жүректің ишемиясы
13.  Aғзада зат алмасу үрдісінің  бұзылуынан қанда несеп қышқылының 
артуы мен оның тұздарының буындарда, дене мүшелерінің басқа 
тіндерінде жиналуынан пайда болатын созылмалы ауру
 А) 
подагра
 
В) қант диабеті
 С) 
гипертония
 D) 
атеросклероз
 
Е) жүректің ишемиясы
14.  Даун синдромы қандай генетикалық өзгеріс салдарынан дамиды, 
жиілігі қандай?
 
А) 21-хромосома бойынша трисомия (2n=47) жəне 1/700
 
В) 21-хромосома бойынша трисомия (2n=47) жəне 1/500

219
 
С) жыныс Х-хромосома артық (2n=47,ХХХ) жəне 1/700
 
D) гендік мутация жəне 10-6
 
Е)  хромосомалық мутация (делеция) жəне 1/700
15.  13-хромосома бойынша трисомия қандай синдромға əкеледі? Оған 
қандай белгілер тəн?
 
А) Даун: монголоидтық көз қиығы
 
В) Эдвардс: барлық жүйенің бұзылуы
 
С) Пату: «қоян ерін», полидактилия жəне т.б.
 
D) Тернер: мешелдік
 
Е) Пату: тілінің жуан болуы
16. Полигенді тұқым қуалайтын жəне орта факторларының əсері 
байқалатын аурулар
 А) 
доминатты
 В) 
рецессивті
 С) 
мультифакторлық
 D) 
полифакторлық
 Е) 
суперфакторлық
17.  Шоколадтың əсерінен бас сақинасының ұстауы, майлы тағамнан 
атросклероздың дамуы қандай адамдарда байқалады? 
 
А) барлық адамдарда
 
В) жалғыз гені өзгерген кейбір адамдарда
 
С) бірнеше гені өзгерген кейбір адамдарда
 
D) леталь гендері бар адамдарда
 
Е) мультифакторлық əсер
18.  Бұл əдіспен адамның онтогенезі немесе жеке дамуы барысында 
тұқым қуалайтын өзгерістердің бар-жоғы анықталады:
 
А) генеологиялық əдіс
 
В) онтогенетикалық əдіс
 
С) популяциялық əдіс
 
D) цитогенетикалық əдіс
 
Е) биохимиялық əдіс
19. Қай хромосомалық синдромда тұқымдық (аталық гонодалар 
дамыған) жəне əйелге ұқсастық белгілер (сүт безі үлкейген) дамиды 
жəне оның генетикалық себебі қандай?
 
А) Даун, 21-хромосомадағы трисомия
 
В) Тернер, 2n=45, ХО (моносомия) 
 
С) Пату, 13-хромосомадағы трисомия
 
D) Эдвардс, 2n=47, ХХУ (трисомия)
 
Е) Клайнфельтер, 2n=47, ХХУ (трисомия)
20.  Хромосомалық аномалия – триплоидтарға тəн, криотип жəне тірі 
туылғандардың өміршеңдігі қандай?

220
 
А) жыныс хромосомасы үшеу, 20-
 
В) аутосомалары – 3n, емделгендері 50-60 жасқа дейін өмір сүреді
 
С) 2n=138 (46x3) алғашқы минуттарда өлімге душар болады
 
D) 2n=69, өмірдің алғашқы сағаттарында немесе күндерінде өледі
 
Е) гендері үш есе артық, эмбриондық іш тастау
21. 
«Мысық мияуы» синдромының себебі жəне фенотиптік 
ерекшеліктері:
 
А) 5 – жыныс хромосомадағы делеция, көздері алшақ орналасқан 
жəне бет пішіні ай тəрізді
 
В) 5 – аутосомадағы делеция, көздері алшақ орналасқан жəне бет 
пішіні ай тəрізді
 
С) жыныс хромосомадағы трисомия, баланың дауысы мысық 
дауысына ұқсас
 
D) 18 – хромосомадағы моносомия, баланың дауысы мысық дауы-
сына ұқсас
 
Е) 15 - хромосомадағы моносомия, баланың дауысы мысық дауы-
сына ұқсас
22. Адамда кездесетін ахондроплазияның тұқым қуалау типі жəне 
оның фенотиптік ерекшелігі қандай?
 
А) аутосомалық-рецессивті, бойының ұзындығы 120 см-ден 
 
аспайды
 
В) аутосомалық-доминантты, бойының ұзындығы 120 см-ден 
 
аспайды
 
С) аутосомалық-доминантты, бұлшық еттері еріксіз жиырылады
 
D) жыныспен тіркес тұқым қуалайды, гидроцефалия байқалады
 
Е) жыныспен тіркес тұқым қуалайды, көз алмасының кішіреюі

221
9.4 Адам қан топтарының тұқым қуалауы
Бір жасушалы қарапайым ағзалар сыртқы ортадан өзіне қажетті 
заттарды бүкіл денесі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін 
сол арқылы бөліп отырады. Ал адам мен жоғары сатыдағы жану-
арларда мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы қабығының рөлін 
орындайтын терісі қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмай-
ды, ал жасушалары сыртқы ортамен тікелей жанаспайды, арнаулы 
ішкі ортамен қоршалады. Ішкі ортаға – қан, жасушааралық немесе 
ұлпалық  сұйық жəне лимфа  жатады. Жасуша өзіне қажетті зат тар -
ды осы ортадан сіңіріп, қажетсіз заттарды сол ортаға бөледі. Бірақ 
қан тамырлардан шықпайды да, торшалармен тікелей жанаспайды. 
Ағза жасушалары қан құрамынан пайда болатын жасушааралық 
сұйықпен ғана жанасады, сол себепті қанды шартты түрде ғана 
ағзаның  ішкі ортасы, ал лимфа мен ұлпааралық сұйықты шын 
мəнісіндегі ішкі орта деп санайды.
Қан қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйық ұлпа. Ол ұлпалық 
сұйық, лимфамен бірігіп, ағзаның ішкі ортасын құрайды, денеде көп 
түрлі қызмет атқарады, солардың арасында бастылары:
– тасымалдаушы қызмет – қан жасушаларға қорек жеткізіп, 
олардан алып шыққан алмасу өнімдерін  бөліп шығару мүшелеріне: 
бүйрек, тер бездері, өкпе, т.б. тасымалдайды. Қанмен денеге гор-
мондар таралып, ұлпаларға оттегі жеткізіледі, жасушалардан  көмір 
қышқыл газы алынып кетіледі;
– қорғаныстық қызмет – қанның ақ түйіршіктері фагоциттік 
белсенділік көрсетеді немесе жасушалық иммунитет жəне лимфо-
циттер бөлген антиденелер бөгде заттарды жойып отырады немесе 
гуморальды иммунитет;
– 
жылу реттеуші қызмет – толассыз айналыста болудың 
арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік 
береді. Қанның жəрдемімен жылудың артық мөлшері тері арқылы 
сыртқы ортаға бөлінеді;
– 
байланыстырушы немесе коррелятивтік қызмет – əртүрлі 
мүшелер мен жасушалар əрекеті кезінде түзілген өнімдер мен ішкі 
секреция бездері бөлген гормондарды тасымалдап, қан ағза жасуша-
ларын, ұлпаларын, мүшелерін өзара байланыстырады.
Қан əртүрлі жасушалар жиынтығы болып табылады. Ол сұйық 
зат – плазмадан жəне қан түйіршіктерінен немесе жасушаларынан: 
қызыл түйіршіктерден немесе эритроциттерден, ақ түйіршіктерден 

222
немесе лейкоциттерден жəне қан табақшаларынан немесе тромбо-
циттерден тұрады.
Плазма да, сарысу да сұйық зат. Оның түсі құрамында бояғыш 
заттардың (лютеин, каротин, ксантофилл) болуына байланысты. 
Плазманың құрамында 90-92% су, 8-10% құрғақ зат болады. Құрғақ 
заттың 6-8%-ы ақуыздардан тұрады. Плазма ақуыздары альбумин, 
глобулин, фибриноген фракцияларына бөлінеді. Қан плазмасы 
құрамында несепзаты, зəр қышқылы, пурин негіздері, креатин, амин 
қышқылдары, аммиак сияқты ақуыз алмасуының қалдық өнімдері 
болады. Бұл қосылыстарды қалдық азот деп атайды. Оның қандағы 
мөлшері белок алмасуының қарқынына, ағзаның физиологиялық 
жағдайына байланысты өзгереді. Плазма құрамында көмірсулар 
(глюкоза), липидтер жəне минералды заттар (0,9%) болады. Қан 
құрамындағы  ақуыздарға пропердин мен ферменттер (амилаза, ли-
паза, сілтілі фосфатаза, трансаминаза) де жатады. Пропердин вирус 
ақуыздарымен байланысып, оларды залалсыздандырады, бактериа-
ларды өлтіреді, сондықтан ол кейбір ауруларға қарсы күресудің туа 
пайда болған факторы болып саналады.
Қанға ұйытпайтын зат қосып тұндырғанда бөлініп шыққан оның 
сұйық сары бөлігін қан сарысуы деп атайды. Қан сарысуы құрамы 
мен қасиеттері жағынан плазмаға ұқсас, тек оның құрамында фи-
бриноген ақуызы ғана болмайды.
Қанның формалы элементтері, олардың қызметтері. Плаз-
ма ақуыздары əртүрлі маңызды қызмет атқарады. Оларға буферлік 
қасиет тəн, сондықтан ақуыздар қанның рН-ын тұрақты деңгейде 
сақтауға мүмкіндік береді. Ақуыздар қанға тұтқырлық қасиет беріп, 
артериялардағы қысымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. 
Олар осмостық қысым туғызып, қан кұрамындағы су мөлшерінің 
тұрақтылығын сақтайды, қан мен ұлпа арасындағы судың алмасуын 
реттейді. Альбуминдер əртүрлі дəрі-дəрмек препараттарын, дəрумен 
дəрілерді, гормондарды бояғыш заттарды (пигменттерді) тасымал-
дауда зор рөл атқарады. Глобулиндерден түрлі қорғаныш денелер 
түзіледі, сондықтан олар ағзаның иммунитетін қалыптастырады. 
Фибриноген канның ұю үрдісіне катысады. Қан ұйыған кезде 
фибриногеннің физикалық қасиеттері өзгеріп, ол ерімейтін фибрин 
талшықтарын түзеді. Плазма ақуыздары ұлпа ақуыздарын құрау 
үшін пайдаланылады.
Плазмада альбуминдер глобулиндермен салыстырғанда екі есе 
көп болады (тиісінше, шамамен 4,5 жəне 2-3%). Альбуминдердің гло-

223
булинге қатынасын ақуыз коэффициенті деп атайды. Альбуминдер 
мен фибриноген бауыр торшаларында, ал глобулиндер – тек бауырда 
ғана емес, көк бауырда, сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде түзіледі.
Қан қызыл түсті, кермек дəмді, қоймалжың, тұтқыр сұйық. Оның 
түсі құрамында ерекше белок – гемоглобиннің болуына байланыс-
ты. Артерия қанының түсі ашық – қызыл, ал вена қаны – қоңыр 
қызыл болады. Бұл қанның оттегімен қанығу деңгейіне байланыс-
ты. Қан құрамындағы минералды тұздар оған кермек дəм береді. 
Құрамында белоктар мен эритроциттердің болуымен байланысты 
қан тұтқырлық қасиетке ие болады. Судың тұтқырлығы бір өлшем 
деп алынса, онымен салыстырғанда плазманың тұтқырлығы 1,7-2,2, 
ал қанның тұтқырлығы – 5,0-ге тең.
Қанның тығыздығы – 1,050-1,060. Ол эритроциттер санына 
тə уелді өзгереді, себебі эритроциттердің тығыздығы – 1,090, ал 
плазманың тығыздығы 1,025-1,034 аралығында болады.
Адам мен жоғары сатыда дамыған жануарлар қанының əрекетшіл 
ортасы əлсіз сілтілік болады (рН-7,35-7,45). Бұл көрсеткіш сутегі 
(Н+) жəне гидроксил иондары (ОН ) мөлшерінің арақатынасымен 
анықталады. Артерия қанының рН-7,45, ал вена қанының рН-ы 
ұлпалардан көмір қышқыл газының сіңірілуімен байланысты 7,35 
шамасында сақталады. Зат алмасу үрдісі барысында қанға көмір 
қышқыл газдың, сүт қышқылының, т.б. қышқыл алмасу өнімдерінің 
бөлінуіне қарамастан қанның əрекетшіл ортасы тұрақты жағдайда 
сақталады. Бұл қан плазмасы мен эритроциттердің буферлік қасиеті 
мен денеден қышқылдар мен сілтілердің артық мөлшерін шығарып 
отыратын бөлу жүйесінің қызметімен байланысты.
Қан құрамында төрт түрлі буферлік жүйе болады.
1. Бикарбонатты буферлік жүйе: ол көмір қышқылы мен натрий 
бикарбонаттарынан тұрады.
2. Фосфатты буферлік жүйе: бір жəне қос негізді фосфор-
қышқылды натрийдан тұрады.
3. Белокты буферлік жүйе: плазма ақуыздарынан құралады. 
Ақуыздар амфотерлік қасиетінің арқасында ортаның əрекетшіл ор-
тасына қарай не сутегі, не гидроксил иондарын бөледі де, қанның 
сутектік көрсеткішін бір деңгейде ұстайды. 
4. Гемоглобиндік жүйе: гемоглобиннің калийлі тұзына (КНвО2) 
байланысты. Бұл қосылыс көмір қышқылына қарағанда əлсіз 
қышқыл болғандықтан оған өзінің калий ионын береді де, сутегі ио-
нын қосып алып, баяу диссоциацияланатын (ажырайтын) қышқылға 

224
айналады. Қанның буферлік қасиетінің 75 пайызы осы гемоглобинге 
байланысты.
Қан əрекетшіл ортаның қышқыл жаққа ығысуынан жақсы 
қорғалған. Оның себебі сілтілік қордың болуында. Қанның сілтілік 
қоры деп 100 мл. қандағы бикарбонаттар мөлшерін айтады. Қан 
құрамында қышқылдық жəне сілтілік эквиваленттер белгілі 
арақатынаста болады да, қышқыл-сілтілік тепе-теңдік қалыптасады.
Қанның ұюы, оның биологиялық мəні  мен механизмі. Қанның 
физикалық қасиеттерінің өзгеріп, сұйық күйден қойыртпақтанып 
қатқылдануын ұю деп атайды. Қанның ұюы оның маңызды 
қорғаныш қасиеттерінің бірі. Ол ағзаны қансыраудан сақтайды. 
Қансырауды тоқтатуға (гемостаз) қан тамырларының қабырғасы, 
тамыр маңындағы ұлпалар, қан плазмасы құрамындағы ұю фактор-
лары, барлық қан торшалары қатысады. Бұл үрдісте биологиялық 
белсенді заттар да маңызды рөл атқарады. Олар физиологиялық 
əсеріне қарай қанның ұюын жеңілдететін, қанның ұюына кедергі 
жасайтын жəне сұйықты ерітетін заттар болып бөлінеді.
Қанның ұюы тізбектелген реакциялардан тұратын күрделі үдеріс. 
Оның мəні қан құрамындағы фибриноген белогының физикалық-
химиялық қасиеттерінің өзгеруінде. Ұю үрдісі барысында фибрино-
ген ақуызына қышқыл пептид бөлінеді де, ол ерімейтін ақуыз – фиб-
ринге айналады.
Қанның ұю үрдісі механизмінің негізіне 1871 ж. А. Шмидт 
ұсынған ферменттік теория алынған. Бұл теорияға сəйкес ұю үрдісі 
үш кезеңде өтеді де, плазма құрамындағы 13 фактор мен тромбо-
цит факторларының (10-нан астам) қатысуымен жүреді. Плазма 
факторлары ашылу ретіне қарай нөмірленіп, рим цифрларымен, 
ал тромбоцит факторлары араб цифрларымен белгіленеді. Егер 
плазма құрамындағы факторлардың біреуі жетіспесе, онда қан ұю 
қабілетінен айырылады (мысалы, VIII фактор жетіспегенде гемофи-
лия дерті байқалады).
Қанның ұю үрдісі үш кезеңде өрбиді. Бірінші кезең 
тромбоциттердің белсенділігінің күшеюімен сипатталады. Екінші 
кезеңде плазма құрамындағы факторлардың белсенділігі артып, үш 
сатылы тізбектелген ферменттік үрдіс жүреді. Ұюдың соңғы үшінші 
кезеңінде ұйық ретракциясы (фибрин талшықтарының тығыздалуы) 
жүреді.
Денедегі жарақат сипатына, зақымданған тамыр табиғатына 
қарай ұю үрдісі екі жолмен жүреді: не ол тамыр мен тромбоциттер 

225
реакциясымен шектеледі (тамыр-тромбоциттік механизм), не плазма 
құрамындағы  факторлардың қатысуымен тізбектелген ферменттік 
үдеріс басталып, фибрин ұйығы пайда болады (коагуляциялық ұю 
механизмі).
Тамыр – тромбоциттік механизм қан қысымы төмен ұсақ та-
мырлар зақымданғанда іске қосылады. Бұл жағдайда тромбоцит-
терден бөлінген заттардың əсерімен тамыр тарылады, тромбоциттер 
зақымдалған жерге жабысып, бір-бірімен желімденеді де, плазма 
оңай өтетін, тромбоциттерден құралған, борпылдақ тығын пайда бо-
лады. Одан əрі тромбоциттердің қайтарымсыз агрегациясы жүріп, 
олар плазманы өткізбейтін біртекті массаға айналады. Тромбоцит-
терден бөлінген заттардың əсерімен қан тамыры тарыла түседі, 
3-фактор – тромбоцит протромбиназасы арқылы қанның ағуын 
тоқтатудың коагуляциялық (ұю) механизмі іске қосылады. Осыдан 
кейін тромбоцит ұйығы тығыздалып, қан ұйығының ретракция-
сы нəтижесінде тромбоцит тығыны зақымданған тамырға бекиді, 
қанның ағуы тиылады.
Ірі тамырларда тромбоцит ұйығы үлкен қысымға шыдамайды, 
шайылып кетеді. Мұндай жағдайда қанның ағуын тек фибрин ұйығы 
тоқтатады, коагуляциялық механизм іске қосылады. Бұл кезең үш 
сатыда өтеді.
Кезеңнің бірінші сатысында XII, XI, VIII, VII, IX, IV, V – фактор-
лар мен тромбоциттердің 3-факторының əрекеттесуі нəтижесінде 
күрделі үрдіс жүріп, тромбопластин (ІІ-факгор) пайда болады. Тром-
бопластин ұлпалар мыжылып зақымданғанда да пайда болады, оны 
ұлпа тромбопластині деп атайды.
Ұюдың екінші сатысында тромбопластин плазманың IV, V, 
VI, VII факторларымен əрекеттесіп, тромбоциттердің 1 жəне 2 
факторларының қатысуымен К дəрмендəрісі жеткілікті болған 
жағдайда бауырда түзілетін бұйығы фермент протромбинге əсер 
етіп, оны белсенді фермент — тромбинге айналдырады.
Қан топтары – бір биологиялық түр дарабастары қанының 
иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда 
даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан ақуызының 
құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a 
жəне b əріптерімен таңбаланады. 
Адамда көптік аллельдер типі бойынша қан топтары тұқым 
қуалайды. Қан топтарын бір ғана ген (I) бақылайды. Осы геннің үш 
типті аллелі белгілі. І
А
,  І
В
, І
0


226
АВО – қан топтарының жүйесін 1900 жылы Ландштейнер 
ашқан. 1911 жылы Ван Дунгерн жəне Гришфельд қан топтарының 
тұқым қуалайтынын нақтылай түсті. Бұл деректер Мендель 
заңдарын адамға, адамдағы белгілердің тұқым қуалайтындығына 
қолдануға болатындығын дəлеледеді. 1924 жылы Бренштейн АВО 
қан топтарының  жүйесі адамдағы бір локуста орналасқан көптеген 
аллельдер арқылы бақыланатынын анықтады.
Генотипі І
О
І
О
 болып келетін адамның қаны бірінші топқа
генотиптері І
А
І
А
 немесе І
А
І
О
 екінші, І
В
І
В
 немесе І
В
І
О
 үшінші, І
А
І
В 
 
төртінші топқа жатады. 
I топ генотипі жағынан О гені бойынша рецессивті гомозигота, 
ІІ ші топ генотипі жағынан А жəне О гендері бойьшша гетеро 
немесе гомозиготалы, 
ІІІ топ генотипі жағынан В жəне О гендері бойынша гетеро не-
месе гомозигота, 
IV А жəне В гендері бойынша домиантты гетерозигота.
Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін 
адамды – донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды 
– реципиент (латынша «recepiens» – қабылдаушы) дейді. Қаны I топқа 
жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-
300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын II жəне IV топқа 
береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін 
тек IV топқа құюға болады. Егер қан топтары сəйкес келмесе, эритро-
циттер желімденіп қалады да, аяғы сəтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде 
қан құюда тек өз тобына сəйкес қан құйылады.
Қан топтарының тұқым қуалауын білудің үлкен тəжірибелік 
маңызы бар. Мысалы, қан құю мəселесінде бірінші топқа жата-
тын қанды барлық адамдарға құюға болады, қанның екінші тобын 
тек екінші жəне төртінші топқа, үшінші топқа жататын қанды тек 
үшінші жəне төртінші топқа, ал төртінші топқа жататын қанды, тек 
төртінші топтағы қаны бар адамға құюға болады (10-cурет).
10-cурет. Адам қан топтарына байланысты қан құю сызбанұсқасы

227
Сонымен қатар, қан топтарының тұқым қуалауын медици-
нада əкелік, шешелік міндеттерді анықтауда, сот-сараптамалық 
жұмыстарында да кеңінен пайдаланады. Төмендегі кестеде ата-
аналарының қан топтары негізінде балада мүмкін болатын қан топ-
тары көрсетілген (24 кесте).
24-кесте
Қан топтарының тұқым қуалауының кестесі
Ата-ана
Бала 
Əке
Шеше 
Мүмкін 
Мүмкін  емес
Топ Генотип Топ Генотип 
І
I
o
I
o
I
I
o
I
o
I
II,III жəне IV
І
I
o
I
o
II
I
A
I
o
I жəне II
III жəне IV
І
I
o
I
o
III
I
B
I
o
I жəне III
II жəне IV
І
I
o
I
o
IV
I
A
I
B
II жəне III
I жəне IV
ІІ
I
A
I
o
II
I
A
I
o
I жəне II
III жəне IV
ІІ
I
A
I
o
III
I
B
I
o
I,II,III жəне IV
ІІ
I
A
I
o
IV
I
A
I
B
II,III жəне IV
I
ІІІ
I
B
I
o
I
I
o
I
o
I жəне III
II жəне IV
ІІІ
I
B
I
o
III
I
B
I
o
I жəне III
II жəне IV
ІV
I
A
I
B
I
I
o
I
o
II жəне III
I жəне IV
ІV
I
A
I
B
IV
I
A
I
B
II,III жəне IV
I
Адам қанының резусы оң (RҺ+) қасиетін доминантты ген 
басқарса, ал резусы теріс (rһ -) белгіні рецессивті ген анықтайды. Бұл 
белгілер Мендель заңдарына сəйкес тұқым қуалайды. Резусы теріс 
қанды резусы оң адамға ешқашан құюға болмайды, Бұл құбылысты 
1939 жылы Винер, Левии жəне Ландштейнер ашқан. Зерттеулер-
ге қарағанда еуропалық нəсілдердің 84% резусы оң гені (RҺ+), ал 
16% резусы теріс (rһ-) гені бары екені анықтаған. Негроидты типтес 
нəсілдерде жəне Австралияның байырғы, тұрақты тұрғындарының 
қанында резусы оң 100% құраса, монголоидтарда (кəрістерде, 
қытайлықтарда, жапондықтарда) 99-100% жақын болады.
Егер Rһ + гені бойынша гомозиготалы немесе гетерозиготалы ер 
адам резусы теріс (rһ -) əйел адамға үйленсе, пайда болған ұрпақтың 
резусы оң (RҺ+) болады. Резусы теріс ананың резусы оң баланың 
өсуі, ана мен бала арасында қайшылықтар тудырады. Бірінші балада 
бұл қайшылық білінбейді. Екінші баладан бастап, баланың қанында 

228
анасы арқылы өткен антигендер көбейе бастайды. Бұл табиғи іш 
тастауға, өлі тууға, тірі туылған жағдайда баланың ой-өрісі кем 
болуға əкеледі. Баланы аман сақтап қалу үшін стерильді жағдайда 
кіндік артериясы арқылы баланың денесіндегі қанды алып, ал кіндік 
венасы арқылы донорлық қан құяды.
Сонымен генетиканың тұқым қуалау заңдарын білу, мұндай 
мəселенің алдын ала жоспарлауға жəне (rһ-) анадан туған (RҺ+) 
баланың қанын толық ауыстыруға жағдай жасауға мүмкіндік туды-
рады.
Ландштейнер мен Янскийдің 1900 жылғы зерттеулері арқылы 
адам қанының эритроциттерінде аглютиногендер, яғни «желім деу-
ші» деп аталатын заттар болатыны анықталды.
Аглютиногендерді латын əріптерімен А,В деп белгілейді. 
Аглютининдерді гректің α,β əріптерімен белгілейді. А аглютиногені 
α аглютининмен жеткілікті мөлшердегі концентрацияда кездессе 
болды эритроциттер желімденеді (25-кесте).
25-кесте
Қан эритроциттеріндегі аглютиногендер
Қан тобы
Аглютиноген
Аглютинин
І О
Жоқ 
α,β
ІІ (А)
А
β
ІІІ (В)
В
α
IV (А,В)
В жəне В
І топ – 49% əмбебап донор
II топ – 30% 
III топ – 15%
IV топ – 6% əмбебап рецепиент
Донор – қан беретін адам. 
Рецепиент – қан құйдыратын адам.
Адам қан топтарының тұқым қуалауына есеп шығару жол-
дары жəне есептер жинағы:
51-есеп. Əкесі мен шешесінің қаны екінші жəне үшінші топқа 
жатады. Балаларының қан топтары қандай болуы мүмкін?
52-есеп. Мына отбасында балалардың қан топтары қандай жəне 
қандай сан қатынасында болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет