Оқулық Алматы, 2013 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет6/22
Дата07.02.2020
өлшемі3,34 Mb.
#57388
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
burunbetova-genetika


ҰҒЫМДАР
Тұқым қуалаушылыққа талдау жасағанда көптеген ұғымдар, тер-
миндер мен символикалар жиі қолданылады. Генетикада көп қолда-
нылатын ұғымдардың қатарына «белгі», «қасиет» деген ұғымдар 
жатады. Ол ұғымдар бір ағзадан екінші ағзаны ажыратуға болатын 
морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық жəне т.с.с. басқа да 
ерекшеліктерді білдіреді.
Жынысты көбеюде жұп белгілердің тұқым қуалауына 
генетикалық  талдау жасау үшін əртүрлі жынысты екі ағзаны бу-
дандастыру керек. Сол мақсатта алынған ата-аналық ағзаларды 
латынның  Р əрпімен  (латынның Parent – ата-ана деген сөзінің 
бірінші əрпі)  белгілейді. Генетикада будандастыруды көбейту – Х 
белгісімен көрсетеді. Будандастыру сызбасын жазған кезде бірінші 
орынға аналық ағзаны, ал екінші орынға аталық ағзаны жазады да, 
екі аралығына будандастыру белгісін қояды. Аналық жынысты Шол-
пан айнасы белгісімен ♀, аталық жынысты Марс қалқаны жəне най-
засы белгісімен ♂ белгілейді. Альтернативті белгілері бар екі ағзаны 
будандастырудан алынған ұрпақты будандық  немесе  гибридтік  
ұрпақ деп, ал оның жекелеген дарабастарын – будан немесе гибрид 
деп атайды. Ықшамдылық үшін будан ұрпақты Ғ əрпімен (латынның 
Filia – ұрпақ деген сөзінің бірінші əрпі) белгілейді, ол əріпке ин-
декс қойылады жəне ондай индекс гибрид ұрпақтың реттік нөміріне 
сəйкес келеді Ғ
1
, F
2
 жəне т.б. 
В. Иогансен 1909 жылы ғылымға «ген», «генотип» жəне «фено-
тип» деген ұғымдарды енгізген. Хромосоманың белгілі бір бөлігінде 
орналасқан, тұқым қуалайтын белгі – қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа 
жеткізетін тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі ген 
деп аталады (ол гректің genos – тұқым, тек деген сөзінен шыққан).  
Ген доминатты не рецессивті болуы мүмкін.
Генде жасушаның құрылымы мен қызметін анықтайтын 
генетикалық ақпарат болады. Бір ағзаның гендер жиынтығы оның 
генотипін құрайды. Барлық гендер ДНҚ-дан тұрады жəне əрбір жеке 
жасушадағы мыңдаған осындай гендер жеке ДНҚ молекуларының 
үзіндісі түрінде емес, хромосома құрамында болады. Жасушаның 

63
бөлінуі кезінде бұл хромосомалар екі еселенеді жəне жаңа түзілген 
жас жасушалар осындай ата-аналық гендер жиынтығының 
көшірмесін алады. Соның нəтижесінде жасушаның барлық белгілері 
немесе қасиеттері ұрпақтан ұрпаққа беріледі, яғни тұқым қуалайды. 
Əртүрлі ағзалардағы геннің орташа ұзындығы 1000 нуклеотид 
негіздерінің жұбынан құралады деп есептеуге болады. Мысалы, 
жануарларда кездесетін SV-40 вирусындағы ДНҚ-ның ұзындығы 
5000 нуклеотид, яғни ол 5 геннен; Т4 бактериофагы – 200, ішек 
бактериясы – 4600, ал адамның гаплоидты жасушасы 100000-
500000 гендерден тұрады. 1865 жылы чех ғалымы Г. Мендель ағза 
белгілерінің жеке тұқым қуалайтынын жəне будандастыру кезінде 
ұрпақтарында жоғалмай сақталатынын анықтады. Жасушадағы 
белоктың синтезделуі жəне олардың қарым-қатынасы туралы 
ақпарат тек гендерде болады, яғни əрбір ген белгілі бір белоктың 
немесе полипептидті тізбектің синтезіне жауапты. Белок синтезін 
бақылай отырып, ген ағзадағы барлық химиялық реакцияларды 
басқарады, яғни оның белгілерін (мысалы, шаштың түсін, қанның 
тобын, өсуді жəне т.с.с.) анықтайды. Гендер өзінде болатын фер-
менттер құрылымы жəне басқа жасушалық белоктар туралы 
ақпарат есебінен жасушалық метаболизмге бақылау жасайды. Ал 
ферменттер тірі ағзаларда жүретін барлық химиялық реакциялар-
ды басқаратын биокатализатор рөлін атқарады. Геннің құрылымы 
мен қызметін ген мен ферменттер арасындағы өзара байланысты 
əрі қарай тереңдете зерттеудің нəтижесінде “бір ген – бір полипеп-
тид” деген ұғым тұжырымдалды. Геннің қызметі туралы қазіргі 
көзқарастың қалыптасуына Америка ғалымдары Д. Бидл, Э. Тейтем 
(Татум) жəне С. Бензер жүргізген зерттеулердің əсері көп болды.
Альтернативті жұп белгілерді анықтаушы жұп гендерді аллело-
морфты жұп деп, ал жұп болып келу құбылысын аллеломорфизм 
немесе аллелизм деп атайды. Əр ген екі түрлі жағдайда болады жəне 
олар бір жұп түзеді, ал ол жұптың əр мүшесі аллель деп аталады. 
Мендель тұқым қуалайтын альтернативті жұп белгілерді латын 
алфавитінің əріптерімен көрстеуді ұсынылады. Мысалы, А жəне  а, 
В жəне  в т.с.с. Аллельді гендер гомологты хромосомалардың ұқсас 
бөлімінде орналасады, ал олардың орналасатын орнын локус деп 
атайды. Гомологты жұп хромосоманы хромосомасыз көрсеткенде 
АА, Аа жəне аа деп жазылады.
Ұрықтанған жұмыртқа жасушасын зигота  деп атайтыны 
белгілі. Егер зигота бірдей аллельдерді бар жыныс жасушаларының 

64
қосылуынан түзілсе, онда зиготаны гомозигота АА, аа, ВВ деп, 
ал əртүрлі аллельдері бар екі жыныс жасушасының қосылуынан 
түзілсе, онда гетерозигота Аа, Вв, Сс дейді.         
       
3.1  Моногибридті будандастыру
Мендель тəжірибелері үшін баламалы белгілері бойынша ажы-
ратылатын бұршақтың əртүрлі сорттарын таңдап алды.
5-кесте
Г. Мендель тəжірибелерінде қолданған асбұршақ өсімдігінің белгілері

Белгілер
Альтернативті белгілер
доминатты
рецессивті
1
Тұқым пішіндері
Тегіс 
Бұдыр
2
Тұқым  түсі
Сары 
Жасыл
3
Тұқым қабығының түсі мен гүлінің түсі Сұр 
Ақ 
4
Жетілген бұршақ пішіні
Тегіс 
Ойықты 
5
Жетілмеген бұршақ пішіні
Жасыл 
Сары 
6
Өсімдік биіктігі 
Биік 
Аласа
Баламалы немесе қарама-қарсы бір жұп белгілері бойынша 
ажыратуға болатын ата-аналық формалар будандастырылса, оны 
моногибридті будандастыру деп атайды. Аналық өсімдік ретінде 
қандай сорттың пайдаланылғанына қарамастан, будандасудан 
алынған  F
1
  будандарында баламалы жұп белгінің тек біреуі ғана 
көрініс береді, бұл құбылыс Мендельдің бірінші заңы немесе бі-
рін ші  ұрпақтың  будандарының  біркелкілік заңы деп аталынады
Бұл заңды доминанттылық ережесі деп те атайды. Бұл барлық 
өсімдіктерге, жануарларға, адамға да тəн жалпы құбылыс.
                  А    а                              А
Мысалы:  =    =   гомозигота, ал   =  гетерозигота,
                  а     а                               а

65
Егер бұршақ өсімдіктерінің бірінші будан ұрпағы F
1
 өздігінен 
тозаңданса, онда олардың екінші F
2
-де екі
 
ата-анасының да белгі -
лері көрінетін болады. Мысалы, бұршақтың сары жəне жасыл тұ-
қым жарнақтары бар түрлерін будандастырудан алынған бірінші 
ұрпақтың түсі сары болады. Ал осы F
1
 будандарын өздігінен 
тозаңданудан алынған F

ұрпағында сары жəне жасыл тұқымдары 
бар өсімдіктер пайда болады. Яғни, бірінші будан ұрпақта көрінбе-
ген белгілер немесе жасыл түс екінші ұрпақта көрінеді. Доми-
нантты жəне рецессивті белгілер F
2
 ұрпағында белгілі бір сандық 
арақатынаста болады. Мендельдің тəжірибесінде F
1
-де алынған 258 
өсімдіктің өздігінен тозаңдануынан F
2
-де 8023 тұқым алынды. Осы 
тұқымдардың ¾ бөлігі (яғни, 6022) сары ал ¼ бөлігі (яғни 2001) жа-
сыл түсті болып шыққан. Сонымен F
2
-де алынған доминантты  жəне 
рецессивті белгілері бар тұқымдардың сандық арақатынасы 3:1 бол-
ды. Бұл жұп белгілердің осындай арақатынаста ажырауы Мендель-
дің екінші заңы немесе ажырау заңы деп аталады.
6-кесте
Əртүрлі зерттеушілердің мəліметтері бойынша бұршақ дəнінің түсінің 
екінші ұрпақта ажырауы
Авторлар 
жəне жыл
Сары дəн
Жасыл дəн
Барлық 
тұқым
n
%
n
%
Мендель, 1865 6 022
75,05
2 001
24,95
8 023
Корренс, 1900
1 394
75,47
453
24,53
1 847
Чермак, 1900
3 580
75,05
1 190
24,95
4 770
Гэрст, 1904
1 310
74,64
445
25,36
1 755
Бэтсон, 1905
11 902
75,30
3 903
24,70
15 806
Локк, 1909
1 438
73,67
514
26,33
1 952
Дэрвиш, 1909
09 060
75,09
36 186
24,91
145 246
Барлығы 
137 706 75,09
44 692
24,91
179 399
5–1156

66
Жүргізген зерттеулеріне талдау жасаудың негізінде Мендель 
келесідей қорытынды жасады: рецессивті бастамалар гетерозигота-
лы ағзада жоғалмайды, өзгеріске ұшырамайды жəне көбею кезінде 
дəл сондай рецессивті бастамалармен кездескен кезде, яғни келесі 
ұрпақтарда қайтадан көрінеді. Мендельдің осы гипотезасын У. Бэтсон 
1902 ж. гаметалардың тазалық ережесі ретінде генетика ғылымына 
енгізді. Бұл ереже бойынша ажырау құбылысының негізінде до-
минантты жəне рецессивті бастамалардың гетерозиготалық ағзада 
бірімен-бірі араласып кетпей, гаметалар түзген кезде таза күйінде 
ажырайтындығы жатыр. Мейоз үдерісінің ашылуымен Мендельдің 
осы жорамалы толық цитологиялық дəлелдеме алды: əрбір жыныс 
жасушасына гомологты жұп хромосомалардың тек бір сыңары ғана 
түседі, яғни жұп геннің біреуі, ал гаметадағы алуан түрдің гендердің 
қисындасуы кездейсоқ жүреді де, статистика заңдылығына 
бағынады.
Мендель заңдары барлық тірі ағзалардың, соның ішінде адамның 
көптеген қалыпты жəне паталогиялық белгілеріне де тəн  жəне 
олардың практикалық маңызы үлкен. Адамда кездесетін көптеген 
аурулар Мендель заңына сəйкес тұқым қуалайды, осы туралы 
мəліметтерді келесі 7-кестеден көруге болады.
7-кесте
Адамның доминатты жəне рецессивті белгілері
Белгілер Доминантты 
Рецессивті 
Қалыпты 
Көз
Үлкен
Кіші
Көз түсі
Қара
Көк
Көз қиығы
Тік
Қиғаш
Бет шұңқыры
Бар
Жоқ
Құлақ
Кең
Тар
Күрек тістер арасындағы 
саңылау
Бар
Жоқ
Шаш
Ұсақ бұйра
Қатты, түзу, тікірейген
Адыр бұйралы
Түзу, жұмсақ
Шаштың ағаруы
25 жаста
40-тан кейін
Қасқабастану
Еркектерде
Əйелдерде
Маңдай үсті ақ бұрым шаш Бар
Жоқ
Түкті қас
Бар
Жоқ
Тері
Қалың
Жұқа

67
Терінің түсі
Қара
Ақ
Секпіл
Бар
Жоқ
Қол ебі
Оңқай
Солақай
Саусақ терісіндегі өрнек
Эллипс типті
Дөңгелек
Дауыс (əйелдерде)
Сопрано
Альт
Дауыс (еркектерде)
Бас
Тенор
Абсолюттік музыкалық
есту қабілеттілігі
Бар
Жоқ
Патологиялық
Көргіштік
Жақыннан
Қалыпты
Қолдағы саусақ саны
Көпсаусақтылық (6 не
7) – полидактилия
5 саусақ
Саусақтың ұзындығы
Қысқа (брахидактилия) Қалыпты
Кестенің жалғасы
Белгілер Доминантты 
Рецессивті 
Қатерлі ісік
Дамуы (нейрофибро-
матоз)
Дамымауы
Гемоглобиннің құрылысы
Қалыпты
Орақ тəрізді
Саңыраулық
Жоқ
Бар
Фенил аланиннің алмасуы
Қалыпты
Фенилкетонурия
Липидтік алмасу
Қалыпты
Тея-Сакс ауруы
Лактозаның сіңірілуі
Қалыпты
Галактоземия
Қанның ұюы
Қалыпты
Гемофилия
Əртүрлі типті гаметалардың өзара қосылу мүмкіндіктерін есеп-
теп шығаруды жеңілдету үшін ашылған генетигі Р. Пеннет ұсынған 
тор жасалынады. Пеннет торында аталық гаметалар горизонталь 
бағытта, аналық гаметалар вертикаль бағытта жазылады. 
Тордың ішінде гаметалардың үйлесімдері орналастырылады, ол 
үйлесімдер ағзалардың генотиптерін көрсетеді. Мысалы, гомозиго-
талы  АА немесе гетерозиготалы Аа өсімдіктер тұқымдарының беті 
тегіс болғанымен олардың тұқым қуалау бастамалары бірдей емес. 
Ағзалардың сыртқы көрінетін белгілерінің жиынтығын фенотип
ал тұқым қуалау бастамаларының жиынтығын генотип деп атайды. 
Пеннет торынан ажыраудың генотип бойынша 1АА  : 2Аа : 1аа, ал 
фенотип бойынша 3А- : 1аа қатынасында болатындығын 8-кестеден 
оңай көруімізге болады.

68
8-кесте
Моногибридті будандастырудың Пеннет торы
Гаметалар Аналық 
Аталық А
а
А
АА
Аа
а
Аа
аа
Əртүрлі гаметалар типтерінің үйлесімділігін жеңіл анықтау 
үшін ағылшын генетигі Р. Пеннет тор жасауды ұсынды. Кейін- 
нен бұл Пеннет торы деп аталды. Тордың сол жағындағы тік сызық 
бойымен аналық, жоғары жағындағы көлденең сызық бойымен 
аталық гаметаларды орналастырады. Ал тордың ұяларында аналық 
жəне аталық гаметалардың үйлесуінен пайда болған зиготалар 
жазылады. 
Пеннет тордың көмегімен екінші ұрпақ даралары ның 
фенотипі мен генотипін оңай анықтайды.
Мендельдің бұршақпен жүргізген тəжірибелерінен байқалған 
доминанттылық құбылысын толық доминанттылық деп қарас-
тыруға болады. Егер F
1
-дегі будандардың белгілері ата-аналық 
формалардың ешқайсысына толық ұқсамай аралық сипатта болса, 
оны толымсыз доминанттылық деп атайды. 
Реципрокты будандастыру деп доминантты жəне рецессивті 
белгісі бар ағзаларды аналық ретінде де, аталық ретінде де пайда-
лануды айтады. Реципрокты будандастыру  кезінде  тура жəне кері 
будандастырулар жүргізіледі. Мысалы, АА х аа – тура, ал аа х 
АА – кері будандастыру. Белгілердің  тұқым қуалауын гибридология-
лық талдау əдісімен зерттеуде кейде қайыра будандастыру немесе 
беккрос деп аталатын будандастырулар қолданылады. Ол бірінші 
будан ұрпақ F
1
-ді гомозиготалы (доминантты немесе рецессивті) 
формалармен будандастыру болып табылады жəне осындай будан-
дастырудан алынған ұрпақты F
а
 деп белгілейді. Оны былайша жазу-
ға болады: Аа х АА немесе Аа х аа. Генетикалық талдау жəне селек-
ция жұмыстары үшін осы екі будандастырудың маңызы бірдей емес. 
Бірінші будан ұрпақ доминанты аллельдер бойынша гомозиготалы 
формамен қайыра будандастырған кезде оның ұрпақтары генотипі 
жағынан 1АА : 1аа болғанымен фенотипі бойынша белгілердің ажы-
рауы байқалмайды жəне тек сары түсті тұқым пайда болады.
Генетикалық талдау үшін де, сол сияқты селекция жұмыстары 
үшін де F
1
 ұрпағын рецессивті аллельдер бойынша гомозиготалы 
формамен будандастырудың үлкен маңызы бар. Будандастырудың 
мұндай жолын талдаушы (анализдеуші) будандастыру деп атайды.

69
Рецессивті гомозиготалы форма (аа) бір типтес гаметалар (а
түзеді, ал гетерозиготалы будан (Аа) екі сортты А жəне а гамета-
ларын түзеді. Аналық жыныс жасушаларының əрқайсысы бірдей 
мүмкіндікте ұрықтанған жағдайда  Аа жəне аа генотиптері 1:1 
қатынасында болып шығады. Қайыра будандастырудың осындай 
жолымен алынған Аа ұрпағы тұқымының түсі сары, аа ұрпағының 
түсі жасыл, яғни фенотиптері бойынша ұрпақтардың ажырауы 1:1 
қатынасында болады. Сонымен, талдаушы будандастыру кезінде 
белгілердің ажырау ерекшелігіне қарап буданның генотипін, бу-
дандар түзетін гаметалар типін жəне олардың арақатынасын 
талдауға болады. Талдаушы будандастырудың көмегімен ағзаның 
белгісіз генотипін анықтауға болады. Мысалы, тұқымының түсі 
сары өсімдіктерді жасыл тұқымды өсімдіктермен будандастырған 
кезде алынған ұрпақтың тұқымдарының бəрінің түсі сары болса, 
онда будандастыру үшін алынған өсімдік тұқымының генотипі 
АА, яғни доминанты гомозиготалы болғаны. Егер дəл осындай бу-
дандастырудан алынған сары жəне жасыл  тұқымды өсімдіктердің 
арақатынасы 1:1 қатынасында болса, онда анықтауға алынған сары 
тұқымды өсімдіктердің генотипі Аа, яғни гетерозиготалы болғаны. 
Талдаушы будандастырудың тəжірибелік жұмыста да маңызы зор 
(6-сурет
).
6-сурет. Талдаушы будандастыру (бұршақтың гүлінің түсі бойынша)

70
Кодоминанттылық  – гетерозиготаларда əртүрлі екі геннің 
де белгінің дамуына əсері. Адамның қан тобы мен ақуызының 
көптеген типтері кодоминантты тұқым қуалайды. Мысалы, адамда 
рецессивті ауру – орақ пішінді жасушалық анемия кездеседі. Ауру 
баланың эритроциті орақ немесе жарты айшық тəрізді болып келеді
ал қалыпты эритроциттің екі жағы ойыс диск сияқты. Фенотипі 
қалыпты гетерозиготалы дарабас эритроциттері аралас гемоглобин-
дерден (қалыпты жəне кеміс) тұрады; кеміс гемоглобин мөлшері 
45%-ға жетуі мүмкін.  
Сонымен, доминанттылық пен рецессивтілік – гендердің 
абсолютті емес, салыстырмалы қасиеті. Мысалы, эпикантус (көздің 
ішкі бұрышы үстіндегі қатпар) монголоидтарда доминантты, ал не-
гроидтарда рецессивті тұқым қуалайды.
Толымсыз доминанттылық
.  Мендельдің бұршақпен жүргізген 
тəжірибелерінен байқалған доминанттылық құбылысын толық 
доми нанттылық  деп қарастыруға болады. Егер F
1
-дегі будандар-
дың белгілері ата-аналық формалардың ешқайсысына толық 
ұқсамай аралық сипатта болса, оны толымсыз доминанттылық 
деп атайды. 
Толымсыз доминанттылықта бірінші ұрпақ Мендельдің І заңына 
сəйкес генотип бойынша біркелкі, бірақ белгінің көрінісі аралық 
сипатта болады: Гетерозиготалы (Аа) бірінші ұрпақтың əртүрлі 
гендері бір-біріне басымдық жасамайды. Екінші ұрпақта фенотиптің 
ажырауы генотиптің ажырауына дəл келеді: 1:2:1, себебі АА жəне 
Аа генотиптерінің фенотиптік көрінісі əр түрлі болады. Мысалы, 
гүлінің күлте жапырақшаларының түсі ақ (аа) жəне қызыл (АА) на-
мазшам немесе түн аруы өсімдігін будандастырғанда, Ғ
1
-дің барлығы 
қызғылт (Аа) гүлді болып шықты. Бірінші ұрпақ Мендельдің I 
заңына сəйкес біркелкі, бірақ фенотипі бойынша аралық сипатта, 
ал екінші ұрпақтың арақатынасы 1 қызыл (АА ) : 2 қызғылт (Аа) 
:1 ақ (аа) болады (7-сурет). Жалпы толымсыз доминанттылықты 
белгілердің қарапайым аралық көрінісі емес, жұп гендердің өзара 
ерекше əрекеттесу нəтижесі деп түсіну керек. Мысалы, қара жəне 
ақ құстардан алынған андалузия тауығының көгілдір түсі жаңа фе-
нотип пайда болғандай əсер береді. Алайда андалузия тауығы (Аа ) 
шынында қара, бірақ оның қауырсынының боялуы төмен, сондықтан 
да көгілдір түстің əсерін береді.

71
7-сурет. Түн аруы өсімдігі гүлдерінің түсінің толымсыз доминанттылық 
кезіндегі ажырау сызбанұсқасы
 
Мендель ашқан белгілердің ажырау заңын хромосома-
лар ерекшелігімен – олардың жұп болатындығымен, гомологты 
хромосомалардың мейоз кезіндегі ажырауы мен ұрықтану үдерісінде 
олардың қайта қосылып бірігуімен түсіндіруге болады.
Моногибридті будандастыруға есеп шығару жолдары жəне 
есептер жинағы:
1-есеп. Егер жүннің қоңыр түсі доминантты болса ата-аналары 
гомозиготты қоңыр жəне сұр түсті күзендерді шағылыстырғанда 
бірінші ұрпағы қандай болады? Бірінші ұрпақтағы будандарды өзара 
шағылыстырғанда не күтеміз? Есептің берілгені бойынша ата-анасы 
гомозиготты, олай болса, олардың генотипі АА жəне аа.
Берілгені: 
Ген белгі
А – жүннің қоңыр түсі
а – жүннің сұр түсі

72
Шығарылуы:
Р
  ♀      АА    х   ♂  аа
           қоңыр           сұр 
Гамета   А                а
Ғ
1
                    Аа
Фенотипі – қоңыр
Генотипі – гетерозигота
Гомозиготты дарабастар мейоз кезінде бір типті гамета түзеді: 
аналығы – А, аталығы – а. Осы гаметалар қосылып, буданды қоңыр 
түсті дарабас Аа береді. Бұдан кейін будандарды шағылыстырғанда: 
Р 
     ♀  Аа    х   ♂  Аа
           қоңыр        қоңыр 
Гамета      А,а             А,а
Ғ
2
             АА, Аа, Аа, аа
Фенотипі – 3 қоңыр : 1 сұр
Генотипі – 1 доминантты : 2 гетерозигота : 1 рецессивті
           гомозигота                   гомозигота
Буданды дарабастар мейоз кезінде екі типті гамета А жəне а 
түзеді. Аталық жəне аналық гаметалар қосылып екінші ұрпақта 
белгілердің ажырауы байқалады. Қоңыр түсті күзендер генотипі 
бойынша біртекті емес: гомозиготты – АА, гетерозиготты Аа. Олай 
болса екінші ұрпақ фенотип бойынша 3:1 арақатынасында, генотип 
бойынша 1:2:1 арақатынасында болады.
2-есеп. Қызанның домалақ пішіні алмұрт тəрізділеріне қарағанда 
доминантты. Ұрпағында 3:1 жəне 1:1 қатынасындай ажырау жүретін 
болса, ата-анасының генотипі мен фенотипін тап.
Берілгені: 
ген         белгі
В – домалақ пішін
в – алмұрт пішін
3:1 қатынасындай ажырау буданды дарабастарды будандасты-
ру кезінде байқалатындықтан ата-анасының генотипі гетерозигот-
ты екендігін бірден анықтаймыз. Осыған орай ата-анасы домалақ 
пішінді болады.
Шығарылуы:
Р
      ♀   Вв      х     ♂ Вв
         домалақ       домалақ
Гамета   В, в            В, в

73
Ғ
2
              ВВ,  2Вв,  вв
Фенотипі – 3 домалақ : 1 алмұрт пішінді
Генотипі –  1 доминантты : 2 гетерозигота : 1 рецессивті
        гомозигота                    гомозигота
1:1 қатынасындай ажырау талдай будандастыру кезінде 
байқалатындықтан,  ата-анасының біреуі домалақ пішінді будан Вв, 
екіншісі алмұрт пішінді рецессивті гомозигота вв.
Шығарылуы:
Р     ♀    Вв      х
    ♂  вв
       домалақ         алмұрт 
Гамета  В, в              в, в
Ғ
2
           Вв,               вв  
Фенотипі – 1 домалақ : 1алмұрт пішінді
Генотипі –  1гетерозигота : 1 рецессивті гомозигота.
3-есеп. Жеміс шыбыны дрозофиланың сұр түсі – В, қара түсі 
в-ға қарағанда доминантты. Екі сұр шыбынды будандастырғанда 
олардың ұрпағының түсі сұр болып шыққан. Аталық жəне аналық 
формалардың генотиптерін анықтауға бола ма?
4-есеп. Сұр шыбын мен қара шыбынды будандастырғанда 
алынған ұрпақтарының барлығының денелері сұр болып шықты. 
Сұр шыбынның генотипін анықтау керек.
5-есеп. Адамда алты саусақтың болуын (полидактилия) до-
минантты геннің, ал бес саусақтың болуын рецессивті геннің 
анықтайтыны белгілі. Ата-аналарының екеуі де гомозиготалы алты 
саусақты отбасында бес саусақты балалардың тууы мүмкін бе?
6-есеп. Бес саусақты əйел гетерозиготалы алты саусақты ер 
адамға тұрмысқа шыққан. Олардың балаларының генотиптері мен 
фенотиптері қандай болуы мүмкін?  
7-есеп.  Бұршақ тұқымы пішінінің тегіс болуы доминантты В 
аллелімен, ал бұдырлы болуы рецессивті b аллелімен бақыланады. 
Гомозиготалы тегіс пішінді бұршақты бұдырлы пішінді бұршақ 
өсімдігімен будандастырғанда Ғ

123 тұқым жəне Ғ
2
 3168 тұқым 
алынды.
1. Ғ

 қанша тұқым гетерозиготалы болуы мүмкін?
2. Ғ

 тұқымдарда қанша түрлі фенотип болуы мүмкін? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет