Оқулық Алматы, 2013 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет5/22
Дата07.02.2020
өлшемі3,34 Mb.
#57388
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
burunbetova-genetika


49
гаметангиге айналады. Көп жасушалы балдырларда бір-біріне ұқсас 
бірнеше жасушалар тобы гаметангий түзеді, мысалы, улотрикстер. 
Конъюгат балдырларға, мысалы, спирогираға конъюгация тəн. 
Көлемі əртүрлі талшығы бар гаметалардың қосылуын гетерогамия
талшығы бар, талшығы жоқ гаметалардың қосылуын оогамия деп 
атайды. Барлық жоғары сатыдағы өсімдіктер оогамды, бірақ олар-
да ұрықтану əртүрлі жүреді. Бұлардағы гаметангилер – антеридий 
немесе аталық жəне архегоний көп жасушалы болады. Жұмыртқа 
жасушасы архегониде біреуден, ал сперматозоидтар антеридий 
көптеп түзіледі. Мүк жəне қырыққұлақ тəрізділерде ұрықтану үшін 
сулы орта керек, яғни антеридиден шыққан сперматозоид архегони-
ге құйылады. Ашылған, ұрықтануға дайын, архегонийдің төбесінде 
шырыш бөлінеді. Онымен сперматозоид жұмыртқа жасушасы-
на жетіп қосылады. Тұқымды өсімдіктерде антеридий болмайды. 
Кейбір ашықтұқымдыларда жəне барлық жабықтұқымдыларда ар-
хегоний болмайды жəне жұмыртқа жасушасы аналық өскіншеде 
болады. Тұқымды өсімдіктерде ұрықтану тек тозаңданудан кейін 
ғана жүзеге асады. Спермия түзетін тұқымды өсімдіктерде спер-
миялар тозаң түтігі арқылы жұмыртқа жасушасына жылжиды. 
Жабықтұқымдыларда қосарлы ұрықтану жүреді, яғни бір спер-
мия жұмыртқа жасушасымен, ал екіншісі ұрық қапшығындағы 
орталық жасушамен қосылады. Адам мен жануарларда ұрықтану екі 
жыныстық гаметалардың қосылуымен немесе сингамиямен сипат-
талады. Бұларда ұрықтанудың екі маңызы айрықша көрінеді:
1) спермияның жұмыртқа жасушасымен қосылуы жұмыртқа 
жасушасын тыныштық күйден дамуға итермелейді;
2)  гаплоидты жұмыртқа жасушасы мен спермия ядроларының 
қосылуы немесе кариогамия  аталық жəне аналық тұқым қуалау 
факторларын біріктіретін диплоидты синкарионның пайда болуына 
əкеледі. 
Осындай ұрықтанудан пайда болған жаңа гендер жиынтығы 
генетикалық əртүрлілікті тудырып, табиғи сұрыптауға жəне түрдің 
эволюциясына əсерін тигізеді. Ұрықтану ең алдымен мейоз кезінде 
жүретін хромосома санының екі есеге кемуімен сипатталады. 
Мұндай бөліну аталықтарда спермия түзілгенге дейін жүзеге асады. 
Жұмыртқа клеткасының пісіп жетілуі мен ұрықтану əртүрлі жануар-
ларда əртүрлі болады.
Сперматозоид пен жұмыртқа жасушасының қосылуы негізінен 
ата лық гаметаның суға немесе аналық жыныс жолына шыққанда 
4–1156

50
жүзу қозғалысымен іске асады. Гаметалардың кездесуіне спермия-
лардың қозғалысын жақсартатын жұмыртқа жасушаларынан бөлі-
нетін гормондар əсер етеді. Сперматозоидтар ретсіз жылжиды жəне 
жұмыртқа жасушаларымен кездейсоқ соқтығысуы нəтижесінде 
қосылады. Пісіп жетілген жұмыртқа жасушасы қабықшамен қор-
шалып жатады, кейбір жануарларда микропиле немесе спермия 
енетін тесік болады, бірақ жануарлардың көпшілік түрінде мик ро-
пиленің орнына акросома  немесе сперматозоидтың арнайы орга-
ноиды болады. Акросома ашылған жерде жұмыртқа жасушасының 
плазматикалық мембранасымен спермияның мембранасы қосылады 
да, акросомды жіпше немесе түтікше құрады. Жануарлардың 
түріне қарай бұл жіпшенің ұзындығы 1-90 мкм жəне жұмыртқа 
жасушасының қалыңдығына байланысты. Спермиялары микро-
пиле арқылы енетін жануарларда мысалы, жəндіктер, басаяқты 
моллюскалар, бекіре жəне сүйекті балықтарда, акросома өзінің 
алғашқы қызметін жоғалтады, кейде олар редукцияға ұшырайды 
не кейбір сүйекті балықтарда мүлдем жойылады. Сүтқоректілерде 
овуляцияға немесе пісіп-жетілген жұмыртқа жасушасының жа-
тыр түтігіне өту үрдісіне ұшыраған жұмыртқа жасушасы бірнеше 
қабат фолликулярлы жасушаларымен қоршалып жатады. Жылқы, 
сиыр, қойларда фолликулярлы жасушалар овуляциядан кейін ыды-
рап, спермиялар жұмыртқа жасушасы қабығының үстіне еркін 
жетеді. Сүтқоректілердің көпшілік түрінде фолликулярлы жасуша-
лар бірнеше сағат аралығында сақталады. Бұл кедергіден өту үшін 
спермиялар гиалуронидаза ферментін бөледі. Бұл фермент акросо-
мада болады. Ол фолликулярлы жасушаларды өзара байланыстырып 
тұрған затты ерітеді. Ағзада спермиялардың эякуляциясы жүргеннен 
кейін ол фермент бөлуге қабілетсіз болады. Мұндай қажеттілік 
аналық жыныс жолдарында кейбір физиоллогиялық өзгерістердің 
əсерінен туындайды, мұны капацитация үрдісі деп атайды.
Партеногенез – (гр. Parthenos-тың, genesis – шығу, пайда болу) 
жыныстық көбеюдің бір түрі, көптеген өсімдік жəне жануарлар 
ағзаларына тəн, мұнда аналық жыныс жасуша жаңа дарабасқа аталық 
гаметамен ұрықтанбай дамиды. Көптеген бунақденелілерде, олар-
дың ішінде жарғаққанаттыларда немесе аралар мен құмырсқалар -
да  гаплоиды партеногенез байқалады, ал өсімдіктерден күрделі
гүлділер, раушангүлділер, астық тұқымдастыларда кездеседі. 
Олардың аналық жəне аталықтарында гаплоиды гаметалар 
түзіледі. Кейбір аналық жұмыртқа жасушалар ұрықтанып, олардан 

51
диплоиды аналық дарабастар, ал ұрықтанбаған жұмыртқа жасу-
шалардан фертильді гаплоидты трутеньдер немесе аталық ағзалар 
дамиды. Трутеньдердің аналық жыныс жасушаны  ұрықтандыра 
алатын сперматозоидтары мейоз жолымен емес, митоз арқылы іске 
асады.     
Келесі түйінді сөздер мен ұғымдардың мағынасын ашыңыз: 
жасуша, ядро, митоз, мейоз І, мейоз ІІ, интерфаза, хромосома, хро-
матида, телоцентрлі хромосома, акроцентірлі хромосома, центорме-
ра, профаза, метафаза, анафаза, телофаза, интерфаза, кариокинез, 
цитокинез, кариотип, гаплоид, диплоид, жасуша циклі, оогенез, 
сперматогенез, редукциялық бөліну, политенді хромосомалар, алып 
хромосомалар, хромонема, эухромотин, гетерохромотин, бивалент, 
хромомер, гаметогенез, сперматогенез, оогенез, гонийдийлік жасу-
шалар, қрықтану, партеногенез, трутень.
Бақылау сұрақтары:
1. Митоз дегеніміз не?
2. Мейоз ненің бөлінуі, ол қандай бөлінулерден тұрады?
3. Хромосоманың құрылымдық ерекшеліктерін байланысты қандай 
түрлері болады?
4. Митоздың биологиялық мəнін түсіндіріңіз.
5. Мейоздың биологиялық мəні неде?
6. Лептотена кезеңі немен ерекшеленеді жəне зиготена кезеңін си-
патта.
7. Пахитена кезеңін қалай сипаттауға болады?
8. Диплотена кезеңі қалай жүреді, диакинез кезеңі немен аяқталады?
9. Биваленттердің экватор жазықтығына орналасуы қай уақытта 
жүреді?
10. Центромераның экватор жазықтығына орналасуы қай кезеңде 
басталады?
11. Жаңа түзілген хроматидтердің əр полюстерге таралуы қандай 
фазада болады?
12. Төрт гаплоидты ядроның пайда болуы қандай үдерісінің 
нəтижесі?
13. ДНҚ-ның синтезделуі, хромосомалардың екі еселенуі қандай 
үдерісті бастайды?
14. Хромосомалардың тығыздалуы. Гомологты хромосомалардың 
коньюгациясы-биваленттердің түзілуі, хромосомалардың гомологты 
бөліктерінің алмасуын немен байланыстыруға болады?

52
15. Биваленттердің экватор жазықтығына орналасуы қай фазамен 
байланысты?
16. Гомологты хромосомалардың полюстерге таралуы əр бивалент-
терге жататын хромосомалардың тəуелсіз таралуы қандай фазада болады?
17. Гаплоидты ядролардың жасушада түзілуі (екі ядро) неге байла-
нысты?
18. Хромосомалардың тығыздалуы қай уақытта жүреді?
19. Гаметогенез дегеніміз не?
20. Оогенез дегеніміз не?
21. Сперматогенез үдерісі қалай жүреді?
22. Гоонидилік жасушалар қалай түзіледі?
23. Бірінші қатардың сперматоциттері (І сперматоцит) дегеніміз не?
24. Бірінші қатардың ооциттері (І ооциттер) дегеніміз не? 
25. Партеногенез қандай ағзаларға тəн?
26. Ұрықтану дегеніміз не?
Тест сұрақтары
1.   Даун синдромы ауруының негізгі себебі қандай үдерістің дұрыс 
 жүрмеуінен 
болады?
 А) 
митоз 
 В) 
мейоз
 С) 
цитокинез
 D) 
транскрипция
2.   Зиготада хромосомалардың диплоидты санының қалыптасуы ... 
 негізінде 
болады
 А) 
мейоз
 В) 
коньюгация
 С) 
ұрықтану
 D) 
митоз
3.   Сырттай ұрықтану ... тəн.
 А) 
адамға
 В) 
сүтқоректілерге
 С) 
құстарға
 D) 
балықтарға
4.  Ұрықтану барысында пайда болған зиготада...
 
А) хромосомалардың диплоидты саны қайтадан қалпына келеді
 
В) хромосомалардың гаплоидты саны сақталады
 
С) хромосомалар саны өзгермейді
 
D) хромосомалардың триплоидты саны қалыптасады
 
E) хромосомалардың тетраплоидты саны қалыптасады

53
5.   Ағзаның ұрықтану мен зиготаның пайда болуынан басталып, 
 
өлім мен аяқталатын үдеріс қалай аталады?
 А) 
онтогенез
 
В) эмбрионалдық период
 
С) постэмбрионалдық период
 D) 
филогенез
 E) 
эволюция
6.   Зиготаның пайда болуынан басталып, өліммен аяқталатын үдеріс 
 қалай 
аталады?
 А) 
онтогенез
 
В) эмбрионалдық период
 
С) постэмбриональдық период
 
D) тура даму
 E) 
филогенез
7.   Ағзаның жұмыртқадан шығу немесе туудан кейінгіден басталып, 
 
өліммен аяқталатын үдеріс қалай аталады?
 
А) эмбрионалдық период 
 
В) тура даму
 
С) постэмбриональдық период
 D) 
онтогенез
 E) 
филогенез
8.   Митоздың фазаларына не жатпайды?
 А) 
прфаза
 В) 
метозфаза
 С) 
анафаза
 D) 
телофаза
 E) 
интерфаза
9.   Дрозофила шыбынының дене жасушаларында 8 хромосома, ал 
 
жыныс жасушаларында неше хромосома болады?
 
А) 16 хромосома
 
В) 32 хромосома
 
С) 2 хромосома
 
D) 4 хромосома
 
E) 8 хромосома
10. Тышқан дене жасушаларында 20 хромосома, ал жыныс 
 
жасушаларында неше хромосома болады?
 
А) 40 хромосома
 
В) 10 хромосома
 
С) 15 хромосома
 
D) 80 хромосома
 
E) 20 хромосома

54
11.   Бірдей пішінді жəне мөлшерлі жұп хромосомаларды қалай атайды?
 
А) гомологты емес
 В) 
диплоидты
 С) 
гомологты
 D) 
гаплоидты
 E) 
тетраплоидты
12. Əр жұпқа жататын пішіні мен мөлшерінде айырмашылығы бар 
 
хромосомаларды қалай атайды?
 
А) гомологты емес
 В) 
гомологты
 С) 
сомалық
 D) 
диплоидты
 E) 
гаплоидты
13.  
Жасушаның белсенді əрекетте болатын, яғни органикалық 
заттардың синтезделетін, хромосомалардың екі еселенетін периоды 
қалай аталады?
 А) 
митоз
 В) 
интерфаза
 С) 
мейоз
 
D) жыныс жасуларының дамуы
 E) 
интеркинез
14.  Митоздан кейін бір аналық жасушадан неше жаңа жасуша пайда 
 болады?
 
А) 1 жаңа жасуша
 
В) 8 жаңа жасуша
 
С) 2 жаңа жасуша
 
D) 4 жаңа жасуша
 
E) 6 жаңа жасуша
15. Митоз нəтижесінде бір диплоидты аналық жасушадан неше 
 
жаңа жасуша пайда болады?
 
А) 1 жаңа диплоидты жасуша
 
В) 2 жаңа диплоидты жасуша
 
С) 2 жаңа гаплоидты жасуша
 
D) 4 жаңа диплоидты жасуша
 
E) 6 жаңа диплоидты жасуша
16.  Митоз барысында жаңадан пайда болған жасушалардағы хромо
 
сомалар санының аналық жасушадағылармен бірдей болып 
шығуының себебі не?
 
А) интерфазада хромосомалар екі еселенеді
 
В) барлық хромосомала жұпты
 
С) хромосомалар жасуша ортасында орналасады

55
 
D) хромосомалар жасуша полюстеріне тарайды
 
E) дұрыс жауабы жоқ
17. Митоздан кейін дене  жасушаларындағы хромосомалар саны 
 қалай 
өзгереді?
 
А) екі есе кемиді
 
В) екі есе көбейеді
 
С) өзгеріссіз сақталады
 
D) кездейсоқ өзгереді
 
E) үш есе көбейеді
18. Хромосомалар саны аналық жасушадағы хромосомалар саны-
 
мен бірдей жаңа жасушалар қандай үдеріс нəтижесінде пайда 
болады?
 А) 
митоз
 В) 
мейоз
 С) 
ұрықтану
 
D) спора жасалу
 E) 
гаметогенез
19. Гаметалардың жасалуы барысында олардағы хромосомалар 
 саны: 
 
А) екі есе артады
 
В) екі есе кемиді
 
С) тұрақты болып қалады
 
D) жүйелі түрде өзгереді
 
E) үш есе артады
20. Гаметалардағы хромосомалардың саны екі есе азаю себебі 
 мейозда 
 
А) жасушаның 1 бөлінуі жəне 1 интерфаза 
 
В) жасушаның 1 бөлінуі жəне 2 интерфаза 
 
С) жасушаның 2 бөлінуі жəне 1 интерфаза 
 
D) жасушаның 2 бөлінуі жəне 2 интерфаза 
 
E) жасушаның 2 бөлінуі жəне 3 интерфаза
21.   Мейоз барысында бір аталық жасушадан ... пайда болады
 
А) 2 сперматазоид
 
В) 4 сперматазоид
 
С) 1 сперматазоид
 
D) 8 сперматазоид
 
E) 6 сперматазоид
22.   Мейоз барысында бір аналық жасушадан ... пайда болады
 
А) 2 жұмыртқа жасушасы
 
В) 8 жұмыртқа жасушасы
 
С) 1 жұмыртқа жасушасы

56
 
D) 4 жұмыртқа жасушасы 
 
E) 6 жұмыртқа жасушасы
23.  Конъюгация мен кроссинговер нəтижесінде мейоз барысында 
 хромосомалар:
 
А) екі еселенеді
 
В) біркелкі таралады
 С) 
ажырайды
 
D) генетикалық ақпаратпен алмасады 
 
E) дұрыс жауабы жоқ
24.   Ұрықтану барысында пайда болған зиготаның ...
 
А) хромосомалар саны диплоидты болады 
 
В) хромосомалар саны гаплоидты болады
 
С) хромосомалар саны өзгермейді
 
D) хромосомалар саны триплоидты болады 
 
E) хромосомалар санны тетраплоидты болады
25.  
Хромосоманың ұшы: құрылымды гетерохроматинге бай. 
 
Хромосоманың ұштарын бір-біріне жабысуынан қорғайды:
 А) 
центромера
 В) 
теломера
 С) 
спутник
 D) 
хромонема
 Е) 
хромомера
26. Митозды немесе мейоздық бөлінуде шүйке жіпшелері хромо-
 
сома аймағы: хромосоманың клетканың əртүрлі полюстеріне ... 
қарай қозғалысын бақылайды:
 А) 
центромера
 В) 
теломера
 С) 
спутник
 D) 
хромонема
 Е) 
хромомера
27.  
Ядролық бояулармен хромосоманың тығыз спиральданған 
  дезоксори-бонуклепротейд жіпшелерінің жуанданған бөлігі 
мейоздың профазасында жарық микроспобымен жақсы көрінеді:
 А) 
центромера
 В) 
теломера
 С) 
спутник
 D) 
хромонема
 Е) 
хромомера
28.   Дизоксирибонуклеин қышқылы бар нуклеопротейдті жіп
 А) 
центромера
 В) 
теломера
 С) 
спутник

57
 D) 
хромонема
 Е) 
хромомера
29.   Синтезделген РНҚ-ға немесе ДНҚ-ға комплементарлы нуклеин 
 
қышқылының бір тізбегінің бөлігі:
 А) 
матрица
 В) 
локус 
 С) 
кадон 
 D) 
гамета
 E) 
орын
30. Мейоздың профазасында биваленттің екі хромотидаларының 
  (гомологты) айқасуы нəтижесінде пайда болған Х-тəрізді 
хромосомалық фигура:
 А) 
хиазма
 В) 
хромотида
 С) 
хромомера
 D) 
хромонема
 Е) 
матрица
31. Репликация (хромосомалардың еселенуі) нəтижесінде түзілген 
 
хромосомалық көшірмелер (нуклеопртеиді жіпшелер):
 А) 
хиазма
 В) 
хромотида
 С) 
хромомера
 D) 
хромонема
 Е) 
матрица
32.   ДНҚ жəне белоктардан (гистон, гистон емес) құралған комплекс:
 А) 
хроматин
 В) 
хромотида
 С) 
хромомера
 D) 
хромонема
 Е) 
хромосома
33. ДНҚ (гендер) орналасқан жəне өзін өндіре алатын жасуша 
 
ядросының құрылымды элементі:
 А) 
хроматин
 В) 
хромотида
 С) 
хромомера
 D) 
хромонема
 Е) 
хромосома
34. Мембранмен қапталған ішінде хромосомалары бар эукариоттық 
 жасушалардың 
органелласы:
 А) 
ядрошық
 В) 
ядро
 
С) ядрошық ұйымдастырушысы

58
 D) 
пластид
 Е) 
цитоплазма
35. Рибосомалық РНҚ гендері бар хромосомалар бөлігімен байла 
-
 
ныс қан эукриот ядросының органелласы:
 А) 
ядрошық
 В) 
ядро
 
С) ядрошық ұйымдастырушысы
 D) 
пластид
 Е) 
цитоплазма
36.   Рибосомалық РНҚ-ны коделейтін гендері бар хромосома бөлігі:
 А) 
ядрошық
 В) 
ядро
 
С) ядрошық ұйымдастырушысы
 D) 
пластид
 Е) 
цитоплазма
37.   Мейоз нені қамтамасыз етеді?
 А) 
өзгергіштікті
 
В) комбинативті өзгергіштікті
 
С) мутациялық өзгергіштікті
 
D) модификациялық өзгергіштікті
38.  Төменде аталған митоздық құбылыстарды хронологиялық ретпен 
 орналастыр. 
 
1) хромосомалар конденсацияланады
 
2) ұршық жіпшелері түзіледі
 
3) хромосомалар қарама-қарсы полюстарға бағытталады
 
4) хромосомалар клетка экватор бойына тізіліп орналасады
 
5) цитоплазма бөлінеді
 А) 
2,3,4,5
 В) 
1,2,4,3,5
 С) 
5,3,2,1,4
 D) 
5,4,3,2,1
 Е) 
3,4,2,5,1
39. Митоздың соңғы сатысы мен ДНҚ репликасының басталуы 
 
арасындағы клеткалық цикл кезеңі.
 
А) жасушалық циклдің G1- стадиясы
 
В) жасушалық циклдің G2- стадиясы
 С) 
митоз
 D) 
мейоз
 
Е) ДНК синтезі кезеңі
40.  ДНҚ репликасының соңы мен келесі митоздың басталуы арасын -
 
дағы  жасушалық цикл кезеңі.
 
А) жасушалық циклдің G1- стадиясы

59
 
В) жасушалық циклдің G2- стадиясы
 С) 
митоз
 D) 
мейоз
 
Е) ДНК синтезі кезеңі
41.   Ядроның бөлінуі нəтижесінде екі ядро түзіледі.
 
А) клеткалық циклдің G1- стадиясы
 
В) клеткалық циклдің G2- стадиясы
 С) 
митоз
 D) 
мейоз
 
Е) ДНК синтезі кезеңі
42.   Ядроның редукциялық бөліну үдерісі.
 
А) клеткалық циклдің G1 стадиясы
 
В) клеткалық циклдің G2 стадиясы
 С) 
митоз
 D) 
мейоз
 
Е) ДНК синтезі кезеңі
43.  S - кезеңі.
 
А) жасушалық циклдің G1- стадиясы
 
В) жасушалық циклдің G2- стадиясы
 С) 
митоз
 D) 
мейоз
 
Е) ДНК синтезі кезеңі
44. Жасушадағы  заттардың алмасуы үшін қажетті энергияның қорын 
 
қандай органоид жинақтайды?
 А) 
Рибосома
 В) 
Лизосома
 С) 
Митохондрия
 
D) Гольджи аппараты
 
Е) Эндоплазмалық тор
45.   Рибосомада ДНҚ мен РНҚ-ның қатысуымен...
 
А) Көмірсу синтезі жүреді
 
В) Май синтезі жүреді
 
С) Генетикалық материал жинақталады
 
D) Белок синтезі жүреді
46. Митоздық циклдың ұзақтығы ағза түріне, физиологиялық 
 
жағдайына, сыртқы орта факторына байланысты қанша минуттан 
қанша сағатқа дейін созылады?
 
А) 30 минуттан 3 сағатқа дейін
 
В) 50 минуттан 5 сағатқа дейін
 
С) 5 минуттан 8 сағатқа дейін
 
D) 2 минуттан 1 сағатқа дейін
 
Е) 50 минуттан 3 сағатқа дейін

60
47.   Амитоз – ...
 
А) Жасушаның қарапайым жолмен тікелей екіге бөлінуі. Оны 
дұрыс бөліну дейді
 
В) Хромосома екі еселенгенімен ядро екіге бөлінбей жүретін 
үдеріс. Сондықтан хромосома саны көбейіп кетеді.
 
С) Хромосома екі еселенгенімен, оның саны өзгермейді, жаңа 
түзілген хромосомалар бір-бірімен жалғасып кетеді
48.   Эндомитоз – ...
 
А) Жасушаның қарапайым жолмен тікелей екіге бөлінуі. Оны 
дұрыс бөліну дейді
 
В) Хромосома екі еселенгенімен ядро екіге бөлінбей жүретін 
үдеріс. Сондықтан хромосома саны көбейіп кетеді
 
С) Хромосома екі еселенгенімен оның саны өзгермейді, жаңа 
түзілген хромосомалар бір-бірімен жалғасып кетеді
49.   Хромосоманың ұштары қалай аталады?
 А) 
теломер
 В) 
центормер
 
С) ахроматин жіпшелері
 D) 
хромотид
 Е) 
хромонема
50.   Хромосоманың өте жіңішке жіпшесі қалай аталады?
 А) 
Хроматид
 В) 
Хромопласт
 С) 
Хромонема
 D) 
Хлоропласт
 Е) 
Хлоромин
51. 1933 жылы қандай Америка ғалымы алып хромосомаларды 
 
 
дрозофила шыбынының сілекей безінен тапқан? 
 А) 
В.Иоганнсен
 В) 
Аристотель
 С) 
А.Вейтсман
 D) 
Т.Паинтер
 Е) 
У.Бэтсон
52. Адам эмбрионының жасушалық циклінің ұзақтығы қанша 
 сағатқа 
созылады?
 
А) 250 сағат
 
В) 400,2 сағат
 
С) 106,3 сағат
 
D) 12 сағат
 
Е) 1 сағат

61
53.   Адамның хромосома саны?
 
А) 23 жұпты          
 
В) 46 жұпты           
 
С) 63 жұпты              
 
D) 22 жұпты         
 
Е) 32 жұпты
54. Будан ағзаның гаметасында аллельді (жұп) гендер бір-бірімен 
 
араласып кетпей таза күйінде сақталады. Бұл дегеніміз...
 
А) Геннің доминанттылығы
 
В) Геннің рецессивтілігі
 
С) Гамета тазалығы
 
D) Ағзаның гомозиготалылығы
55. Анафаза І-дің  ерекшелігі...
 
А) бивалентті центромера екіге бөлінеді         
 
В) бивалентті центромера екіге бөлінбейді
 
С) хромосомалар барынша жуандайды             
 
D) биваленттер оқшауланады
 
Е) хромосомалар барынша жуандамайды
56.   Кроссинговер дегеніміз не? Ол жасуша бөлінуінің қай кезеңінде 
 өтеді?
 
А) жұп зроросомалардың айқасып, хромосомада бөліктерімен ал-
масуы; профаза І-диплотена
 
В) жұп хромосомалардың тартылып, синпасис  түзілуі; профаза 
І-зиготена
 
С) жұп хромосомалардың айқасып, хромосома бөліктерімен алма-
суы; профаза ІІ диплотена
  D) хромосомалардың ширатылуы жəне конъюгацияланып, 
тетрадалардың түзілуі метафаза
 
Е) жұп хромосомалардың айқасып, хромотида бөліктерімен алма-
суы митоздың анафазасы
            

62
3. ТҰҚЫМ ҚУАЛАУ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ 
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН НЕГІЗГІ ГЕНЕТИКАЛЫҚ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет