Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет3/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)
203 топ сабакка катысу, ағылшын тест, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson
1-бөлім
ДИҚАНШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1-тарау 
ДƏНДІ ДАҚЫЛДАР ӨНДІРІСІНІҢ 
ДАМУЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР
1.1. Егіншілік жəне алғашқы астық қорлары жайлы мəліметтер
Тарихи деректерге қарағанда қазіргі ТМД елдерінің территория-
сында бастапқы егіншіліктің пайда болуы жəне алғашқы астық 
қорларының жасалуы бастауын сонау қауымдық құрылыс кезеңінен 
алады. Осы кезде жанұя құрыла бастаған, одан кейін келе жекеменшік 
айырбас сияқты əрекет пайда болған. Адам қоғамы біртіндеп дамып, 
бір жерге тұрақты қоныс тепкен қауымдастықтар арасында байланыс, 
сауда-саттық, айырбас қызметінің өрістеуіне орай астық басты айыр-
бас құралының біріне айналған. Бұл адамзатты егіншілікті дамытуға, 
астық өндірісін кеңейтуге, астық сапасын жақсартуға итермелейді. Осы 
туралы алғашқы деректер XVII ғасырдың екінші жартысында Киев 
маңынан табылған, ал XIX ғасырда жазба түрінде сақталған астық 
сапасы туралы деректер көп кездеседі. Ал адамзат қоғамы бұдан əрі 
өркендеп, өнеркəсіп дəуірлеген, сауда-саттық кең қанат жайған заманда 
астықты зерттеу, оның технологиялық қасиеттерін тексеру жұмыстары 
да өріс ала бастаған.
Астықтың химиялық құрамын бірінші тексерген орыс ғалы-
мы Д. И. Менделеев деп есептеледі. Ол оның құрамын анықтап, 
аг 
ро 
техникалық шаралар арқылы сапасын қалай жоғарылатуға бо-
латындығын дəлелдеген жəне ұн тартуға жарамдылық қасиеттерін тек-
серген. 1894 жылы Ресей Жер департаментінде өсімдіктерді іс жүзінде 
пайдалану бюросы құрылып, Ресейде өсетін дəнді дақылдарды жіктеу, 
топтау жолға қойылады, ал 1875 жылдан бастап көрнекті биолог жəне 
селекционер И. В. Мичурин жұмыс істейді. Оның жасаған істерінің 
пайдасы далалық егіс шаруашылығына да тиеді. Міне, осыдан кейін 
ғана шетелдермен сауда жасау мақсатында элеваторлар салу, астықты 
топтастыру, жіктеп бөлу жұмыстары жүргізіле түскен жəне 1910 жылы 


8
ірі қалаларда элеваторлар салынып, 1913 жылы астықты топтастырып
жіктеу принциптері қалыптасқан. 1918 жылдан бастап Ресейде астықты 
зерттеу жаңа арнаға көшкен. Астықты жинап-тексеру, оны сақтау, өңдеу 
үстінде ғылымның жетістіктерін кең түрде пайдаланған.
Қазір Қазақстанда астықтың күрделі проблемаларын Ғылым 
академиясының ботаника институты, Ақмоланың астық 
шаруашылығы институты, қазақтың егін шаруашылығы институты, 
т.б. Сондай-ақ жоғары оқу орындары жəне ғылыми-зерттеу инсти-
туттары зерттейді.
Астық сапасын мемлекеттік астық сорттарын сынау комиссиясы 
өзінің көптеген сорт сынау жүйелерінде тексереді. Астықтың сапасы 
биохимия институтында, тəжірибе жəне селекция станцияларында 
тексеріледі. 1946 жылы Женевада (Швейцария) халықаралық астық са-
пасын стандарттау орталығы (ISO) ашылды. Оған 65 мемлекет кіреді. 
Ол 139 комитеттен тұрады. 1955 жылы халықаралық астық химиясы 
қоғамы ашылды. Бұлар барлық халықтарға бірдей қатынасы бар стан-
дарттар жасап енгізу, халықаралық қатынастарды нығайту жəне астық, 
нан өндірісінде істейтін көптеген қауымды біріктіру мақсаттарын алда-
рына қойған. 
Қазақстанда жыл сайын өсірілетін астықтың сапасын, оны қабылдау, 
сақтау, өңдеу проблемаларын мемлекеттік астық инспекциясы (МАИ) 
басқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   302




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет