Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Фитопатологияның даму тарихы



бет3/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, №2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1), КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, 7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна

Фитопатологияның даму тарихы


Егін шаруашылығымен айналысқан уақыттан бастап адамдар өсімдік ауруларымен үнемі кездескен. Алғаш егіншілікке көшкен Палестина, Месопотамия, Иран, Орта Азияның оңтүстігіндегі құ- нарлы жерлерде тұратын тайпалар болған. Біздің эраға дейінгі IV-V ғасырларда Қытай мен Үндіде тұратын тайпалар, Европа жəне Азия континентіндегі халықтар егіншілікпен айналысқан. Археология- лық деректер Қарақұмның оңтүстік аймағы, Ашхабад маңынан ер- тедегі адамдардың қоныстанған жерінен табылған құмырада арпа мен бидайдың ізі сақталғанын мəлімдейді.


Ертедегі егіншілер егін өнімінің қолайсыз жағдайлардан кеми- тінін байқаған. Сол кездегі қасиетті кітаптарда адам ауруларымен қатар өсімдіктің қара күйе, тат, ақ ұнтақ аурулары ежелден аталған. Соған байланысты ғалымдар өсімдік ауруларын зерттей бастаған.
Дəнді дақылдар, ағаштар, бұршақтардың ауруларын ең бірінші зерттеген грек ғалымы Теофрай болған (370-286 ж. б.ғ.д.). Рим шаруаларының тат ауруынан өте қатты зардап шеккені туралы де- ректер бар. Өсімдік аурулары туралы көп жазба қалдырғанымен, бұрынғы адамдар аурудың туу себебін білмеген.
XVII ғасырдың ортасында микроскоптың жарық көрінуіне байланысты ғылымның барлық саласында жаңалықтар ашыла бас- тады. Осы кезде саңырауқұлақтар, бактериялар жəне басқа да мик- роорганизмдердің табиғатта бар екендігі, олар ауру қоздыратын- дығы дəлелденді.
1729 жылы француз ғалымы Мишель саңырауқұлақ жіпшума- ғы бетіндегі тозаңын алып, қауынның кесіндісіне орналастырғанда,
онда дəл сондай саңырауқұлақ өскенін байқаған. Тозаңды ол саңы- рауқұлақтың спорасы деп атаған. Споралардың ауа арқылы тара- латынын дəлелдеген.
1755 жылы француз ботанигі М. Тиллет қара күйеге шалдыққан бидайдан алған тозаңды, бидайдың сау тұқымына қосып сепкенде, одан шыққан өсімдіктің масағында қара күйе жиілеу кездескенін атап өткен.
1807 жылы француз ғалымы Б. Прево қара күйе ауруын саңы- рауқұлақ қоздыратынын тапқан. Ол саңырауқұлақтың дамуын, споралардың түзілуін зерттеді. Бұл аурудың дамуына сыртқы орта- ның тигізетін əсерін бақылап, тұқымы мыс купоросы жəне мыс карбонаты ерітіндісінде өңделген өсімдікте аурудың бəсеңдегенін байқаған. Ол кездегі ғалымдар ауру – өсімдік шырынының күйі, ал микроорганизмдер соның салдары деп есептеп, Б. Превоның айтқанын елеусіз қалдырған.
Неміс ғалымы Антон де Бари (1853 ж.) тат пен қара күйе саңы- рауқұлақтарын зерттеп, оларды ауру қоздырғыштары деп тапты. Ол саңырауқұлақтардың құрылысын микроскоп арқылы зерттеп, өсімдік пен саңырауқұлақтар арасындағы қарым-қатынасты анық- таған. Антон де Бари жалған ақ ұнтақ саңырауқұлақтарын, олар- дың қоздыратын ауруларын, көкөністің склеротиниозын жəне тат саңырауқұлақтарының əр иелі екенін зерттеп, патогендерін анық- таған. Сонымен Антон де Бари бірінші болып саңырауқұлақтар мен өсімдіктердің арасындағы қарым-қатынастарына көңіл ауда- рып, олардың дамуын, биологиясын, физиологиясын зерттеген. Өсімдік аурулары паразитті жəне сапрофитті саңырауқұлақтармен қоздырылады деген тұжырымға келген.
Ресейде бірінші фитопатолог болып Антон де Баридің шəкірті М. С. Воронин саналады. Ол капуста киласының қоздырғышын бөліп алып, дамуын зерттеп, оның басқа да крестгүлді өсімдіктерді залалдайтынын дəлелдеген. М. С. Воронин күнбағыстың тат ауруын зерттеп, бұл аурумен күрес шараларын тапқан. Бұл ғалымның ай- туынша, егер аурудың қоздырғышы анықталса, онымен күресу шараларын да іздестіруге болады деген.
Антон де Бари мен М.С. Ворониннің жаңалықтары фитопато- логияның ғылыми бағытта дамуына себеп болды. Саңырауқұлақтар ауру қоздырғышы болып есептеліп, кейін қоздырғыштар қатарына бактериялар қосылды.
Американдық фитопатолог Т. Дж. Баррил (1877-1883 ж.) жеміс ағашының күйігін зерттеп, оның туу себебі бактериялардан деп тапқан. Өсімдік бактериоздарын терең зерттеген америка ғалымы Эрвин Смит, ол бактерияларды зерттейтін əдістерді іздестіріп, өсімдіктің бактериялық аурулары кең таралғандығын дəлелдеді. Сөйтіп, бактериология ғылымы дамып, 1915 жылға дейін бактериоз ауруы өсімдіктің 144 туысында кездесетіні анықталды. Қазір 200 жуық өсімдіктің бактериялы аурулары белгілі.
Орыс ғалымы И. Л. Сербинов өсімдік кеселдерін зерттеп, кар- топ пен қызылшаның бактериозын, жеміс ағаштарының некрозын, қонақ жүгерінің гоммозын, жеміс ағашының рагын т.б. ауруларды тапқан.
1892 жылы Д. И. Ивановский өсімдік ауруларының жаңа қоз- дырғышы – вирустарды тапты. Ғалым бактериялы фарфор сүзгіден өткізілген темекі шырыны аурудың жұқпалылығын сақтайтынын байқаған. Голландия микробиологы М. Бейеринк бұл тəжірибені қайталап, темекі ауруының қоздырғышын сүзгіден өтетін вирус деп тапты. Осы кезден бастап вирусология ғылымы дами бастады. Бұл ғылым электрон микроскопы шығарылғаннан бастап өте тез дамыды. Өсімдік ауруларының қоздырғыштарын анықтағаннан ке- йін олармен күресу шараларын табу өте қажет болды. Осы кезеңде ауру қоздырғыштарын анықтаумен шектелмей, аурулардың сыртқы ортамен байланысы да зерттелді.
Фитопатология ғылымы 20-шы ғасырдың басында Ресейде дами бастады. 1901 жылы Санкт-Петербургта орыс ғалымы А. А. Ячевс- кий микологиялық жəне фитопатологиялық станциясын құрып, 1907 жылы бұл станция микология жəне фитопатология бюросы атанып, кейін Бүкілодақтық өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының микология жəне фитопатология бөлімі болды.
Бұл лаборатория микологтар мен фитопатологтарды ұйым- дастыратын орталық болып қалыптасты. 1915 жылдан бастап А. А. Ячевский «Микология мен фитопатология материалдары» атты жинақтарды үнемі шығарып отырды. Бұл жинақтарда өсімдік аурулары туралы мəлімдемелер бастырылды. Ғалымның микология мен фитопатология саласында 500-ге жуық еңбектері бар. Оның ішін- де оқулықтар – «Фитопатология», «Микология негіздері», «Астық дақылдарының тат ауруы» сияқты жəне т.б. ғылыми еңбектері белгілі.
А. А. Ячевскийдің шəкірті Н. А. Наумов өсімдік ауруларының таралуы мен саңырауқұлақтардың паразиттілікке көшу заңдылық- тарын жəне 25 туысқа жататын 200-ден астам саңырауқұлақтарға сипаттама беріп, фитопатология теориясын құрастырған.
А. А. Ячевскийдің екінші шəкірті А. С. Бондарцев «Саңырау- құлақтар қоздыратын мəдени өсімдіктердің аурулары жəне олармен күресу шаралары», «ССРО-ның Европа бөлігі мен Кавказда кезде- сетін ағашқұлақтар», «Үй саңырауқұлақтарының анықтауышы» жə- не т.б. еңбектері жарық көріп, саңырауқұлақтардың көптеген түрін сипаттап, олардың ауруларды туғызатынын зерттеген.
1920 жылы А. А. Ячевский мен С. И. Ванин Петроградтағы Орман институтында «Орман фитопатологиясы» кафедрасын құрды. С. И. Ванин ағаш ауруларын зерттеп, көптеген еңбектері басылып шықты. Ол еңбектерінде ағаш тұқымының ауруларын, үй саңырау- құлақтарын, фитонцидтар мен антибиотиктердің оларға əсерін зерт- теу нəтижелерін мəлімдеді. Осы кезеңде ғылымның экологиялық бағыты дами бастады.
Ауру қоздырғыштары мен өсімдік арасындағы қарым-қатынас заңдылықтары ғалымдардың назарын аударды. Осы кезеңде тат саңырауқұлақтарының дамуы түрлі өсімдікте (əр иеде) өтетіндігі жəне экологиясы мұқият зерттеліп, ғалымдар белгілі тұжырымдар жасады. Оның бірі В. Г. Траншельдің «ССРО-да тат саңырауқұлақта- рына шолу» атты еңбегі 1904 жарық көрді. Бұл еңбекте ол өсімдік пен қоздырғыштың арасындағы жəне олардың сыртқы ортамен байланыстарын зерттеп, аурулардың дамуын алдын ала болжауға болатынын көрсетті.
Жүзімнің жалған ақ ұнтақ ауруы қоздырғышының дамуы тем- пература мен ылғалдылыққа байланысты екенін дəлелдеп, бірінші рет болжау жасаған неміс фитопатологы Карл Мюллер болған. Зерттеу нəтижесі бойынша ол қисық сызық құрып, сол арқылы ин- кубациялық кезеңді анықтап, күресу шараларын жүргізу уақытын белгілеген. Бұл сызық «Мюллердің қисық сызығы» деп аталды. Кейін осындай болжаулар картоптың фитофторозы, дəнді дақылдардың таты, алманың таз-қотыры жəне басқа да ауруларға құрылды.
1894 жылы швед ғалымы Я. Эриксон жəне профессор А. А. Ячевский əрқайсысы өз бетінше бір мезгілде бидайдың са- бақ таты қоздырғышының бірнеше физиологиялық формалары бар екенін анықтады.
«Өсімдіктердің жұқпалы ауруларға иммунитеті» атты кітабында Н. И. Вавилов (1919 ж.) өсімдіктердің ауруға төзімділігі, ауруға берілмейтін өсімдіктердің селекциясы туралы айта келе, өсімдік иммунитеті оның генетикалық ерекшеліктеріне байланысты жəне ауруға төзімді өсімдіктерді олардың шыққан жері, яғни геоцен- трінен іздеу керектігін негіздеді. Өсімдік иммунитетінің дамуына П. М. Жуковский, М. С. Дунин, Д. Д. Вердеревский тағы басқа ғалымдар үлкен үлес қосты.
Қазақстанда өсімдік ауруларының түр құрамы, таралуы тура- лы деректер өткен ғасырдың бірінші жартысынан бастап жарық көре бастады. Еліміздің Оңтүстігінде қара күйе саңырауқұлағының 20-дан астам түрі астық дақылдарын залалдап, зиян келтіретінін Н. Г. Запрометов жəне П. Г. Естифеев мəлімдеген.
Кейінірек елімізде өсімдік қорғау мекемелері құрылып, өсімдік ауруларын зерттеу жұмыстары мемлекеттік деңгейде жүргізіліп, ауыл шаруашылық дақылдары ауруларының түр құрамы, даму, таралу ерекшеліктері, зияндылығы анықталып, олармен күресу бағытында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Фитопатогенді саңырауқұлақтардың түр құрамын терең зерт- теп, ғылымға зор үлес қосқан С. Р. Шварцман, Б. Қ. Қалымбетов, С. В. Бызова, М. Л. Васягина, Н. М. Филимонова, Н. Ф. Писарева жəне тағы басқа ғалымдар болды.
20-ғасырдың ортасынан бастап, Қазақстанның астық өсіріле- тін өңірінде астық дақылдарын қара күйелерден қорғау шаралары іздестіріліп, тиімділерін өндіріске енгізуде Ж. Т. Жиенбаев, Л. М. Го- родилова, Е. И. Ишпайкина, Н. Н. Əлмұратов, В. М. Пушкарева, т.б. ғалымдардың қосқан үлесі зор.
1958 жылы Қазақ өсімдік қорғау ғылыми зерттеу институты құрылып, Ж. Т. Жиенбаев директоры болып тағайындалды. Ж. Т. Жиенбаев жетекшілік жасаған кезеңде Қазақстанның бар- лық аймақтарында ауылшаруашылық дақылдарына зиян келтіре- тін организмдерді жан-жақты зерттеу нəтижелері өсімдік қорғау ғылымының дамуына зор ықпалын тигізді.
Соның ішінде астық дақылдарының қара күйе, тат жəне тағы басқа да зиянды ауруларын зерттеп, қорғау шараларын жан-жақты жетілдіруде Ж. Т. Жиенбаев, Н. Н. Əлмұратов, А. А. Эльчибаев, М. Қ. Қойшыбаев, В. П. Турапин, С. Ə. Əбиев, С. І. Байракимов, А. Т. Сарбаев, В. А. Мостовой, Р. А. Ахмеров, В. Ш. Курбатов, В. А. Шаварина, Ш. Əліпбекова жəне басқа ғалымдар үлкен үлес қосты.
Қант қызылшасы, картоп, көкөніс, жеміс-жидек ауруларының түр құрамын, дамуын, таралуын зерттеп, қорғау шараларын жетіл- діруде А. Ж. Жанұзақов, М. А. Агатаев, А. А. Аманжолов, Ə. Ə. Мауи, Л. Д. Казенас, Г. Н. Куликова, С. Т. Бубенцов, Э. А. Алманиазов, Г. П. Лопухина, Г. П. Илюхин, Р. Д. Карбозова, М. М. Исин, Г. Н. Қа- йырова жəне тағы басқа ғалымдар зерттеулер жүргізді.
Картоптың дитиленхоз, қант қызылшасының гетеродероз, көкө- ніс дақылдарының мелоидогеноз ауруларын тудыратын нематода- лардың түр құрамын, биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, олар- дың ауылшаруашылық дақылдарға зияндылығын төмендетуге кү- рес шараларын іздестірген ғалымдар Э. В. Герман, Р. Ы. Изатуллаева, А. О. Сагитов, К. Н. Туленгутова, З. Балбаева жəне тағы басқа ға- лымдардың зерттеулері бар.
Ауылшаруашылық дақылдарының (картоп, көкөніс жəне бас- қа да өсімдіктердің) вирозын, бактериозын зерттеген ғалымдар Р. Н. Никитина, М. А. Никитина, А. А. Джаймурзина, М. Ақберли- нов, И. А. Катин жəне тағы басқалар. Олардың ішінде А. А. Джай- мурзинаның қиярдың бұрышты, капустаның түтікті бакте- риоздарын жете зерттеп, тұқыммен таралатын инфекцияны термо- химиялық əдіспен жоюға бағытталған күресу əдісінің ауыл шаруа- шылығындағы маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   278




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет