ОҚулық Алматы. Мектеп. 1984 Қазақ сср жоғары және орта арнаулы оқу министрлігі оқулық ретінде бекіткен



бет11/22
Дата29.01.2018
өлшемі5,7 Mb.
#35775
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

Тәрбиенің мақса- Ол “Өмір мәселелері” мақаласында 60-

ты. Мектеп жүйесі жылдардағы қоғамдық қозғалыста сословие- лік мектепке және ерте мамандандыруға бағыттайтын жалаң мағыналық білім беруге қарсы болды. Ол мұндай білім беруге жалпы адамзаттық тарбие идеясын қарсы қойды. Ондай тәрбие қоғамдың өмірге жоғары адамгершілікті, ой-өрісі жан-жақты дамыған адамды тәрбиелеуге тиісті деді. Ол балаларды күні бұрын, ерте мамандандыруға қарсы болды. Ондай тәрбие мен білім беру балалардың ой-өрісінің де, адамгершілік жағынан дамуын да тарылтады деп түсіндірді.

Негізгі идеясы жалпы адамзаттың білім беруді жақтаған “Өмір мәселелері” мақаласы өз замандастарының назарын аударды. Мақалаға сол кездегі алдыңғы қатарлы педагогикалық жұртшылықтың тарапынан көптеген пікір айтылды. Оны буржуазиялық-либералшыл, сонымен қатар буржуазиялық-демократияшыл, тіпті революцияшыл-демократиялық баспа-сөздер тарапынан қолдау болып жатты.

Бірақ либералдар мен революцияшыл-демократтардың арасында қандай адамды тәрбиелеу керек деген мәселені түсінуде үлкен айырмашылықтар бар еді.

Революцияшыл-демократтар (Чернышевский, Добролюбоз) жоғары адамгершілікті, мәдениетті адам деп крепостнойлыққа және патша үкіметіне қарсы шыққан табанды революционер-күрескерді түсінді. Ал Пирогов және оны жаңтаушылар адамдардың жалпы адамгершілік қасиетін ғана жақтады.

Пирогов жалпы адамгершілік тәрбиесіне байланысты сословиелік мектепке қарсы бағытталған мектеп жүйесінің жаңа жобасын ұсынды.

Осы мақсатта мектеп типтеріндегі әр түрлілікті жоюды және бір-бірімен байланысты бірнеше сатыдан тұратын бірыңғай мектеп жүйесін құруды талап етті. Сонымен катар мектептердің оқу жоспарларындағы көп пәнділікті жоюды, жалпы білім беруде екі бағытты, яғни классикалық және реалдық бағыттарды талап етті.

Демек, Пңрогов мектеп жүйесін бірнеше сатылы болу керек деп есептеді. Бастауыш 2 жылдық мектептен кейін екі типті 4 жылдың прогимназия (орталау мектеп), одан кейін тағы да екі типті 3—5 жылдық оқу мерзімі бар гимназия. Одан кейін жоғары мектеп (университеттер, жоғары оқу орындары).

Пирогов орта мектепте негізгі пәндер латын және грек тілдері,

114

орыс тілі мен әдебиеті, математика, тарих болуға тиісті деді.



Классикалық гимназияда барлық оқу пәндері — жалпы білім беретін сипатта болды, ал реалдық гимназияларда оқу пәндерінің кейбіреулері кәсіптік пәндерге арналды. Мұның өзі реалдық гимназиялардың жалпы білім көлемін төмендетті, себебі онда оқу мерзімі классикалық гимназияларға қарағанда аз (3 жыл) болатын.

Классикалық гимназиядан кейін университетке немесе арнаулы жоғары оқу орындарына түсуге болады. Ал реалдық гимназияны бітіргендер тек қана арнаулы жоғары оқу орындарына ғана

түсе алады, немесе практикалық жұмысқа барады.

Пироговтың ұсынған мектеп жүйесі көп пәнділікті жоюға жол ашып берді. Жаңа мектеп жүйесі программалар, оқулықтар және оқу құралдарын жасау жұмысында жеңілдіктер туғызды, сонымен қатар мұғалімдер даярлау жұмысы мен мектептерді бақылау, басқару жұмыстарын жеңілдетті.



Н. И. Пироговтың Н. И. Пирогов өзінің оқу округтары

дидактикалық бойынша шығарған нұсқауларында

пікірлері мүғалімдердің ескі, догматикалық оқу тәсілін алып тастап, жаңа әдістерді қолдануға баса назар аударған бола-

тын. Пирогов балалардың ойын, қабілетін дамытуға, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыруға көңіл аударып отырды.

Тәжірибелі мұғалім оқушылардың сабаққа зейінін арттырып, оқу материалына ынтасын оята біледі, ал мұның өзі, Пироговтың түсінуінше, оқытудың жемісті болуы үшін аса қажет.

Негізгі дидактикалық принциптерді Пирогов саналылық көрнекілік, оқушылардың белсенділігі мен дербестігі деп санады.

Пирогов балалардың меңгеретін білімдерінің терең және тиянақты болуын талап етті. Ол методикалық өнердің негізі көрнекілік пен сөзді орынды бірлікте қолдана білу деді. Оның пікірінше, мектептегі бүкіл оқу жұмысын бір ғана көрнекілікке, не болмаса баяндау түрінде құруға қарсы болды.

“Көрнекіліктің,— деп жазды Пирогов,— негізгі мақсаты оқушылардың сыртқы сезім мүшелеріне әсер ету... Сөз де сырттан ықпал жасай отырып, адамдардың ең негізгі, ең қажетті қабілет-тілігіне әсер етеді” '.

Демек, Пирогов көрнекілік пен сөздің оқу-тәрбие процесіндегі бір-бірімен байланыстылығын көрсетіп берді. Бірінсіз екіншісінің іске аспайтындығын өз еңбектерінде дәлелдеп түсіндірді. Көрнекіліктің бір өзі сөздің көмегінсіз балалардың есінде әр уақытта сақталмайды 2.

1 Н. И. П и р о г о в. Шығармалар. I том, Киев, 1910, 306-бет.

2 Н. И. Пирогов. Шыгармалар. II том, Киев, 1910, 130-бет.

115


Сөздің маңызын жоғары бағалаумен байланысты, Пирогов орта мектептегі әдістердің (мұғалімнің әңгімесі, әңгімелесу, оқушылар-дың шығармасы) ролі мен маңызын да дұрыс бағалады. Бұл әдістерді гимназиядағы білім беру жүйесінде кеңінен қолдануды талап етті. Оның ішінде әңгіме әдісін қолдануға ерекше мән берді.

Кіші жастағы мектеп балаларын оқыту мен тәрбиелеуде Пирогов ойын әдістерін пайдалануды ұсынды. Ойынды ол алғашқы білім берудің күшті құралы деп атады. Балалар ойынын жоққа шығару, пайдаланбауды тәрбиешілердің әлсіздігі деп білді.

Сонымен қатар кіші жастағы мектеп балаларының музыкамен, ән-күймен және басқа да көркемөнердің түрлерімен шұғылданулары қажет деп есептеді. Көркемөнер балалардың рухын көтереді, ойлау процесі мен талғамын дамытады деп есептеді.

Мектептегі тәртіп Пирогов оқушылардың тәртібіне жете маңыз бере келіп, саналы тәртіп оқыту мен адамгершілік тәрбиесін жақсартудың бірден-бір қажетті шарты деп білді.

Сол кездегі мектептерде үстемдік еткен қатаң полицейлік шараларға, балалардың адамгершілігіне жауапсыздықпен қарауға қарсы шығып, тәртіпті іске асыруда балаларға адамгершілікпен, сүйісиеншілікпен қарауды талап етті.

Еғер оқушы тәртіпсіздік жасаған жағдайда, педагог сол тәртіпсіздіктің болған себебін анықтап, сол жағымсыз қылыққа берілген жазаның әділетті болуын талап ету керек деді.

1858 жылғы “Балаларды ұрып-соғу қажет пе?” деген ма-қаласында Пирогов балаларды ұрып-соғу, жазалауға бүтіндей қарсы шықты. Ұрып-соғу балалардың ар-ұят сезімін жояды, балаларды жағымсыз қылықтарға итермелейді дей келіп, оны жоюды талап етті.

Бірақ бұл пікірінде үнемі тұра алмады, кейін солқылдақтың білдірді. 1859 жылы Пирогов Киев оқу округы бойынша жариялаған бір нұсқауында жазалауды қолданбай болмайды, оны гимназияларда жиі қолданбай, тек қана кейбір жағдайларда педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қолдануға болады деді.

Н. А. Добролюбов өзінің атақты “Дүремен қиратылған бүкіл Россиялың иллюзиялар” деген мақаласында Пирогов пікірінің екі жақтылығын қатты сынады. Пирогов 1860 жылғы өзінің жауабында Добролюбовтың және демократияшыл баспасөздің айтқан сын ескертпелеріне қарсы шығып, өзін ақтамақшы болды.

Добролюбов “Тамшыдан теңізге” деген мақаласымен Пи-роговтың келісімпаздығын және оның бұрынғы үстаған про-грессившіл принциптерінен бас тартқандығын қатты сынады.

116


Пироговтың жоғары мектеп мәселелері бойынша көзқарасының ішінде ерекше роль алатыны — универеитеттер туралы айтқаны. Бұл мәселеге бірнеше мақалалар арналған болатын. (“Біз не тілейміз?”). Оның түсіндіруінше университеттер тар көлемдегі мамандарды даярламай, жан-жақты ғылыми жағынан дамыған және жоғары адамгершілік сенімдері қалыптасқан азаматты даярлайтын жоғары мектептің ең жақсы түрі деп білді.

Пироговтың педагогикалың қызметі мен теориялық еңбек-терінің кейбір кемшіліктері мен қателіктеріне қарамастан, оның отандық педагогика ғылымы мен мектептердің даму тарихында атқарған ролі зор болды. Оның сословиелік мектепті сынап, сословиесіз, таптық мектепті жақтауы, ерте маманданудың кемшілігін ашуы және жалпы азаматтық білім беру мен бірыңғай мектепті жақтауы, оқытудың әдістеріне жете көңіл бөлуі, оның ішінде сез бен кернекілікті орынды байланыстыра білуді талап етуі, жоғары мектептердің көптеген проблемаларын көтеруі — осының барлығы прогрессивті орыс педагогикасының теориясы мен практикасына қосылған пайдалы үлес болып табылады.



Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич

Ушинский (1824—1870)

Константин Дмитриевич Ушинскийдің есімі шын мәнінде ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыстың оқу-ағарту қайраткерілерінің ең алдыңғы тобында саналады. Ол — Россиядағы педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің негізін қалаушы. Оның “Балалар әлемі”, “Ана тілі”, “Педагогикалык; антропология” атты тамаша еңбектері, балалар мен мұғалімдерге арналған басқа да кітаптары орыс педагогикалық әдебиетінің баға жетпес классикалық шығармалары болып есептеледі, бұл еңбектер педагогика ғылымына алтын қор ретінде қосылды және дүние жүзіне әйгілі де болды.

Ұлы педагог өзінің бүкіл өмірін халық ағарту ісіне және балалар тәрбиесіне арнады.

“Отаныма неғұрлым көбірек пайда келтіру — менің өмірімнің бірден-бір мақсаты”,— деп жазды К. Д. Ушинский. Оның өмір жолының бүкіл мәнісі осы сөздерінде еді.



Өмірі мен Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жы-

педагогикалық лы 18 февральда Тула қаласында туды. Әкесі

қызметі оқыған офицер дәрежесінде 1812 жылғы Отан

соғысына қатысты. Константин Дмитриевичтің балалық шағы Чернигов губерниясындағы Новгород Северск қаласының маңындағы әкесінің шағын имениясында өтті. Семья жағдайы баланың тәрбиесіне қолайлы болды. Орта



117

білімді Новгород-Северск гимназиясында алады. 1840 жылы Москва университетінің заң факультетіне түсіп, оны 1844 жылы бітіріп шығады. Университетті бітіру қарсаңында Ушинский қоғамдық қозғалыстың ықпалында болды.



Университетті сәтті аяқтағаннан кейін білімін әрі қарай тереңдетіп, екі жылдай профессорлық атаққа әзірленді. 1846 жылы Ярославльдегі заң лицейіне профессордың міндетін атқарушы болып тағайындалды, Лицейде Ушинскийдің педагоги-калық шеберлігі күннен-күнге ұштала берді. Оның мазмұнды лекцияларын студенттер құмарта тыңдап, демократияшыл бас-тамаларына студент жастар мен алдыңғы қатарлы оқытушылар көңілін аударады. Сөйтіп, Ушинскийге жылы лебіз, сүйіспеншілік білдіруші студенттер мен оқытушылардың тобы арта береді, әрине, мұндай жағдайларға лицей басшысы мен оқытушылардың реакцияшыл тобы және жергілікті губернатор сенімсіздікпен қарады. Көп кешікпей оны ңудалауға да кірісті. Оқытушылардың творчестволық инициативасын төмендетуге бағытталған, олардың оқу жұмысына полицейлік бақылау жасаған оқу министрлігінің нұсқауына Ушинский ашық қарсы шығады. Лицей профессорлары-ның мәжілісінде ол: “Бұл талапқа адал ниетті ешбір оқытушы риза бола алмайды”'— деді.

Үш жыл жұмыс істегеннен кейін дарынды педагог лицейден шығарылады. Мұнанг кейін де педагогтың жұмыс іздейді, бірақ орналаса алмайды, көп ізденістен кейін ұсақ чиновниктік жұмыс атқаруға мәжбүр болады. Бұл жұмысқа қанағаттанбаған ұлы педагог 1852, жылдан бастап қосымша қызмет ретінде “Современник” журналына, ал кейіннен “Библиотека для чтения” журналына орналасады. Ақырында тек І854 жылы ғана Гатчинадағы жетім балалар институтына оқытушы болып орналасуға мүмкіндік алады, 1855 жылдан бастап, осы институттың инспекторы болады.

Бұл институтта Ушинский өзінің жігері мен күшін, тамаша педагогтың ұйымдастырушылық, ғылыми қабілетін кеңінен көрсетуге мүмкіндік алады.

Жетім балалар институтының оқу-тәрбие бөлімін басқаруына байланысты, ол өзінің негізгі мақсаты оқудәрйще працесін жетілдіру деп білді. Шетелдің және орыс мектептерінің

118


тәжірибесіне сүйене отыра, ол жетім балалар институтының ең алдымен оқу-тәрбие жұмысына түбірлі өзгерістер мен түзетулер енгізу ісін батыл қолға алып, сабақтарының программаларын өзгертті. Оқудың тиімді әдістері мен жолдарын сабаққа енгізіп, осы өзгерістердің нәтижесін ұқыпты зерттеді. Осының нәтижесінде мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері артты. Олардың өз істеріне және студенттерге қатынастары өзгерді, студенттер тиянақты білім негіздерін меңгерді. Осы процесте Ушинский кең салалы педагогикалық зерттеу жұмысын жүргізіп, зор табысқа ие болады. Институтта жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Ушинский отандық педагогикаға бағалы үлес қосып, өзінің: “Педагогикалык, әдебиеттің пайдасы туралы”, “Қоғамдық тәрбиенің халықтық негізі туралы”, “Мектепті құрайтын үш нәрсе” атты маңызды еңбектерін ұсынды.

Осы институтта Ушинскийдің есімі тәжірибелі педагог және оқу процесін талантты ұйымдастырушы ретінде танылды.

1859 жылы Ушинский Смольный институтына ауыстырылды. Сонымен бірге 1860 жылы оған “Халық ағарту министрлігінің журналын” редакциялау ісі тапсырылды. Смольный институтында Ушинский жаңа қарқынмен өзінің жаңашыл педагогикалық пікірлерін дамытты. Оқу жоспарын түбірлі өзгертіп, негізгі көңілді орыс тілі мен әдебиетіне бөлді ғылыми жаратылыс білімдерін енгізді. Оқытудың алдыңғы қатарлы, белсенді әдістерін қолдады. Институтқа В. И. Водовозов, Д. Д. Семенов, Л. Н. Модзалевский сияқты белгілі педагогтарды, методистерді жұмысқа тартты, олармен біріге отыра, бүкіл ескілікпен күресті, жаңа прогресшіл педагогикалық дәстүрлерді өмірге пайдаланды.

Өзінің институттағы оқытушылық қызметін жемісті ғылыми жұмыспен байланыстырды.

Осы институтта жұмыс істеу кезінде ол мынандай еңбектерін жазды: “Еңбектің. Писихикалық жане тәрбиелік мәні”, “Қоғамдық тәрбиедегі адамгершілік элементі туралы”, “Оқытушы семинариясының жобасы”, “Балалар дүниесі” атты

хрестоматиясы.

Ушинский “Халың ағарту министрлігі журналына” педагогика-лық бағыт беру саласында да көп еңбек еткен.

Ушинскийдің Смольный институтындағы ұстаздың істері студент қыздарға да, ондағы мұғалімдер тобына да ұнады, олар оны құрметпен қадірледі.

Бірақ институт басшылары оның педагогикалық жаңалықтарына қыңыр қарап қолдамады, ақырында Ушинскийдің үстінен жоғарғы орындарға жалған мазмұнда оны кінәлайтын шағым түсірді. Осындай жағдайда Ушинский 1862 жылдың жазында Смольный институтынан кетуге мәжбүр болды.

Мұнан кейін ол шетелдердегі әйелдер оқитын оқу орында-

119

рының жұмысымен танысу үшін ұзаң мерзімді командировкаға кетеді. Әрине, бұл командировка буркемеленген түрдегі жер аудару еді, оны Ушинскийдің өзі де түсінді. Бұл командировканы Ушинский өзінің кең салалы ғылыми-педагогикалық жұмысына пайдаланды. Ол Европа елдері мектептерінің тәжірибесін зерттеді, әсіресе бастауыш мектептердің оқу ісіне зер салды.



Командировка кезінде Ушинскийдің құнды ғылыми еңбектері: “Швейцарияға педагогикалық саяхат”, “Адам тәрбиесі” жазылып бітеді. Осы кезде ол өзінің бастауыш мектепке арналған “Ана тілі” (“Родное слово”) оқулығын жазды. Оның бұл еңбектері прогресшіл отандық педагогика ғылымының қазынасына бағалы үлес болып қосылды.

К. Д. Ушинский денсаулығына байланысты шетелдерден Россияға 1867 жылы оралады. Әлі де болса ұлы педагог отандык, педагогика мен өзі мейлінше сүйе білген халық мектебі үшін

еңбек етуді арман етеді. Бірақ асқынған науқас бұл армандарының орындалуына мүмкіндік бермеді.

К. Д. Ушинскийдің 1870 жылы 22 декабрьде Одесса қаласында қайтыс болады. Орыс халқының ұлы педагогы 46 жасында дүниеден көтті.



К. Д. Ушинскийдің Өзінің саяси-қоғамдың көзқарастары

көзқарасы Ушинский буржуазиялық демократ, ағартушы болды. Ол крепостнойлық правоны жоюды және патшалық үкімет билігін өзгертуді жақтады. Россияның бостандықта, молшылықта және жоғары мәдениетті ел болуын арман етті.

Бірақ ол қоғамның кемшіліктерін ашып көрсете отырып, оны қайта құрудың, өзгертудің нақты жолдарын жете білмеді. Сонымен қатар Ушинский халық тұрмысын жақсартудың негізгі жолы мен құралы білімді тарату, халық ағарту ісін кеңінен дамыту деп ұғынған. Осындай халың ағарту ісінің дамуын шаруалардың іс жүзінде азат етілуімен тығыз байланыстырады.

Ушинский өзінің философиялың дамуында идеализмнен материализмге қарай ойысып отырады, оның ойларында ма-териализм мен идеализмнің элементтері қабаттасьш келеді. Ушинскийдің көзқарастарындағы материалистік тенденция оның сыртқы дүние мен нерв жүйесін мойындауынан, материяның қозғалысы заңды деуінен айқын байқалады. Ол өмірінің соңғы жылдарында, әсіресе ең ірі еңбегі “Адам~тәрбиесінде” материализмге мойын бұра түскен.Бірақ

оның материализмі тұрақты да, табанды да бола алмайды, идеализмнен материализмге көтерілу процесі аяқталмай қалды, көзқарасында дін бағыты кең орын алды.

Қоғам дамуы женінен,(социология) Ушинский идеалист-ойшы еді, қоғам дамуында заң мен ақылдың дамуына шешуші мән берді.

120


К.Д. Ушинскийдің К. Д. Ушинскийдің педагогикалық пікірінің

педагогикалық ең негізгі мәні — әрбір елде мақсат-

теориясы,тәр- мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік

бие халықты ағарту жүйесі болуы керек деген халықтың

идеясы идеясында еді.

Дүние жүзінің басты елдеріндегі мектептердің білім жүйесін зер сала зерттей отыра, Ушинский өзінің білім беру жүйелерінде кейбір жалпы ұқсастық жақтарының болғанымен, әр елдің білім жүйелерінде өзіне тән ерекшеліктері болатынын байқады, бұл ерекшеліктер сол ел халқының қалыптасқан тарихи өмірі мен тұрмысын, талаптары мен мұң-мұқтажына байланыстылығын көрсетті. Ушинский орыс халңъша тән тарихи қалыптасқан мынандай ерекшеліктерді керсетеді: ғасырлар бойына сиынып өткен өз отанына деген терең сүйіспеншілік, оның тұтастығы мен тәуелсіздігі жолында әрдайым күреске әзір болу, жоғары азаматтылығы мен гуманизм, мол творчестволық сезімділік.

Тәрбие халықтық сипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді, халықтың өмірін жөндеуге, оның санасын дамытуға көмектеседі деп есептеді Ушинский. Ол: “Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін, ол халықтық болуы тиіс”,— дед . Ушинский тәрбие саласындағы орыс халқының ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесін мойындамаушыларды, тәрбиедегі халық тілегін ескермеушілерді, орыс мектебіне орынсыз түрде шетелдердің педагогикалық теориялары мен тәрбиесін енгізушілерді аяусыз сынады.

Тәрбиедегі халықтық идея жемісті түрде жүзеге асуы үшін, Ушинский мынандай негізгі жолдарды белгіледі:

1, Ағарту ісі мен тәрбиенің кең демократизм негізінде құ-рылуын көздеді. Тәрбие ісіне халықтың өзі қожа болып, мектептер бүкіл халықтың жастарын қамтуы тиіс деді. Бірақ Ушинский өмір сүрген қоғамдық құрылыс жағдайында бұл талап орындалмайтын еді, ол үшін помещиктік-буржуазиялық құрылысты революциялық жолмен қирату қажет еді, мұны ол өзінің көзқарасындағы қайшылықтарға байланысты түсіке алмады.

2. Халықтық идеяның басты бір сипаты — қоғамшылдық, соған байланысты тәрбие мен білім беру салалары, олардың төңірегі қоғамдық атмосферада болуы тиіс, себебі халықтық идея мейлінше кең қоғамдық жолдар арқылы іске асады.

“Халықтың өзі және оның ұлы адамдары ғана болашаққа жол сілтейді, тәрбие осы жолмен ғана ілгерілейді”,— деді.

Ушинский Россияны басқа елдер мәдениетінең прогресшіл тәрбие мәселелерінен алшақтату талабын ұсынған жоқ. Ушинскийдің педагогикалық теориясындағы халықтық идея оның көзқарасының кейбір таршылығы мен тапшылығына қарамастан, өз дәуірінде прогресшіл роль атқарады. Бұл идея белгілі дәрежеде Россияның реакцияшыл топтарының халық

121

ағарту мәселесіндегі халықтық талаптары мен мұқтаждарын ескермеушілікке қарсы халық бұқарасының қарсылығын білдірді-



Еңбек жәке оның К. Д. Ушинский өзінің “Еңбектің психикалық

тәрбиелік—мәні және тәрбиелік—мәні” деген мақаласында ең-

бек тәрбиесін әдейі қарастырды, ал “Балалар әлемі-” , “Ана тілі”„оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап көп материалдар жазды.

Ушинский: “Адам өзінің жеке басының еңбегінсіз бір адым да алга ілгерілей: алмайды, бір жерге тұрақтап тұрып қалуға да тиісті емес, ол адам қайта кері кетеді” ',— деді. Ұлы педагогтың айтуынша, еңбек, біріншіден, адам өмірінің негізі,- өмірдің құралы. Екіншіден, еңбек — адамгершілік, ақыл-ой төрбиелерінің, адамның дене жағынан жетілуінің көзі. Сондықтан еңбек— тәрбиенің күшті құралы.

К. Д. Ушинскийдің педагогикалық талаптарының ең бас-тыларының бірі — еңбек. сүйгіштікке, еңбек ете білуге _және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Ол кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді.

Әрбір баланы қоғамға пайда келтіретін, өзінің пайдалы ең-бегінің жемісімен күн көретін азамат етіп тәрбиелеу үшін, Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ еңбек етудің қа-жеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істі болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсыңды. “Тәрбие шәкірттің еңбекке деген сый-құрметі мен сүйіспеншілігін ғана емес, сонымен қатар еңбек ету әдетін де оның бойына сіңіреді” 2,— деді.

К. Д. Ушинский селолық мектептерде еңбек ауыл шаруа-шылығына тікелей байланысты болу керектігін талап етті. “Балалар жұмыс істейтін іргесінде бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес”,— деп атап көрсетті.

Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да көңіл белді. “Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол әрі өте пайдалы тынығу”,— деп есептеді.

1 К. Д. Ушинский. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері, Алматы, 1951, 33-бет.

2 Бұл да сонда, 35-бет.

122


Халық мектебінің Ушинский халық мектебі мен оның

міндеттері міндеттері жөніндегі мәселені де халықтың

жалпы білім идея негізінде де қарастырды. Оның

беретін айтуынша, адамды тәрбиелеуде қоғамдық мектептердің тәрбие қажет, ал мұндай тәрбиені жүргізетін- оқу мазмұны орын—мектеп. Ушинский ол кездегі помещиктік-дворяндық мектеп жүйесіне байланысты мектептің әлі халықтық сипат ала алмай отырғандығын көрсетті. Өзінің “Жүйелі білім туралы сөз” деген мақаласында мектетің міндеті халықтың қоғамдық-экономикалық дамуына, халықтың өмірі мен тұрмысыы жөндеуге тиіс деді. Шын мағынасындағы халық мектебін құру үшін елде жалпыға бірдей бастауыш білім енгізілуі тиіс. Тек қана балалар үшін ашылған мектептердің білім беру мен адамгершілікке тәрбиелеуді жүргізуі жеткіліксіз. Сондықтан халыққа білім берумен қатар адамгершілік тәрбиесін қоса жүргізетін жексенбілік мектептерді көбірек ашу керек деді.

Сонымен бірге Ушинский халық мектебінің тағдыры мен тізгіні халықтың өз қолына берілуін талап етті.

Халық мектебі білімінің міндеті “балалардың ақыл-ой қабілетін дамыту, айналасын қоршаған табиғат пен қоғамдық қатынастарға олардың табиғи түрде дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, олардың өздігінше құратын өмір мен әрекетке қабілетін дұрыс өсіру”,— дейді Ушинский.

XIX ғасырдың 60-жылдарында жалпы білім беретін мек-тептердің оқу мазмұны жөнінен формальдық және материалдық білім беру теорияларын жақтаушылардың арасында ұзаққа

созылған айтыс жүріп жатқан еді. Ұлы педагог бұл айтыстан шет тұра алмайды. Бұл теориялардың екеуін де Ушинский бір жақты деп бағалады. Себебі — мектеп білімі арқылы баланың ақыл-ой қабілетін, ойлауын, сөзін т. б. қаншалықты дамыту (формальдық білім теориясы) қажет болса, оны заманының жүйеге түскен білімдерімен қаруландыру (материалдық білім беру) да соншалықты қажет деді. Білім берудегі бұл екі міндет бір-бірінсіз болуы мүмкін емес, сол сияқты біріне-бірін қарсы қою да теріс.Сондықтан білімнің осы екі бағыты бірігуі тиіс, яғни оқу баланы ақыл-ой және адамгершілік жақтарынан дамытатын бір процесс болғандықтан, оқу үстінде баланың тиісті білімдермен ақылын да байыту, сол сияқты формальды әрекеттері, дағдылары және қабілеттерін де дамыту ісі жүргізілуі тиіс деген Ушинский.

Сөйтіп, дидактиканың негізгі проблемасы — формальдық және материалдық білім мәселесін дұрыс қойып, ғылыми түрде шешті,

Ушинский білімнің осы екі бағытын қамтитын пәндерді де анықтайды. Оның ойынша, мектепте табиғат және қоғам жөнінде білімдер оқытылуы тиіс, олар: ана тілі, тарих, география, математика, жаратылыс, шет тілдер, өзінің халықтық идеясына сәйкес бұл пәндердің негізгісі — ана тілі деді.

123


Ана тілі баланы тек жазуға және оқуға ғана үйретіп қоймай, айналасын қоршаған дүниені білуге, оқиға мен құбылыстардың ішкі сырына түсінуге көмектеседі. Сондықтан да Ушинский: “Ана тілі бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және бүкіл білімдердің қазынасы”,— деген. Осы себептен де бүкіл тәрбие мен оқу процесін ана тіліне байланыстыра құрған жөн. Ана тілін оқытуда негізгі назар картиналар бойынша. еңгімелесуге және көркем әңгіме жүргізуге бөлінуі тиіс.

Оқу мазмұнын шешуде Ушинский жаратылыстануға зор мән берді. “Балалармен не істеу қажет” деген мақаласында ол жаратылыстанудың зор білімдік және тәрбиелік маңызын көрсетті. Жаратылыстанумен байланысты географияның, отан тарихының да үлкен мәнін ашты.



Оқытудың дидак- Дидактика және методика мәселелері

тикалық негіздері К.Д.Ушинскийдің педагогикалың еңбектері-нен көрнекті орын алды, бұл мәселелер оның “Адам тәрбиесі”,

“Н. И. Пироговтың шығармалары”, “Ана тілін” оқытуға басшылық”, “Швейцарияға педагогикальщ саяхат” деген шығармаларында кең түрде баяндалды.

К. Д. Ушинский оқытудың догматикалық әдістерімен мектепте құрғақ жаттауды қатты сынады. Ол мұғалімнің де, оқушының да жұмысын, іс-әрекетін творчестволық процесс деп қарастырды. Ал оның негізі — ойдың, ақылдың жұмысы. Оқу — еңбек және күрделі еңбек болуға тиіс, бірақ оқудың қызықтылығы терең ақыл-ой жұмысына байланысты болатындай толық мәндегі еңбек болатын болсын деген талап қойды.

Ушинский әр пәнді оқушының шамасы жететіндей, ол еркін игеріп кете алатындай ғана бағытта оқыту керек деді. “Бірде-бір мұғалім өзінің ең басты міндеті — тәрбиеленущілерді ой еңбегіне үйрету екендігін, бұл міндет сол пәннің өзін оқудан әлдеқайда аса маңызды екенін ұмытпауы керек” ',— деді. Бұл үшін Ушииский оқушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызығушылығын арттырып, білімге құмарту керектігіне баса көңіл бөліп, мұғалімдерден де осыны талап етеді.

К. Д. Ушинский дүние жүзілік классикалық педагогиканың қорытқан мұрасын ескеріп, орыс мектебі мен педагогикасының тәжірибесіне сүйене отыра, дидактиканың негізгі принциптерін анықтады.

Ушинский оқудың тәрбиелік сипатта болу принципіне ерекше мән берді. Оқуды ол “тәрбиенің негізгі кұралы” деп бағалады. Сондықтан оқу тәрбиелік ерекшелікте болуға тиіс. Ушинский сабақта әрбір оқытушы балаға деректерді ғана ұсына бермей, мақсатты түрде олардың ақыл-ойын да, адамгершілігін де дамытатындай етіп ұйымдастыруды талап етті.



1 К. Д. У ш и н с к и й. Педагогикалың шығармалары. I том, 326-бет. 124

Оқу ісі тек ақыл-ойды қамтып қоймай, “жүрек”, “сезім”, :“ерік” т. б. адамның барлық жағын, барлық өмірін қамтуы тиіс. Тәрбиелік күш барлық оқу пәндерінде де болады. Бұл жөнінде ол: “Адам сезімін қамтымайтын... оқу жақсы емес. Тәрбиеші оқу арқылы бала жанына ұрық себу үшін барлық кезеңді де пайдалану қажет. Бұл жағдай барлық ғылым санасында да мүмкін” ',— деді.

Ушинский оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі оқу процесін ұйымдастырудағы негізгі және жетекші принциптердің бірі деп бағалаған. Оқу ісінің сапалы құрылуы оқу процесін белсенді ететіндігіне, бүкіл оқу процесінде бала белзенділігін тудыратындығына ол түсінді де сенді. Сондықтан оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі бір-бірінен бөлінбейді деп есептеді.

“Баланы белгілі нәрсені, пәнді түсіну дәрежесіне көтере алмаған адам сол пәнді баланың өте төмен түсінігінің дәрежесіне дейін жеңілдеткісі келеді, бұл педагогикалық жол емес” 2,— деді Ушинский.

К. Д. Ушинский оқытудағы көрнекілік принципінің көптеген мәселелеріне жаңаша талдау жасаған, бұл принципті жаңа сатыға көтерген. Оқытудағы кернекілік — Ушинскийдің дәлелдеуінше, оқуды жалпы ұғымдарға емес, нақты фактілерге, нақты образдарға негіздеу. Көрнекілік әдісімен оқу — оқушыларды өз бетінше байқауға, үйретуге негізделеді.

Ушинский көрнекілік әдіске психологиялық анализ жасай келе, көрнекілік тек көру сезіміне ғана байланысты деген бір жақты пікірді сынады.

Себебі қандай нәрсені болса да қабылдағанда сезім мүшелеріміз неғұрлым көбірек қатынасса, зат, я құбылыс жөніндегі қабылданған ұғым, түсінік есімізде соғұрлым берік, тиянақты орнығады да, кейін олар оңай еске түседі. Сондықтан сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолмен жазу т. б. сезім мүшелеріміз белсенді қатысуы тиіс, “...егерде педагог баланың есінде бірдемені берік қалдыруды көздейтін болса, ол көз, құлақ, дауыс, бұлшық ет сияқты сезім органдарын, тіпті мүмкін болса, иіс және дәм сезімдерін де есте сақтап қалу актісіне көбірек қатыстыруға тырысуы керек” 3— цеген Ушинский.

К. Д. Ушинскийдің көрнекілік мәселесіндегі ең құнды көзқарасы — ол оқытудың көрнекілігі мен жолдарын тұңғыш рет анықтады, бастауыш мектептердегі көрнекіліктің методикасын жасады.

Ушинскийдің ескертуінше, бала табиғаты үнемі көрнекілікті

1 К. Д.У ш и н с к и й, Педағогикалың шығармалар, II том, 210-бет.

2 К. Д.У ш и н с к и й, Педагогикалың шығармалар, II том, 142-бет.

3 К. Д. У ш и н с к и й. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы, 1951, 31-бет.

125


талап етіп отырады, сондықтан көрнекі құралмен оқытуды баланың ерте жасынан бастау керек деген. Ушинский көрнекіліктің бастапқы оқуда көбінесе сөзбен байланысты болуын талап етті , себебі сол арқылы баланың ойлай білуі де, тілі де дамиды. Бұл жөнінде ол: “Бастапқы оқуда тұр, түс, дауыстарды сезбен қамтып, оны балалардың көбінің түсінігіне жететін етіп, біз өзіміздің оқытуымызды да балаларға жетімді ете отыра, өзіміз де балалар ойлауының сырына енеміз”,— деген. Оқытудың көрнекілігінің Ушинский мынадай құралдарын ұсынды: нақты заттың өзі, заттың, нәрсенің, оқиғаның үлгісі болатын моделі, суреттер, т. б. көрнекі құралдар.

Ушинский шығармаларында жоғарыдағылардан басқа оқытудың жүйелілігі мен сатылылыгы, білім мен дағдылардың тиянақтылығы сияқты дидактикалық принциптер қамтылды.



Оқытуды К. Д. Ушинский оқыту жұмысын ұйымдастырудың ұйымдастыру негізгі жолы кластағы сабақ жүйесі деп білді және және оның осы жүйе үшін күресті. Ушинский шығармаларында методикасы ретті, дұрыс ұйымдастырылатын жақсы сабақтың негізгі. белгілері анық-сабақтың негізгі мазмұны мен деректерін білдіріп отыру, бұрынғы тиянақты меңгерілген білімдерге іштей байланысты түрде жаңа ойларды, ұғымдар мен деректерді ендіріп отыру, білімдердің байланыстарын ескеру, оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен белсенділігін арттыру, өтіліп жатқан сабақты оқушылардың терең меңгеруін ойластыру, саналы тәртіп пен реттіліктің болуы т. б.

К. Д. Ушинский оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты — методикалық шеберлікте, ал методикалық шеберлік әр түрлі оқыту әдістеріне байланысты деп есептеген. Ол мынадай негізгі оқыту әдістерін жоғары бағалаған: түсіндіріп оқыту, оқытушының әңгімесі, бақылай әңгімелесу, әр түрлі жаттығулар (ауызша, графикалың, жазбаша).

Әрбір сабақтың сапалы болуы — мұғалімнің бүкіл класс бойынша жұмыс істей білуінде, әрбір оқушының зейінін сабаққа жұмылдыра білу шеберлігінде дбді Ушинский. Бұл жөнінде ол: “Өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі мұгалім ісінің көрсеткіші”'— деді.

Ушинскийдің айтуынша әрбір сабақтың басы өткенде мең-герілген білімді анықтау, оны жүйеге келтіру болуға тиіс. Әрбір берілетін білім мен дағдыларды оқушылар класта өтіліп жатқан сабақ үстінде меңгеріп алатындай болсын. Үйге берілетін тапсырмаларды ретсіз үйіп-төгіп, ауырлата беруге болмайды.

К. Д. Ушинский сабақ жүргізудің кейбір мәселелері жөнінен: сабақты жоспарлау, оның құралдарын әзірлеу, дидактикалық

126


мәселелерді іріктеудегі талаптарды сабақта қолдану, кластағы тәртіп пен гигиеналық режимді сақтау жөніне нақты нұсқаулар береді.

Мектептеп тәртіп Ушинский мектептегі тәртіп мәселесін онда атқарылатын тәрбиелік міндеттермен тығыз байланыста қарастырады.

Ол оқытушының жазалауына, ызбарына негізделген өз дә-уіріндегі мектеп тәртібін сынай келе, оқытушының ылғи қор-қыныш, үрей туғыза беруі класты екі жүзділікке жетелейді, шәкірттерді теріс мінезге тәрбиелейді деп есептеді. Сондықтан Ушинский балалардың саналы тәртібін, белсенді әрекетін тәр-биелеуді талап етеді. Педагогикалық ықпал етудің маңызды құралдары: саналылыққа негізделе жүргізілетінін түсіндіру және сендіру. Бұл әдістерді тиімді қолдану үшін Ушинский мұғалім мен оқушының арасындағы түсінісу және сыйласу қарымқатынасын мақұлдайды.

Тәртіптілік мектепте жалпы сөз болмай, бала үшін үйреншікті қажеттілікке, оған қойылатын заңдылыққа айналуы тиіс, бұған жету үшін сабақтың өзін тәртіптілікке шақыратын құралға айналдыру қажет, әрбір сабақ бүкіл класс оқушыларын тәртіпке жұмылдыратын орынға айналуы тиіс. Құр сенделіс, уақытты босқа өткізу ұнамсыз мінез-құлықтарды тудыратын әдеттер.

Ушинскийдің құнды өсиеттерінің бірі — мектептің өзінде саналы тәртіптілікті дәріптейтіндей жағдай болуга тиіс. Мұндай жағдай жөнінде ол былай деген: “...Мектепте анда-санда көңіл көтеретін әзілі бар, бірақ істің бәрін әзіл-күлкіге апарып соқтырмайтын салмақтылық... үлгілі тәртіп және ең бастысы үнемі іспен шұғылдандырушылық үстемдік етуі керек”1.



Мұғалім К. Д. Ушинский мектепті қоғамдық тәрбиенің

туралы орталығы, ал мұның ең маңызды тұлғасы мұғалім деп бағалайды. Білім беру мен тәрбие ісі көптеген жағдайларға байланысты деген. Олар мектептің өзінің ішкі жағдайы, мектепте қалыптасқан дәстүрлер мен тәртіптер, оқу программалары, оқулықтар мен оқу құралдары. Ал осылардың ішіндегі ең негізгісі — мұғалім, оқу мен тәрбие сол мұғалімнің сапалы сабағына байланысты. Осы жағдайды ескерте келе, Ушинский былай деген: “Тәрбиеде барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуі тиіс... Ешқандай устав және программа, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы, қаншалықты жетілдіргенмен, тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес2.

Ушиңскийдің мұғалімдер алдына қойған бір талабы — ба-

127


лаларды жан-жаңты зерттеп білу болды. “Кімде-кім оқытамын десе,— дейді Уішшский,— ол оқушы талабына, оның ішкі сырына көз салуы керек” 1.

Ушинскийдің үйретуінде, мұғалім өзінің мамандығына сәйкес кең және арнаулы педагогикалық білімді болғаны жөн, бірақ білімді болу әлі жеткіліксіз, оның қалыптасқан табанды нанымдары болуға тиіс. Білімі, нанымы мен дағдылары мамандығына қарай сәйкес болуы үшін, мұғалімнің теориялық және практикалық білімдері жеткілікті дәрежеде болуы кажет, “мұғалімнің өзі үшін нені оқыту керектігін білу ғана жеткіліксіз екендігін, ол қалай оқытуды теориялық жағынан ғана біліп қоймай, практикалық жағынан білу керектігіне күмәндануға болар ма екен”,— дейді.

Ушинский мүғалімдерді халық мұғалімі деп атады, сондықтан оның халық өмірінің мәселелеріне адал қарап, бұл өмірге белсене араласуын талап етті. “Класта өз ісін істеп, мектеп табалдырығынан шығысымен қоғамға, әдебиетке араласпайтын оқытушы өз ісіне салқын қарауы мүмкін”,— деп жазды ол.

Ушинскийдің мұғалімдер алдына қойған маңызды бір талабы — олардың үнемі қаламдастарының, алдыңғы қатарлы оқытушылардың тәрбие тәжірибесінен туатын идеяларды қа-былдап, ез ісіне пайдаланып отыруы.

Ушинский Россияда мүғалімдер даярлау ісімен де жігерлі түрде шұғылданады. Ол халық мұғалімдерін даярлау үшін мұғалімдер семинарияларын ұйымдастыру, орта мектеп мұғалімдерін әзірлеу үшін университеттер жанынан педагогикалық факультеттер ұйымдастыру жоспарыы ұсынды.

Ушинский 1861 жылы оқытушылар семинариясы жөнінде жоба құрған.



К. Д. Ушинскийдің К. Д. Ушинскийдің бүкіл өмірі мен

педаготикалық қызметі өз және өз халқына жан-тәнімен



ілімінің маңызы шын беріле қызмет етудің тамаша үлгісі болды.

Орыс мұғалімдерінің ұстазы К. Д. Ушинский өзінің педагогикалық жүйесін өз кезіндегі ең озық ғылым дәрежесіне көтерді.

Ушинский өз шығармаларында педагогиканың әрі ғылым, әрі тәрбие өнері екендігін, тәрбие мақсаты мен тәрбиелеудің халықтығы туралы идеяны және жеке адамды тәрбиелеу тео-риясын, дидактиканы, мұғалімдерге қойылатын талаптар сияқты педагогиканың күрделі де түбірлі мәселелерін ғылыми негізде шешті, өзінің прогресшіл педагогикалық жүйесін құрды.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX расырдың басында Россияда Ушинскийдің теориясы мен жүйесін қолдаушы, ұлы педагогтың жолын ұстаған педагогтар мен халық ағарту

К. Д. У ш и н с к и й. Педагогикалың шыгармалар. II том, 29-бет.

128


қайраткерлерінің тамаша тобы қалыптасты. (Н. Ф. Бунаков, В. П. Вахтеров, В. И. Водовозов, Д. Д. Семенов, Д. И. Тихомиров, И. Н. Ульянов).

К. Д. Ушинский жазған “Балалар әлемі” мен “Ана тілі” оқулықтары 60 жыл бойына Россиядағы ең құнды, кеңінен тараған оқулықтар болды.

К. Д. Ушинскийдің педагогикалық теориясы мен жүйесі сол кездегі Россия қол астына қараған, өзге халықтардың прогресшіл педагогтары Гогебашвилиге (Грузия), Агаян мен Тер-Гевондянға (Армения), Эфендиевке (Азербайжан), Алтынсаринге (Қазақстан) т. б. зор әсер етті.

Ұлы педагогтың дидактикалың пікірлері біздің заманымызда да өзінің қүнды мәнін сақтауда.



XIX ғасырдың 60-жылдарындағы

революцияшыл демократиялық педагогика

XIX ғасырдың екінші жартысында Россиядағы саяси, эко-номикалық және мәдени өрлеудің нәтижесінде елде қоғамдық-педагогикалық қозғалыс өріс алған болатын. Бұл қозғалыста ағарту мен педагогика мәселелері жөнінен ең алдыңғы қатарлы идеялық бағытты ұстаған — орыстың революцияшыл-демократиялық педагогикасының негізін қалаушылар Н. Г. Чернышевский мен Н. А. Добролюбов еді. Бұлар ең алдымен патша үкіметі мектептерінің оқу-тәрбие ісіне терең талдау жасап, оның кемшіліктерін сынауды принципті және саяси мәселе дәрежесіне көтере білді.

Революцияшыл-демократиялың педагогиканың өкілдері өз топшылауларында Россиядағы ағарту ісінің даму бағытын ойластыра келе, халық ағарту проблемаларының түпкілікті қайта құрылуы және шешілуі халық революциясына тәуелді екендігін дәлелдеді. Демек, олардың, саяси-қоғамдық талаптарындағы сияқты, педагогикалық ойларының мазмұнында да таптық талаптар жатты.

Сонымен ңатар революцияшыл-демократтар тәрбие алдына әлеуметтік мәнді міндеттер мен мақсаттар қойды: олар қоғамдық істер мен әрекеттерге бейімделген азаматтарды, қанаушы тапқа қарсы күресте дайын түратын, социализм үшін күресе білетін, қысқасы, табанды ерлер мен революционерлер ұрпағын даярлауды талап етті.

Сонымен Н. Г. Чернышевский мен Н. А. Добролюбов сол дәуірдегі орыс педагогикасының дамуында ең өмірлік те, өзекті де болған мәселе — халың ағарту ісінің қайта құрылуы революцияға байланысты екендігін және тәрбиенің революцияшыл-демократиялық мақсаттары жөніндегі мәселелерді жаңаша қарастырып, жаңаша шешті.

129

Бұл табанды революцияшыл-демократтардың педагогикалық көзқарасы сондықтан да Россияның сол тарихи дәуіріндегі алдыңғы қатарлы мұғалімдер мен жастарға күшті әсерін тигізді, олар өздерінің қатыгез реакцияға қарсы күрестерінде осы көзқарасқа арқа сүйеді.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет