ОҚулық Алматы. Мектеп. 1984 Қазақ сср жоғары және орта арнаулы оқу министрлігі оқулық ретінде бекіткен



бет13/22
Дата29.01.2018
өлшемі5,7 Mb.
#35775
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

Патша үкіметінің В. И. Ленин Н. А. Добролюбовтың көзқарасы-

ағзрту” саясатын на терең талдау жасай келе, оны самодержа -



және ресми педа- виелік үкіметке қарсы бағытталған халық

гогиканы сынау көтерілісін күткен және зорлық-зомбылық атаулыға табанды түрде қарсы шыққан жазушы еді дейді. Міне, осындай патша үкіметімен бітіспес күресте қалыптасқан Добролюбов либералшыл-буржуазиялық бағыттағы педагогтарға қарама-қарсы тәрбиенің саясаттан алшақтауы мүмкін емес, ол саясатпен тығыз байланысты және соған қызмет етуге тиіс деп есептеді. Осы тұжырымына сәйкес ол өзінің “Россиядағы халық ағарту министрлігі” деген мақаласында елдегі орын тепкен сословиелік-крепостниктік тәрбие жүйесін, ресми педагогиканы және оқу министрлігінің бюрократиялық-чиновниктік жұмыс әдісін бұлтартпас дәлелдермен қатты әшкерелейді. Н. А. Добролюбовтың дәлелдеуінше, үкіметтің халык, ағарту саласындағы саясаты еңбекшілердің білімге деген құштарлығы мен талабын жаншып, езуге бағытталған. Сондыңтан да ол мұндай саясатты соғыс деспотизмі деп атайды. Добролюбов үкіметтің халықты ағарту мәселелері жөніндегі реформалармен ғана көз бояп, алдайтындығын дәлелдейді.

Материалист Добролюбов ағарту ісі мен білімнің халықтың материалдық тұрмыс жағдайымен тығыз байланыстылығын көрсетеді, әсіресе миллиондаған шаруалар арасындағы қараңғылық пен сауатсыздықтың себебін көрсете келе, ол былай деді: “Бір үзім нан үшін, түрлі салықтарын өтеу үшін күн сайын жұмыс істеуге мәжбүр болған шаруаның кітапқа қол созбайтыны түсінікті, оның басқа да қажеттірек мұқтаждары бар, соларын ойлауы тиіс”

Ұлы революцияшыл-демократ Добролюбов шаруа балалары мектеп біліміне, ақыл-ой әрекеттеріне қабілетсіз келеді деген екі жүзді теріс пікірлерге қарсы шыға отырып, шаруа балаларының арасында қабілетті де, онымен бірге ынталы да балалар жеткілікті деген тұжырым айтады.

Осындай дәлелді әрі орынды тұжырымдармен бірге, Н. А. Добролюбов революцияшыл-демократиялық педагогика түрғысынан Россиядағы ағарту және білім беру жүйесін түпкілікті өзгерту және қайта құрудың жолдары жөнінен қүнды пікірлер ұсынады.



1 Н. А. Добролюбов. Таңдамалы пікірлері. Алматы, 1953, 21-бет.

137


Тәрбиенің Н. А. Добролюбов революцияшыл демократиялық

міндеттері педагогиканың талаптары тұрғысынан мен

мақсатары елдегі ағарту ісінің түпкілікті өзгеруі Россияның крепостниктік “тәртібін” революцияшыл жолмен талқандауға байланысты деп есептеген. Ол “Қоғамда саналылық орнау үшін, шын білім таралуы үшін не керек? деп сұрақ қояды да, бұл сұраққа: “Қоғамдық қарым-қатынасты өзгерту керек!” 1 деген революцияшыл ұранмен жауап қайтарады. Демек, Добролюбов Чернышевскиймен бірге халықты революцияға шақырды, халықты “балтамен” қаруланған табанды күреске шақырды. Міне, сөйтіп, орыстың революцияшыл демократтары халық ағарту ісінің негізінен қайта құрылуын кең салалы саяси-қоғамдың талаптармен байла-ныстырған еді.

Н. А. Добролюбовтың революцияшыл демократиялың пе-

дагогика тұрғысынан топшылауынша, халық революциясы-

ның жеңуі нәтижесінде қайта құрылатын халық ағарту жүйе-

сінің кегізінде білім берудің демократизм, гуманизм және

ғылымдың принциптері болуы тиіс. Дәлірек айтқанда, бірін-

шіден, жынысына, сословиесіне, ұлттық ерекшеліктеріне жә-

не ата-аналардың ауқаттылығына қарамастан, білім алуға

әрбір азаматтың праволы болуы, екіншіден, білім беру ісі мен

тәрбиені ұйымдастыруда тиісті дәрежеде әрбір баланың жеке

басын қадірлеу, табиғи ерекшеліктерін ескеру, оқушылардың

белсенділігі мен өзіндік әрекеттерін дамыту, үшіншіден, білім

мен тәрбиені мазмұны мен бағыты жағынан ғылыми не-

гізде құру. Осындай принциптерде қайта құрылатын халық

ағарту жүйесінің негізгі ұйымдастырушы кіндігі, орталығы —

халың мектебі. Бұл жаңа халық мектебінің міндеті — ақыл-

ой, дене және адамгершілік жағынан әр салалы жетілген, қо-

ғамдың істерге саналы түрде біте қайнаса араласатын,

табанды күресші, халық тілегін қорғаушы азаматтарды

әзірлеу. Міне, Н. А. Добролюбов халың ағарту жүйесі мен ха-

лың мектебінің жаңа революцияшыл демократиялық міндет-

терін осылай анықтаған болатын. Мұндай зор міндеттерді

белгілеуде Добролюбов, тек сол кезеңдегі дәуір талабын ғана

ескермей, алдағы келешекке көз жібереді, себебі,— деп көрсет-

ті ол,— бала жаңа жағдайда өмір сүруге әзірленуде, ал ол

жағдай оның тәрбиешісі білім алған 20—30 жыл бұрынғыдай

болмайды.

Мектеп, Добролюбовтың түсіндіруінше, алдымен білім немесе ақыл-ой тәрбиесін береді: оқушылар қоғам және табиғат жөніндегі білімдермен әр тарапты қаруланады, осының нәтижесінде олар өздерінің өмірдегі орнын белгілейді, ескі әдет-тұрып пен салт-саналарға қарсы күреске әзірленеді. Сондықтан Добролюбов



1 Н. А. Добролюбов. Таңдамалы педагогикалық пікірлері. Ал-маты, 1953, 23-бет.

138


мектепте балаларды тым ерте мамандандыруға қарсы болған, ғылым негіздерімен қаруландыратын жалпы білім беретін мектепті жақтаған.

Ақыл-ой тәрбиесі Н. А. Добролюбов білім мен тәрбие жөнінен

және оқыту жәңе мақсаттарды көздейтін оқуы әрі салалы,

әдістері әрі мазмұнды мектеп жаңа дидактика мен әдістерге сүйене жұмыс істеуге тиіс деп есептеді.

Дидактика мен әдістерден оның талап еткендері білімді мейлінше ойлана-толғана меңгеруге жағдайлар жасау, нәрсе, зат жөнінен дұрыс ұғымдар мен түсініктер қалыптастыру үшін ғылыми қорытындылар мен ережелерді мысалдармен бекіту, оқушылардың өз бетінше ойлауын дамытуға жағдайлар жасау, оқудың балалар үшін тартымды және қызықты құрылуын қамтамасыз ету.

Добролюбов әсіресе оқушылардың белсенділігі мен өзіндік әрекеттерін дамыту үшін әр салалы және мазмұнды жаттығулар жүргізуді, шығармалар жазғызуды, өздігінше кітап оқуды, байқаулар мен әкскурсиялар ұйымдастыруды қолдайды.

Оқу материалын баяндауда Добролюбов мұғалімнің тілінің жатық, пікірлерінің айқын, қорытындылар мен ережелерінің дәлелді болуын талап етті. Осы мәселелерге байланысты ол: “Ғылымның әрбір мәселесі мысалдар арқылы берілсін, әрбір ұғым елестеулер тораптары арқылы айтылсын, әрбір қорытынды талдаулар арқылы берілсін” ',— дейді.

Добролюбов көзқарасының бір ерекшелігі — ол педагогиканың өте нәзік, ерекше көңіл аудара зерттеуді талап ететін мәселелерін ұсынады.

Қай заманда болсын, педагогтар үшін өте күрделі мәселенің бірі — мектептерде кездесетін “баяу түсінетін шәкірттер” жөніндегі проблема болып саналады. Н. А. Добролюбов — осы “баяу түсінетін шәкірттермен” жұмыс жүргізуді әдейі зерттеген педагог. “Әдетте,— дейді Добролюбов,— мектептің өзі кінәлы болып отырса да “баяу түсінетін шәкірттер” түк ұқпайтын топас, қабілетсіз оқушылар тобына қоса салынады, “артықша ауырлық ретінде шетке шығарылып тасталады” 2. Ал шынында мұндай шәкірттердің өзі өте ұқыпты және мұғалімдер мен тәрбиешілер тарапынан мұқият назар аударуды керек етеді.

Баланың ішкі рухани сырына жете түсіне білген Добролюбовтың ойынша осы топтағы балалардың ішкі дүнйесінде рухани күштер емін-еркін жарыққа шыға алмай жасырын жатады, сондықтан мұғалімдер мен тәрбиешілер мұндай шәкірттерді “жалқау”, “мисыз, топас” деп жазғыра бермей,

1 Н. А. Добролюбов. Таңдамалы педагогикалың пікірлері. Ал-маты, 1953, 58—59-беттер.

2 Бұл да сонда, 64—80-беттер.

139


олармен шыдамды түрде педагогикалық жұмыс жүргізе білуі тиіс. Балалардың мұндай тобымен жұмыс жүргізудегі ең қажетті бір шарт — оқу материалына оқушылардың ықыласы мен ытнасын тудырып отыру. “Ынтамен жұмыс істейтін болса,— деген Добролюбов,— онда жұмыс анағұрлым жеңіл және нәтижелі болады'. Осы мәселелерге байланысты оқу процесінде баланың ойлауына, сезіміне, елестеулеріне әсер өту жөніндегі берілетін білім материалдарының көрнекі, нақтылы және түсінікті болуы женіндегі Добролюбов ойларының педагогикалың зор мәні болды.

Адамгершілік Революцияшыл демократ Добролюбов өзінің

тәрбиесі педагогикалың пікірлерінде бүкіл халықтың қамы үшін, жалпы істің тағдыры үшін азаматтық борыш болып есептелінетін жоғары адамгершіліктің үстем болуын арман етті.

Оның түсінігі бойынша жаңа мектеп тәрбиелейтін жоғары адамгершілік қасиеттерге: отанға, еңбекке деген сүйіспеншілік, ортақ іс жолындағы күреске деген тұрақтылық пен табандылық жатады. Добролюбов “Шын патриотизмге” жат, халықтар мен елдер арасында араздық пен ала ауыздылық тудыратын жалған патриотизмге қарсы бітіспес күрес жүргізді. Сонымен бірге ол даурықпа, жалаң фразаларға әуестердің тобын да жете сынады. Ол өзінің жалған патриоттармен күресінде: “Бізге жүректі қиялдармен ғана баса толтыратын даурықпалар, мылжыңдар керек емес, бізге ақыл мен сөздің ерлері, ескішілдікке қарсылар, қоғамдық әділетсіздіктерге қарсы бетпе-бет, жан қиярлық күреске қатысушылар керек”,— деген.

Н. А. Добролюбов жастарды гуманизмге тәрбиелеудің ма-ңыздылығын керсете келе, гуманизмнің мазмұнын өте терең және әр салалы түсіндіреді, бұл тәрбиенің міндеті — адам баласын қадірлеп сыйлауға үйрену, ортақ тағдыр жолында істес адамдарға көмектесу, қиын-қыстау кезеңдерде жолдастар мен достарға жәрдемдесуге дағдылану. Сонымен бірге, гуманизм ел мен халық жауларына қарсы бітіспес күресті талап етеді.

Н. А. Добролюбовтың көзқарасында адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен әдістері жөнінде де құнды пікірлер бар. Нағыз шын адамгершілік қасиеттер мен сапалар қалық халықтың ішінде, халықпен біте қайнап дамыған адамгершілік сол халықтың ерекшелігін, тілектері мен талаптарын, үміттері мен болашақтарын білдіреді. Сондықтан мектеп адамгершілігі жоғары жастарды қалыптастыру үшін халықпен, оның өмірімен өте тығыз байланысты болуы тиіс, халықтан нәр және әсер алып отыруы тиіс.

140

Добролюбов өзінің жеке басы арқылы адамгершілігі күшті қайраткерлердің үлгісін көрсетті. Н. Г. Чернышевскийдің және өзінің жақын жолдастарының дәлелдеуінше, Добролюбовтың бейнесінде асқан адалдық революцияшыл-демократтарға тән табандылық, алға ұмтылушылық және мақсат қоюшылық қасиеттері басым еді.



Оқушылар тәртібі Н. А. Добролюбов мектептегі тәртіп мәселесі жөнінде теориялық ірі мәселелер көтере білді. Ол сол замандағы мектеп тәртібінің бағытын елдегі үстем саяси режим — крепостнойлық құрылыс белгілеп отырғандығын, сондықтан да мектептерде бала психикасына зиянды әсер ететін, айуандық әдістерді қоздыратын таяқ тәртібінің үстемдігін баса айтқан.

Тәртіптілікке баулумен тығыз байланысты түрде Добролюбов сол заманда орыс қоғамының алдыңғы қатарлы тобы, әсіресе прогрессившіл педагогтардың назар аударған күрделі бір педагогикалық мәселеге — тәрбиедегі беделдің роліне кеңірек тоқтайды. Осы мәселегә арнап “Тәрбиедегі беделдің мәні туралы” деген еңбегін жазады.

Добролюбов сол замандағы орыс өміріне терең талдау жасай келе, тәрбиеде бір зиянды бағыттың орын алып отырғандығын ескертеді, ол — беделдің алдында орынсыз бас ие берушіліктің басымдылығы, кез келген беделге сөзсіз жүгіне, бой ұсынушылықтың үстем болып отырғаны.

Әрине, Добролюбов алғы ұрпақтың, ересектердің кейінгі жас ұрпаққа өнеге көрсетіп, ұнамды әсер етуі қажет екенін, бірақ ол ескіріп, шіріген крепостнойлықты келешек үшін идеал етуге болмайтынын ашып айтады. Сонымен бірге осы мақаласында ол бедел атаулының бәріне орынсыз, ретсіз жүгіне беру салдарынан біздің жастарымыз өмірге ешқандай даярлықсыз, рухани жағынан дәрменсіз болып қалыптасатындығын дәлелдеген еді.

Добролюбов тәрбие орындары мен тәрбиешілерден адамның табиғатын бағалай білуді, адамның ішкі адамгершілік қасиеттерін жаншып езбей, оны дамытып, жетілдіруді, балаларды саналы

түрде өз бетінше әрекет етуге дағдыландыруды талап етті. “Біз,— деп жазды ол,— тәрбиеде саналы ұғым үстем болғанын тілейміз, ол саналы ұғым тек мұғалімге ғана түсінікті болып қоймай, онымен бірге баланың өзіне де анық болсын” '.

Тәртіптілікке тәрбиелеуде де Добролюбов осы мәселе жөніндегі сол кезде орыс педагогикасында орын алған либералшыл педагогтардың көзқарасына қарсы күреседі. Мектепке ұрып-соғу жазасын енгізу жөніндегі либералшыл педагог Н. И. Пироговтың пікірлеріне қарсы, 1860 жылы өзінің “Дүремен қиратылған

1 Н. А. Добролюбов. Таңдамалы педагогикалың пікірлері. Ал-маты, 1953, 58—59-беттер.

. 140


1 Н. А. Добролюбов. Таңдамалы педагогикалың пікірлері. Ал-маты, 1953, 11-бет.

141


бүкіл Россиялық иллюзиялар” деген өткір тілді мақаласын

жазып, осы мәселедегі Пироговтың либераі шылдығын әшкереледі.

Н. А. Добролюбов мұғалімнің ұстаздың ролін, педагогикалық мамандықты өте жоғары бағалады. Ол педагогикалық

мамандық тым ауыр, күрделі және жауапты деп ескерте отыра, мұғалімге жоғары талаптар ұсынды. “Иә,— деп жазды

Добролюбов,— шын мәнісіндегі мұғалім болу үшін, бұл сөз

дің толық игілікті мәнісін анықтау үшін өте көп нәрсе керек”

Мұғалім оның ойынша, өз ісіне әр саладан жан-жақты білім бар маман болуы қажет, бүкіл қызметі мен мінезінде адамгершілік жағынан адал және халқына мүлтіксіз қызмет еті білетіндей болуға тйіс.

Сонымен, Н. А. Добролюбов өзінің тым қысқа өмірінде сан алуан саяси, қоғамдық, философиялық және әдеби мәселелер мен щұғылдануына қарамастан, отандық педагогикаға да зор үлес қосып, бай мұра қалдырды.

Педагогикалық мәселелерді сөз еткенде Добролюбов бала психологиясына, тәрбие мен оқытудың сан алуан саласын терең білетіндігін және осы мәселелерге жетік екендігін дәлел деді.



Лев Николаевич Толстойдың (1828—1910)

педагогикалық қызметі мен көзқарасы

В. И. Ленин бірнеше еңбегінде Л. Н. Толстойдың көзқара сына және қызметіне дұрыс баға берді, оның көзқарасының дұрыс және кертартпа жақтарын ашып көрсетті.Толстойдың дүниеге көзқарасындағы қайшылықтар XIX ғасырдың аяғын дағы Роесияның қоғамдық өміріндегі қайшылықтардың көрінісі деп көрсетті. Көркем сөздің асқан шебері, ірі ойшьы Л. Н. Толстой Россияда ескі феодалдық қоғам ыдырап, жаңа капиталистік қоғам дами бастаған кезде өмір сүрді.

Толстой өзі үстем таптың өкілі бола тұра, шаруалардық мүддесін жоқтады, помещиктік-буржуазиялың тәртіпке қарсы болды, сол дәуірдегі қогамдың мекемелердің (шіркеу, сот буржуазиялық ғылым, неке) жалғандығын әшкереледі. Бірақ осыған қарсы күресудің орнына, ол соған көнуге шақырды.

Өз шығармаларында Л. Н. Толстойдың сол дәуірдегі қағамдық тәртіпті сынауын, оның шығармаларын жоғары бағалаумен бірге,

В. И. Ленин оның әлеуметтік көзқарасының утопиялық екенін және мазмұны жарынан реакциялық екенін баса айтты. Л. Н. Толстойдың көзқарасының артта қалған кертартпа жақтарын көрсете келе, В. И. Ленин оның әдеби мұрасының сол дәуірде және кейін де өте құнды жақтары бар екенін дәлелдеді. В. И. Лениннің Л. Н. Толстойға берген бұл бағасының жазушының педагогикалың мұрасына да тікелей қатысы бар.

142


Педагогика, оқыту және тәрбелеу мәселелері Л. Н. Толстойдің теориялық және практикалық қызметінде үлкен орын алады.

XIX ғасырдың 60-жылдарында Россияда өріс алған қоғамдық педагогикалық қозғалстың әсерімен Л. Н. Толстой халыққа білім беру саласында шғылданды 1859 жылы Ясная Полянада шаруа балаларына мектеп ашып, мұғалімдер шақырып, бұл мектепте өзі де сабақ берді1. Оның инициативасымен сол маңда бірсыпыра бастауыш селолық мектептер ашылды.



1861—1862 жылдары Л. Н.Толстой шетелдерде болды,

Франция, Италия, Бельгия, Англия және Германиядағы көптеген мектептердің жұмысымен танысты. Шетелдер мектептерінің (әсіресе Германия) негізгі кемшіліктерін (формализм, балаларға еркіндіктің берілмеуі әне т. б.) атап көрсетті.Өзі ұйымдастырған Ясная Поляна мектебінде балаларға толық еркіндік берілді, оларда гуманистік көзқарас болуын, оқушылардың творчестволық күшіне сену керектігін, балалардың білімге деген құштарлығын қолдап отыруды, сабақты қызғылықты, түсінікті түрде жүргізу мәселелеріне көп көңіл бөлді. Ясная Поляна мектебінде балалар мектепке келуде, сабақ оқуда зор белсенділік көрсетті, өздерін еркін ұстап, біліммен нәтижелі түрде қаруланды.

Бұл мектептің жұмыс тәжірибесін тарату мақсатымен, Ясная Поляна” атты педагогикалық журнал шығарды. Журналдың бірінші санында Ясная Поляна мектебінің жұмысы туралы жазды.

1872 жылы Л. Н. Толстой жазған “Азбука”, 1875 жылы Жаңа азбука” және 4 оқу кітабы басылып шықты. Осы жылдарда ол бастауыш білім берудің методикасымен шұғылданды.

Кейінірек Л. Н. Толстойдың мектепке көзқарасы мүлде өзгерді, 1874 жылы жазған “Халық ағарту туралы” деген мақаласында халық мектебіне артта қалған шаруалар тұрғысынан қарады. Дипломды мұғалімі бар земство мектептерін ол артық деп есептеді. Діни адамдар, әскерден қайтқан солдаттар хат тануға үйрететін шаруа мектептері де жеткілікті деп санады. Жеті айда шаруа балаларын орыс және славян тілінде хат тануға, санай білуге және дін сабағына үйретсе, соның өзі де жеткілікті, арнаулы мектеп салудың қажеті

143


жоқ, сарайда немесе кезекпен шаруалардың үйлерінде оқыта беруг де болады деді.

Бірақ Л. Н. Толстой оқытудағы формализмге қарсы шықты, оқытудың көрнекілігін жақтады.

XIX ғасырдың 70-жылдарында Я. Н. Толстой Ясная Поляна мектебінде қайтадан сабақ бере бастады. Шаруалар мектебіне мұғалімдер даярлайтын семинарияның жобасын жасады. Бірақ оны ашуға үкімет ат салыспады.

Л. Н. Толстой елдегі мектептің, әсіресе селолың жердегі мектептің жетімсіздігін ашып көрсетті...

Л. Н. Толстой сол дәуірдегі педагогиканы және орыс, шетел мектептерін батыл сынады. Ол сол дәуірдегі мектепте орнаған қатаң тәртіпті, оқытудағы формализмді және оқытудың жаттауға негізделуін ашып көрсетті. Мектепте балалардың еркін болуын жақтады. Бұл мәселеде ол асыра сілтеуге де барды. Балалардың мектепке келуі-келмеуіне, мектепте қанша уақыт болуына толық ерік беруді насихаттады.

Сол дәуірдегі мектептегі қатаң тәртіпке қарсы күресу үстінде

Л. Н. Толстойдың балаларға деген сүйіспеншілігі айқын көрінді.

Л. Н. Толстой балаларды қызықтыра білді, оларды өз бетімен еркін ойлауға үйретті.

Ол мұғалімдік қызметті өте ұнатты, оған барынша беріліп, көп ізденді, әр мектептің педагогикалық лаборатория болуын талап етті. 1861—1862 жылдардағы Л. Н. Толстой ашқан Ясная Поляна мектебі шын мәнінде осындай педагогикалық лаборатория болатын. Бұл мектепте сабақ мұғалімнің оқушылармен еркін әңгімелесуі ретінде жүргізілді. Мектепте оқу, жазу, таза жазу, грамматика, дін сабағы, орыс тарихынан әңгімелер, арифметика, география мен жараты-лыстан алғашқы мәліметтер, сурет және ән үйретілді. Жаратылыс, география және тарихтан мәліметтер орыс тілі сабағында көркем әңгіме ретінде берілді.

Бұл мектепте оқу жоспары, оқытудың программасы және сабақтың тұрақты кестесі болмады. Әр аптаға жаңа сабақ кестесі белгіленді және оның орындалуы міндетті болмады. Үйге тапсырма берілмеді, оқылған сабақты ертеңіне сұрап пысықтау жүргізілмеді. Күн сайын сабаққа міндетті түрде келу талап етілмеді. Осыған қарамастан, балалар сабаққа күн сайын келіп, мектептен үйге қайтуға ешқашан асықпады. Мектепте жазалау деген атымен болмады.

Ясная Поляна мектебінің өте бағалы жақтары (балаларды қызықтыру, олардың белсенділігін арттыру, балаларға қам-қорлықпен қарау, мұғалімдер мен оқушылардың өзара түсінісуі, материалды көркем әңгіме ретінде түсіндіру) болды. Ясная Поляна мектебінің бұл табыстары Л. Н. Толстойдың өте зор білімі мен педагогтық шеберлігіне байланысты еді. Мектеп жұмысында

144 *


ірі кемшіліктер де (жүйелі білім беруді бағаламау, міндетті оқу жоспары мен программаның және міндетті сабақ кестесінің, баланы тәртіпке, жинақты болуға үйрететін режимнің болмауы) орын алды.

Оқыту туралы . Л. Н. Толстой мектеп пен мұғалімнің оқу жұмысын ұйымдастырудағы міндеті — барлық балалардың сабаққа үлгіруін қамтамасыз ету деп есептеді. Ол үшін оқу материалы қызғылықты және түсінікті түрде берілу керек және балалардың жеке көңіл күйі материалды жақсы қабылдайтындай дәрежеде болу керек деп санады.

Класта балаларды алаңдататын, үйреншіксіз, басы артық нәрселердің болмауын талап етті, мұғалім мен оқушылардың арасында еркін қарым-қатынас болуын, балалардың мүғалімнен түсінбегенін ұялмай сұрап отыруын, мұғалімнің әрқашан көмекке даяр болуын қажет деп есептеді.

Л. Н. Толстой оқытуда мынадай ережелерді орындауды талап етті: балаларға қиын, түсіне алмайтын және оларға белгілі мәселені айтпау, артық нәрселерді айтып балаларды шаршатпау, сабақ материалының балаларға тым қиын немесе тым жеңіл болып келмеуі, балаларды сабаққа қызықтыру үшін сабақ сайын белгілі бір жаңалықтың болуы. Балалар толық түсінген материалды ғана есте сақтауы қажет деп санады. Ол балаларды өз бетінше жұмыс істетуге үйретуге. соның ішінде шығарма жазуға көп көңіл бөлді. Л. Н. Толстой оқытуда әр түрлі әдісті қолдануды, әсіресе көркем әңгіменің болуын талап етті,

Оқытудың өмірге жақын болуын жақтап, Л. Н. Толстой балаларды байқағыштыққа үйрету қажет деп есептеді. Ясная Поляна мектебінде ол экскурсия және тәжірибе жасауды көп қолданды. Таблица мен картиналарды пайдалануды да қуаттады.

Л. Н. Толстой өзінің дидактикалық пікірлерінде бастауыш мектептің оқулығының қандай болуы туралы көп кеңестер ұсынды. Алдымен оқулықтағы матераилдық қызғылықты, түсінікті, балалардың сезіміне әсер ететіндей есте қалатын болуын, оқулықтың тілі қысқа, анық болуын талап етті. Оқулық балаларға білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге олардың тілін дамытады деп есептеп, балаларға арналған кітап тілінің жақсы жазылуына ерекше мән берді.

Осы талаптарға сай жазылған “Азбука” және “Оқу кітаптары” XIX ғасырдың II жартысындағы құнды педагогикалық ескерткіш болып саналады. Бұлар 30-дан аса рет қайта басылды, миллион дана болып тарап, земство бастауыш мектебінің ең жақсы оқулығы аталды. Бұл оқулықтардағы материал Россия өмірінен, әсіресе село өмірінен алынды. Жаратылыс, география және тарих материалдары көркем әңгіме

145

ретінде берілді. Оқулыққа моральдық тақырыптарға жазылған қысқа әңгімелер де енгізілді; Л. Н. Толстой оқулықтарының негізгі қатесі — онда діни мазмұнда жазылған әңгімелердің орын алуы еді.



Мұғалім туралы. Л. Н. Толстой халық мұғалімінде болатын не-гізгі қасиет — педагогтық еңбек және балаларға деген сүйіспеншілік деп санады. Осының үстіне педагогтық шеберліктің қалыптасуы қажет деп есептеді. Егер мұғалім педагогтың істі сүйсе, ұнатса ғана жақсы мұғалім болады. Балаларды ата-ана сияқты сүйетін мұғалім барлық кітапты оқыған, бірақ педагогтық істі және балаларды сүймейтін мұғалімнен әлдеқайда биік тұрады. Егер мұғалім педагогтың істі де, балаларды да сүйетін болса, одан өте жақсы мұғалім шығуы мүмкін деп қорытты.

Ясная Поляна мектебінің тәжірибесі, ол жөнінде жазылған пікірлері Мұғалімдік шеберлікті жетілдіруге Л. Н. Тостойдың зор мән бергендігін айқын көрсетеді. Оқытудың барлық тәсілдерін меңгеріп, оны оқушының және мектептің ерекшелігіне қарай пайдаланып, балаларды қызықтыра алса, оқушылардың белсенділігін арттырса, сонда ғана мұғалім жемісті жұмыс істей алады. Мұғалім балаларды оқытып қана қоймай, оқу процесінде белгілі педагогикалық мәселелерді шешуге араласуы тиіс. Мектеп оқу орны ғана емес, ол әрі педагогикалық лаборатория деп саналады.

Мұғалім жөнінде осындай алдыңғы қатарлы пікірде болу-мен қатар, Л. Н. Толстойдың кейбір еңбектерінде село мектептері мұғалімдерінің шаруалардан айырмашылығы болмағаны дұрыс, оларға мемлекет тарапынан еңбекақы беру міндетті емес деген қате пікірлер орын алды. Осы сияқты қате, қайшылыққа толы пікірлеріне қарамастан, Л. Н. Толстой орыс педагогикасы мен мектептерінің дамуына үлкен үлес қосты.

Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлердің



қалыптасуы

Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін Қазақстан өте-мөте артта қалған ел еді. Материалдық игіліктің бірден-бір дерлік және үстем түрі болған мал шаруашылығын жабайы тәсілмен жүргізу, осымен байланысты көшпелі тұрмыс, патриархалдық-феодалдық қарым-қатынас, сол қарым-қатынастан туған өзара қырқыс — осының бәрі Қазақстанның мәдениет жағынан мейлінше артта қалуына себеп болды.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуы 1731 жылы

146


басталып, оның Россияға түгелдей қосылуы XIX ғасырдың орта шенінде аяқталды.

Әрине, патша өкіметі Қазақстанда отаршылдық саясат жүргізді. Ол Қазақстанның шаруашылық, саяси және мәдениет саласындағы мешеулігін сол күйінде сақтап, қазақ халқын толық бағыныштылықта, надандықта ұстауға тырысты.Бірақ патша өкіметінің осы саясатына қарамастан, оның Россияға қосылуының аса зор прогресшіл маңызы болды. Қазақстанның Россияға қосылуының нәтижесінде оның феодалдың бөлшектенуіне тежеу жасалды, капитализмнің шаруашылыққа енуіне, сауданың дамуына, рушылдық-феодалдық қатынастық күйреуіне қолайлы жағдайлар туды. Қазақстанның Россияға қосылуы өлкенің экономикасын ілгері дамытты.

Осы қосылудың нәтижесінде алдыңғы қатарлы орыс мә-дениетінің Қазақстан мәдениетіне әсері күшейіп, қазақ халқын бірте-бірте осы озық мәдениетке тартудың, қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы ежелгі достықты нығайтудың ерекше зор маңызы болды.

Россияға қосылғанға дейін Қазақстан жерінде молдаларды және басқа діни қызметкерлерді даярлайтын діни мектептер мен медреселер ғана болды. Ондағы сабақ ескі араб тілінде оқытылды, кейде оқытқанының мағынасы не екенін молданың өзі де түсінбейтін. Мектептер мен медреселердегі оқу мен тәрбиенің ерекше діншілдік өмірден қашық дерексіздік сипаты болды. Жоғары кластарда араб-парсы аралас тілде және түрік тілінде діни мистикалық мазмұнды әдебиет оқытылды.

Қазақстанның Россияға қосылуынан кейін, патша өкіметінің Қазақстандағы саясатын жүргізіп, қазақ даласын билеу ісінде өкімет орындарына көмектесе алатын білімді қазақ чиновниктері керек болды. Сондықтан патша өкіметі амалсыздан қазақ ақсүйектері мен байларының балаларына біраз білім беру үшін орыс-қазақ мектептерін ашуға тиісті болды.

Қазақстандағы алғашқы мұндай оқу орны Қазақстанның солтүстік облыстарын басқару орталығы — Омскіде 1789 жылы ашылған “Азиялық училище” еді. 1841 жылы хан ордасында (Орал облысындағы қазіргі Ордада) Жәңгір хан өзінің жақын нөкерлерінің, достарының (әр түрлі руларды басқаратын сұлтандардың, старшиндардың, билердің) балалары үшін алғашқы орыс мектеп-пансионын ашты,

1825 жылы Орынбордағы татар мектебі негізінде Неплюев әскери училищесі ашылды, ол 1844 жылы кадет корпусы болып қайта құрылды. 1846 жылы Сибирьдің қазақ-орыстар әскери училищесі негізінде Омскіде кадет корпусы ашылды.

1800 жылы Орынбордың Шекара комиссиясы жанында же-

147

ті жылдың мектеп ашылды. Мұнда сабақ орыс тілінде оқыу тылды, мұнымен бірге татар тілі де үйретілді. Бұл оқу орын- дарының бәрі сословиелік мектеп, үстем тапқа арналған мектептер еді. Бұларға дворяндардың, офицерлердің, чинов-никтердің және патша үкіметінің қызметіндегі қазақ шонжар-ларының балалары қабылданатын.



Қазақ шонжарларының балаларына арналып ашылған барлық мектептердің ішінде Омскідегі Сибирь кадет корпусындағы оқу тәуір бағытта болған еді. Қазақ халқының тамаша ағартушы ғалымы Шоқан Уәлиханов осы корпустың алғашқы оқушыларының бірі болды. Мұнан кейін Орынбордың Шекара комиссиясы жанында қазақ балалары үшін ашылған мектепте де оқу біршама жақсы жолға қойылды, кейіннен қазақ халқының аса көрнекті педагогы және ағартушы қайраткері болған Ыбырай Алтынсарин осы мектепте оқыды.

Қазақ балаларын оқытудың көлемі қандай шағын болғанын мынадай бір мысалдың өзінен көруге болады: қазақ балаларына арналған Орынбор мектебі 19 жылдың ішінде небары азды-көпті 48 адамды, қазақ интеллигенциясының алғашқы өкілдерін даярлап шығарды.

Патша өкіметінің халық ағарту саласында да отаршылдық саясат жүргізгеніне қарамастан, қазақ және орыс жастарын бірге тәрбиелеп, бірге оқытқан мектептер өте пайдалы, прогрестік қызмет атқарды. Үкіметтің ниеті басқа бола тұрса да, бүл мектептердің ашылуы орыс және қазақ халықтарының өзара жақындасуына лекерлік жасап, қазақ халқының орыс ғылымы мен мәдениетіне араласуын тездетті, қазақ халқына өзінің ұлттық демократиялық мәдениетін дамытуға мүмкіндік берді. Орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленген жастардан көп адамдар кейін осы жаңа мәдениет үшін күресуші қайраткерлердің қатарына қосылды.

XIX ғасырдың 60-жылдарының өзінде Россияда крепостнойлық тәрбие мен сословиелік мектепке қарсы бағытталған қоғамдық-педагогикалық қозғалыс кең өріс алды. Н. Г. Чернышевскийдің,

Н. А. Добролюбовтың, Н. И, Пироговтың, К. Д. Ушинскийдің,

Л. Н. Толстойдың, И. Н. Ульяновтың жүргізген қызметінің нәтижесінде орыстың халық мектебі жөніндегі проблема кең талқыланды.

В. Г. Белинскийдің, Н. Г. Чернышевскийдің, Н. А. Добро-любовтың революцияшыл-демократиялың идеялары, сондай-ақ орыс педагогикасының классигі К. Д. Ушинскийдің және басқа прогресшіл орыс педагогтарының қазақ халқының ағартушы қайраткерлері Шоқан Уәлихановтың (1835—1865), Ыбырай Алтынсариннің (1841—1889) және Абай Құнанбаевтың (1845—1904) дүниеге көзқарасың қалыптасуына әсерін тигізді.

148


Мектептерде бірыңғай оқулықтар болған жоқ, мысалы, Сырдария, Жетісу облыстарының мектептері С. Н. Граменицкий жазған оқу құралдары бойынша, Аңмола, Семей, Торғай, Орал облыстарының мектептері Ы. Алтынсарин, сол сияқты

А. Е. Алекторов жазған оқу құралдары бойынша оқытты. Училищелердің оқу жабдықтары өте жеткіліксіз болды.

Өмірге аса қажет білім беретін мектеп құру жолында аса көп қиыншылықтардың кездесуіне қарамастан, зерттеу мәліметтері көрсеткендей, қазақ даласында халық ағарту ісі аздап болса да ілгерілей берді. Қалық қазақ арасына білім таратуды көздеген бұл өте қиын жұмыста өз ісіне шын берілген орыс ориенталистері аса көп еңбек етті. Олардың ішінен халық училищелерінің инспекторлары, директорлары болып қызмет атқарған

А. Е. Алекторовты, В. В. Катаринскийді, А. В. Васильевті,

И. С. Граменицкийді, Н. П. Остроумовты атап көрсетуге болады. Олар мектептердегі педагогикалық процестің тікелей ұйымдастырушылары, орыс-қазақ мектептеріне арналған көп оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары болатын.

Халқымыздың ардақты ұлдары, өз елін прогресс жолымен алға қарай бастаған Шоқан, Абай, Ыбырайлар да сол дәуірдің — қазақ даласына- орыстың озық әдебиеті мен мәдениеті ізгі әсерін жая бастаған дөуірдің — жемісі болды. Өткен ғасырда Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірлердің даму тарихы, негізінен алғанда, осы есімдермен байланысты.

Қазақстандағы педагогикалың ой-пікір XIX ғасырдың екінші жартысында негізінен қазаң халқының ұлы ағартушыларының әлеуметтік-саяси, философиялық және этикалық көзқарастарымен қоян-қолтық, өзекті байланыста дамып жатты


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет