ОҚулық Алматы. Мектеп. 1984 Қазақ сср жоғары және орта арнаулы оқу министрлігі оқулық ретінде бекіткен



бет10/22
Дата29.01.2018
өлшемі5,7 Mb.
#35775
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

Тәрбиенің ха- Революцияшыл-демократиялық педагогиканың

лықтығы және негізін салушылар педагогиканың өте күрделі

оның мақсаты мәселелерінің бірі — адамды жетілдірудеп

тәрбиенің роліне ерекше мән берді. Олар ең алдымен өз кездеріндегі ресми педагогикада кең орын алып келген баланың дами

отыра жетіле алатын мүмкіншіліктерін кемітуге, оның белсенді түрде дамитын ерекшеліктеріне сенбестік туғызған көзқарастарға

қарсы шықты.

Белинский мен Герцен өз пікірлерінде диалектик және нәзік психологтар болумен бірге, педагогика мәселесіне де зор мән берді. Демократияшыл педагогиканың мақсаты — баланың табиғи мүмкіншіліктері мен күшіне сеніммен қарауға тиіс, әр балада теріс мінез-құлық ерекшеліктермен бірге жағымды және ұнамды жақтары болады, ал енді тәрбие өнерінің міндеті — сол ерекшеліктерді байқап, одан әрі дамытуы тиіс деген.

В. Г. Белинский өзінің алғашқы тәрбие жөніндегі шығар-маларының бірі “Ойлауында” (1829 ж.): “Тәрбиенің әсерімен адам Сократтай терең ойлы, ізгі жан, немесе Нерондай қайрымсыз жыртқыш та бола алады”,— деді. Өмір тағдыры осы тәрбиеге тәуелді, тәрбие адамның бірінші мұраты деп, оның ролін шектен асыра бағалады. Ал енді кейіннен, 40-жылдары “Балалар кітаптары туралы” еңбегінде тәрбие баладағы болатын табиғи

101

мүмкіншіліктер және ерекшеліктермен байланысты болуға, солармен санасуға тиіс деді. Баланың ойы таза, ақ тақта тәрізді емес, ол ағаш тұқымындай, сондықтаң бала тәрбие арқылы дамуы, жетілуі мүмкін деп суреттеді. Бұл жөнінде Белинский: “Адамда өзінің өсу, даму дәуірлері бар, онымен санаспай ағып, ұшқары кету — ол игілікті қасиеттерді апат етуге апарып соғады”,— деді.



В. Г. Белинский өзінің 1838 ж. В. Бурьяновтың балаларға арналған кітаптарына жазған сындарында тәрбиенің адамды қалыптастырудағы ролін: “Тәрбие аса маңызды, тамаша іс: ол адамның тағдырын шешеді...” “жас ұрпақ қазіргі шақтың жемісіне қонақ және де келешектің қожасы”,— деп жоғары бағалайды.

А. И. Герцен нәсілдіктің, ортаның және тәрбиенің араңа-тынастарын терең ойластыра зерттеді. Өзінің материалистік көзқарасына байланысты Герцен адамның жетілуі бір мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жүргізілетін тәрбиенің шешуші ролін мойындады. Ол адамның дами жетілуі белгілі әлеуметтік ортаның жағдайларына, қоғам өмірінің белгілі тарихи кезеңіне байланысты болатындығын көрсетті. Ондай жағдайлар көп, бірақ жеткіліксіз, адамның өзі араласпай, адамның еркінсіз, оның еңбегінсіз еш нәрсе де болмайды деп ескертті. Осылай Герцен адамның қалыптасуындағы тәрбиенің белсенді ролін анықтады. Герцен тәрбие шексіз қүдіретті деген пікірден алыс еді. Оның ойынша, тәрбие табиғаттың бермегенін жасай алмайды.

Белииский мен Герценнің өмірлерінің өзегі мен негізгі бағыты — олардың Отанына, орыс халқына жалынды сүйіспеншілігінде болды. Олар Отанының келешегіне зор сеніммен қарады, сол болашақ үшін қажымастан еңбек етті, мол тарихи мәні бар болашақ жөнінде көрермендікпен болжау айтты.

В. Г. Белинский: “Оқымысты дүниенің төрінде отырып, ғылымға да, искусствоға да жол-жоба көрсететін, мәдениетті адам баласының бәрі мейлінше қадірлейтін Россияны 1940 жылы көретін немере, шөберелеріміздің не арманы бар екен”,— деді.

Белинскийдің революцияшыл патриотизмі әсіресе оның Гогольге жазған хатында айқын дәлелденді: “Россияға діни уағыздың керегі жоқ (тыңдай-тыңдай құлағы сарсылған!), дұға да керек емес (дұғаны оқи-оқи жағы талған!), ғасырлар бойы халықтың адамгершілік қасиетін, сезімін кір, лас басып келді, ластан тазартып, сезімін оятып, халықтың еңсесін көтеру керек. Россияға қажет нәрсе — осы”.

¥ëы революцияшыл-демократтар орыс тәрбиесінде халықтық ерекшеліктер мен бағыттардың кемістігіне қынжылып қиналды. Олар орыс дворянствосының реакцияшыл топтарының шетел мәдениеті мен тәрбиесінің алдында жүгіне бас иетіндігін қатты сынады. Осы жағдайды ескерте. отыра, Белянский:-

102

“Осы кезден бастап әлемге ез сезіміз бен өз пікірімізді айтуға да, тыңдатуға да еріктіміз”,— деді.



Белинский мен Герценнің ойынша, білім мен тәрбиенің бүкіл жүйесінің өзегіндегі негізгі принцип — тәрбие мен білімнің халықтығы болуға тиіс. Халыққа деген сүйіспеншілік, бұл сүйіспеншілікті сол халықтың бақыттылығы жолындағы күреспен ажырамастай байланыстыру — революцияшыл-де-мократтардың негізгі педагогикалық идеясы еді. Олар бұл үшін орыс өмірінен алшақ кетпей, алдыңғы қатарлы мәдени қазынаны қалық халық бұқарасының рухани өміріне азық етуді, сол жолда адал қызмет етуді қатты талап етті. “Өз жерімізден, өз айналамыздан дәуіріміздің алдымызға қойған сұрақтарын сұрыптап алып, сол сұрақтарға қанағаттанарлық толык, жауап беру біздің басты міндетіміз”,— деді Белинский.

Белинский мен Герцен халыңтық тәрбиенің әсерлі құралы ретінде халықтың ауыз әдебиеті мен өз халқының тарихына, жазба әдебиеті мен ана тіліне зор мән берді. Орыс тілі мен әдебиеті, олардың дәлелдеуінше, негізгі оқу пәндері болуға тиіс. Олар отандың әдебиетті (Пушкин, Крылов, Гоголь т. б. щығармалары) орыс тәрбиесіне кеңінен енгізу жолында қажымас күрес жүргізді, тәрбие жұмысында орыс ұлтының ұлы қайраткерлерінің, әсіресе

М. В. Ломоносовтың өмірін үлгі етуді талап етті. К. Полевойдың

М. В. Ломоносов туралы жазған кітабын құттықтай отырып, Белинский жас жеткіншектер бұл кітаптан: “Олар Ломоносов өмірінен өздерінің ең ардақты азаматтық борышы мен өз өмірлерінің мақсатын біледі, адал қызмет — адамгершілік қасиетінің шарты екенін түсінеді”,— деді.

Белинский мен Герцен тәрбиедегі халықтың принципті тәрбиенің алдына қойылатын міндеттермен және мақсаттармен байланыстыра отырып қарастырды.

В. Г. Белинский өзінің философиялың және саяси-идеялық көзқарастарындағы эволюцияға байланысты, тәрбиенің алдына бастапқыда жаңа, прогресшіл, ал кейіннен онан жоғары революцияшыл-демократиялық міндеттер қойды.

XIX ғасырдың 30-жылдарында Белинский адамдарды өзін-өзі жетілдіруге, маңындағыларға жақсылық пен қайырымдылық көрсетуге шақырады. Бұл кезде ол адам әрекетін зорлық-зомбылыққа қарсы күреске, жаңа қоғамдық құрылыс жолындағы күреске бағыттауды түсіне қоймады. Тәрбиенің негізі — жалпы адамгершілік деп есептеді. “Тәрбиенің сенімді қаруы мен жетекші күші — махаббат, ал көздеген түпкі нышаны мен негізгі мақсаты — адамгершілік болсын”,— деді Белинский. Сол кездегі ресми үкімет педагогикасы жастарды тәрбие арқылы болашақ сословиелік мамандыққа ғана әзірлеуді көздеген еді. Белинский бұл бағытқа қарсы, жастарға жалпы адамгершілік тәрбиесін беруді талап етті. Ол: “Бастапқы тәрбие жас буыннан чиновник, ақын, қолөнершіні ғана

103


көріп қоймай, ең әуелі адамды, соңынан сол айтылғандардың қай-қайсысы болса да бола алатын, әрі адамгершілік қасиетің толық сақтайтын адамды алдын ала аңғаруға тиіс”,— деді.

Белинский XIX ғасырдың 40-жылдарында өзінің революцияшыл-демократиялық көзқарастарының қалыптасуына сәйкес, тәрбиенің мақсатын қайта қарастырады, ол енді тәрбие арқылы жастарды қоғамдық талапқа, қоғамдық мақсатқа баулуды ұсынады.

Белинский мен Герценнің айтуыыша, адамның негізгі қасиеті мен сапасы — қоғамдық женсіздікпен күресуінде.

“Жауыздықты тек сезіну ғана емес, жаумен күресу қажет”,— деді Белинский. Орыстың резолюцияшыл-демократиялық педагогикасының негізін салушылар тәрбиенің мақсаты жөнінен бірінші орында жастарды қоғамдық әрекетке әзірлеу, жаңа қоғамдық құрылыс жолындағы күреске даярлау міндеттерін қойды. Олардың ойынша, болашақ тәрбиенің мақсаты, идеалы — өмір мен күреске әзірленген, революцияшыл дәстүрлерді ұстаушы, туған халқының тілек-талаптарымен біте қайнаса өмір сүретін гуманды, бостандың сүйгіш адамдарды жетілдіру. Белинский мен Герцен тәрбиенің алдына осындай кең, жаңа, революцияшыл-демократиялық талаптар ұсынды.



Жалпы білім беру Белинский мен Герцен тәрбиенің салалары жө-

және жаетардың ніндегі ойларында жастарды жан-жақты же-

көзқарасын қа- тілдіру үшін ақыл-ой, адамгершілік, эстетика-

лыптастыру ту- лық және дене шынықтыру тәрбиелерінің ты-

ралы ғыз байланыста, тұтастықта болуын талап етті.

Олар тәрбиенің әр салалары арқылы қалыптасатын қоғам

қайраткерлері үшін ақыл-ой тәрбиесінің ерекше маңызын көрсетті. Осы тәрбие арқылы, тәрбиені қамтитын жалпы білім арқылы жастардың өз айналасын қоршаған дүние жөнінен дұрыс көзқарастарын қалыптастыруды негіздеді.

Революцияшыл-демократиялың педагогиканың негізін са-лушылар патша үкіметі жағдайында жас өспірімдер білімінің өмірден тыс тұрғандығын дәлелдеді. Осыған байланысты

А. И. Герцен: “бізде өмірден аластаған ғылымның болуы мүмкін емес” ',— деді.

Олардың ойынша, жалпы білім жас өспірімдерді белсенді қоғамдың әрекет пен іске әзірлейді. Бастапқы жалпы білім бүкіл білімдердің негізі болады, сондықтан бастапқы жалпы білім негізді және тиянақты болуға тиіс.

Белинский мен Герцен орыс мектебіндегі оқудың мазмұнын қарастырғанда, негізгі көңілдерін білім арқылы жастардың көзқарастарын қалыптастыру мәселесіне бөлді. Осы мәселеде олар табиғат жөніндегі жаратылыстану білімдерін

1 А. И. Г е р ц е н. Собрание сочинений. П-том, издательство АН СССР, с. 22.

104


оқытуға ерекше мән берді. А. И. Герценнің анықтауынша, жа-ратылыстану ғылымдары материалистік көзқарасты қалыптастыруға көмектеседі. Ол қазіргі адам баласының тұрмыс жағдайы жаратылыстану ғылымына байланысты, бұл саладағы ғылымдар діни салттармен күрес құралы деді.

Сондықтан оның анықтауынша, білім жаратылыстану ғы-лымдарынан басталуға тиіс. Герцен мектепте табиғатты оқыту жөнінен: “Жастармен әңгімелесу тәжірибесі”, “Балалармен әңгіме” атты еңбектер жазды.

Белинский мен Герцен мектеп білімдері арқылы жастардың көзқарастарын қалыптастыруда бір ғана жаратылыстану білімдерін бөліп алып, жалаң іріктеген жоқ, олар жаратылыстану білімдерін қоғамдың саяси білімдермен тығыз байланыста оқытуды талап етті. Олар әсіресе тарих пен әдебиетті маңызды, жалпы білім пәндері ретінде бағалады, балаға ол ғылымдардың табиғаттағы сан алуан тіршілік пен адамзат қоғамының дамып, өсуінің заңды табиғи жолдарын үйрететін құрал ретінде бірінші орынға қойды. Белинский: “Бір тарих ғылымының өзінде қаншалықты ұшан-теңіз керемет бай материалдар бар”,— деді. Белинский сонымен бірге шын мәніндегі, алдыңғы қатарлы көркем әдебиеттің күшті тәрбиелік және білімдік мәнін көрсетті. Шын мәніндегі әдебиет толық және айқын түрде халық өмірімен таныстырады, жоғары адамгершілік қасиеттерді, патриотизмді, гуманизмді, көркемдік пен әдемілікке сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелейді, адамды ерлік істерге жігерлендіреді деді.

Революцияшыл-демократтар білімді меңгеру және оқудың жолдары жөнінен де құнды пікірлер айтты. Олар оқу мен білім алу деген тек қана білім деректерін меңгеру еместігін ескертті. Білім алу, оқу — білу, тану жүйесі мен әдістерін меңгеру. Олар меңгерілетін білімдердің жүйелі түрде бірлікте, тұтастықта болу идеясын, барлың оқу пәндерінің методологиясының бірлікте болу идеясын ұсынды. Герценнің айтуынша, егер ғылымдарды белгілі бір жүйемен және тәртіппен оқытатын болса, қиын немесе көңіл тартпайтын ғылымдар болмайды. Бірақ күрделі ауыр еңбексіз ғылым меңгерілмейді деді. Жаратылыстану пәндерінен табиғатты үйреткенде балаларды соған қызықтыру қажет, әсіресе ғылыми ережелер мен заңдарды үйретуде сақтық керек. Оқуда баланың белсенділігі тым қажет, олар сабақта өз бетінше оқуға, өздері сұрай білуге, өз бетінше мәселені талқылай білуге тиіс.

Белинский мен Герцен сол кездегі орыс мектептеріне арналған оқулықтар жөнінде құнды пікірлер айтты. Бұл пікірлер — бір жағынан, оқулықтарды қалай жазу жөнінен соны пікірлер болса, екінші жағынан, оқулықтар жөніндегі ойлары арқылы олар жалпы мектеп білімінің дәрежесін жетілдіруде жетекшілік роль атқарды.

Белинский 1833 жыл мен 1847 жылдар арасында оқулық-

105

тарға арнап елуге тарта сын пікірлер жазды. Онда әсіресе бастапқы оқудың негізін баяндайтын орыс әліппелерінің дәрежесінің төмендігін сынады. “Бізде ауызға ілігерліктей ешбір орыс әліппесі жоқ”,— деп қынжылды. Белинскийдің оқулықтар жөніндегі ұсынған құнды талаптары: оқу материалының ықшамды болуы, кітап тілінің оқушыларға түсінікті және жатық болуы, оқулықты баланың жас шамасынан артық дерек материалдармен бастырмалатпау болатын.



Герценнің дәлелдеуінше, бұрынғы өткен ұрпақтың бүкіл , тәжірибесі кітаптарда жинақталған және ол негізінен кітап арқылы таратылады. Герцен жастардың көркем және ғылыми кітаптарды өздігінше оқуына зор мән берді. “Жан-жақты білімділіктің өте зор құралы — өздігінше оқу”,— деді ол.

Революцияшыл-демократиялық педагогиканың негізін са-лушылар осылай мектеп оқу пәндері мен ғылымның, ғылым мен өмірдің, теория мен тәжірибенің араларындағы алшақтық пен қашықтықты жоюдың қажеттілігін талап етті.



Адамгершілік Революцияшыл-демократиялық педагогиканың және эстетикалық негізін салушылар адамгершілік тәрбиесінің

тәрбие туралы негізгі мәні — адамның адамгершілік қадірі мен абыройына, жоғары міндетіне табанды сенім, отаны мен халқына адал қызмет ету, шындық пен ақиқатты сүйе білу, әділетсіздік атаулыға терең жиіркеніштілік сезім, онымен күресу деп дәлелдеді. Адамгершіліктің осындай мәніне сәйкес Белинский мен Герцен балаларда ең алдымен патриотизм, гуманизм,

еңбекке сүйіспеншілік, сөзді іспен байланыстыру қасиеттері мен сапаларын тәрбиелеуді көздеді. Олар шынайы, таза адамгершілік адамның өз отанына жалынды сүйіспеншілікте болуын талап етеді деп есептеді. Нағыз тәрбиелі адам, Белинскийдің пікірінше: “Ең алдымен өз елінің ұлы, соның мүдделері мен мұқтаждарын жүрегінде сақтай білетін, соның адамгершілік жағынан дамуына септігін тигізетін ез отанының азаматы болуға тиіс” . Бұл үшін олар жас өспірімдерді белсенді, әсерлі патриотизм рухында, ескілікпен келіспей қарсы тұру рухында, ол отанның дамып ілгерілеуіне барынша еңбек ету рухында тәрбиелеуді көрсетті.

Белинскийдің айтуынша: “Нағыз патриот өз отанына беріле отыра, бүкіл адам баласын қадірлейді, отанына сүйіспеншілігін адам баласына деген сүйіспеншілікпен байланыстырады. Белинский “өз отанын мойындамаған адам, адам баласын да мойындамайды” 2,— деді.

Белинский мен Герцен оңушылардың достық пен жолдастық гуманизм, іс-әрекетке ынтызарлық сезімін, ерік күштерін,



1 В. Г. Б е л и н с к и й. Шығармаларының толык жинағы. Т. IV том, 1955, 159-бет.

2В. Г. Белинский. Шығармаларының толық жинағы. 1-том, 1954, 488—489-беттер.

106


ерлікке қабілеттілігін тәрбиелеуді жақтады. Олардың насихаттаған гуманизмінің мәні — адамдар өміріндегі, олардың ой-пікірлері мен істеріндегі зиянды келіспес әрекеттермен күрес жүргізу еді.

Революцияшыл-демократтар крепостнойлық Россиядағы деке еңбегіне үстем таптардың жек керушілікпен қарауын, крепостной шаруалар еңбегін қанауын өткір әшкереледі. Белинский мен Герцен балаларды еңбекті сыйлай білуге тәрбиелеуді, қоғамда қандай дәрежеде болса да еңбек етуге тиіс екендігіне олардың көздерін жеткізуді талап етті.

Герцен балаларда әлеуметтік ұғымдар ертеден-ақ оянатын-дығын ескертті. Сондықтан балалар үшін жүргізілетін адамгершілік тәрбиесі ықпалды болуы үшін, балалар мен ата-аналардың, тәрбиешілердің арасында дұрыс қатынас орнату керектігін айтты.

Белинский мен Герценнің үйретуінше, нағыз адамгершіліктің өлшемі мен көрсеткіші сөз жүзінде емес, практикалық әрекет үстінде байқалады, сондықтан адамгершілік қасиетерді тәрбиелеу үшін — адамгершілік жөніндегі жүйелерді, өсиет сөздерді оқьш, қана қоймай, дұрыс адамгершілік қасиеттерді практикалық іс пен өмір үстінде қалыптастыру керек. Балаға айналасын қоршаған дүние мен өмірді табиғи түрінде іс-әрекет және адам еңбегі арқылы көрсету керек.

Кіші жастағы балаларға адамгершілік тәрбиесін сіңіру үшін олардың мінезін теріс бағыттардан тазарту қажет, ал ол үшін олардың көз алдына ұнамды үлгілер көрсетілуі тиіс. Осы мәселеге байланысты Белинский “Тәрбие жөніндегі ойлазында” жақсы оқытушылар мен тәрбиешілер үлгісін суреттеді, ұлы адамдардың өмірін оқудың пайдалы екендігін дәлелдеді, ұлы ғалым Ломоносов өмірін зор тәрбиелік үлгі тұтты.

Революцияшыл-демократтар күрес мықты ерікті талап етеді, сондықтан белгілі мақсатқа бағытталған ерікті шынықтыру керек, осының үстіне жас өспірім бүкіл теріс, зиянды көзқарастарға қарсы тәрбиеленеді, жаңа қоғамдық құрылыс жолындағы күреске әзірленеді деп есептеді.

Олар жаңа қоғамдық қатынастарды дамытуда, адам қоғамын қайта құру жолындағы күресшілерді тәрбиелеуде көркемөнерге, эстетикалық тәрбиеге зор көңіл бөлді.

Себебі эстетикалың сезімі күшті дамыған адам өмір көркемдігін толық және терең түсінуге қабілетті болады. Көркем-өнер, олардың пікірінше, адамда көтеріңкі рух туғызады, көңілді шаттыққа жеткізеді, адамды еңбек пен ерлікке рухтандырады. Балада тамаша, көркемдік сезімдерді дамыту қоғамды және айналасын қоршаған дүниені сезінуге әсер етеді. Шын мәніндегі көркемөнер әрдайым белгілі дәуірмен, өмірмен байланыста болады деген. Олар эстетикалық тәрбиені

107

жүргізуде әсіресе көркемөнердің екі саласы — поэзия мен музыка арқылы жүргізудің мәнін керсетті.



Белинский де, Герцен де көркем әдебиет пен көркемөнерді “адамгершіліктің эстетикалық мектебі”,— деп бағалады. Сондықтан олар оны эстетикалық тәрбиемен байланыстыра, балалар әдебиетіне жоғары талап қойды, өйткені балаларға арналған кітаптардың мазмұндары мен идеялары балалардың ақыл-парасаты мен ой-өрісін дамытып және оларға адамгершілік пен эстетикалық тәрбие берудің күшті құралы болады деді.

Революцияшыл-демократиялың педагогиканың негізін са-лушылар жастардың көзқарастарының және нанымдарының қалыптасуында оқытушының ролін жоғары бағалады. А. И. Герцен өзінің “Кім жазықты”, “Болғандар мен ойлар” деген шығармаларын-да жағымды және жағымсыз бейнедегі оқытушылардың сан алуан түрлерін жетімді көркем сөзбен суреттеп берді.

Олар өздерінің оңытушы жөніндегі ойларында: ол тек

білімді және тәжірибелі адам ғана болып қоймай, қамқор ұстаз болуының міндетті екендігін ескертті, балаға әкесі мен анасындай сүйіспеншілік көрсетуін, кеңесші, ақылшы болуын талап етті.

Сонымен, орыс педагогикасының жаңа бағыты — револю-цияшыл-демократиялық педагогиканың негізін салушылар Беликский мен Герцен педагогика жөнінен бай мұра қалдырды. Олардың педагогикалың көзқарастары өздерінің саяси-әлеуметтік және философиялың ойларымен тығыз байланысты болғандықтан, патшалық Россияның қоғам өміріндегі бүкіл крепостнойлық тәртібіне, соның ішінде крепостнойлық тәрбие жүйесіне түгелдей қарсы болды. Сол кездегі тәрбие мен білім берудің ескірген жүйесін бүтіндей өзгерту жолында жүргізген олардың күрестері жалпы крепостнойлың қоғамдың құрыдысты жою жөніндегі күрестерімен байланысып жатты.

Белинский мен Герцен өз заманындағы және онан кейінгі орыс қоғамының педагогикалық ойының дамуына күшті әсер етті. Добролюбов пен Чернышевскийдің, Пирогов пен Ушинскийдің педагогикалық теориялары Белинский мен Герценнің идеяларынан нәр алды.

Белинский мен Герценнің педагогикалың идеялары алдыңғы қатарлы орыс оқытушыларын патшалық мектеп пен оның тәрбие жүйесіне қарсы күреске жұмылдырды.

XIX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық

педагогикалық қозғалыс

XIX ғасырдың 60-жылдары Россияда үлкен қоғамдық

қозғалыс кезеңі болды. Ол өндіргіш күштердің дамуы мен бұл дамуды тежейтін крепостнойлық қатынастардың арасындағы күннен-күнге өршіп келе жатқан қайшылықтардың негізінде

пайда болды.

1853—1855 жылдардағы Қырым соғысы Россиядағы кре-постнойлық жағдайдың әлсіздігін айқын ашып берді.

В. И. Ленин 60-жылдарды сипаттай келіп, былай деп жазды: “Европада демократиялық қозғалыстың жандануы, Польшадағы толқу, Финляндиядағы наразылық бүкіл баспа-сөздің, бүкіл дворян тобының саяси реформалар жасауды талап етуі, бүкіл Россияда “Колоколдың” таралуы, цензураның бақылауындағы мақалаларымен де нағыз революционерлерді тәрбиелей білген Чернышевскийдің күшті уағызы, үндеу хаттардың шығуы, шаруалардың бас көтеруі, өздерін тірідей тонайтын “Ережені” оларға “екінің бірінде” соғыс күшімен, қан төгіспен қабылдатуға тура келуі, дворяндардың — келістіруші билердің мұндай “ережені” қолданудан ауыз біріктіріп бас тартуы, студенттердің тәртіпке бағынбауы — осындай жағдайда ең сақ, ақыл-ойлы саясатшы адам революциялық дүмпудің өзін толық ықтимал деп тануға тиіс еді” '.

XIX ғасырдың 60-жылдарындағы Россиядағы революциялық қозғалыс саяси, экономикалық және мәдени өмірдің барлық салаларын қамтыды. Орыс философиясы мен әдебиеті (Чернышевский, Добролюбов, Писарев, Некрасов, Толстой, Тургенев, Салтыков-Щедрин т. б.),орыс мувыкасы (бір топ композиторлар), орыс бейнелеу өнері (“Передвижники”), орыс ғылымы (Сеченов, т. б.) бұл кезеңде дамудың жоғарғы сатысына көтерілді.

60-жылдардағы орыс мәдениетінің барлық саласында да материалистік идеяның, сыншыл реализмнің, халықтық идеяның дамығандығын байқауға болады.

XIX ғасырдың 60-жылдарындағы педагогикалық қозғалыс

сол кездегі қоғамдық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады. Крепостнойлық тәрбиені қатты сынау, сословиелік мектеп пен ерте мамандандыруға күрес жалпы білім беру үшін, азаматты тәрбиелеу үшін, әйелдерге білім беру үшін күрес, ескі діни оқуға, құрғақ жаттау мен жазалауға қарсы күрес, баланың жеке басын сыйлау, халық мектептерін көптеп ашуды талап ету, жоғары мектеп автономиясы — міне, осылар XIX ғасырдың 60-жылдарындағы орыстың прогресшіл педагогикасының көтерген негізгі мәселелері болды.

Бұл кезеңде бірнеше қоғамдық ұйымдар ашылып, олар өз

В. И. Л е н и н. Шығармалар. 5-том, 29-30-беттер.

109


алдарына педагогика теориясы мен практикасының өзекті проблемасын шешу мақсатын көздеді. 1859 жйлы октябрьде Петербургте педагогикалық жиналыс құрылды. Кейіннен ол Петербург педагогикалық қоғамы болып аталды. Оның жұмысына К. Д. Ушинский, В. Я. Стоюнин, В. И. Водовозов, Д. Д. Семенов,

Я. Я. Герд т. б. көптеген педагогтар мен методистер қатысты. Көптеген қалаларда қоғамдық педагогикалық ұйымдар пайда бола бастады.

XIX ғасырдың 60-жылдарында орыс педагогикалық

ғылымының даму тарихында әр түрлі бағыттар орын алып келді. Педагогикалық қозғалыс бір бағытта болған жоқ.

Әр түрлі қоғамдық топтар мен сол топтарды жақтаушы педагогтар педагогикалық мәселелерді ез топтарының тұрғысынан түсіндірмек болды.

Еңбекші бұқараның мүддесін жақтайтын педагогиканың өкілдері ең прогресшіл революцияшыл демократиялық бағытта болды.

Бұл бағыттың ең көрнекті өкілдері Н. Г. Чернышевский мен

Н. А. Добролюбов еді. Бұл бағыт мынаны: жалпыға бірдей

оқу, мектепті демократизациялау, қоғамдық өмірдің барлық саласында бірдей әйелдер мен ерлердің тең праволылығы, оның ішінде халық ағарту саласындағы тең праволылығы, тәрбиенің мақсаты революционерді, крепостнойлықтың қалдықтары мен самодержавиеге қарсы күрескерді даярлауды талап етті.

Белгілі дәрежеде революцияшыл-демократиялың бағыттан буржуазиялық-либералшыл педагогикалық бағыттың айырма-шылығы бар. Бұл бағыттың ең көрнекті екілдерінің бірі Н. И. Пирогов, В. Я. Стоюнин, И. А. Корф т. б.

Крепостниктік тәрбиеғе қарсы шығып, мектеп реформаларын талап ете отырып, “адам тәрбиесі” үшін, балаға адамгершілік тұрғысынан қарау туралы пікір айтумен қатар, бұл бағыттың өкілдері өздерінің педагогикалық көзқарастарында либералдарға тән екі жүзділік көрсетті. Олар патша үкіметінің қанағаттанарлықтай дәрежеде мектеп реформаларын жүргізуге толық мүмкіншілігі келеді деп түсінді. Әйелдерге білім беруді жақтай отырып, бірақ олардың тең праволылығына қарсы шықты. Халық мектептерін көбірек ашуды ұсына отырып, жалпыға бірдей оқыту мәселесін ескермеді. Ескі оқуға қарсы шыға отырып, балаларға адамгершілікпен қарауды жақтай отырып, ол ұрып-соғу арқылы жазалауды жоққа шығарған жоқ, оны белгілі дәрежеде шектеу керектігін айтты.

Тәрбиенің мақсатын буржуазияшыл-либералдық бағыттың педагогтары мәдени және адамгершілік жағынан дамыған адамды дайындау екендігін түсіндіріп берді, бірақ та олар мұндай сапалар деп нені түсінетінін нақтылы ашып берген жоқ. Бұл мәселе туралы екі ұшты пікірде болды. Революцияшыл-демократиялық бағыттың өкілдері ұсынған тәрбиенің мақсаттары мен идеялық саяси ппринциптеріне либерал-педагогтар көп жағдайларда

110

сенімсіз қарады. Олардың көзқарастарына қарсы болды.



Бұл екі бағыттың арасында аралық жағдайды ұстаған, бірақ буржуазиялық-либералшыл бағытқа біршама жақын көз-қарастағы педагогтарға буржуазиялық-демократияшыл бағыттың өкілдері жатады. Бұл бағыттың өкілдерінің қатарына К. Д. Ушинский және оның жолын ұстаушы педагогтарды (В. И. Водовозов, Н. Ф. Бунаков т. б.) атауға болады. Бұл топқа жататын педагогтар, буржуазиялық- либералшыл бағытқа жататын педагогтар сияқты, белгілі қоғамдық құрылыстың көлемінде мектептің жағдайын жақсартуға, мәдени және адамгершілік жағынан адамдарды тәрбиелеуге болатындығын

түсіндірді.

Оларды тәрбиелеуде діннің атқаратын роліне жете мән берді, әйелдерге білім беруді талап ете отырып, әйелдердің барлық жағыиан тең праволылығы мәселесін ескермеді.

Бірақ та олардың буржуазиялық-либералшыл бағыттан айырмашылығы сол, бұлар орыс халқының орасан зор твор-честволық күшіне сене білді, педагогика мен тәрбиеде халықтық идеяны жақтады, шетел мектеп жүйесін қабылдауға және шетел педагогикасына бас июге қарсы шықты.

Буржуазияльщ-демократияшыл бағыттағы педагогтар орта білім берудегі классикалық бағытқа қарсы болды. Кейбір мәселелер бойынша буржуазиялық-демократтар революциялық демократтардың көзқарастарына жақындады (мәселен, ұрып-соғу, жазалау туралы), бірақ өздерінің методологиялық және саяси көзқарастары жағынан үлкен айырмашылықтары болды. Олар революционерді тәрбиелеу талаптарын қою дәрежесіне жете алмады. Мектеп реформасының демократиялың талаптарына қосыла отырып, патша үкіметінің жағдайында мектепті толық демократизациялаудың мүмкін емес екендігін және патша үкіметін революциялық жолмен жоюды түсінбеді.

60-жылдардағы қозғалыстың алғашңы басталған кезінде үкіметтің мектептер туралы жаңа ережелерді қабылдауы — орыс жұртшылығының жаңа мектептер ұйымдастырудағы және оқу-тәрбие жұмысының әдістерін жақсартуға бағытталған шаралары еді. XIX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың әсерімен бұл жылдары бірнеше педагогикалық журналдар пайда болды. Олар тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелерін қызу талқылап отырды.

Ондай журналдардың қатарына: “Журнал для воспитания”

(1857 жылы пайда болды, 1860 жылдан бастап “Воспитание”

деген атпен шықты), “Русский педагогический вестник”, “Учитель” (ол 1860 жылдан 1870 жылға дейін шығып, халық мектептері мәселелеріне арналып отырылды), “Педагогический сборник” журналы, “Ясная поляна” (мұны 1861 — 1862 жылдары Л. Н. Толстой шығарып тұрды. Яснополяна

111


мектептерінің тәжірибесін көрсетіп, еркін тәрби идеясын на-сихаттады) журналдары шықты. Олардың көбі өз жұмысын реакция жылдарында, яғни 70—80-жылдардй тоқтатты.

Тәрбие және халық ағарту мәселелері әдеби және саяси журналдарда да орын алды. “Современник”— револкщияшыл-демократиялық бағыттағы журнал Онда Н. Г. Чернышевский мен

Н. А. Добролюбовтың тәрбие және білім беру мәселелері туралы бірнеше мақалалары басылып тұрды.

60-жылдардың бас кезінде кейбір арнаулы журналдар жалпы тәрбие мекемелеріне арналып отырылды. Мәселен, Пироговтың “Өмір мәселелері” атты белгілі мақаласы 1856 жылы “Морской сборник” журналында басылған болатын.



Николай Иванович Пироговтың (1810—1881)

педагогикалық көзқарасы

Н. И. Пирогов — белгілі орыс ғалымы, атаңты хирург, XIX ғасырдың екінші жартысындағы халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері, әрі ірі педагог. Н. И. Пирогов Москва университетін бітіргенне кейін (медицина факультетін) Дерпт университетінде (Тарту қаласы, Эстон ССР-і) медицина ғылымының докторы дәрежесіне диссертация қорғайды. 26 жасында Дерпт университетінде ол хирургия профессоры атағын алады, содан кейін Петербургтегі медициналың-хирургия академиясында профессор болды.



1854 жылы Пирогов өз еркімен Севастопольге Қырым соғысына аттанады. Онда ол бар күш-жігерін жарақаттанғандарды емдеуге арнады. Хирургия саласындағы теориялық еңбектері мен практикалық қызметі оның ұлы ғалым дәренсесіне көтерілуіне себепші болды. Пироговтың тәрбие мәселесіне арналған “Вопросы жизни” (“Өмір мәселелері”) атты мақаласы 1856 ж. пайда болды. Ол мақала жұртшылықтың назарын өзіне аударып, автор өзінің алдыңғы қатарлы жалпы адамгершілік тәрбие туралы идеяларымен белгілі бола бастады.

1856 жылы Пирогов Одесса оқу округының попечителі болып тағайындалады.

II Александр Пироговты бұл жұмысқа тағайындағанмен,

оған сенімсіздікпен қарады.

Пирогов Одесса оңу округын екі жылдай басқарғанда, гим-

112


назиялардың педагогикалық кеңесінің маңызын көтеруге барынша күш салды, оқу орындарының директорлары мен мұғалімдеріне балаларға адамгершілікпен қарауға бағыт берді. Одессада универеситет ашуға даярлық жасады.

Кейін Пирогов Киев оқу округының попечителі қызметіне ауыстырылды. Ол онда мектептердің жағдайын жақсартумен шұғылданды. Мұғалімдердің методикалық білімін жетілдіруге көмектесті, гимназия практикасына кластан тыс әдеби әңгімелерді өткізу енгізілді. Киевте Россиядағы ең бірінші ерлер үшін жексенбілік мектептердің бірін ашуға көп жұмыс жасады.

Пирогов Одесса мен Киев оқу округтарында жұмыс істеп жүргенінде гимназиялардың педагогикалық кеңесінің жұмысына өзгертулер енгізіп, оны жақсартуға белгілі дәрежеде еңбек сіңірді.

Ол талқыланылатын мәселелердің мазмұнын кеңейтті, кеңестің жұмыс мазмұнына баяндамалар мен дидактикалық мәселелердің төңірегінде пікір алысуды енгізді, методикалық жағынан мұғалімдердің жұмыстарын жақсартты, мұғалімдердің сабақтарына өзара қатысып отыруын талап етті. Гимназия және прогимназия мұғалімдері мен басшыларынан оқушылар мен олардың сабаққа үлгірімін жан-жақты зерттеуді талап ете отырып, Пирогов бір кластан екінші класқа оқушылардың жылдың үлгіріміне қарай бағалап көшіруді ұсынды.

Н. И. Пирогов 1861 жылы попечителдік қызметінен шыға-рылғанда, Киевтің прогресшіл жұртшылығы оны салтанатты түрде шығарып салды. Герцен “Колоколда” Пироговты жұмыстан шығару — бұл “ақымақтар Россиясының дамып келе жатқан Россияға қарсы жексұрын істерінің бірі болды”,— деп жазды.

Пирогов — буржуазиялық-либералшыл педагогиканың көрнекті өкілдерінің бірі болды. Қайшылықтары мен кемшіліктері оның көзқарасының ерекшелік сипаттарына байланысты еді. Ол крепостнойлық тәртіпке, үкіметтің басқару орындарына келіспеушілігін білдіргенмен, онымен күресуге қарсы болды.

Пирогов реформалар арқылы, монархтың жағымды еркі арқылы халықтың өмірін жақсартуға болады деп түсінді. Бұл оның көзқарасындағы негізгі қайшылығы еді. Қоғамдық өмірді жақсартудың негізгі шараларының ішінде ерекше орынды ағарту ісіне белген болатын.

Сонымен қатар Пирогов белгілі ғалым да болды. Өзінің атақты зерттеулерімен медицина ғылымы саласына ерекше үлес қосты. Ол ғылымды дамытудың қажеттігін қолдай келіп, оның үлкен танымдық және тәрбиелік маңызын көрсетіп берді.

Н. И. Пироговтың көзңарасындағы осы ерекшелік оның педагогикалық қызметі мен көзқарасына өз әсерін тигізбей

113


қоймады. Кей жағдайларда бұл бағытта екі ұштылық, сол-қылдақтық білдірді. Бірақ біз оның тәрбие мен педагогика са-ласында атқарған ролін жоққа шығара алмаймыз. Оның пе-дагогикалық еңбектерінен өз кезінде орыстың прогрессивті педагогикасының дамуына үлкен әсер еткен құнды пікірлер болғандығын білеміз.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет