Өзiн-өзi тану сабағының жоспары «Бекітемін» Оқу ісі жөніндегі орынбасар: Г.Қазыбаева Мерзiм



Дата21.10.2019
өлшемі47 Kb.
#50396
түріСабақ
Байланысты:
1а 15

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

«Бекітемін»

Оқу ісі жөніндегі орынбасар: Г.Қазыбаева

Мерзiм: 15.10.2019 ж

Тақырып: Сүйіспеншілік - сый талап етпейді

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік, қамқорлық, жанашырлық

Мұғалiм: Исабекова Айзере

Сынып: 1 «а» 

Сабақ мақсаты: Оқушыларға сүйіспеншілікпен өмір сүрудің маңыздылығын жеткізу арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға риясыз сүйе білудің маңыздылығын түсіндіре отырып, мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды қоршаған ортаға аялы қарым-қатынас жасауға баулу арқылы қамқорлық қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу.


Ресурстар:

үнтаспа, оқулық, дәптер, бейнеролик




Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Мен сендерден жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын,

Сәттілік тілеймін.



5 «Т» ережесін еске түсіру.

Тәртіп


Талап

Тазалық


Тыныштық

Татулық



  1. Үй тапсырмасын тексеру.

№7 сабақ. «Асқан асыл сыйлық» ертегісін оқу.

Сұрақтар қойылады.



  • Сендерге қай қыздың жауабы ұнады?

  • Адамдар неліктен сүйіспеншілікті жүрекпен байланыстырады?

  • Өздерің ата-аналарыңа қандай тілек тілер едіңдер?

Ескертулер


  1. Дәйексөз.

«Сүйіспеншілік - жүректе»

Халық даналығы

Дәйексөзді әуелі ұл балалар, сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады

Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?






  1. Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы.

Сүйіспеншілік

Базарға барайын деп сыртқа шыққан жас келіншек есіктің артында отырған үш қарияны қөріп, тұрыңқырап қалды да, бар ниетімен үйіне шақырады. Сонда қариялардың біреуі: «Біз шақырған жерге үшеуміз бірге бармаймыз», дейді. – оң жақтағы досым–Байлық, сол жақтағы досым Сәттілік. Менің атым Сүйіспеншілік. Өзін, достарын таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп талап қойды.

-Қазір үйіңізге барып, жолдасыңызбен ақылдасыңыз. Үшеуміздің біреумізді ғана шақыруға құқыларыңыз бар. Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтасыздар,- деді.

Келіншек Сүйіспеншіліктің талабын күйеуіне айтқанда, қатты қуанған ол: «Қандай жақсы, қандай жақсы,-деп қайталай береді. Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе? Біз байлықты шақырайық, үйіміз бірден молшылыққа кенелсін». Күйеуінің шешіміне көңілі толмаған әйелі: «Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?»,- деді. Екеуі ортақтасып, мынадай шешімге келді: «Негізінде ең асылы, Сүйіспеншілік қой деймін. Ол бар жерде біз бақытты боламыз». Есікті ашқан келіншек үш ақсақалға: «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз? Төрлетіңіз. Сізді шақыруды ұйғардық», деді. Сүйіспеншілік орнынан тұрды да, үйге беттеді. Жолдастары орнынан тұрып, оның артынан үйге қарай жүрді. Аң- таң болған жас келіншек Байлық пен Сәттілікке: «Тек біреуміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер...»- деді. Қариялар: « Егер тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз, басқа екеуміз дала да отырар едік. Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар. Сол үшін үшеуіміз бірге баруымыз керек»,- дейді. Келіншектің «Неге?» деп сұрауын күтпестен олар сөзін сабақтай түсті: «Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз- Байлық пен Сәттілік қашан да біргеміз.



Талқылауға арналған сұрақтар:

Келіншіктің таңдауы дұрыс деп ойлайсыздар ма?







5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жақсылық жасайық. 1-тапсырма. Дәптерге өздері жақсы көретін адамдарға арнап, өз ойларынан, қиялдарынан сурет салады.

2-тапсырма. Мұғалімнің көмегімен риясыз сүйіспеншілікке сахналық көрініс жасайды.





6.Топпен ән айту.

Ж.Әділжанқызының өлеңін әнге қосылып айтады.

Жан жағына нұр шашып Оралғанда сапардан

Арайлап жарқын таң атса, Алдымнан жақын жан шықса,

Жер бетінде жайқалып, Кездескенде достарым,

Көгеріп өссе көк майса, Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды. Жүрегім жыли бастайды





7.Үй тапсырмасы.

№8- сабақ. «Мейірбан әйел» әңгімесін оқу.









Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет