Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



бет1/2
Дата04.07.2018
өлшемі394,5 Kb.
түріСабақ
  1   2
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: А.Құсайынов атындағы ЖОББМБ

Тақырыбы: Отан сүйген ұланбыз

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Отбасы, достық, өзгеге көмек көрсету

Мұғалiм: Самадинова Бибінұр Ниғметоллақызы

Класс: 3 б

Оқушылар саны: 12


Сабақ мақсаты: Оқушыларға «Отан» ұғымын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:

  • Отанға деген махаббат түсініктерін қалыптастыру;

  • Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру;

  • Отанын сүюге, мақтан тұтуға, құрметтеуге тәрбиелеу.




Ресурстар:

Оқулық, қаламсап,күнделік, смайлик, интерактивті тақта




Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. 5 Т бойынша

Психологиялық дайындық

«Өсіп келе жатырмын» Т.Айбергенов



Топқа бөліну

Әр ұлт өкілдерінің ұлттық киімінің суреттері биі арқылы топқа бөліну



  1. Тыныштық сәтi.(баяу әуен) Нұрға бөлену

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

Ата-аналарыңның жас кезіндегі және қазіргі кездегі армандары

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйек сөз.

«Отан үшін отқа түс - күймейсің.» Б.Момышұлы

  • Отан туралы не білесіңдер?

  • Балалар, дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Отан үшін ерлік жасаған батырларды білесіңдер ме?







  1. Әңгiмелеу . Мұғалім сыйы.

«Отан сүйген ұлан бол!» (әңгіме) Б.Момышұлы

Адам өміріндегі үлкен қуаныш - бала сүю. Ана бөпесіне ақ сүтін береді, түн ұйқысын төрт бөледі. Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың бүлдіршін балдырған балалардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын. Қырық жыл қырғында тірі қалғандардың бірімін.

Мен - әскери адаммын. Сондықтан бізді айбынды ұлдарыңыздың торқалы тойы - мен үшін үлкен де ерекше қуаныш мейрамы. Талай жылдар өтті, бірақ ешқашанда, ешбір жерде де біздіің сарбаздарымызды ешкім жеңе алмады. Азамат соғысы жылдарында ол он төрт мемлекеттің жорығын тойтарып тоқтатты. Бұл ұлан екінші дүние жүзілік соғыста зор күші бар фашистер әскерін қирата соққы беріп жеңіп шықты.

Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды. Бейбітшілік қорғаушы жеңімпаз біздің хлқымыз, жер жүзіндегі әділетті халық. Мен осындай елдің солдаты болғанымды мақтан етемін.

Менде адаммын жаралған сүйек еттен

Арым, бар намысым бар жан тербеткен.

Қазақтың қарапайым бір ұлымын,

Жанымды арым үшін құрбан еткен.

Балаларыма, немере, шөберелеріме жалғыз айтар тілегім: Елді сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер!



  • Б.Момышұлының айтқан сөзінен не түсіндік?

  • Отан неліктен қымбат?

  • Отанға деген сүйіспеншіліктеріңді қалай көрсетер едіңдер?





Сергіту сәті: «Көңілді күн»





  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

  1. топ. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді жалғастыру, бір мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру.

1.Отан... да ыстық.

2.Отансыз ...,

Ормансыз бұлбұл.

3.Туған жерге ... тік.

4. Отан - ... басталады.
2 топ. «Отан сүйген ұланбыз» атты тақырыпта сурет салу, әңгімелеп беру.
3 топ. М.Мақатаевтың өлеңін өз шығармашылықтарымен аяқтап жазу.
Мен оны түнін сүйем, күнін сүйем,

.......................................... гүлін сүйем.

Мен оның .................................. сүйем,

Мен оның ................................... сүйем.

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны .................................. өтем.





  1. Топпен ән айту.

Атамекен

Сөзі: Қ.Мырза Әлі

Әні: Е.Хасанғалиев





  1. Үй тапсырмасы. «Біздің Мәншүк» Е.Естаев

Оқу, сұрақтарға жауап беру




  1. Соңғы тыныштық сәтi.

«Орманға ойша серуен»

10. Жүректен-жүрекке



Стикерлер арқылы өз отандарына тілек жазып, оқып жүрекшеге іледі.





Отан сүйген ұланбыз \3 сынып\




Каталог: uploads -> konspekt -> biologiya
konspekt -> Сабақтың әдіс-тәсілдері: акт, сто әдістері, Миға шабуыл, Ой қозғау, Мен саған, сен маған, топтастыру. Ойын элементтері
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов Сан есімді қайталау. Мақсаты
konspekt -> Сабақтың атауы Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау. Тесттік тапсырмалар. Мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі Сабақтың мақсаттары
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен өнерлі бала Мысық. Сапарғали Бегалин Сабақтың мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы Достық өлкесінің заңы М. Шаханов Жалпы мақсаты
biologiya -> Сабақтың тақырыбы: Жорғалаушылар класы. Қазақстанда мекендейтін жорғалаушыларды қорғау. Сабақтың мақсаты
biologiya -> Сабақтың тақырыбы: сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті Сабақтың мақсаты
biologiya -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту. Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, флипчарт, маркер, бағалау парағы
biologiya -> Сабақтың тақырыбы «Жалпақ құрттар типіне жататын, Ақ сұламаның ішкі сыртқа құрылысы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет