Пцр. Полимеразды тізбекті реакция. Днқ клондау әдісі. Днқ секвенирлеу әдісі. Электрофоретикалық әдіс



бет6/6
Дата29.11.2022
өлшемі22,55 Mb.
#160207
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мейрманова А Биология ПЦР
Топырақ туралы алғашқы білім, 3-4 тәж.сабақтар СҚжДТ, биотехнология кітап, Темірқұл Алтынай 1912 зикр, СРСП 2, СӨЖ №1 биохимия,Тоқтарова Әсем, annotation88215, Алгоритм, Биотехнология 4-зертхана, СРС СӨЖ (4), Темірқұл Алтынай 19-12 зикр,1 практика тапсырмасы!), zadanie 1 (3) (1), 2020 referat 6842314 (1), СРСП 6апта Даярбек Диана, Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.2-апта,2-СӨЖ тапсырмасы!
Клондау
Клондау- организмдерді жыныссыз жолмен көбейті арқылы сол организмдерге ұқсас ұрпақтар алу.
20ғ.-дың 60-жылдарының басында кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарларды клондау әдістері жете зерттелді. Бұл әдістерге даму сатысын аяқтап, толық жетілген клеткалар ядросында организмнің барлық белгілері болатыны туралы ақпарат анықталғаннан кейін қолжеткізілді.
Клондау кезінде клеткадағы белгілі гендер жоғалмайды.
Клондау туралы алғашқы мағлұматты Корнелль университетінің (АҚШ) профессорлары жүргізген тәжірибелерден көруге болады. Олар өсуге қажетті қоректік заттар мен гормондары бар ортада сәбіз тамырының жеке клеткаларын өсіру арқылы, осы өсімдіктің жаңа формасын алды.
Теориялық түрде әйелдің де, еркектің де генетикалық көшірмелерін жасауға болады. Бірақ клондалатын клетка даму сатысының барлық кезеңдерінен өтуі керек, сол кезде клеткаға сыртқы ортаның қалай әсер ететіні әлі толық анықталған жоқ.
ДНК фрагменттерін клондау
Бұл әдіс бір ғана молекуласынан көптеген молекулаларды алуа мүмкіндік береді.
ДНК тізбегі, негізінен, бактерияларда клондалады. Себебі, бактерияның геномына қосымша «бөгде» ДНК тізбегі жалғаннан кейін де, бактериялық плазмида немесе фагтар қалыпты өмір сүруін жалғастыра береді. Бұл жалғанулар-өзінің және «бөгде» ДНК-ның тізбекті түзілуіне әкеледі.
Мұндай гибридті тізбектер бактерияларда бастапқы плазмидалар немесе фагтар сияқты екі еселенеді, сондықтан да олар көп мөлшерде болады.
Бөгде фрагменттердің көшірмелері клеткалардан қайта таза күйінде бөлініп алынады.
Осындай әдіспен қандай да болмасын ДНК тізбегін клондауға болады.
Бөгде ДНК-ы геномның инертті көшірілуіне мүмкіндік жасайтын болғандықтан, плазмиданы немесе фагты – клондаушы векторлар деп те атайды.
Кез келген ДНК фрагменттерін клондау үшін вектор есебінде лямбда фагы мен әр түрлі плазмидалар қолданылады.
Құрамында клондалатын ДНК фрагменттері бар вектор бактерияның клеткаларын кальций иондарымен өңдегеннен кейін ғана ішіне ене алады. Бұл әдіс – «бөгде» ДНК фрагменттері бар белгілі клонды бактериялардың штаммдарын шығаруға және осы клондарды көп мөлшерде көбейтуге мүмкіндік береді.
Толық түрдегі геномды клондау үшін алдымен геномды қолайлы мөлшерде фрагменттерге бөледі. Содан соң химерлі векторлар популяциясын түзу мақсатында фрагменттерді клондайтын векторға орналастырады. Мұндай клонданған фрагменттер жиынтығын геном кітапханасы немесе гендер банкі деп атайды. Онда организмнің барлық тұқым қуалайтын ақпараттары жинақталған.
Назар аударғаныңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет