Педагогика


В. Г. Белинский (1811—1848)



бет12/21
Дата22.03.2017
өлшемі12,35 Mb.
#12061
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

В. Г. Белинский (1811—1848). Орыстың ұлы ойшысы, сыншы революцияшыл-демократ, революцияшыл-демократиялық педагогиканың негізін салушы.

Педагогтық қызметке ертеден құмар болған ол, Москва университетіне түсер қарсаңында, Пенза гимназиясының төменгі кластарына біраз сабақ берді. Университеттен шығарылғаннан кейін де Белинский оқытушылық қызметке сұранады, бірақ оның өтініші қабылданбады. Осыдан кейін ол педагогтық жұмыспен тікелей айналыса алмады.

1838 жылдан бастап В. Г. Белинский "Москва" газетінде, сонымен бірге Москвадағы "Телескоп" және "Московский наблюдатель" журналдарында әдеби сыншы болды. 1839 жылдың аяк шенінен бастап Петербургтегі "Отечественные записки" және "Современник" журналдарымен творчестволық байланыс жасады. Белинскийдің осындай мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған әдеби-сын еңбектері оны ұлы сыншы ретінде танытты, оның мақалалары бірден-ақ сол кездегі алдыңғы қатарлы орыс қоғамының көңілін аударды.

Ұлы орыс ақыны Пушкин және басқа орыс жазушылары Белинскийдің алғашқы мақалаларын, әсіресе 1834 жылы жарияланған "Әдеби қиялдар" атты мақаласын жоғары бағалады.

Белинский өзінің әдеби-сын жұмысында үнемі тәрбие мен білімнің келелі мәселелеріне көңіл бөлумен болды. Ол 1837 жылы "Орыс тілі грамматикасының негізі" ғылыми-методикалық зор мәні бар еңбек жазды. Ұлы сыншының орыс мектептерінің оқулықтарына және балалар кітаптарына жазган көптеген пікірлерінде терең мазмұнды педагогикалық көзқарастары баяндалды. Оның түбегейлі педагогикалық пікірлері әдебиет жөніндегі еңбектерінде және жазысқан хаттарында да ашылды.

Ұлы ойшы, патша өкіметінің үзбестен жүргізген қуғынының нәтижесінде ауру азабы мен жоқшылыққа үшырап, 1848 жылы 26 майда қайтыс болды. Ол бүкіл өмір сүрген 37 жасының ішінде небары 14-ақ жыл қызмет істеді. Бірақ осындай

215

ауыр да аз мерзімнің ішінде өз заманының идеялық косемі, қайраткері дәрежесіне котерілді. Орыс педагогикасында түбірлі жаңа бағыттын, - революцияшыл-демократиялық педагогикасының негізіп қалады.



Белинский өзінің философиялық және саяси-идеялык, дамуында идеализмнен материализмге және ағартушылықтан революцияшыл демократизмге қарай кетерілудің күрделі жолын өткізді. Осыған байланысты оның философиялық және саяси-идеялық көзкарастарындағы эволюция оның педагогикалық пікірлеріне де әсер етті.

XIX ғасырдың 30-жылдарының аяғына дейін Белинский идеалист-диалектик бағытта болды: адамның айналысын, қоршаған өмірін абсолюттік идеяның мәңгілік керінісі деіп есептеді. Бір кезде (1837 жылдары) ол Гегель философиясының ыкпалымен қоғамдық күрестің қажеттілігіне түсінбеді. Сондықтан Бслинский қоғамдық қозғалысты. ағарту ісімен, адамгершіліктің дамуымен ғана байланыстырады.

Осыған байланысты ол өзінің педагогикалық пікірлерінде де адамгершілік пен ағарту ісін жетілдіру қоғамға жеткілікті ден есептеді, ал адамға өз санасын, адамшылығын, айналасьш қоршағандарға мейірімділігін дамыту керек деді.

Бірақ Белинский осы 30-жылдарда-ақ крепостнойлық тәртіптерге қарсы еді, ол сол құрылыстың жойылуын тіледі, ағарту саласындағы үкімет саясатын сынады, сол кездегі буржуазияшыл педагогикалық ой-пікірдщ, реакцияшылдығьш көрсстті, крепостнойлық Россиядағы тәрбие жүйесі адамның дамуына кедергі жасайды деді. Белинский сол кездегі тәрбие жүйесінің жаңа жүйе арқылы өзгерстіндігіне сенім білдірді.

Белинский 40-жылдардың басыда Батыстағы және Россиядағы тап тартысының ықпалымен, социалист-утонистердің еңбегімен зер сала танысуының нәтижесінде және Ф. Энгельстің алғашқы шығармаларымен танысуы арқылы өз көзкарастарын тереңірек қайтадан қарастырды. Осыдан кейін-ак ол материализм бағытына табанды түрде ойысты. Бұл кездердегі шығармалары түгелдей материалистік философия рухында бодды, идеалистерді қатал сынады. Таным теориясында дуниені таньш білуге болады деген материалистік көзқараста болды, дінге, діни уағыздарға қарсы шықты. Белинский революцияшыл жолды бірден-бір дұрыс жол деп есептеді, сол дәуірдегі орыс халқының өмірін өзгертіп, бостандық пен бақытты

216


халық өмірі үшін, халық ағарту ісін кеңінен дамыту үшін жағдайлар орнатудың қажеттілігін талап етті.

Табанды түрде революцияшыл демократия жолына көшу кезінде Белинский өзінің бұрынғы ағарту ісінің рөлі жөніндегі көзқарастарын да негізінен қайта өзгертті. Ол адамдарды бір-бірімен тең ететін социалистік қоғам ғана адамдардың барлығына бірдей тәрбие береді деген қорытынды пікір айтты. Адам — қоғамдық нәрсе деген Радищев ойын қолдай отыра, Белинский: адамды құратын — табиғат, ал оны дамытып, жетілдіретін қоғам, сондықтан қоғам әр адамның қабілетін дамыту үшін барлық адамдарға бірдей тәрбие беруге тиіс деді. Осылай В. Г. Белинскийдің философиялық, саяси-идеялық көзқарастары педагогикалық пікірлеріне негіз болды.


А. И. Герцен (1812—1870). Ол жалынды революционер-демократ, ірі ойшы-материалист, тамаша жазушы және публицист, ғалым және ағартушы, қоғам қайраткері болды.

Замандастарының "Герценді еске түсіру" деген мақаласында Герцен "Өз заманының аса ұлы ойшылдарының қатарына биікке шыға алды. Ол Гегельдің диалектикасын меңгеріп алды, оның "революцияның алгебрасы" екенін түсінді, диалектикалық материализмге әбден таяу келіп, тарихи материализмнің алдына жеткенде тоқтап қалды", - деді.

Сыншылар Герценнің тарихи рөлін жан-жақты талдай келе, "Декабристер Герценді оятты! Герцен революцияшыл үгітті өрістетті... Ол революция туын көтерді", — деп бағалады.

А. И. Герценнің шығармалары мен күрескерлік қызметі сан алуан. Оның "Өткендер мен ойлар", "Кім жазықты?", "Сүғанақ сауысқан", "Доктор Крупов" сияқты шығармалары орыс өмірінің аса зәру проблемаларын котерген айрықша бағалы туындылар болатын. Сонымен қатар Герценнің философиялық мұрасы және біртөбе. "Ғылымдағы дилетантизм", "Табиғаттану туралы хаттар" атты еңбектері классикалық туындылар қатарынан саналады.

Россия жағдайында еркін пікір айтуға мүмкіндік аздығын көрген Герцен шетелдерге кетеді, көп жылдар бойы Лондонда тұрады. Бұл кезде оның әсіресе публицистикалық таланты дамиды, рсволюциялық қызметі күшейеді. Өзі ұйымдастырып шығарған "Полярная звезда", "Колокол" журналдарының беттерінде озат ойдың жаршысы болады.

Өзінің барлық өмірін Россияның революциялық қозғалысына арнай отыра, Герцен Россияның жаңа педагогикасын құру

217

жолында да күресті. Ол өзініц саяси-қоғамдық қозғалысқа араласуының алғашқы кездерінен бастап-ақ, ағарту мәселелері жөніндегі патша үкіметінің саясатын негізінен сынады. "Кім жазықты?" романында помещиктік тәрбиені дәлелді сынай отыра, казармалық мектеп тәртібіне қарсы шықты. "Колоколда" жазғандарында үкімет тәртібінің халық ағарту істеріне тікелей қарсы екендігін көрсетті, патша барша кұш-құралдарымен ғылымға, мәдениетке және білімге қарсы күресті деп жазды. 1861 жылы январьда "Колоколда" революцияшыл досы Н. П. Огаревпен пікірлес жазған мақалаларында білім және ағарту ісін жақсартуды жер және бостандық сияқты саяси талаптармен катар қойды. Ағарту орындарына қоғамдық қаражат бөлу, ақысыз, тегін оқыту ісін енгізуді ұсынды.



Герцен өзінің еңбектерінде тәрбиенің негізгі мәселелерін революцияшыл-демократиялық түрғыда шешуіне байланысты, Батыс елдерінің алдыңғы қатарлы педагогика қайраткерлерінің (Ж. Ж. Руссоның "еркін тәрбие" теориясы, Р. Оуэннін, утопиялық педагогикалық пікірлері) көзқарасындағы кемшіліктері мен тапшы жақтарын орынды сынады.
Тәрбиенің халықтығы және оның мақсаты
Революцияшыл-демократиялық педагогиканың негізін салушылар педагогиканың өте күрделі мәселелерінің бірі — адамды жетілдірудегі тәрбиенің рөліне ерекше мән берді. Олар ең алдымен өз кездеріндегі ресми педагогикада кең орын алып келген баланың дами отыра жетіле алатын мүмкіншіліктерін кемітуге, оның белсенді түрде дамитын ерекшеліктеріне сенбестік туғызған көзқарастарға қарсы шықты.

Белинский мен Герцен өз пікірлерінде диалектикалық және нәзік психологтар болумен бірге, педагогика мәселесіне де зор мән берді. Демократияшыл педагогиканың мақсаты — баланың табиғи мүмкіншіліктері мен күшіне сеніммен қарауға тиіс, әр балада теріс мінез-құлық ерекшеліктерімен бірге жағымды және ұнамдьі жақтары болады, ал енді тәрбие өнерінің міндеті — сол ерекшеліктерді байқап, одан әрі дамытуы тиіс деген.

В. Г. Белинский өзінің алғашқы тәрбие жөніндегі шығармаларының бірі "Ойлауында" (1829 ж.): "Тәрбиенің әсерімен адам Сократтай терең ойлы, ізгі жан, немесе Нерондай қайрымсыз жыртқыш та бола алады", — деді. Өмір тағдыры осы тәрбиеге тәуелді, тәрбие адамның бірінші мұраты деп, оның

218


ролін шектен асыра бағалады. Ал, енді кейіннен, 40-жылдары "Балалар кітаптары туралы" еңбегінде тәрбие баладағы болатын табиғи мүмкіншіліктер және ерекшеліктермен байланысты болуға, солармен санасуға тиіс деді. Баланың ойы таза, ақ тақта тәрізді емес, ол ағаш тұқымындай, сондықтан бала тәрбис арқылы дамуы, жетілуі мүмкін деп суреттеді. Бұл жөнінде Белинский: "Адамда өзінің өсу, даму дәуірлері бар, онымен санаспай ағып, ұшқары кету — ол игілікті қасиеттерді апат етуге апарьш соғады", — деді.

В. Г. Белинский өзінің 1838 ж. В. Бурьяновтың балаларға арналған кітаптарына жазған сындарында тәрбиенің адамды қалыптастырудағы рөлін: "Тәрбие аса маңызды, тамаша іс: ол адамның тағдырын шешеді..." "жас ұрпақ қазіргі шақтың жемісіне қонақ және де келешектің кожасы", — деп жоғары бағалайды.

А. И. Герцен нәсілдіктің, ортаның және тәрбиенің арақатынастарын терең ойластыра зерттеді. Өзінің материалистік көзқарасына байланысты Герцен адамның жетілуін бір мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жүргізілетін тәрбиенің шешуші рөлін мойындады. Ол адамның дами жетілуі белгілі әлеуметтік ортаның жағдайларына, қоғам өмірінің белгілі тарихи кезеңіне байланысты болатындығын көрсетті. Ондай жағдайлар көп, бірак жеткіліксіз, адамның өзі араласпай, адамның еркінсіз, оиың еңбегінсіз еш нәрсе де болмайды деп ескертті. Осылай Герцен адамның қалыптасуындағы тәрбиенің белсенді рөлін анықтады. Герцен тәрбие шексіз құдіретті деген пікірден алыс еді. Оның, ойынша, тәрбие табиғаттың бермегенін жасай алмайды.

Белинский мен Герценнің өмірлерінің өзегі мен негізгі бағыты — олардың Отанына, орыс халқына жалынды сүйіспеншілігінде болды. Олар Отанының келешегіне зор сеніммен қарады, сол болашақ жөнінде көрермендікпен болжау айтты.

В. Г. Белинский: "Оқымысты дүниенің төрінде отырып, ғылымға да, искусствоға да жол-жоба көрсететін, мәдениетті адам баласының бәрі мейлінше қадірлейтін Россияны 1940 жылы көретін немере, шөберелеріміздің не арманы бар екен", - деді.

Белинскийдің революцияшыл патриотизмі әсіресе оның Гогольге жазған хатында айқын дәлелденді: "Россияға діни уағыздың керегі жоқ (тындай-тыңдай құлағы сарсылған!), дұга да керек емес (дүғаны оқи-оқи жағы талған!), ғасырлар бойы халықтың адамгершілік қасиетін, сезімін кір, лас басып келді, ластан тазартып, сезімін оятьш, халықтың еңсесін көтеру керек. Россияға қажет нәрсе — осы".

219

Ұлы революцияшыл-демократтар орыс тәрбиесінде халықтың ерекшеліктер мен бағыттардың кемістігіне кынжылып, қиналды. Олар орыс дворянствосының реакцияшыл топтарының шетел мәдениеті мен тәрбиесінің алдында жүгіне бас иетіндігін қатты сынады. Осы жағдайды ескере отыра, Белинский: "Осы кезден бастап әлемге өз сөзіміз бен өз пікірімізді айтуга да, тындатуға да еріктіміз", — деді.



Белинский мен Герценнің ойынша, білім мен тәрбиенің бүкіл жүйесінің өзегіндегі негізгі принцип – тәрбие мен білімнің халықтығы болуға тиіс. Халыққа деген сүйіспеншілік, бұл сүйіспеншілікті сол халықтың бақыттылығы жолындағы күреспен ажырамастай байланыстыру — революцияшыл-демократтардың негізгі педагогикалык идеясы еді. Олар бұл үшін орыс өмірінен алшақ кетпей, алдыңғы қатарлы мәдени қазынаны қалың халық бұқарасының рухани өміріне азык етуді, сол жолда адал қызмет етуді қатты талап етті. "Өз жерімізден, өз айналамыздан дәуіріміздің алдымызға қойған сұрақтарын сұрыптап алып, сол сұрақтарға қанағаттанарлық толық жауап беру біздің басты міндетіміз", — деді Белинский.

Белинский мен Герцен халықтық тәрбиенің әсерлі құралы ретінде халықтың ауыз әдебиеті мен өз халқының тарихына, жазба едебиеті мен ана тіліне зор мән берді. Орыс тілі мен әдебиеті, олардың дәлелдеуінше, негізгі оқу пәндері болуға тиіс. Олар отандық әдебиетті (Пушкин, Крылов, Гоголь т.б. шығармалары) орыс тәрбиесіне кеңінен енгізу жолында қажымас күрес жүргізді, тәрбие жұмысында орыс ұлтының ұлы қайраткерлерінің, әсіресе М. В. Ломоносовтың өмірін үлгі етуді талап етті. К. Полевойдың М. В. Ломоносов туралы жазған кітабын құттықтай отырып, Белинский жас жеткіншектер бұл кітаптан: "Олар Ломоносов өмірінен өздерінің ең ардақты азаматтық борышы мен өз өмірлерінің мақсатын біледі, адал қызмет — адамгершілік қасиетінің шарты екенін түсінеді", — деді.

Белинский мен Герцен тәрбиедегі халықтың принципті тәрбиенің аддына қойылатын міндеттермен және мақсаттармен байланыстыра отырып қарастырды.

В. Г. Белинский өзінің философиялық және саяси-идеялық көзқараста-рындағы эволюцияға байланысты, тәрбиенің алдына бастапқыда жаңа, прогресшіл, ал кейіннен онан жоғары революцияшыл-демократиялық міндеттер қойды.

XIX ғасырдың 30-жылдарында Белинский адамдарды өзін-

220


өзі жетілдіруге, маңындағыларға жақсылық пен қайырымдылық көрсетуге шақырады. Бұл кезде ол адам әрекетін зорлық-зомбылыққа қарсы күреске, жаңа қоғамдық құрылыс жолындағы күреске бағыттауды түсіне қоймады. Тәрбиенің негізі -жалпы адамгершілік деп есептеді. "Тәрбиенің сенімді қаруы мен жетекші күші — махаббат, ал көздеген түпкі нышаны мен негізгі мақсаты — адамгершілік болсын", — деді Белинский. Сол кездегі ресми үкімет педагогикасы жастарды тәрбие арқылы болашақ сословиелік мамандыққа ғана әзірлеуді көздеген еді. Белинский бұл бағытқа қарсы, жастарға жалпы адамгершілік тәрбиесін беруді талап етті. Ол: "Бастапқы тәрбие жас буыннан чиновник, ақын, қолөнершіні ғана көріп қоймай, ең әуелі адамды, соңынан сол айтылғандардың қай-қайсысы болса да, бола алатын, әрі адамгершілік қасиетін толық сақтайтын адамды алдын-ала аңғаруға тиіс", — деді.

Белинский XIX ғасырдың 40-жылдарында өзінің революцияшыл-демократиялық көзқарастарының қалыптасуына сәйкес, тәрбиенің мақсатын қайта қарастырады, ол енді тәрбие арқылы жастарды қоғамдық талапқа, қоғамдық мақсатқа баулуды ұсынады.

Белинский мен Герценнің айтуынша, адамның негізгі қасиеті мен сапасы — қоғамдық жөнсіздікпен күресуінде.

"Жауыздықты тек сезіну ғана емес, жаумен күресу қажет", ~ деді Белинский. Орыстың революцияшыл-демократиялык педагогикасының негізін салушьшар тәрбиенің мақсаты жөнінен бірінші орында жастарды қоғамдық әрекетке әзірлеу, жаңа қоғамдық құрылыс жолындағы күреске даярлау міндеттерін койды. Олардың ойынша, болашақ тәрбиенің мақсаты, идеалы - өмір мен күреске әзірленген, революцияшыл дәстүрлерді ұстаушы, туған халқынын, тілек-талаптарымен біте қайнаса өмір сүретін гуманды, бостандық сүйгіш адамдарды жетілдіру. Белинский мен Герцен тәрбиенің алдына осындай кең, жаңа, революцияшыл-демократиялық талаптар ұсынды


Жалпы білім беру және жастардың көзқарасын

қалыптастыру туралы
Белинский мен Герцен тәрбиенің салалары жөніндегі ойларында жастарды жан-жақты жетілдіру үшін ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене шынықтыру тәрбиелерінің тығыз байланыста, тұтастықта болуын талап етті.

221


Олар тәрбиенің әр салалары арқылы қальштасатын қоғам қайраткерлері үшін ақыл-ой тәрбиесінің ерекше маңызын көрсетті. Осы тәрбие арқылы, тәрбиені қамтитын жалпы білім арқылы жастардың өз айналасын қоршаған дүнис жөнінен дұрыс козқарастарын қалыптастыруды негіздеді.

Революцияшыл-демократиялық педагогиканың иегізін салушылар патша үкіметі жағдайында жасөспірімдер білімінің өмірден тыс тұрғандығын дәлелдеді. Осыған байланысты А. И. Герцен: "бізде өмірден аластаған ғылымның болуы мүмкін емес", -деді.

Олардың ойынша, жалпы білім жас өспірімдерді белсенді қоғамдық әрекет пен іске әзірлейді. Бастапқы жалпы білім бүкіл білімдердің негізі болады, сондықтан бастапқы жалпы білім негізді және тиянақты болуға тиіс.

Белинский мен Герцен орыс мектебіндегі оқудың мазмұнын қарастырғанда, негізгі көңілдерін білім арқылы жастардың көзқарастарын қалыптастыру мәселесіне бөлді. Осы мәселеде олар табиғат жөніндегі жаратылыстану білімдерін оқытуға ерекше мән берді. А. И. Герценнің анықтауынша, жаратылыстану ғылымдары материалистік көзқарасты қалыптастыруға көмектеседі. Ол қазіргі адам баласының тұрмыс жағдайы жаратылыстану ғылымына байланысты, бұл саладағы ғылымдар діни салттармен күрес құралы деді.

Сондықтан оның анықтауынша, білім жаратылыстану ғылымдарынан басталуға тиіс. Герцен мектепте табиғатты оқыту жөнінен: "Жастармен әңгімелесу тәжірибесі", "Балалармен әңгіме" атты еңбектер жазды.

Белинский мен Герцен мектеп білімдері арқылы жастардың көзқарастарын қалыптастыруда бір ғана жаратылыстану білімдерін бөліп алып, жалаң іріктеген жоқ, олар жаратылыстану білімдерін қоғамдық саяси білімдермен тығыз байланыста оқытуды талап етті. Олар әсіресе тарих пен әдебиетті маңызды, жалпы білім пәндері ретінде бағалады, балаға ол ғылымдардың табиғаттағы сан алуан тіршілік пен адамзат қоғамының дамып, осуінің заңды табиғи жолдарын үйрететін құрал ретінде бірінші орынға қойды. Белинский: "Бір тарих ғылымының өзінде қаншалықты үшан-теңіз керемет бай материалдар бар", - деді. Белинский сонымен бірге шын мәніндегі, алдыңғы қатарлы көркем әдебиеттің күшті тәрбиелік және білімдік мәнін көрсетті. Шын мәніндегі әдебиет толық және айқын турде халық өмірімен

222

таныстырады, жоғары адамгершілік қасиеттерді, патриотизмді, гуманизмді, коркемдік псн әдемілікке сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелейді, адамды ерлік істерге жігерлердіреді деді.



Революцияшыл-демократтар білімді меңгеру және оқудың жолдары жөнінен де құнды пікірлер айтты. Олар оқу мен білім алу деген тек қана білім деректерін меңгеру еместігін ескертті. Білім алу, оқу — білу, тану жүйесімен әдістерін меңгеру. Олар меңгерілетін білімдердің жүйелі түрде бірлікте, тұтастықта болу идеясын, барлық оқу пәндерінің методология-сының бірлікте болу идеясын ұсынды. Герценнің айтуынша, егер ғылымдарды белгілі бір жүйемен және тәртіппен оқытатын болса, қиын немесе көңіл тартпайтын ғылымдар болмайды. Бірақ күрделі ауыр еңбексіз ғылым меңгерілмейді деді. Жаратылыстану пәндерінен табиғатты үйреткенде балаларды соған қызықтыру қажет, әсіресе ғылыми ережелер мен заңдарды үйретуде сақтық керек. Оқуда баланың белсенділігі тым қажет, олар сабақты өз бетінше оқуға, өздері сұрай білуге, өз бетінше мәселені талқылай білуге тиіс.

Белинский мен Герцен сол кездегі орыс мектептеріне арналған оқулықтар жөнінде кұнды пікірлер айтты. Бұл пікірлер — бір жағынан, оқулықтарды қалай жазу жөнінен соны пікірлер болса, екінші жағынан, оқулықтар жөніндегі ойлары арқылы олар жалпы мектеп білімінің дәрежесін жетілдіруде жетекшілік рөл атқарды.

Белинский 1833 жыл мен 1847 жылдар арасында оқулықтарға арнап елуге тарта сын пікірлер жазды. Онда әсіресе бастапқы оқудын негізін баяндайтын орыс әліппелерінің дәрежесінің төмендігін сынады. "Бізде ауызға ілігерліктей ешбір орыс әліппесі жоқ", - деп қынжылды. Белинскийдің оқулықтар жоніндегі ұсынған құнды талаптары: оқу материалының ықшамды болуы, кітап тілінің оқушыларға түсінікті және жатық болуы, оқулықты баланың жас шамасынан артық дерек материалдармен бастырмалатпау болатын.

Герценнің дәлелдеуінше, бұрынғы өткен ұрпақтың бүкіл тәжірибесі кітаптарда жинақталған және ол негізінен кітап арқылы таратылады. Герцен жастардың көркем және ғылыми кітаптарды өздігінше оқуына зор мән берді. "Жан-жақты білімділіктің өте зор құралы — өздігінше оқу", — деді ол.

Революцияшыл-демократиялық педагогиканың негізін салушылар осылай мектеп оқу пәндері мен ғылымның, ғылым мен өмірдің, теория мен тәжірибенің араларындағы алшақтық пен қашықтықты жоюдың қажеттілігін талап етті.

223


Адамгершілік және эстетикалық тәрбие туралы
Революцияшыл-демократиялық педагогиканың негізін салушылар адамгершілік тәрбиесінің негізгі мәні — адамның адамгершілік қадірі мен абыройына, жоғары міндетіне табанды сенім, отаны мен халқына адал қызмет ету, шындық пен ақиқатты сүйе білу, әділетсіздік атаулыға терең жиіркеніштілік сезім, онымен күресу деп дәлелдеді. Адамгершіліктің осындай мәніне сәйкес Белинский мен Герцен балаларда ең алдымен патриотизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілік, сөзді іспен байланыстыру қасиеттері мен сапаларын тәрбиелеуді көздеді. Олар шынайы, таза адамгершілік адамның өз отанына жалынды сүйіспеншілікте болуын талап етеді деп есептеді. Нағыз тәрбиелі адам, Белинскийдің пікірінше: "Ең алдымен өз елінің ұлы, соның мүдделері мен мұқтаждарын жүрегінде сақтай білетін, соның адамгершілік жағынан дамуына септігін тигізетін өз отанының азаматы болуға тиіс". Бұл үшін олар жас өспірімдерді белсенді, әсерлі патриотизм рухында ескілікпен келіспей қарсы түру рухында, ол отанның дамып ілгерілеуіне барынша еңбек ету рухында тәрбиелеуді көрсетті.

Белинскийдің айтуынша: "Нағыз патриот өз отанына беріле огыра, бүкіл адам баласын қадірлейді, отанына сүйіспеншілігін адам баласына деген сүйіспеншілікпен байланыстырады. Белинский "өз отанын мойындамаған адам, адам баласын да мойындамайдьг', —деді.

Белинский мен Герцен оқушылардың достық пен жолдастық, гуманизм, іс-әрекетке ынтызарлық сезімін, ерік күштерін, ерлікке қабілеттілігін тәрбиелеуді жақтады. Олардың насихаттаған гуманизмінің мәні — адамдар өміріндегі, олардың ой-пікірлері мен істеріндегі зиянды келіспес әрекеттер-мен күрес жүргізу еді.

Революцияшыл-демократтар крепостнойлық Россиядағы дене еңбегіне үстем таптардың жек көрушілікпен қарауын, крепостной шаруалар еңбегін қарауын өткір әшкереледі. Белинский мен Герцен балаларды еңбекті сыйлай білуге тәрбиелеуді, қоғамда қандай дәрежеде болса да еңбек етуге тиіс екендігіне олардың көздерін жеткізуді талап етті.

Герцен балаларда әлеуметтік ұғымдар ертеден-ақ оянатындығын ескертті. Сондықтан балалар үшін жүргізілетін адамгершілік тәрбиесі ықпалды болуы үшін, балалар мен ата-аналардың, тәрбиешілердің арасында дұрыс қатынас орнату керектігін айтты.

224


Белинский мен Герценнің үйретуінше, нағыз адамгершіліктің өлшемі мен көрсеткіші сөз жүзінде емес, практикалық іс-әрекет үстінде байқалады, сондықтан адамгершілік қасиеттерда тәрбиелеу үшін - адамгершілік жеиіндегі жүйелерді, өсиет сездерді оқып, үйреніп қана қоймай, дүрыс адамгершілік қасиеттерді практикалық іс пен өмір үстінде қалыптастыру керек. Балага айналасын қоршаған дүние мен өмірді табиғи түрінде іс-әрекет және адам еңбегі арқылы көрсету керек.

Кіші жастағы балаларга адамгершілік тәрбиесін сіңіру үшін олардың мінезін теріс бағыттардан тазарту қажет, ал ол үшін олардың көз алдына ұнамды үлгілер көрсетілуі тиіс. Осы мәселеге байланысты Белинский "Тәрбие жөніндегі ойларында" жақсы оқытушылар мен тәрбиешілер үлгісін суреттеді, ұлы адамдардың өмірін оқудың пайдалы екендігін дәлелдеді, ұлы ғалым Ломоносов өмірін зор тәрбиелік үлгі түтты.

Революцияшыл-демократтар күрес мықты ерікті талап етеді, сондықтан белгілі мақсатқа бағытталған ерікті шынықтыру керек, осының үстіне жас өспірім бүкіл теріс, зиянды көзқарастарға қарсы тәрбиеленеді, жаңа қоғамдық құрылыс жолындағы күреске әзірленеді деп есептеді.

Олар жаңа қоғамдық қатынастарды дамытуда, адам қоғамын қайта құру жолындағы күресшілерді тәрбиелеуде көркемөнерге, эстетикалық тәрбиеге зор көңіл бөлді.

Себебі, эстетикалық сезімі күшті дамыған адам өмір көркемдігін толық және терең түсінуге қабілетті болады. Көркем-өнер, олардың пікірінше, адамда көтеріңкі рух туғызады, көңілді шаттыққа жеткізеді, адамды еңбек пен ерлікке рухтандырады. Балада тамаша, керкемдік сезімдерді дамыту қоғамды және айналасын қоршаған дүниені сезінуге әсер етеді. Шын мәніндегі көркемөнер әрдайым белгілі дәуірмен, өмірмен байланыста болады деген. Олар эстетикалық тәрбиені жүргізуде әсіресе көркемөнердің екі саласы — поэзия мен музыка арқылы жүргізудіңи мәнін көрсетті.

Белинский де, Герцен де көркем әдебиет пен көркемөнерді "адамгершіліктің эстетикалық мектебі", — деп бағалады. Сондықтан олар оны эстетикалық тәрбиемен байланыстыра, балалар әдебиетіне жоғары талап қойды, өйткені балаларға арналған кітаптардың мазмұндары мен идеялары балалардың ақыл-парасаты мен ой-өрісін дамытьш және оларға адамгершілік пен эстетикалық тәрбие берудің күшті құралы болады деді.

225

Революцияшыл-демократиялық педагогиканың негізін салушылар жастардың көзқарастарының және нанымдарының қалыптасуында оқытушының рөлін жоғары бағалады. А. И. Герцен өзінің "Кім жазықты", "Болғандар мен ойлар" деген шығармаларында жағымды және жағымсыз бейнедегі оқытушылардың сан алуан түрлерін жетімді көркем сөзбен суреттеп берді.



Олар өздерінің оқытушы жөніндегі ойларында: ол тек білімді және тәжірибелі адам ғана болып коймай, қамқор ұстаз болуының міндетті екеңдігін ескертті, балаға әкесі мен анасындай сүйіспеншілік көрсетуін, кеңесші, ақылшы болуын талап етті.

Сонымен, орыс педагогикасының жаңа бағыты -революцияшыл-демократиялық педагогиканың негізін салушылар Белинский мен Герцен педагогика жөнінен бай мұра қалдырды. Олардың педагогикалық көзқарастары өздерінің саяси-әлеуметтік және философиялық ойларымен тығыз байланысты болғандықтан, патшалық Россияның қоғам өміріндегі бүкіл крепостнойлық тәртібіне, соның ішінде крепостнойлық тәрбие жүйесіне түгелдей қарсы болды. Сол кездегі тәрбие мен білім берудің ескірген жүйесін бүтіндей өзгерту жолында жүргізген олардың күрестері жалпы крепостнойлық қоғамдық құрылысты жою жөніндегі күрестерімен байланысып жатты.

Белинский мен Герцен өз заманындағы және онан кейінгі орыс қоғамының педагогикалық ойының дамуына күшті әсер етті. Добролюбов пен Чернышевскийдің, Пирогов пен Ушинскийдің педагогикалық теориялары Белинский мен Герценнің идеяларынан нәр алды.

Белинский мен Герценнің педагогикалық идеялары алдыңғы қатарлы орыс оқытушыларын патшалық мектеп пен оның тәрбие жүйесіне қарсы күреске жұмылдырды.


XIX гасырдың 40 -60-жылдарындағы қоғамдық

педагогикалық қозғалыс


XIX ғасырдың 60-жылдары Россияда үлкен қоғамдық қозғалыс кезеңі болды. Ол өндіргіш күштердің дамуы мен бұл дамуды тежейтін крепостнойлық қатынастардың арасындағы күннен-күнге өршіп келе жатқан қайшылықтардың негізінде пайда бодды.

1853—1855 жылдардағы Қырым соғысы Россиядағы крепостнойлық жағдайдың өлсіздігін айқын ашып берді.

226

Сол кездегі саяси қайраткерлер 60-жылдарды сипаттай келіп, былай деп жазды: "Еуропада демократиялық қозғалыстың жандануы, Польшадағы толқу, Финляндиядағы наразылық, бүкіл баспасөздіқ, бүкіл дворян тобының саяси реформалар жасауды талап етуі, бүкіл Россияда "Колоколдың" таралуы, цензураның бақылауындағы мақалалармен де нағыз революционер-лерді тәрбиелей білген Чернешевскийдің күшті уағызы, үндеу хаттардың шығуы, шаруалардың бас көтеруі, өздерін тірідей тонайтын "Ережені" оларға "екінің бірінде" соғыс күшімен, қан төгіспен қабылдатуға тура келуі, дворяндардың — келістіруші билердің мұндай "ережені" қолданудан ауыз біріктіріп бас тартуы, студенттердің тәртіпке бағынбауы — осындай жағдайда ең сақ, ақыл-ойлы саясатшы адам революциялық дүмпудің өзін толық ықтимал деп тануға тиіс еді".



XIX ғасырдың 60-жылдарындағы Россиядағы революциялық қозғалыс саяси, экономикалық және мәдени өмірдің барлық салаларын қамтыды. Орыс философиясы мен әдебиеті (Чернышевский, Добролюбов, Писарев, Некрасов, Толстой, Тургенев, Салтыков-Щедрин т. б.), орыс музыкасы (бір топ композиторлар), орыс бейнелеу өнері ("Передвижники"), орыс ғылымы (Сеченов, т. б.) бұл кезеңде дамудың жоғарғы сатысына көтерілді.

60-жылдардағы орыс мәдениетінің барлық саласында да материалистік идеяның, сыншыл реализмнің, халықтық идеяның дамығандығын байқауға болады.

XIX ғасырдың 60-жыддарындағы педагогикалық қозгалыс сол кездегі қоғамдық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады. Крепостнойлық тәрбиені қатты сынау, сословиелік мектеп пен ерте мамандандыруға күрес, жалпы білім беру үшін, азаматты тәрбиелеу үшін, әйелдерге білім беру үшін күрес, ескі діни оқуға, құрғақ жаттау мен жазалауға қарсы күрес, баланың жеке басын сыйлау, халық мектептерін көптеп ашуды талап ету, жоғары мектеп автономиясы — міне, осылар XIX ғасырдың 60-жыддарындағы орыстың прогресшіл педоаогикасының көтерген негізгі мәселелері болды.

Крепостниктік тәрбиеге қарсы шығып, мектеп реформаларын талап ете отырып, "адам тәрбиесі" үшін, балаға адамгершілік тұрғысынан қарау туралы пікір айтумен қатар, бұл бағыттың өкілдері өздерінің педагогикалық көзқарастарында либералдарға тән екі жүзділік көрсетті. Олар патша үкіметінің қанағаттанарлықтай дәрежеде мектеп реформаларын жүргізуге

227

толық мүмкіншілігі келеді деп түсінді. Әйелдерге білім беруді жақтай отырып, бірақ олардың тең праволылығына қарсы шықты. Халық мектептерін көбірек ашуды ұсына отырып, жалпыға бірдей оқыту мәселесін ұсынды.



60-жылдардағы қозғалыстың алғашқы басталған кезінде үкіметтің мектептер туралы жаңа ережелерді қабылдауы - орыс жүртшылығының жаңа мектептер ұйымдастырудағы және оқу-тәрбие жұмысының әдістерін жақсартуға бағытталған шаралары еді. XIX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың өсерімен бұл жылдары бірнеше педагогикалық журналдар пайда болды. Олар тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелерін қызу талқылап отырды.

Ондай журналдардың қатарына "Журнал для воспитания" (1857 жылы пайда болды, 1860 жылдан бастап "Воспитание" деген атпен шықты), "Русский педагогический вестник", "Учитель" (ол 1860 жылдан 1870 жылға дейін шығып, халық мектептері мәселелеріне арналып отырылды), "Педагогический сборник" журналы, "Ясная Поляна" (мұны 1861—1862 жылдары Л. Н. Толстой шығарьш тұрды. Ясная Поляна мектептерінің тәжірибесін көрсетіп, еркін тәрбие идеясын насихаттады) журналдары шықты. Олардың көбі өз жұмысын реакция жылдарында, ятни 70—80-жылдарда тоқтатты.

Тәрбие және халық ағарту мәселелері әдеби және саяси журналдарда да орын алды. "Современник" — революцияшыл-демократиялық бағыттағы журнал. Онда Н. Г. Чернышевский мен Н. А. Добролюбовтың тәрбие және білім беру мәселелері туралы бірнеше мақалалары басылып тұрды.

60-жылдардың бас кезінде кейбір арнаулы журналдар жалпы тәрбие мекемелеріне арналып отырылды. Мәселен, Пироговтың "Өмір мәселелері" атты белгілі мақаласы 1856 жылы "Морской сборник" журналында басылған болатын.


Н. Г. Чернышевский (1828-1889)
Орыстың ұлы сыншысы, философ-материалист, жалынды революцияшыл-демократ, жазушы және публицист Николай Гаврилович Чернышевский 1828 жылы 24 июльде Саратов қаласында священниктің семьясында туды. Бастауыш білімді үйінде алған, онан кейін жергілікті семинарда оқып, кейін Петербург университетінде оқыды. Университетте окыған кезінің өзінде крепостнойлық бұғаудың езгісінде жүрген қарапайым халықтың

228


өміріне зер сала көңіл аударды. Оның дүниеге көзқарасы крепостнойлық құрылысқа қарсы шаруалар қозғалысының барған сайын құлаш жайған жылдарында қалыптасты.

Н. Г. Чернышевский 1851—1853 жылдардың аралығында Саратов гимназиясында оқытушылық қызмет атқарады. Чернышевскийдің ұстаздық қызметі оның педагогикалық еңбекті сүйетіндігін көрсетті.

Оның сабақтарынан жастар алғаш рет Белинскийдің, Гогольдің және басқа алдыңғы қатарлы жазушылардың шығармалары жөнінен мәліметтер еститін.

1853 жылы Н. Г. Чернышевский магистрлық ғылыми атақ алу үшін Петербургке барады, онда да "Өнердің шындыққа эстетикалық қатынасы" деген тақырыпта диссертация қорғайды. Чернышевский Петербургте негізінен жазушылық және әдеби сын жүмысына ауысады, бастапқыда "Отечественные записки" және "Современник" журналдарында, ал 1865 жыл-дардан бастап "Современник" журналында қызмет істеді.

Үдеп келе жатқан шаруалар толқыны кезіндегі революцияшыл қызметіне байланысты, 1862 жылы 7 июльде Н. Г. Чернышевский тұтқынға алынып, Петропавловск қамалына отырғызылды, кейін Сибирьге мәңгі жер аударылады. Тек 1883 жылы алдымен Астраханьда, кейіннен Саратовта тұруға рұқсат алған еді.

Чернышевский айдауда 20 жылдан астам жүрді. Бірақ осынша азап жалдарын басынан кешірсе де, бұл тамаша революционер өзінің революцияшыл жолынан қайтпады. Ол Петропавловск қамалында "Не істеу керек?" романын, айдауда жүріп "Пролог" романын жазады.

Өзінің туған қаласына келгеннен кейін Н. Г. Чернышевский зор творчестволық жұмыспен айналысып, халқы және жас ұрпақ үшін жаңа беруді арман етеді, бірақ бұл арманы орындалмады. Жалынды патриот, еңбекші халықтың бостандығы мен бақыты жолында күрескер, ұлы ойшыл, революционер Н. Г. Чернышевский 1889 жылы 17 октябрьде қайтыс болды.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет